namys.kz
Киіктер мен тоқал
100 мың киік тоқал үшін таяқ жеген 1 адамның мәселесі сияқты да бола алмай тұрғаны-ай!.. Танымал тұлғаларымызға дейін сол жігіттің көкала суретін бөлісіп, жұрт шотына миллиондап ақша аударып, бәрі сол жайлы ой-пікір айтып “ұлттық проблемаға” айналдырып еді. Ал қазақ даласының қырылған киігі ат төбеліндей адамға ғана керек сияқты. Жаңалықтардан да 8 киік өлгендей жай ғана айта салды. Әншейінде түрлі шаралар өткізіп, “көліктің түтіні, шашылған баклашка табиғатымызды құртып жатыр” деп байбалам салатын табиғат қорғау ұйымдары тыныш сияқты ғой.
Себеп сол баяғы пастереллез деуде. Бір емес, екі емес… Эпидемиологтарымыз қайда? Пәленбай жыл млн-даған қаржы бөліп арнайы мекемелерге бақтырып, қорғаштап келіп, жай ғана көме береміз бе? Көмгенде де пастерелл таяқшасы өлекседе 4 ай өмір сүреді. Қандай тереңдікке көмсе де (суретте ол көрініп тұр), 85 мың өлекседен жыртқыш аңдар, ит-құс бәрібір дәм татады, қазып жеп ауруды әрі қарай таратады. Осы жағы қалай болады? Ол жерлерге мал жайылады, одан әрі адам денсаулығы жалғасып жатыр. Нағыз мәселе!
P.S. иәә, осылай деп жатыр жанашырлар. Әлгі қалай еді, “жаны ашымастың қасында басың ауырмасын” дейтін бе еді. Броконьерлердің мәшинесінен 10 киік тауып алса, оны айдай әлемге жар сала жариялап, әрбір мүйізі үшін жүз мыңдап, тұтас денесі үшін миллиондап айыппұл салады. Білем, сылтау қай кезде де оңай табылады емес пе. Бірақ, бұлардың жаппай қырылуы аурудан десек, ауру қайдан келді!? Әрине, сөзсіз топырағымызға төгіліп жатқан аты өшкір гептил-мептил деген бәлелерден келгені екібастан белгілі. Ал, оларды бізге аспаннан жаудырып жатқан кімдер? Қырғызстан ба, Өзбекстан ба? Жоқ! Кім екенін мен айтпасам да іштеріңіз сезіп отырған шығар. Бұның алдын алмасақ бір Құдайдың өзі біледі, тағы қандай байлықтарымыздың көз жасына қаларымызды. Өкініштен өзегім өрт болып жылайтыны..((
Санасы құлданған атқамінерлер саған қорған бола алмады ДАЛА ЖЕЗКИІКТЕРІ.!!!
Рафхат Жұмабайдың Вконтакте жазбасынан…
Пікір қалдыру