|  |  | 

Жаңалықтар Саясат

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КЕҢЕСІНІҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

Соңғы жылдары сыртқы саясат пен экономикада Қазақстанның Ресейге тәуелділігі артып бара жатқаны белгілі. Тіпті Кеден одағы мен Еуразиялық Экономикалық одақ сынды ұйымдар шеңберінде біздің еліміз жүздеген егеменді лауазымдарынан айрылғаны, оларды өз қолымен Мәскеуге бере салғаны жасырын емес. Бұл үрдіс Қазақстанның ұлттық мүделеріне де, дипломатиямыздағы ең негізгі қағидат – көпвекторлылыққа үзілді-кесілді қайшы. Алайда сыртқы саясатпен қатар Ресейге деген тәуелділік экономика, қоршаған ортаны сақтау, ішкі істер, ұлтаралық қатынастар, ақпараттық қауіпсіздік секілді маңызды салаларға да кері әсерін тигізуде.

Атап айтқанда, сөз болған интеграциялық ұйымдардың кесірінен мыңдаған кәсіпорындарымыз банкроттыққа ұшырады, жүз мыңдаған отандасымыз жұмыссыз қалды. Тек құлдыраған ресей рублі салдарынан ұлттық валюта – теңгенің бағамын ұстап тұруға 17 миллиард АҚШ доллары зая кетті. Қазақ жерінде орналасқан ресейлік 6 әскери база мен полигондар ұлан-қайыр аумақтағы жер мен суды улауда, соның салдарынан, жанауарлар мен адам өміріне зор қауіп-қатер төнген. Қызыл кітапқа енген киіктердің бір сәтте 150 мыңы қырылғаны нәубеттің қаншалықты кең құлаш жайғандығын аңғартады. Келітірілген жағдаяттар тек соңғы бір-екі айдың ішінде орын алғандары ғана, ал апат пен қасіреттердің барлығын тізе берсе, оншақты бетке де сыймайды.

Сорақысы сол, болған қылмыстарды әділ зерттеп, кінәлілірді жауапқа тартып, келеңсіздіктерге бұдан былай жол бермеудің орнына билік, құзіретті мекемелер құлықсыздық танытуда. Немесе сол қылмыстарды барынша бүркемелеп, шынайы себептерді жасыруда. Алайда, күн аманда мыңдаған киіктердің “шөпке тойып алғаннан қырылғанына” немесе жаздың аптап ыстығында жүздеген қара малдың “тоңып өлгеніне” кім сенбек? Бұндай түсіндірме-сымақтар мардымсыз болуынан бұрын тіпті күлкілі екендігі, қоғамның алаңдаушылығы мен билік орындарына сенімсіздігін одан әрі өсіретіні анық. Дәл осындай бөтен мемлекеттің мүддесін алдыға қойып, отандық арман-мұратты аяққа таптаған қатынас басқа да салаларда көрініс тапқан.

Әйтпесе, шетелдік “МузТВ” ән байқауын Астанада дүрілдетіп өткізуге, оның өзі Қазақтың ар-намысына тиіп, Елорда жұртын кемсіткеніне қарамастан,  миллиондаған доллар табылғанда, еліміздегі басты шара “Қазақ Хандығының 550-жылдығына” қаржы қалайша жетіспейді? Негізінен шетелдіктерге арналған ЭКСПО-ға қыруыр ақша жұмсалғанда, мектеп оқушыларының таңғы асына тиын-тебеннің болмағанын қалай түсінуге болады? “ЕлАрна” сияқты қазақ тіліндегі санаулы ғана ақпараттық көздің жабылып, есесіне “РБК” секілді ресейлік арналардың араны одан әрі ашыла бергенін, тіпті отандық “ОРТ”, “Білім және Мәдениет” арналарының басшылығына шетелдіктерді не қазақ тілінен жұрдай адамдарды қойғанды қалай бағаламақпыз?

Енді ол аздай, еліміздегі бір топ кремльшіл белсенді “Қазақстанда “Справедливость” атты көпұлтты партия құрып, оның ішкі саясатына тікелей ықпал жасаймыз” деп мәлімдеді. Тіпті “мемлекеттік орындарда қазақ еместердің санын арттырамыз” деген бастапқы мақсаттарын да паш етті. Бірақ билік орындары, халық есебінен күнелтіп отырған жауапты адамдар неге үнсіз? Есесіне ел қамын ойлаған шынайы ұлтжанды күштерге келгенде дәл сол билік бірінші шүйлігеді. Мәселен, гептилге қарсы наразылық білдірген азаматтарды соттау, Ресейге қатысты шындықты жазған БАҚ-тарды жазалау, әділдікке үндеген қоғам қайраткерлерін қудалау, тіпті Тәуелсіздік монументіне гүл шоғын қойғанына бола түрмеге жабу секілді әрекеттер болар ма еді?

Кезінде бастауын «Американдық ұлттан» алған «Қазақстандық ұлттың» күш алуына кедергі болған, құрамында 23 этнос өкілі және 100 мыңға тарта мүшесі бар, қажетті құжаттарын билікке толықтай тапсырған, “Халық рухы” партиясын, биліктің 9 жылға жуық уақыт бойына созуы, Заң талаптарын сақтай отырып, 60 мың адамның төлқұжатымен қоса тапсырылса да, Әділет министрлігі әлі күнге дейін неге тіркемей отыр? Біріккен Ұлттар Ұйымының бейбіт жиналыстар және бірлесу құқығы мәселелері жөніндегі өкілінің арнайы баяндамашысы Майна Киайдың Қазақстанға келген сапарында «Халық рухы» партиясын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің осы күнге дейін себепсізден-себепсіз тіркемей отырғаны туралы да арнайы хат жолданды. БҰҰ өкілі бұл мәселені арнайы қарап, әділетті шешім шығартқызатынын жеткізді. Мүмкін БҰҰ көмегінен кейін шындық салтанат құрар деген үміттеміз.

Билік осы ашық хатта қойылған сұрақтарға бүкпесіз жауап беруі керек. Өйткені өз халқының емес, бөтен мемлекеттің қамын ойлаған саясат түбі сол биліктің қара басына ғана емес, тұтас мемлекеттің егемендігіне, халқының жарқын болашағына көлеңке түсірері хақ. Мұндай келеңсіздікке жол бермеу – әр адамның азаматтық борышы.

 

Қазақ Ұлттық Кеңесі

14 Шілде 2015 жыл

Abai.kz

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: