|  | 

Әлеумет

Ұстаз жалақыңызды есептей аласыз ба?

UstazКөптеген ұстаздар өздерінің жалақысын есептеуге келгенде есепке жоқ болып шығады. Мұғалімдер біле жүрсін деген оймен өткенде жазып едім, енді жариялап отырмын. Мүмкін қажеті болып қалар.

Елімізде білім саласының қызметкерлеріне мемлекет тарапынан жалақыларына түрлі үстемеақылар қосылады. Бүгін біз бастауыш, негізгі және орта немесе орталау білім беретін оқу орындарындағы қызметкерлердің жалақысына қосылатын үстемелер мен олардың көлемі туралы кеңесіміз міне:

Жоғарыда атап өткен білім саласы қызметкерлерінің жалақысы ҚР Үкіметі 2009 жылы 29 желтоқсанда бекіткен №1400 Қаулысымен есептеледі. Құжаттың толық атауы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» деп аталады.

Осы Қаулыға сәйкес, барлық санаттағы ұстаздар G-9 санатына жатқызылады (егер білімі жоғары болса). Аталған санатқа сәйкес мұғалімдердің еңбек өтілдерінің айырмасы осы посттағы суретте берілген.

 

 

Бұл жерде шыққан шығынды Сіздің 18 сағатқа арналған лауазымдық жалақыңыздың көлемі. Егер сағат саны 18-ден аз немесе көп болса 50 514 теңгені 18-ге бөліп, шыққан шығындыны өзіңіздің сағаттық жүктемеңізге көбейтесіз. Мысалы Сізде 25 сағат жүктемесі бар. Демек, 50 514 теңгені 18-ге бөлгенде 2806 теңге. Енді осыны 25 сағатқа көбейткенде 70 158 теңге шығады. Бұл Сіздің бір ай бойғы жалақыңыздың көлемі. Енді осы жалақыға Сіздің біліктілігіңіз немесе қосымша өзге жүктемеңізге байланысты мынадай түрлі қосымшалар қосылуы мүмкін: Мысал: Жоғарыдағы кестеден өзіңіздің еңбек өтіліңізді (тек педагогикалық) табыңыз. Сіздің еңбек өтіліңіз 4 жыл 3 ай 11 күн делік. Демек Сіз кестедегі 3-5 жыл аралығындағы 2,53 коэффиценті бойынша өз жалақыңыздың көлемін біле аласыз. Коэффицентті, яғни 2,53-ті БЛЖ (базалық лауазымдық жалақы) мөлшеріне көбейтеміз. 2,53х19 966 = 50 514

1. Сынып жетекшілігі үшін: 1-4 сыныптардың жетекшілеріне БЛЖ-дан 25 пайыз, 5-12 сыныптардың жетекшісіне БЛЖ-дан 30 пайыз үстеме. Жоғарыда атап өткендей БЛЖ-ның көлемі қазіргі уақытта 19 966 теңгені құрайды.

2. Дәптер тексергені үшін: 1-4 сыныптардың мұғалімдеріне БЛЖ-дан 20 пайыз, орыс тіліндегі мектептердің қазақ тілі мұғалімдеріне БЛЖ-дан 25 пайыз, барлық мектептердің барлық пәндерінен 5-12 сыныптардың дәптеріндегі жазба жұмыстарын тексергені үшін БЛЖ-дан 25 пайыз үстеме қосылады.

3. Орта мектептердің (интернаттарды қоса алғанда) кабинет меңгерушілігі үшін БЛЖ-ның 20 пайызы көлеміндегі үстеме белгіленген.

Ескерту: Жоғарыдағы 3 пунктте аталған үстемақылар оқушы саны 15-тен кем бірден 2 есе қысқарады. Мысалы, 30 пайыз орнына 15 пайыз белгіленеді.

Сонымен қатар, мұғалімдерге Үкімет тарапынан мынадай үстемақылар қарастырылған:

1. Ауылдық жерде қызмет еткені үшін лауазымдық жалақысының 25 пайызы көлеміндегі үстемақы.

2. Біліктілігі үшін:

Жоғары санаттағы ұстазға – БЛЖ-ның 100 пайыз көлемінде;

І санаттағы ұстазға – БЛЖ-ның 50 пайызы көлемінде;

ІІ санаттағы ұстазға – БЛЖ-ның 30 пайызы көлемінде үстеме қосылады. Бүгінгі уақытта БЛЖ-ның көлемі 19 966 теңге екенін естеріңізге сала кетейік.

Тағы бір айта кететін жәйт, әскери білім беретін, психикалық ақауы бар балаларға сабақ беретін және зиянды техникалық заттармен жұмыс жасаған қызметкерлер үшін де қосымша ақылар қарастырылған.

Жалақыңызға түрлі үстемелер қосылғанымен Сіздің лауазымдық жалақыңыздан түрлі алымдар ұсталатынын да ескеру керек. Лауазымдық окладтан әуелі міндетті зейнетақы төлемі (10 пайыз), кәсіподақ жарнасы (1 пайыз) (егер Сіз кәсіподаққа мүше болсаңыз), тек ең соныңда осылардан қалған сумманың қорытындысы бойынша табыс салығы (10 пайыз) ұсталады.

 

kazbilim.kz

Related Articles

  • «Отан – оттан да ыстық» жобасының баспасөз мәслихаты

      «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі «Отан – оттан да ыстық» жобасының баспасөз мәслихатын өткізеді. Бұл жоба аясында отанына оралған қандастарымызға заңнамалық көмек ретінде «Жедел желі» қызметі іске қосылады. «Қандастар» (http://qandastar.kz/) сайты арқылы да сұрақ-жауап ретінде заңнамалық көмек көрсетілетін болады. Баспасөз мәслихатының мақсаты – «Отан – оттан да ыстық» жобасын халыққа таныстыру. Баспасөз мәслихатына құқықтанушылар, БАҚ өкілдері, кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі мамандар, қоғам қайраткерлері мен ғалымдар және танымал ҮЕҰ өкілдері қатысады. «КЕШ» құқық қорғау орталығының жетекшісі – Кәмшәт Есмұхамбетқызы; Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі маман – Әсима Сұлтан; Орыс тілінің маманы – Әлия Мұхаметкәрімқызы сынды ғалымдар баяндама оқиды.   Ұйымдастырушылар:  Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы

  • «Корея халқының еңбекққорлығына таң қалдым»

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында тұратын қазақстандық Оразхан Нұрмахан. (Сурет Оразханның рұқсатымен жеке мұрағатынан алынды) Постсоветтік кезеңде басқа Орталық Азия елдерімен салыстырғанда жақын және алыс шет елдерде қазақстандық еңбек мигранттары азырақ көзге шалынады. Бірақ көбірек табысқа ұмтылған мыңдаған қазақстандық үшін Оңтүстік Корея тартымды еңбек нарығына айналып тұр. Оңтүстік Қазақстан облысындағы Кентау қаласының 27 жастағы тумасы Оразхан Нұрмахан 2017 жылы желтоқсан айында Оңтүстік Кореяға туристік сапармен барып, қалып қойған. Қазір Пусандағы компаниялардың бірінде күннен қуат өндіретін құрылғыларды орнатушы болып жұмыс істейді. – Кореядағы жұмыс туралы барып-қайтқандардан естіп жүрдік. Өйткені ол жаққа кеткен таныстарым да, достарым да болды. Осыдан екі жыл бұрын кетуді ойластырған едім. Бірақ сәті өткен жылдың соңында келді,

  • Дамыған елдерде ауыр науқастар мен мүгедектер еркін өмір сүріп жатыр

    Әлі советше ойлайтын, әскери медицина менталитетінен ажырамаған денсаулық сақтау саласының менеджерлері бір жайтты түсінуі тиіс: ерте заманда да, орта ғасырларда да, қазіргі кезде де ауыр науқастар мен мүгедектер саны жалпы халық санына шаққанда бір мөлшердің төңірегінде тұра береді. ДДҰ-ның мәліметінше, бұл мөлшер – 15 пайыз. Мұның себебін ешкім анық түсіндіріп бере алмайды. Кейбір гуманист атеистер “адам баласының бір-біріне деген қамқорлық сезімін күшейту үшін табиғи сұрыпталудың бір шарты” деп қабылдаса, евгеника жақтастары (мысалы, нацистер) “табиғи сұрыпталу кезінде генді тазарту үшін мұндай әлсіздерді қырып тастау керек” деп шатылды. Діндар гуманистер “мүмкіндігі шектеулі жандарды күту – сауап жинау мен Құдайдың рақымына бөлену” деп білсе, ультра-консервативтік діншілдер “ауыр науқас пен мүгедектік – Құдайдың жазасы”

  • Семейден хат Бауырлар, көмектесіңіздер!

    Менің ұлым – Ерсұлтан 7 жаста. Ұлым сирек кездесетін Spina bifida ауруына шалдыққан. Осы дерттің салдарынан ұлымның уақыт өткен сайын қимыл-қозғалысы қиындап, жан шыдатпайтын ауырсынуды туғызып отыр.Бауырлар, біз көмекке мұқтажбыз! Медицина орталықтарында ота жасатып баламды дерттен сауықтыруға болады. Алайда оның құны біз үшін тым қымбат. Ота жасатуға 54 000 $ қажет. Қаражаттың жетіспеуімен қатар, бізде уақытта шектеулі. Маусым айында ота жасалуы тиіс.Ағайын, бауырлар, Қасиетті Рамазан айында бізге көмек көрсетуіңізді сұраймын. Аллахтың қалауымен бәрі жақсы боларына үміт етемін. Бауырлар, көмектесіңіздер!Кенжебек Ақтайлақов

  • Киіктердің үстірт популяциясын сақтау жолдары ұсынылды

    Қарағанды қаласындағы «Жаңа экологиялық қауіпсіз технологияларды енгізу орталығы» қоғамдық қоры Германияның NABU табиғатты қорғау және биоалуантүрлілікті сақтау одағының қаржылай қолдауымен «Киіктердің үстірт популяциясын сақтау бойынша жергілікті қоғамдастықтарды жұмылдыру» жобасын жүзеге асыруды бастады. Ал ұйымдастырушылық және сарапшылық қолдауды «Қарағанды облысының экологиялық мұражайы» қоғамдық бірлестігі және «Қолдау- Қазақстан» коммерциялық емес холдингі өз мойнына алып отыр. Бұл туралы жоба үйлестірушісі Әділбек Қозыбақов айтып берді. Елімізде ақбөкеннің үш түрі мекендейді, атап айтқанда – бетпақдала, орал және үстірт популяциялары. Осыдан үш жыл бұрын бетпақдалада мекендейтін ақбөкендер жаппай қырылғандығы белгілі. Ол кезде мамандардың есебі бойынша 90 пайызы қырылған деседі. Бұл ретте қоғам ендігі жерде ең алдымен ақбөкеннің осы популяциясын сақтап қалу үшін жауапты органдар барын салады

1 пікір

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: