Алакөлдегі су +28 градусқа дейін ысыды; Ыстықкөл көлінде +20
Қазақстанның барлық дерлік шипажайларында және қырғыздардың Ыстықкөлікнде дүйсенбі күні жауыншашынсыз болады, су температурасы Алакөлде +28 градусқа дейін, Ыстықкөлде +20 градус шамасында болады.
«Қазгидромет» РМК мәліметтерінше, дүйсенбі күні Алакөлде ала бұлтты, жауыншашынсыз, шығыстан 914 м/с жел тұрады, ауа температурасы +32+34, су температурасы күндіз +28 градус. Балқашта күн ашық, жауынсыз, оңтүстіктен 712 м/с жел соғады, күндіз +31+33, таңертең судың температурасы +25 болды. Зерендіде күн күркіреп, өтпелі жауын жауады, оңтүстікбатыстан 914 м/ с жел тұрады, екпіні 1520 м/с болады, ауа температурасы +29+34.
Бурабайда ала бұлтты, ауа температурасы +23, судың температурасы таңертең +19 градус болды. Баянауылда күн ашық, күндіз +27, су температурасы +19. Қарқаралыда күн ашық, жауынсыз, оңтүстікшығыстан 712 м/с жел соғалды, ауа температурасы +31+33 градус. АлмаАрасанда күн ашық, ауа температурасы +29.
Бұл ретте Ыстықкөл жағалауында дүйсенбі күні күн ашық, батыстан құбылмалы 16 м/с жел соғады, ауа температурасы +27+32. Дүйсенбі күні таңертең жағалаудағы су температурасы +20 градус болды.
ҚазТАГ
Динара Жаркеева.

Пікір қалдыру