|  | 

Сұхбаттар

Тимур Сүлейменов: Қазақстанда валюталық одақ құру жөніндегі міндеттеме болған емес

Tymur SuleymenҚазТАГ – Жанболат Мамышев. Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері әр түрлі мәселелерде интеграцияны тереңдету жолында. Бізді зейнетақылық қамтамасыз ету саласында, тауарлардың жылжуы саласында қандай өзгерістер күтіп тұр? Біртұтас валюта қашан қолданысқа енгізілуі мүмкін? Осы және басқа да ҚазТАГ қойған сауалдарға Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) экономика қаржылық саясат жөніндегі коллегия мүшесі (министрі) Тимур Сүлейменов жауап берді.

- Еуразиялық экономикалық одақ еңбеккерлерін зейнетақымен қамтамасыз ету туралы келісім жобасын әзірлеу жұмыстары қалай жүріп жатыр?

- Ол бастамалар жеке келісімде іске асырылуы тиісті. Бізде жұмыс тобы бар, олар осы мәселені талқылауда, және біз осы мәселені көші- қон саясаты жөніндегі консультативтік комитеттің аясында үнемі талқылап отырамыз. Біз Астанада екі күн бойы осы келісімнің нормаларын сарапшылар деңгейінде талқыладық. Кейін, 8 сәуірде, осы мәселені көші-қон саясаты жөніндегі консультативтік комитеттің отырысында талқыладық. Күрделі жұмыс жүруде, себебі біздің мемлекеттердің зейнетақылық жүйелерінде үлкен айырмашылық бар. Одан басқа, осы сияқты жағдайды реттейтін бұрын қол қойылған көптеген келісімдер бар. Атап айтқанда, ТМД аясында жасалған және екіжақты келісімдер бар. Демек, бір мәселеге қатысты бірнеше келісімнің өзара ықпалдастығының заңдық қырын ескере отырып мазмұндық тұрғыдан қабылддау керек. Бұл өте күрделі. Жалпы алғанда, біз осы отырыста жақсы алға жылжып, сәуірдің соңындағы вице-премьерлердің қатысуымен өткен комиссия кеңесінің отырысында тек бір келіспеушілік шығардық. Оның мәнісі біздің елдердің зейнетақылық жүйелері өзгерістерге ұшырап жатқан 1992 жыл мен 2000-шы жылдар аралығындағы еңбек өтіліне қатысты қаржылық жауапкершілікті қай ел мойнына алатындығы жайлы. Ол кезеңде біз тәуелсіз мемлекет болғанбыз. Сондықтан ол өтілді кім ескеруі және төлеуі керек деген сауал туындайды. Біз әзірге ол пікір алшақтығын жоя алмадық, сондықтан біз (ЕЭК – ҚазТАГ) салалық вице- премьерлермен консультациялар жүргізудеміз.

- Бұл мәселеде ресейлік тараптан басқа, консенсус бар ғой…

- «Қолдайтындар» мен «қарсы» дауыстар 50-де 50 болып бөлініп тұр. Ресей мен Беларусь бұл мәселені екіжақты түрде реттеп те алған – ол кезең үшін зейнетақыны сол азамат еңбек еткен жақ төлейді. – Егер ЕАЭК-ге мүше мемлекеттің азаматы одаққа мүше басқа елде еңбек ететін болса, зейнетақыны қайта есептеу тетігі қандай болмақшы? Зейнетақыны қайта есептеу үшін ЕАЭК-те еңбек етудің ең төменгі мерзімі қандай болуы керек?

 

- Біріншіден – әрине, зейнетақылық жасқа толуы керек. Біз ол азаматтың тұрақты мекен ететін елдегі зейнетақы жасы деп отырмыз. Яғни, ЕАЭК-ге мүше бір елдің азаматы Ресейге кететін болса, оның зейнетақылық құқығы Ресейде қолданыстағы зейнетақылық жасқа толуымен бастап іске асырылады. Екінші мәселе – ең төменгі еңбек өтілінің қажеттігі туралы, адам одақтың бір елінде еңбек қатынастарында болып, сәйкесінше, қандай да қосымша құн жасауға атсалысқан. ЕАЭК-ге мүше кез келген елдегі еңбек өтілін анықтауда зейнетақылық құқық алу үшін, ең төменгі еңбек өтілі бір жыл деп алып отырмыз. Әр елдерде алған еңбек өтілін есепке алуға қатысты мәселелер бар. Бұл ретте әр елдерде, әр кезеңдерде: Кеңестер одағы ыдыраған 1992-шы жылға дейін, ұлттық заңнамалар күйіне енгенге дейін 1992-шы жылға дейін. Әдетте әңгіме 1998-2002-ші жылдар және одан кейінгі мерзім туралы болып отыр.

- Яғни, 1992 жылға дейін – проблема жоқ, кеңестік өтіл ескеріледі ғой?

- Кеңестік өтіл есепке алынады және қабылданады. Ол бойынша азамат қазір тұрақты тұрып жатқан ел төлейтін болады.

- Және ЕАЭК-ге мүше елдердегі өтіл де ескеріле ме?

- Иә, әрине. – Осы өзгерістер күшіне енгенде қандай тауарлық топтар ЕАЭК аясында «параллель» импортқа рұқсат етіледі?

- Біріншіден, қандай да тауарлық топтар бойынша «параллель» импортқа рұқсат ету туралы шешім әлі қабылданған жоқ. Демек, ондай импорт қазір заңсыз. Зияткерлік құқықтармен қорғаулы тауарлар құқық иесінің келісімінсіз әкелінуі мүмкін емес. Егер ЕАЭК туралы келісімге осындай өзгерістер енгізілетін болса, онда, біздіңше, антимонопольдық органдардың жұмысы, өнеркәсіп министрліктерінің жұмыстары бірінші басталады. Олар қандай тауарлық нарықтарда құқықтардың өңірлік сарқылу принципінің негізінде бәсекелестікке қатысты жағдай бұрмаланғанын анықтау үшін керек. Нақты тауарлық нарықта нақты талдама жасалғанда осы тауарларға «параллель» импортқа рұқсат берілуі мүмкін. Қазір ол туралы сөз қозғауға әлі ерте, себебі ондай талдама әзірге жасалған жоқ. Фармацевтика саласында, автомобиль қосалқы бөлшектеріне «параллель» импортқа рұқсат беру туралы ұсыныстар бар, бірақ олар ғылыми ізденістер аясында ғана.

- Яғни ол тауарлық топтарды ЕАЭК елдері ұсынып қойды ма?

- Олар сарапшылар деңгейінде айтылуда. Бірақ біз ондай талдамалар одақтың барлық нарығында одақтың қандай да бір мемлекетінің жеке органымен емес, ұлттық деңгейден жоғары тұрған – ЕЭК басшылығымен жүргізілуі керек деп есептейміз. Әрине, оларды ЕАЭК- нің ұлттық органдарынсыз жүзеге асыру мүмкін емес, біз оларды осы жұмысқа тартпақшымыз.

- Бұл жұмыс бойынша қандай да бір мерзімдер бар ма?

- 23 сәуір күні бізде зияткерлік меншік нысандарына деген айрықша құқықты тауысу қағидатын әрі қарайғы қолдануға қатысты ұсыныстар жасап шығару жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті, онда ЕАЭО елдерінің мемлекеттік органдары мен бизнес- қауымдастықтарының бар өңірлік қағидаттан одаққа қатысушы мемлекеттер аумағында жекелеген тауар категорияларына арналған құқықты тауысуды тәркілеу ықтималдығына байланысты позициясы талқыланды. Отырыс қатысушылары аталған мәселе бойынша позицияларын таныстырды. Беларусь, Қазақстан және Ресей ЕЭК ұсынысын қуаттады, ол ЕАЭО туралы келісімде тауарлық белгіге деген құқықты тауысуға деген өңірлік қағидатты базалық ретінде сақтауға саяды, бірақ тауарлардың шектелген категориялары бойынша тәркілеулер белгілеу ықтималдығы болады. Өз кезегінде Армения халықаралық құқықты тауысу қағидатын біртіндеп енгізуді жақтап сөйледі. Енді біз ЕАЭО елдерінің үкіметтерін, өзіміздің жұмыс тобы ретінде, үкіметтер тапсырмасы бойынша оларға ұсыныстар енгізетінімізден хабардар етеміз. Артынша доп ұлттық үкіметтердің жағында болады, олар жұмыс тобының ұсыныстарын зерттеп шығып, содан соң ЕАЭО бойынша барлық серіктес елдерге арналған өзара тиімді шешім табу үшін оны комиссия кеңесіне шығарулары тиіс. Егер олар мақұлданатын болса, ЕАЭО туралы келісімдегі осы бөлікте стандартты өзгертулер енгізу рәсімі басталады.

- Және сонда бірқатар тауарлардың қатарлас импортына деген рұқсатнама күшіне енуі мүмкін бе?

- Бұл тым ұзақ. Ол тетіктің жұмыс жасап кетуі үшін, бір жылдау қажет, егер ол қабылданатын болса. – Яғни ең ертесі – ол 2016 жылдың ортасынан ба?

- Ең ертесі – иә. Біздегі регламенттік мерзімдер үлкен және ол соншалық оңай нәрсе емес. Қазіргі таңда халықаралық құқықты тауысу қағидатын енгізуге салмақты негіздеме жоқ. Мұнымен қатар біз тәркілеуге кіретін тауарлар категориясын таңдау туралы шешімді қабылдау кезінде ЕАЭО деңгейіндегі белгілі бір әдістемені жасап шығаруды жоспарлап отырмыз, онда сондай тауар категорияларының өлшемдері мен тәртібі болмақ. Одан бөлек, ЕЭК жоспарында – тауар нарықтарындағы бәсекелі жағдайды талдаудан өткізу, әлеуметтік маңыздылық пен тауарлар тапшылығының ықтимал түрде бар болуын бағалау бар. Осы ретте өндірістердің оқшаулану деңгейіне байланысты тәркілеу қағидаты жол бергісіз. Өңірлік құқықты тауысу қағидатынан жекелеген тауарлар категориясына қатысты тәркілеулер тек қана одақтың бүкіл елдерінің мүддесінде жүзеге асырылатын болады. егер ЕЭК кеңесінің тапсырмасын мамырда алсақ, онда ағымдағы жылдың қыркүйегіне таман тәркілеулер бойынша құжаттардың толық қоржынын жасап қоя аламыз.

- РФ президенті Владимир Путин Ресейдің Орталық банкіне РФ үкіметімен бірлесіп мақсаттылығы мен келешекте валюталық одақ құру ықтималдығын зерттей отырып 2015 жылдың 1 қыркүйегіне дейін ЕАЭО аясындағы валюталық және қаржылық саладағы интеграцияның әрі қарайғы бағыттарын таныстыруды тапсырды. Бұған дейін 2025 жыл осы саладағы жұмыстың басталуы ретінде мәлімделген. Яғни аталмыш үдерістерді біз үдетеміз бе?

- Біріншіден, сіз дұрыс атап өттіңіз, бәрі айтып жүрген тапсырма ол – Ресей Федерациясы президентінің РФ Орталық банкіне және РФ үкіметіне біздің интеграциялық өзара қарым-қатынастың даму мүмкіндігі мен мақсаттылығын валюталық одақ кезеңіне дейін қарастырып, 1 қыркүйекке дейін ұсыныстар енгізу жайындағы тапсырмасы. Бірақ бұл шешім қабылданды деген сөз емес. Бұл осы мәселе бойынша ресейлік тараптың ұстанымы қалыптасты дегенді білдірмейді. Өздеріңіз білетіндей, одақ аясында шешуші шешімдер ымыраластықпен қабылданады, яғни әлі күнге дейін, барлық тараптар «иә» деп айтпайынша, шешім қабылданбайды. Бұл әлбетте барша мәселелер бойынша тап осылай. Сол себепті осы мәселе бойынша ешқандай шешім, әрине, жоқ. Біз ресейлік жақтан оның ұсыныстарын күтетін боламыз, ал кейін оны зерттейміз. Егер тараптар оны жөнсіз деп тапса, яғни олар «жоқ» десе, тиісінше, ол ұсыныстар ілгері баса алмайды. Сондықтан да ресейлік әріптестердің не ұсынатынын тосып көрейік. Бәлкім, олар мүлде ештеңе ұсынбайтын да шығар. Мүмкін, олар өз басшыларына барып, барлық «иә» мен «қарсы» дегендерді пысықтап шыққандарын және қазіргі сәтте әлдебір орта мерзімдік немесе ұзақмерзімдік перспективада валюталық одақ бағытына қозғалуда мақсаттылықтың жоқ екенін айтатын шығар. Мұнда айқындылық қажет-ақ. Бізде 2025 жылға қарай валюталық одақ құру жөнінде міндеттемелер ешқашан болған емес. Біз 2025 жылға таман үйлестірілген заңнама, әкімшілік ынтымақтастық базасында қаржы нарығын реттейтін шағын ұлттық орган құруға тиіспіз. Ол Орталық банк емес, оның ақшалай-несиелік саясат функциясы деген болмайды. Бұл қаржы нарығын реттеуші. Сіздің есіңізде болар, Қазақстанда бұрын қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігі (ҚҚА) болған еді. Ол ақша саясатымен емес, сақтандыру ұйымдарын, құнды қағаздар, банк нарығын реттеумен айналысты. Міне біз сол орган туралы айтқан кезде, біз қаржылық қадағалау агенттігінің шағын ұлттық аналогын еске аламыз.

- Бірақ Еуропа мысалы бойынша макрокөрсеткіштерді, заңнаманы, валюталық бақылауды және т.б. үйлестіріп алып, ендігі келесі қадамда бірыңғай валютаны енгізуді жоспарлау толықтай қисынды. Ал ЕАЭО бірыңғай валютасы қашан пайда болуы мүмкін – 2025 жылдан кейін бе?

 

- Егер сіз Еуропалық одақ туралы айтып отырсаңыз, онда ЕО-ға қажет болған мерзімдерге зер салыңыз. Мен біз тезірек қимылдай аламыз деп ойламаймын. Біздің қозғалысымыз жаман емес, бірақ қандай жағдайда да валюталық одақ құру үшін айтарлықтай үлкен мерзімді белгілеп қою керек. Алдымен біз өзімізге ЕАЭО аясында тауарлардың, қызметтердің, капиталдың, жұмыс күшінің еркін қозғалуын беретін әлеуетті түгелдей іске жаратып алуға тиіспіз, содан кейін бізге валюталық одақ жағына қарай қандай да бір ілгері қозғалыс қажет екенін түйсініп барып қана ол жайында шешім қабылдау керек. Қазір әзірше біз бастапқы кезеңде жатырмыз. Бізде әлі осы төрт еркіндіктің толық жүзеге асырылуы жоқ. Не айтуға болады? Қолда барды іске асырып болмай, алға шауып не керек?

- Сіздер қазіргі таңда қаржылық нарықтар бойынша әлденендей стратегияны жасап жатсыздар ма?

- Біз қаржылық нарықтарды реттеу нарығында белсенді жұмыс жасаудамыз, бірақ бұл дегеніміз валюталық одақ бөлігіндегі ұсыныстарды жасап шығаруға қарағанда мүлдем бөтен нәрсе. Валюталық одақ бойынша ЕЭК ешқандай жұмыс жүргізіп жатқан жоқ, өйткені бұл мәселе шағын ұлттық орган ретінде комиссияның күн тәртібінде тұрған жоқ. Бізге тапсырманы тек хабарлай отырып іс қылған, консенсуспен шешім шығарған елдер ғана бере алады. Елдердің ешқайсы комиссияға жеке тапсырмаларын бере алмайды. ЕАЭО елдерінің валюталық одақ құру жөніндегі ондай шешімі әзірге қабылдана қоймады. Сондықтан ЕЭК болжал, кеңестемелер режімінде тұр, бірақ бұл бағытта біздің тараптан ешқандай іс-әрекет қабылданып жатқан жоқ.

- Сұхбатыңыз үшін алғыс айтамын!

kaztag.info

 

Related Articles

  • “Геосаясат илеуіне түсіп қалуымыз мүмкін”. Қазақстанда АЭС салуға қатысты сарапшы пікірі

    Елена ВЕБЕР Атом электр стансасын салу және пайдалану экологиялық қатер және төтенше жағдайда адам денсаулығына қауіпті ғана емес, оған қоса соғыс барысында Украинаның Запорожье АЭС-індегі болған оқиға сияқты бопсалау құралы дейді әлеуметтік-экологиялық қордың басшысы Қайша Атаханова. Ол мұның артында көптеген проблема тұрғанын, қазақстандықтарға АЭС салу жөніндегі референдум қарсаңында біржақты ақпарат беріліп, онда тек пайдалы жағы сөз болып жатқанын айтады. Сарапшы АЭС-тің қаупі мен салдары қандай болатыны жайында ақпарат өте аз деп есептейді. Голдман атындағы халықаралық экологиялық сыйлықтың лауреаты, биолог Қайша Атаханова – радиацияның адамдарға және қоршаған ортаға әсерін ширек ғасырдан астам зерттеп жүр. Ол бұрынғы Семей полигонында және оған іргелес жатқан аудандарда зерттеу жүргізген. Қарағанды университетінің генетика кафедрасында оқытушы болған.

  • “Қазақстан дұрыс бағытта”. Деколонизация, Украинадағы соғыс және Қаңтар. Балтық елшілерімен сұхбат

    Дархан ӨМІРБЕК Балтық мемлекеттерінің Қазақстандағы елшілері (солдан оңға қарай): Ирина Мангуле (Латвия), Эгидиюс Навикас (Литва ) және Тоомас Тирс. Совет одағы ыдырай бастағанда оның құрамынан бірінші болып Балтық елдері шыққан еді. Өзара ерекшеліктері бар болғанымен, сыртқы саясатта бірлігі мықты Латвия, Литва және Эстония мемлекеттері НАТО-ға да, Еуроодаққа да мүше болып, қазір көптеген өлшем бойынша әлемнің ең дамыған елдерінің қатарында тұр. Ресей Украинаға басып кіргенде Киевті бар күшімен қолдап, табандылық танытқан да осы үш ел. Соғыс басталғанына екі жыл толар қарсаңда Азаттық Балтық елдерінің Қазақстандағы елшілерімен сөйлесіп, екіжақты сауда, ортақ тарих, Ресей саясаты және адам құқығы тақырыбын талқылады. Сұхбат 8 ақпан күні алынды. “БІЗДЕ ҚАЗАҚСТАНДЫ ДҰРЫС БІЛМЕЙДІ” Азаттық: Сұхбатымызды Балтық елдері мен Қазақстан арасындағы сауда қатынасы

  • “Саясаткерлер пафоспен сөйлегенді жақсы көреді”. Түркі мемлекеттері ынтымақтастығының болашағы бар ма?

    Елнұр ӘЛІМОВА Түркі мемлекеттері ұйымына мүше және бақылаушы мәртебесіне ие елдердің басшыларының Самарқанда (Өзбекстан) бірігіп түскен суреті. 11 қараша, 2022 жыл Астанада Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) оныншы саммиті өтіп жатыр. Бұл кездесу не береді? Түркия Ресейдің Украинамен соғыстан бас көтере алмай жатқанын пайдаланып, аймаққа ықпалын күшейтуге тырыса ма? Түркі мемлекеттері ынтымақтастығының, әсіресе әскери салада болашағы бар ма? Азаттық осы жөнінде Солтүстік Кипрдегі Таяу Шығыс университеті саясаттану кафедрасының доценті Әсел Тутумлумен әңгімелесті. ТҮРКИЯНЫҢ МҮДДЕСІ МЕН ЫҚПАЛЫ ҚАНДАЙ? – Астанада Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) оныншы саммиті өтіп жатыр. Ұйым азаматтық қорғаныстың бірлескен механизмін нығайтуға мүдделі. Сондай-ақ күн тәртібінде аймақтағы және сырттағы саяси-экономикалық оқиғаларды талқылау мәселесі тұр. Саммиттің уақыты мен геосаяси контексі жөнінде

  • АҚШ-тың Орталық Азиядағы саясаты өзгерді ме? Елші Дэниел Розенблюммен сұхбат

    Дархан ӨМІРБЕК  АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюмнің Азаттық радиосына берген сұхбаты АҚШ дипломаты Дэниел Розенблюм Қазақстанға елші болып келгеніне бір жылға жуықтады. Оған дейін ол Өзбекстандағы елші қызметін үш жыл атқарған. Орталық Азияға маманданған дипломат аймақ басшыларының Нью-Йоркте президент Джо Байденмен оңаша кездескені саяси жетістік дейді. Азаттық елшіден сұхбат алып, C5+1 саммитінде адам құқығы тақырыбы қаншалық қозғалғанын, Қазақстанға төнген санкция қаупін және АҚШ-тың Орталық Азиядағы саясаты қалай өзгергенін сұрады. НЬЮ-ЙОРКТЕГІ КЕЗДЕСУ ҚАЛАЙ ӨТТІ? – АҚШ президенті Джо Байден жақында Орталық Азия басшыларымен C5+1 форматында кездесті. Саммит алдында құқық қорғау ұйымдары осы жиында адам құқығы басты назарда болса екен деп үміт білдірді. Бұл үміт ақталды ма? – Нью-Йоркте өткен C5+1 саммиті

  • “Украинадағы соғыс ондаған жылға созылуы мүмкін”. Британ генералымен сұхбат

    Важа ТАВБЕРИДЗЕ Украин сарбаздары зенитті қарумен атқылауда. Архив суреті. Ұлыбритания бірлескен күштерінің бұрынғы қолбасшысы, қорғаныс және қауіпсіздік тақырыбында кеңес беріп, дәріс оқитын генерал сэр Ричард Бэрронс майдандағы айла-тәсіл, өндірістік мобилизация және Украина мен Батыс елдері таңдауы соғыстың ондаған жылға жалғасуына қалай әсер ететінін айтып берді.  Генерал сэр Ричард Бэрронс Ұлыбритания бірлескен күштерінің бұрынғы қолбасшысы. Қазір Universal Defense & Security Solutions қорғаныс және күзет компаниясын басқарады. Ол Азаттықтың Грузин қызметімен сөйлесіп, Украинадағы соғыс неге ұзаққа созылатынын талдап берді. Азаттық: Украинада соғыс басталғалы бір жылдан асты. Осы уақыт ішінде қандай сабақ алдық? Ричард Бэрронс: Еуропа үшін жоғары деңгейде сабақ алатын дүниелер болды. Біріншісі, 90-жылдары Қырғиқабақ соғыс аяқталғаннан кейін көбі “енді соғыспайтындай болдық” деп ойлағанымен,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: