|  | 

Әлеумет

“Ылғи қыз туған әйел” деп талайлар мүсіркейді

  • ©Нұрғиса Елеубеков (фото)©Нұрғиса Елеубеков (фото)

Бес қыздың анасымын. Әлбетте «мен бақыттымын!» деп нық сеніммен айта аламын. Қыздарымыз ақылды. Біреулерді білемін, ұлдары араққа салынып не анаша шегіп ата-аналарын жылатып жүреді. Нағыз қасірет сол. Мұндай «қарғайын десем – жалғызым, қарғамайын десем – жалмауызым» дегізетін ұлың болғанша, ақылды бес қызың болған ғанибет! 
Шыны керек, «тек қыз тудым» деп еш өкінбеймін. Бесінші қызымды туғанда дәрігерлер қыз екенін айтуға бата алмай жүрді. Негізі УЗИ-ға бір рет түскенмін. Онда жынысы дұрыс көрінбеді. Ал ауылдан ауданға жиі келу маған мүмкін емес. Сол себепті де «бәлкім ұл болар» деген үмітпен жүрдім. Қыз болса да менің бауыр еті балам. Қызымды қойныма алғанда ет жүрегім елжіреп сала берді.

Мойындаймын, «ылғи қыз тапқан әйел» деп сырттан біреулердің мүсіркейтіндері маған ұнамайды. Тіпті, енем де үнемі «қыз ғана туатын қатын» деп кекетіп-мұқатып отыратын. Оны айтасыздар, күйеуімнің кезінде бүкіл ауылды шулатқан бір бұзық інісінің өзі кейде қағытып-соғытып бір тиіспесе көңілі көншімейді. Оның тіпті қыздарыма «шешесінің қыздары» деп оның ағасының оларға еш қатысы жоқтай сөйлейтіні бар. Құдды бес қызды да мен жолдан тапқандай… Көп адам үшін тек қыз туатын әйел – екінші сұрып адам сияқты. Үлкен қызым бәрін түсінеді. Ағасын сыйлаудан қалған. Алайда «қандай болса да ағаң, үлкен кісі, сөйлейді, қояды» деп қызымды ақылға шақырып отырамын.

Менің күйеуім – алты ағайынды. Енем алты ұл туған әйел. Сіздерге – өтірік, маған – шын. Менен басқа келіндерінің барлығы тек ұл туады. Тек менен кейінгі келініміз бір ұл, бір қыз туған.

Енем бірде төсек тартып, жатып қалды. Өзі өлетін шығармын деп ойлады. Бірақ дертінен айығып, қазір дін аман. Аурып жатқанда кілең ұл туып, мәртебелі болып жүрген бір де бір келіні оған қарамады. Жұмыс арасында (мектепте мұғаліммін) үйге жүгіріп келіп, астын тазалап, тамақтандырып жүрдім. Осылай бір жыл біраз қиналдым. Оны қойшы, енемнің аман қалғанына қатты қуандық. Арасында менің қыздарым қараған еді оған. Түсінгеніне рахмет, содан кейін енемнің маған көзқарасы мүлде өзгерді. 180 градусқа. Қазір екеуміздің қарым-қатынасымыз басқа. Қызы мен шешесі сияқтымыз. Не істесе де менімен ақылдасады. Тәттісін, әдемісін тығып маған береді. Қыздарымды да ерекше жақсы көреді. Қысқасы, енем өмір мен өлімнің ортасында жатып, бұрынғы қателіктерін мойындаған сияқты.

Бірақ кейде күйеуімді аяймын. Достарының барлығында да ұл бар. Бірде мектепте бірге оқыған досы қонақта отырғанымызда «сен осы ұл тудыра алмасаң маған айтып қойсаңшы, көмектесіп жіберейін» деп кеңк-кеңк күлгенде, күйеуімнің аузына сөз түспей, басы салбыраған күйі көзімен жер сүзіп отырып қалды. Әрине ол «қалжыңдадым» деп ойлады, десе де досының еркектік намысын аяқ асты қылғанын ұқпады. «Ондай ақымақ адамдарға сөз шығындап керегі жоқ» деп, мен де үндемедім. Бірақ күйеуімнің алдында өзімді қатты кінәлі сезіндім. Құдайдың бір ұл бермегеніне сол кезде налыдым іштей.

Күйеуім қыздарын қатты жақсы көреді. Маған да «ұл тумадың» деп ешуақытта артық әңгіме айтып көрген емес. Бірде үшінші қызым науқастанып аудандық аурухана түсіп қалды. Шығаратын кезде күйеуім көлігінің бір жерін жөндеп алайын деп, өзі жұмыс істеп жүріп, «сары қызым жазылды, үйге қайтып келеді» деп өзінше бір өлең шығарып, әндетіп жүр. Жүрегім жылып сала берді. Әр қызын өзінше жақсы көреді. Осыдан бірнеше жыл бұрын үлкен қызымыз дүкеннен қымбат аяқ киім көріп, қатты қызыққанын айтып келді. Ол түнде ұйықтап қалғанда, күйеуім маған сыбырлып «қызымызға тосын сый жасайық. Таңертең ертемен ана аяқ киімді сатып алып, қасына әкеп қояйық» дейді. «Бағасы удай ғой. Содан кейін қиналып қалмаймыз ба?» деп едім, «бір мәнісі болар. Баламның бір қуанышының өзі мен үшін орасан байлық!» дейді. Дәл солай жасадық. Қызымыздың қуанышында шек жоқ. Шынымен де одан өткен бақыт жоқ екен!

Қазір жасым 40-тан асқан. Менің жасымда да бала туып жатқан әйелдер жоқ емес. Денсаулығым да, тәубә, жақсы. Тағы бір құрсақ көтеріп көрсем деймін. Бірақ тағы қыз болып қалса қайтемін. Ұлды аңсап жүрген күйеуім тағы қыз туылса қандай күйге түсер екен… Қазір осындай ойлар мазалап жүр. Әлде ұл туамын деген оймен ғана бала көтермей-ақ қояйын ба? Күйеуімнің атын жалғастыратын «бір алтын шүмек» бір жағынан керек. Қайтсем екен, білмеймін…
Гүлбақыт

Alashainasy.kz 

Related Articles

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Арман Әлменбет Екі-үш күн уайымға салынып кеттім. Осы соңғы жазғаным болсын. Әрі қарай Құдайға тапсырып, жұмысымды істейін. 6 ақпан күнгі ойым: Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті. Ковид кезінде өкпесі жұмыс істемей қалған адамдарға Түркиядан ИВЛ деген аппарат әкелгені естеріңізде ме? ИВЛ болмай, қанша адам өліп қалды. Орыс тілін алып тастасақ, Мәңгілік ел мен Есіл өзенінің ортасындағы бес-алты ғимарат босап қалады. Тек орысша ойланатын адамдар жиналып ап, өздері әдемі отыр о жерде. Менің түсінігімде, орыс тілін конститциядан алып тастау үшін оған алдын ала дайындалу керек. Соңғы екі жарым жылда осыны қатты ойланып жүрмін. Ұсынайын деп едім, қызығатын адам таба алмадым. Сөйтіп «Ана тіл

  • Тек тілге байланысты…

    Тек тілге байланысты…

    Қазақ Республикасында бір ғана мемлекеттік тіл бар. Ол- қазақ тілі. Қазақ тілінен басқа ешбір екінші тілге мемлекеттік мәртебе берілмеуі керек! Отыз жылдан астам уақыттан бері геосаяси ахуалды сылтауратып келдік. Енді біздің де мінезімізді һәм мысымызды көрсететін уақыт келді. ҚР-ның азаматы һәм салық тапсырушы қатардағы тұрғыны ретінде талап етемін! Алдағы бес жылда Қазақ Республикасында елеулі демографиялық өзгерістер болады. Атап айтқанда 2030 жылынан кейін қазақтардың республикадағы жалпы үлесі 80-85% ке дейін артады. Славян халықтарының өсімі азайып 10%-ға дейін түседі. Есесіне елдегі түркітілдес өзбек, татар, ұйғырлардың өсімі еселеп өсіп тіпті 10-15 жылда орыстардың орнын басып озуы мүмкін. Сол кезде Қазақ Республикасындағы жалпы түркітілдес халықтардың үлес салмағы 85-90% ке жетеді. Нәтижесінде қазақ мектептерінің саны,

  • “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін. “Жаңа конституцияның” 9-бап 2-тармағы тұрғанда құжаттар ешқашан қазақша жасалмайды. Тек аударма тілі болып қалады. Себебі мемлекеттік бюрократия 9-баптың 2-тармағына сүйеніп, іс-қағаздарды орысша жасап үйренген. Сол себепті іс-қағаздың бәрі алдымен орысша жасалады, кейін қазақшаға қалай болса солай аударылады. Сол себепті 1-тармақтың болғаны қазақ тілінің нағыз мемлекеттік тіл мәртебесінде болуына еш көмектесе алмайды. Бір ғана жолы бар: конституцияда мемлекеттік тіл де, ресми тіл де – қазақ тілі деп тайға таңба басқандай жазылып тұруы керек. Құжаттың мемлекеттік тілдегі нұсқасының ғана заңды күші болуы тиіс. Сол кезде басқа тілдердегі нұсқасы жай аудармасы болады. Сол кезде ғана қазақ

  • Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

    Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

     Серік Ерғали Суреттер: aqmeshit-zhastary.kz, democrat.kz сайттарынан алынды. Ата Заң жобасының талқысы Қазақстандағы ең сезімтал, ең ұзақ талқыланып келе жатқан мәселенің бірі — мемлекеттік тілдің нақты мәртебесі. Конституцияда қазақ тілі мемлекеттік тіл деп жазылғанына отыз жылдан асты. Алайда қоғамдағы шынайы сұрақ әлі де ашық: қазақ тілі — басқарудың тілі ме, әлде символдық мәртебедегі тіл ме? Тіл мәселесі неліктен шешілмей келеді? Себебі біз ұзақ уақыт бойы тілге: – мәдени құндылық ретінде ғана қарап келдік; – оны мемлекеттік басқару тілі ретінде нақты бекітпедік. Нәтижесінде: – Конституцияда бір мәтін, – тәжірибеде басқа жағдай қалыптасты. Бұл қайшылық тілдің емес, конституциялық айқындықтың әлсіздігінен туындады. 9-баптағы басты түйін Жоба бойынша: 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. 2. Мемлекеттік ұйымдарда

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: