Әділбек Жақсыбеков «Астана ЭКСПО–2017» ҰК-да тегін қызмет атқарады
Жуырда Мемлекет басшысының өкімімен Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков «Астана ЭКСПО – 2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметіне тағайындалған болатын. Бұл лауазымды Әділбек Рыскелдіұлы ақысыз негізде атқарады.
Әкім – Жергілікті атқарушы органды басқаратын Президент пен үкіметтің өкілі, ол сол аймақта мемлекеттік саясаттың жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Әкім сондай-ақ, саяси мемлекеттік қызметкер болып есептеледі.
Мемлекеттiк қызметшiнiң кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға, соның iшiнде, егер коммерциялық ұйымды басқаруға тiкелей қатысу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оның қызметтiк мiндетiне кiрмейтiн болса, егер «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше белгіленбесе, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға құқығы жоқ («Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңының 10 бабы).
Ал мемлекеттік қызметкер педагогикалық жұмысты қоспағанда қосымша қызметте жұмыс істей алмайды және кәсіпкерлікпен айналысуына болмайды. Сондай-ақ, коммерциялық ұйымдардың басшылық қызметіне араласуына да заңмен тыйым салынған.
Сондықтан Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков аталған компанияның басшылық қызметін ақысыз негізде атқаратын болады.
baq.kz
Пікір қалдыру