Сарапшы: Қарақшылықты романтизациялағаны үшін сынға ұшыраған “Рэкетир-2″ фильмін қолдау қажет
Республикалық “Асыл бала” қауымдастығының негізін қалаушы Жанна Рахметуллина қазақстандық балаларды зорлықты насихаттайтын интернеттегі ақпараттар легінен қорғау мүмкін емес деген пікірде.
Брифингте Рахметуллина өзін үш баланың анасы ретінде және фонд өкілі ретінде эфирдің кішкентайларға тигізетін әсері алаңдаттыратынын жасырмады. Оның ойынша, тотальді жаһандану дәуірінде балаларды зорлық-зомбылықты насихаттайтын ақпарат легінен алшақтату мүмкін емес деп хабарлады ҚазТАГ.
“Бұрындары сіз (ата-аналар – ҚазТАГ) бұл үрдісті бақылай алатын болсаңыз, қазірде 3G, 4G смартфондары арқылы балалар оңай интернетке шығып, өзіне кері әсерін тигізетін ақпараттарға қол жеткізе алады”, – деді Рахметуллина.
Мұнымен қоса, ол БАҚ пен МЕҰ біріге отырып, бұл мәселенің шешімін табуы керек деген пікір білдірді.
“Біз, әрине БАҚ-қа мұны көрсетуге тыйым сала алмаймыз. Басты мақсат – БАҚ-пен біріге отырып, стартегия құру. Біз бірігіп, алдағы қадамдарымызды ойластыруымыз қажет. Барлық демократиялық нормаларды сақтап, ақпарат алуда бала құқығын бұзбайтын тиімді шешімдер табуымыз керек”, – деп ұсыныс жасады Рахметуллина.
Қауымдастық өкілі БАҚ-тың қарақшылықты романтизациялағаны үшін сынға ұшыраған “Рэкетир-2″ фильміне қалай қарайсыз деген сұрағына бұл фильм қолдауды қажет етеді деген жауап қайтарды.
“Жақында шыққан қазақстандық бестселлер фильмге келетін болсақ, мен оған тек қолдауды қажет ететін отандық өнім деп қараймын. Дұрыс болсын, бұрыс болсын адамды қоғамда қалыптастыратын оның жанұясы”, – деді Рахметуллина.
nur.kz
Пікір қалдыру