|  | 

Оқиға

Алматыда өлі күйінде табылған Мүсірепов театрының әртістері бірнеше ай бұрын ажырасып кеткен

Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында болған жантүргішерлік оқиғаға қатысты жаңа деректер шықты. Белгілі болғандай ерлі-зайыптылар қайтыс болғанға дейін ажырасып кеткен және бірнеше ай бойы бір-бірінен бөлек тұрған.

 1432709881_b4adfd6766a17753ff15c49620c49fe4

Осыған дейін Мұхитдин Шынтаев пен Гаухар Шәріпованың әріптестері қанды оқиға орын алатындай ешқандай себеп болмағынын, олар әдеттегідей қалжыңдасып, көңілді және бақытты жүргендерін айтқан еді. Алайда, полицейлер әртістердің өлер алдынан бірнеше ай бұрын ажырасып, бөлек тұрғанын анықтаған деп жазды Караван.

Оқиға барысында Шынтаевтың денесінің астынан қанмен бұлғанған асүй пышағы табылған. Аталмыш пышақ, болжам бойынша қылмыс кезінде пайдаланылған қару болуы мүмкін.

Сонымен қатар, грим жасалатын бөлме ішінен жабық болған. Тергеудің негізгі нұсқасы – кісі өлтіру және өз-өзіне қол салу. Қазіргі уақытта қасақана кісі өлтіру айғағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, төрт сараптау тағайындалды.

Театрдың бұрынғы директоры Талғат Теменовтың айтуынша, жұбайлар 2008 жылы екеуі де басты рөлде ойнаған “Бұлбұлды түн” деп аталатын драмада танысқан.

“Ол өте талантты, және тәжірибелі актер. Ал жұбайы Шынар өте сұлу, ақылды болған. Театрға жеті жыл бұрын келген. Олар бір-бірін сүйді содан кейін үйленді. Театрдағы көп адамының бірі ретінде мен де олардың тойларында болдым. Олар үйленгенде мен оларға: “Тек мұхиттың түбінен ғана гауһарды табуға болады деп айтқамын”, – деп еске алды Теменов.

Әртістердің екеуі де Алматыдан болмаған соң, олар театрдың жатақханасында тұрған.

“Бұл мен үшін үлкен күйзеліс, болған оқиғаға әлі де сене алар емеспін. Ол Гауһарды қатты жақсы көрген, онсыз өмірін мүлде елестете алмайтын мен оны нақты білетінмін, сенімдімін”, – дейді Теменов.

Жұптардың артында екі кішкентай қызы қалды.

Екі әртіс те мансабында жақсы көтеріліп келген, олар театр гастролімен әртүрлі елдерге баратын. Мұхитдин Шынтаев сондай-ақ, киноларға түсіп, “Серпер” сыйлығының лауреаты, “Қазақстан жастар одағының”, “Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының” лауреаттары болған.

Еске сала кетсек, 26 мамыр күні Ғабит Мүсірепов атындағы балалар және жасөсіпірімдер театрының грим бөлмесінен ерлі-зайыпты әртістердің өлі денесі табылған. Жұбайлардың өліміне себеп – олардың арасында туындаған жанжал деген болжам жасалды. Мұхитдин Шынтаев, болжам бойынша әйелін пышақтап, содан кейін өзіне қол салған.

nur.kz

Related Articles

  • “Украинадағы соғыс ондаған жылға созылуы мүмкін”. Британ генералымен сұхбат

    Важа ТАВБЕРИДЗЕ Украин сарбаздары зенитті қарумен атқылауда. Архив суреті. Ұлыбритания бірлескен күштерінің бұрынғы қолбасшысы, қорғаныс және қауіпсіздік тақырыбында кеңес беріп, дәріс оқитын генерал сэр Ричард Бэрронс майдандағы айла-тәсіл, өндірістік мобилизация және Украина мен Батыс елдері таңдауы соғыстың ондаған жылға жалғасуына қалай әсер ететінін айтып берді.  Генерал сэр Ричард Бэрронс Ұлыбритания бірлескен күштерінің бұрынғы қолбасшысы. Қазір Universal Defense & Security Solutions қорғаныс және күзет компаниясын басқарады. Ол Азаттықтың Грузин қызметімен сөйлесіп, Украинадағы соғыс неге ұзаққа созылатынын талдап берді. Азаттық: Украинада соғыс басталғалы бір жылдан асты. Осы уақыт ішінде қандай сабақ алдық? Ричард Бэрронс: Еуропа үшін жоғары деңгейде сабақ алатын дүниелер болды. Біріншісі, 90-жылдары Қырғиқабақ соғыс аяқталғаннан кейін көбі “енді соғыспайтындай болдық” деп ойлағанымен,

  • Былтыр сахнада бас сүйек ұстап сөйлеген Игорь Мангушев Луганскіде бас жарақатынан қайтыс болды

    Игорь Мангушев. Ақпанның басында Украинаның Луганск облысында басына оқ тиіп, ауыр жараланған саясат технологі, Ресей армиясының офицері Игорь Мангушев ауруханада қайтыс болды. Бұл жөнінде РИА Новости агенттігіне оның досы, әскери журналист Аким Апачев хабарлады. Мангушев былтыр жазда сахнаға қолына “біреу өлтірген украин жауынгерінің бас сүйегін ұстап шығып”, “танылған”. Апачевтің айтуынша, ол жуырда Мангушевке кіріп шыққанда, досы ес-түссіз жатқанын көрген. Мангушев есін жимаған күйі көз жұмған. 4 ақпанда Украинаның Луганск облысында Мангушевтің басына оқ тиген. Ол қалай жараланғаны белгісіз. Соғыста жараланбаған деп айтылады. “МИГ” Telegram-арнасының хабарлауынша, оқиға Стаханов маңындағы блокбекетте болған. Мангушевке жақын жерден оқ атылған. Оған кім оқ атуы мүмкін екені әзірше хабарланбады. Мангушевтің сахнада бас сүйек ұстап сөйлеп тұрғаны түсірілген видео

  • Қара теңізде Ресейдің “Мәскеу” крейсері суға батты. Оған не болды?

    Марк КРУТОВ “Мәскеу” крейсері Ресейдің Қара теңіздегі әскери флотының флагманы болған. 14 сәуір кешке Ресей қорғаныс министрлігі елдің Қара теңіздегі әскери флотының флагманы – “Мәскеу” крейсері суға батқанын хабарлады. Сарапшылар зымыран қаруы бар крейсерден айырылу Ресей флотына елеулі соққы болып тиетінін айтады. 13 сәуір кешке Украинаның Одесса облыстық әскери әкімшілігінің басшысы, полковник Максим Марченко telegram-каналына Ресейдің Қара теңіз флотының флагманы (жолбасшы кеме) саналатын, зымыранмен жабдықталған “Мәскеу” крейсеріне Украинаның кемеге қарсы екі “Нептун” зымыраны тигенін жазды. Бірнеше сағаттан кейін Ресей қорғаныс министрлігі ТАСС агенттігіне кемеде өрт болғанын растады. Әскери ведомство “Өрт салдарынан “Мәскеу” зымыран крейсерінде оқ-дәрі қоры жарылды. Кемеге едәуір зақым келді. Экипаж толықтай эвакуацияланды” деп мәлімдеп, өрттің шығу себебі анықталып жатқанын айтқан.

  • Тек ҰҚК қызметіне ғана тиесілі ПП пулемет-тапаншалары лаңкестерде қайдан жүр?

    «Әскерилердің жоспарын қасақана бұзған басшы кім?»: подполковник Алматыдағы бүлікке қатысты өз нұсқасын айтты «Ұлттық гвардия ҰҚШҰ (ОДКБ) күштеріне жүгінбей-ақ өз бетінше террористерді жеңе алатын ба еді, деген «Караван» басылымының сауалына Ұлттық гвардия командирінің техника және қару-жарақ жөніндегі бұрынғы орынбасары, ҚР Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлері Әскери институтының аға оқытушысы, подполковник Ермек ТҮСІПЖАНОВ жауап берді. – Бүгін лаңкестер мен тонаушылардан әскери қарулар тәркіленді деген ақпаратқа тап болдым. Бір көргеннен-ақ бұл қаруды әдетте ҰҚК арнайы қызметінің жауынгерлері қолданатынын анықтадым: ПП (автомат-тапанша). Тоналған қару-жарақ қоймаларында мұндай қарулардың ешқайсысының жоқ екені анық. Ішкі әскерлерде, яғни ұлттық гвардия әскерлерінде жүргізушілер, кинологтар сияқты кіші мамандар толығымен АКСУ-мен қаруланған. Ешкімде ПП автоматы жоқ. Мұндай автоматтар тек ҰҚК арнайы жасақтарына

  • Мәсімовті не үшін алды?

    МӘСЛИХАТТАР НЕ ІСТЕЙ АЛАДЫ? Мәсімовті не үшін алды? Олар мемлекеттік өзгеріс туралы айтып жатыр. Қандай мемлекетшілдік? Ол әртүрлі болуы мүмкін – құпия шығару, тыңшылық жасау, билікті басып алуға тырысу және т.б. д. Мәсімовтің айтуынша, төңкеріс әрекетінің нұсқасы жақынырақ. Бірақ бұл үлкен комбинацияның бір бөлігі ғана болуы мүмкін. Ал жиендер албасты мен отбасын әбден реттеген Тоқаевты “тастыруға” шешім қабылдағаны ғана емес, КНБ төрағасы мен бүкіл бұйрық көмектесті. Бірақ олар “мұндай соғыс ойнауға” ақымақ емес. “Жаңғыру” Қазақстандағы қаңтар төңкерісі билік үшін ішкі татуласудың нәтижесі емес. Және Қазақстан үшін геосаяси күрес. Біздің континенттегі сыртқы өрістердің түбегейлі өзгеріп жатқанымен, Ауғанстандағы өзгерістерден кейін Орталық Азия елдерін араластырып, Батыс пен Шығыс арасындағы қақтығысты күшейте түсетін уақыт

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: