ҚР ҚК Бас сержанты АҚШ-тағы сержанттардың алғашқы көпұлтты симпозиумына қатысты
Техас штатындағы АҚШ армиясы сержанттарының бас академиясында сержанттардың тұңғыш көпұлттық симпозиумы өтті. Оған ҚР ҚК Бас сержанты – ҚР ҚК БШ сержанттар құрамымен жұмыс жөніндегі басқармасының бастығы шебер-сержант Темірбек Халықов қатысты.
Симпозиум өзара қарым-қатынасты күшейтуге және серіктес мемлекеттер арасында өзара іс-қимылдың тиімділігін жақсартуға бағытталды. «Өзінің елін мықты ететіндей етіп әрқайсысы және бізді қосқанда керегін алды деп үміттенемін», – деді АҚШ армиясы Орталық қолбасшылығының бас сержанты Ронни Киллей. Іс-шараға Египет, Иордания, Ливан, Қазақстан, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері мен Өзбекстанның әскери қызметшілері қатысты.
Әр елден қатысушылар сержанттар құрамының жүйесі бойынша ой-пікірлерімен бөлісті. «Қазақстанның қазіргі сержанттар құрамы корпусы 20 жыл бұрын негізін қалады. Осы уақыт ішінде оны дамыту үшін елеулі жұмыс жүргіздік. Өзге елдердің тәжірибесі негізінде алынған ақпаратты елге оралған соң Қарулы Күштерімізде қолдана аламыз», – деп ҚР ҚК бас сержанты – ҚР ҚК БШ Сержанттар құрамымен жұмыс жөніндегі басқармасының бастығы шебер-сержант Темірбек Халықов атап өтті. Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің сержанттары маусым айында өтетін «Дала қыраны-2015» көпұлтты оқу-жаттығу барысында өздерінің дағдыларын көрсету мүмкіндігін алатын болады.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі баспа сөз қызметі
Пікір қалдыру