Қазақстан футболдан Еуропа лигасындағы 30-жеңісіне жетті
Алматылық “Қайрат” пен армяндық “Алашкерт” матчындағы қазақстандық команданың басым түсуі Еуропа лигасындағы 30-жеңісі болып отыр деп жазады Sports.kz.
“Қайрат” футбол командасы 2006 жылы аталған турнирдегі алғашқы жеңісіне жеткен болатын. Ол кезде команда венгрлік “Фехерварды” 2:1 есебімен ұтқан.
Еуропа лигасындағы (УЕФА Кубогы )жеңістер: 1. “Ақтөбе” (Ақтөбе) — 8 жеңіс; 2. “Шахтёр” (Қарағанды) — 6; 3. “Қайрат” (Алматы) — 5; 4. “Ертіс” (Павлодар) — 4; 5. “Астана” (Астана) — 4; 6. “Оқжетпес” (Көкшетау) — 1; 7. “Ордабасы” (Шымкент) — 1; 8. “Тобол” (Қостанай) — 1.
Дереккөз: 24.kz
Пікір қалдыру