ҚР ҚМ арнайы мақсаттағы бөлімшелері: сәтті түсірілген сюжет – бұл да біздің қаруымыз
Бүгін Қарағанды облысына қарасты «Спасск» оқу-жаттығу орталығында «Әскери дискурс» семинары аясында заңсыз бандқұралымдардың өкілдері орналасқан елді мекенді тазарту жүргізілді. Аталған жерде КАМАЗ және «Ровер» автомашиналарында арнайы мақсаттағы екі топ жұмыс істеді. Әскери қызметшілермен бірге бұл шартты операцияға республикалық БАҚ-тың жетекші журналистері мен блогерлері қатысты.
Ауыр броньды кеудешелер мен каскалар киіп және өздерінің басты қаруымен яғни, бейнекамера және микрофондармен қаруланған операторлар мен тілшілер нағыз жауынгерлермен ілесіп елді мекенді тазартуға қатысты.
Сценарий бойынша ол жерге заңсыз бандқұралымдардың өкілдері орныққан болатын. Әскерилер мен операторлар тасаларда орналасқан лаңкестердің оқшашарлардан жаудырған оғына тап болды. Техниканың тасалауында шабуыл жалғасын тапты. Олар өздерінің қозғалыстарын түтінменбүркемелеп, ғимаратқа боратылған оқты тасаланып шегінді. БАҚ өкілдерінің алдында маңызды тапсырманы орындау яғни, шынайыға жақындатылған жағдайларда арнайы операциялар кезінде өздерінің іс-қимылдарын пысықтауды үйрену қажет болды.
Арнайы мақсаттағы жауынгерлердің айтуынша шабуылдауға және операторлар болып баратын жауынгерлер арасындағы үйлесімділік маңызды. БАҚ өкілдері міндетті түрде нұсқамаданөтуі тиіс, олардың қауіпсіздігіне жауап беретін және қалқалайтын әскери қызметшілер бекітіледі.
«Кейде шабуыл жүргізген бөлімшеге емес, белгілі бір сюжет пен қандай да бір сөздерге көп нәрсе тәуелді. Сәтті түсірілген сюжет – бұл да біздің қаруымыз», – деді әскери қызметшілер.
«Біз микрофонның батарейкаларын, аяқ киімдерімізді жоғалттық, сол сәтте еш нәрсені ойлауға шамамыз келмеді. Осы процестің еліктіргені соншалықты ең бастысы әскерилер айтқан бағытты ұстап, айтқандарын істеу бастысы болды. Ешқандай стендапты жазуға мұрша болған жоқ, себебі, шындап келгенде бұның барлығы «шоу» екенін түсінсек те. бұл жағдайда бар ойымыз өз өмірімізді сақтауға жұмыс атқарды. Алайда, бұл үлкен тәжірибе болды» – деп семинарға қатысушы «Хабар» телеарнасының тілшісі Руслан Ыдырысов алған әсерлерімен бөлісті.
ҚР ҚМ баспа сөз қызметі

Пікір қалдыру