|  | 

Саясат

ЗАЛЫМ ҒАЛЫМ АТЫНДАҒЫ ҚАЛА АТАУЫ ҚАШАН ӨЗГЕРЕДІ?

Курчатов қаласына Әлихан Бөкейханновтың атын беру керек. Келесі жылы Әлихан Бөкейхановтың туғанына 150 жыл, 2017 жылы Алаш Орда үкіметінің құрылғанына 100 жыл  толады.

Біз әлі күнге дейін Петропавл мен Павлодар қалаларының атын өзгерте алмай жалтақтап жүрміз. Осы қалалардың тарихи атын беру жөнінде нақты бір шешім жоқ. Ал кезінде әскери сынақ алаңындағы жабық та, жасырын қала болған Курчатовтың алғашқы атауы «Москва – 400», «Жағалау» «Семей – 21»-  деп те аталды. Өткен ғасырдың 60-шы жылдары  қалаға КССРО-ны ядролық қаруға ие қылған, елімізде ең алғаш атом бомбасы мен сутегі атом бомбасын сынаған ғалым И.В. Курчатовтың атын берді.

Курчатов қаласы Шығыс Қазақстан облысына қарасты қала.Семейдің солтүстік-батысында, 130 км қашықтықта орналасқан. Ол жер бұрын картада «Конечная» станциясы немесе «Молдары» селосы деп көрсетілген. Ядролық зерттеу полигонын құру туралы шешім КСРО Министрлер Кеңесінің және КОКП Орталық Комитетінің ұйғарымы бойынша, 1947 жылы 21 тамызда қабылданды. Полигон сынақтарына дайындық жұмыстары 1949 жылғы шілде айында аяқталды. Қаланың іргетасы осы кезде қаланды. Сол жылдың 29 тамыз айында КСРО-да алғаш ядролық құрылғының сынағы өткізілді. Сынаққа тікелей ғылыми жетекшілікті И.В. Курчатов атқарды. 1953 жылғы 12 тамызда полигонда алғаш термоядролық құрылғы, 1955 жылы 22 қарашада – сутегі бомбасы сыналды.

Қазірде Қазақстанның Ұлттық ядролық орталығы орналасқан қалада жаңа технологиялар паркі ашылған. Курчатов қаласының құрамына Курчатов қаласының өзі, Дегелең бекеті  және Молдары ауылы  кіреді. Қазіргі таңда қаланың негізгі жүйе құраушы кәсіпорыны ҚР Ұлттық ядролық орталығы. Қаладағы ғылыми-техникалық потенциялды сақтап, жаңа технологияларды пайдалану мақсатында ҚР-АҚШ біріккен «СЕМТЕХ» кәсіпорыны құрылды. «КК Интерконнект» атты  электронды құрылғылар мен печатті платаларды өндіру  кәсіпорны жұмыс жасайды. Геологиялық барлау жұмыстарымен қазақстан-американдық «ФМЛ Казахстан» кәсіпорны айналысады.  Бұрынғы сынақ аумағында болашағы зор қазба байлықтарының мол қоры бар. Алтын мен мыс, сонымен қатар руда емес шикізаттарына да бай. «Габбро» табиғи тасын қазу және өңдеу жұмыстарымен «Дегелең» кәсіпорны айналысып келеді.

ШҚО-ның бұрынғы әкімі Б.Сапарбаевтың кезінде Курчатов қаласының аумағында Абыралы ауданын құру туралы бастама көтерілген болатын.Үкіметке осындай ұсыныстармен шыққан сол кездегі облыс басшысы Курчатовтағы Ұлттық ядролық орталықтың негізінде ғалымдар қалашығының бой көтеретіндігін, қаланың осы потенциялын пайдаланып аудан құрудың тиімділігін дәлелдеп бақты. Бұрынғы Абыралы ауданының елді мекендерінің малдан басқа табыс көзі жоқ. Қаладан арнайы экономикалық аймақ құрып, кәсіпорындар ашылатын болса, аудан орталығы болатын қалада елге жұмыс табылар еді. Курчатов қаласының қазіргі әл-ауқаты жаман емес. Қаланың экономикалық әлеуетін толық іске асырып, жер асты қазба байлықтарын дұрыс пайдалана білсе, бұл өлке әлі-ақ гүлденіп кететін болады.

Семей ядролық полигон территориясының 95 пайызын ауыл шаруашылығына пайдалануға беруге болатынын Ұлттық ядролық орталық мамандары көптеген жылдар бойғы зерттеу нәтижелеріне орай көз жеткізді. Ал қалған 5 пайыз жер ол тікелей ядролық сынақ жасалған жерлер. Ондай  аумақтарды пайдалануға мүлде болмайды деп саналады. Қазіргі уақытта бұрынғы сынақ алаңында болған жерлердің зерттеліп, тексеруден өткен бөліктері халықтың өтініші бойынша ауыл шаруашылығы үшін пайдалануға  беріліп жатыр. Негізінен мал шаруашылығымен айналысатын қожалықтар –  Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы мен Семей қаласының  және Павлодар облысы Май ауданының шаруа қожалықтары .

Сонымен қоса болашақта АЭС құрылысы бойынша қала тұрғындарының азаматтық мәселесі де ойландырады.  Мысалы, Байқоңырда орын алған жағдайлардан баршамыз хабардармыз. Ғарыш айлағындағы тұрғындардың конституциялық құқығы қаншама рет бұзылды. Ресей Байқоңыр ғарыш айлағын жалға алды.  Курчатовта стратегиялық нысан салып, оны бірлесіп игеретін болса, Байқоңырдың кебін киуіміз әбден мүмкін екенін де жоққа шығаруға болмайды.

Басқа-басқа адамзат баласына орасан зор қауіп төндірген, қазақтың жері мен еліне өлшеусіз қасірет әкелген ғалымның атын алған қаланың атауын өзгертеуді кешіктірмеу керек. Әрине ол Кеңестер Одағы кезінде ғылымға өлшеусіз үлес қосты деп есептелді. Бірақ ол ашқан жаңалық адамзатты қырып-жоюға арналған еді. Сол үшін барлық мемлекеттік силықтар мен атақтарды алып, барлық жағдайы жасалды. Кеңес Одағының саяси басшылары елді өркендетудің орнына жаппай қырып жоятын қаруды иеленудің жолында барын салды. Осы жолда халықтың байлығы мен өмірін де аяған жоқ. Ақыры өздерінің түбіне жетіп тынды.

Семей полигоны арқылы қазақ халқын сынақтың нысанына айналдырды. 40 жыл бойғы сынақтар кезінде жүздеген мың адам радияция салдарынан ауруға ұшырап, көз жұмды. Жас сәбилер өмір есігін аша салып шетінеп кетті. Өз-өзіне қол жұмсап жатқандар осы күнге дейін тиылар емес. Экологияға келген зиянда өлшеу жоқ. Еуразия құрлығының кіндігі орналасқан Дегелең сынды Сарыарқаның  шоқтықты да қастерлі бір тауын күлге айналдырды.

Бүгінгі егемен ел ретінде қазаққа өлшеусіз қасірет әкелген залым ғалымның атын жерімізден, халықтың санасынан мүлде өшіру керек. Ол тіпті А.Сахаров сынды осы сынақтары үшін халықтан кешірім сұрап, опынып өкінген де жоқ. Ал, біз болсақ, Курчатов сынды адамның атын алған қала атауын өзгерткіміз келмейді. Оны Петропавл мен Павлодар сынды мәселе қылып көтерген де емеспіз. Тек осы сынақ өлкесінің тумасы, осы өлкенің білгірі, тарих ғылымдарының докторы Б.Нәсенов ағамыз ғана қаланың атына қазақтың біртуар перзенті Тәттімбет Қазанқапұлының атын беру туралы ұсыныс жасаған болатын. Бірақ ол кезінде қолдау таппады. Болатбек аға қазіргі Курчатов қаласының маңында Тәттімбеттің қыстауы болғанын дәлелдеп, осыған сүйенген еді. Және де нақты тарихи деректерді келтіреді.

Жаңа ауданның құрылуына  негіз болатын деректерде өлке тарихына қарар болсақ,  Қарқаралы уезіне қарасты Шанышар-Айбике болысын 1878 жылы  «Арқалық», «Едірей» атты екі болысқа бөлді. Сөйтіп,  Шанышар-Нұрбике болысын «Ақбота» болысы деп өзгертті. 1928 жылы осы аталған болыстар Абыралы ауданы құрылған кезде жер мен халықтың орналасу жағдайына орай осы ауданға берілді. 1930 жылы Қу деген аудан құрылып, «Ақбота» болысы «Қызыл-Таң» деген атпен аудан орталығына айналған. 1932 жылы қайта Абыралы ауданына қосқан. 1954 жылы атом сынағына байланысты Абыралы ауданы таратылды. «Ақбота» болысының жері келешек Курчатов қаласының, атом сынағының орталығына айналды.

Қауіптің қай жағымыздан келері белгісіз алмағайып заманда іргемізді бекемдей түсуіміз керек. Курчатов қаласы туралы «Ресейдің көздегені не?» атты мақалада пікірімізді білдірген болатынбыз. http://abai.kz/post/view?id=3387

Енді  «Ғылым қаласы» мәртебесі бар осы қалаға Әлихан Бөкейхан есімі әбден лайықты деп ойлаймыз. Бұл қаладан өзінің туған жері Ақтоғай да алыс емес.  Қаланың бір ауданын сынақ алаңының эпицентрі болып, күлге айналған Дегелең тауының құрметіне «Дегелең» деп атаса дұрыс болар еді.

Айтқандай  тарихшы-ғалымдар қозғап жүрген бір мәселе, 2017 жылы Алаш Орда үкіметінің құрылғанына 100 жыл толу құрметіне орай осы үкіметтің 1917 жылдан 1920 жылға дейін ресми астанасы болған Семей қаласының Жаңа Семей бөлігін «Алаш» қаласы деп  атауды да ұмытпай заңдастырған жөн. Әлихан мен Алаш есімін бір-бірінен бөліп қарай алмаймыз. Осы істің шешімі өзіміздің ерік жігерімізге байланысты болмақ.

 Ардақ Беркімбай

Abai.kz

Related Articles

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Арма әлеумет! 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осыған байланысты іргелес елдерде соның ішінде Шығыс Түркістан өңірінде өмір сүріп жатқан Шыңжаң қазақтарының саяси, әлеуметтік һәм мәдени тарихын танып біліп жүргеніміз артық болмас. Алдымен суреттерге түсініктеме: Бірінші сурет: Шыңжаң өлкесінде 1934-44 жылдары өлке губернаторы болған Шэн Шицайдың (盛世才) бейнесі. Екінші сурет: Тайвань Тайпэйдегі Шэн Шицайдың мазары. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барғандағы естелік. Ол туралы естелікті кейін оқисыздар. Үшінші сурет: Шыңжаң өлкесі Құмыл аймағының аймақ губернаторы болған Жолбарыс Бег-тің мазары. Тайвань Тайпэй қаласындағы мұсылмандар зиратында жерленген. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барып қайттым. Төртінші сурет: 1944 жылы ұлт-азаттық көтерілісшілері Құлжа қаласын азат қылған соң қала

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: