ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов Хорватия қорғаныс ведомствосының басшысымен кездесті
Астанада ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов пен Хорватия Республикасы қорғаныс ведомствосының басшысы Анте Котромановичтің кездесуі өтті-деп хабарлайды ҚР ҚМ баспа сөз қызметі.
Қазақстан мен Хорватия арасында соңғы жылдары саяси диалогтың деңгейі анағұрлым артты. Екі ел өкілдері арасындағы әртүрлі деңгейлердегі кездесулер, өзекті өңірлік және халықаралық проблемалар бойынша кеңестер мен пікір алмасулар осыны растайды. Хорватия Қазақстанмен Оңтүстік-Шығыс Еуропада маңызды және перспективті серіктес ретінде қаралады.
Перспективті жобаларды іске асыру үшін шет мемлекеттермен әскери-техникалық ынтымақтастық бойынша серіктестерді іздеуге ерекше көңіл бөлінеді. ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов айтып өткендей, өндіріс технологиясын алу Қазақстан үшін қорғаныс өнеркәсібі саласында ынтымақтастықты дамытудың маңызды шарттары болып табылады.
Сонымен қатар, ресми делегацияның жұмысы барысында хорват компанияларының тұсаукесерлері өткізілді. Онда сарапшылар ақпарат алмасып, өзара ықпалдастықтын дамуын егжей-тегжейлі зерделеу қажеттілігі туралы ымыраға келді. Бұдан өзге, хорват тарапы қазақстандық әріптестеріне Хорватия ҚК Әскери академиясында дәріс алу, сондай-ақ еуропа тілдерін (француз, испан, ағылшын, неміс және т.б.) оқып-үйрену курстарына қатысуды ұсынды.

Пікір қалдыру