|  |  | 

Саясат Суреттер сөйлейді

Оралда ономастика мәселелері талқыланды (ФОТО)

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Бүгін Орал қаласындағы Салтанат сарайында «Ономастика және көрнекі ақпарат мәселелері» деген тақырыпта республикалық дөңгелек үстел отырысы болды.Онда ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары Серік Сәлемовтің мәлім еткеніндей, қазіргі таңда сыртқы жарнама мен көрнекі ақпарат мәтіндерінің қате жазылуы, мемлекеттік тілдегі көрнекі ақпараттардың жүйелі сипат алмауы қоғамда жиі сынға ұшырап жатады.

Елімізде көрнекі ақпарат мәселелері «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» және «Жарнама туралы» заңына сәйкес жүзеге асырылады. Осы ретте жергілікті атқарушы органдар тарапынан көрнекі ақпараттар мен жарнамалардың сауаттылығын қадағалау, тілін реттеу, жүйелеу жетіспейді. Сол себепті олардың қолданыстағы заңнама талаптарына сай ресімделуі үшін әдістемелік көмек көрсету қажет.

Отырыста сөз алған Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы Мәлік Құлшар ономастиканың саяси салмағы бар, өзекті мәселелердің бірі екендігін айтып, бұл бағытта өңірде біраз жұмыс жасалғандығын жеткізді.

Айталық, көше атауларын өзгертуге қатысты облыстық ономастика комиссиясына 1237 ұсыныс түссе, соның 730-ы оң шешімін тапты.

ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ҚР Үкіметі жанындағы республикалық ономастика комиссиясының мүшесі Жабал Ерғалиевтің айтуынша, мемлекеттік тілді дамыту қазақ қоғамын, ұлт зиялыларын толғандырып отырған аса толғақты мәселелердің бірі екендігі белгілі. Тіл адамның жаны, рухы, соғып тұрған жүрегі, сондықтан оған бей-жай қарауға болмайды. Еліміз Тәуелсіздігін жариялағаннан бергі жиырма бес жыл ішінде сол баяғы мәселелердің алдымыздан шығып келе жатқаны тіл саясатын жүзеге асырудың кемдігінен деуге болады. Ендігі міндет – көп ұлт өкілдері мекендейтін Қазақстандағы ел бірлігін сақтай отырып, мемлекеттік тілдің тарихи маңызын барша қазақстандықтардың санасына сіңіру, оның көкейкесті мәселелерін көп болып шешу. Мысалы, БАҚ-та, теледидарда мемлекеттік тілді насихаттау әдіс-тәсілдерін жетілдіру керек. Бүгінгі ұрпақты тілге баулитын жанды роликтерді неге ұйымдастырмасқа. Сондай-ақ мекеме-кәсіпорындар өз есеп, хабарламаларын екі тілде жасағанымен, оның қазақшасына көңіл толады деп айту қиын. Кейде оның орысшасын оқығаннан кейін ғана қазақша мәтінді түсінуге болады. Яғни қазақ тілі аударма есебінде көлеңкеде қалып қоймауы керек.

Абайтанушы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті гуманитарлық ғылымдар институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор, академик Мекемтас Мырзахметұлы көрнекі жарнама да ұлттық идеологиядан тысқары қалмауы керектігін атап көрсетті. Халқымызда жер де, даналық та, адамгершілік те жеткілікті. Сондықтан ұлттық дәстүрді жоғалтып алмау үшін көп нәрсе жасалуы керек. Ономастика мәселесінде де ойланатын, қолға алатын мәселелер аз емес. Ең бастысы, әрқайсымыз белсене қатыссақ, қанша күрделі болса да, шешілмейтін мәселе жоқ, тек оны ұзатып алмауымыз керек.

Отырыста сондай-ақ ҚР Үкіметі жанындағы республикалық ономастика комиссиясының мүшелері, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Серік Негимов, «Айқын» республикалық газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп және басқалары жарнама және көрнекі ақпарат төңірегінде өз ой-толғамдарымен бөлісті.

Сонымен қатар ономастика саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді реттеу мәселелері де талқыланды.

Айта кетейік, ономастикаға байланысты нормативтік-құқықтық актілерге құқықтық талдау жұмыстарын жүргізу мәселесінің туындауына байланысты ономастикалық нысандар, әкімшілік-аумақтық бірліктердің құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау рәсімдері 2016 жылға дейін тоқтатылып отыр. Осыған орай аталған мәселені талқылау, қолданыстағы заңнамаға ұсыныстар әзірлеу мақсатында Мәдениет және спорт министрлігі жанынан арнайы жұмыс тобы құрылды. Оралда өткен отырыста айтылған ұсыныс-пікірлер де жинақталып, екшелетін болады.
ономастика  ономастика  ономастика  ономастика

 

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: