Тараздағы өрттің себебі анықталды
Таразда әкімдік ғимаратының өрті электр сымдарының тұйықталуы салдарынан орын алған. Бұл туралы облыстық ТЖД басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Мамандардың айтуынша, өрт сөндірушілер қызыл жалынмен бір сағат көлемінде арпалысқан. Қазір от ауыздықталды. Зардап шеккендердің саны алты адамды құрайды. Олардың екеуінің денесін күйік шалса, төртеуі ысқа уланған.
Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары қазіргі таңда өртенген жердің аумағын және келтірілген шығындарды есептеп жатыр.
baq.kz
Пікір қалдыру