Apple және Samsung электронды сим-карта туралы келісуде
Apple мен Samsung компаниялары телекоммуникация саласына үлкен өзгеріс жасамақ. Олар электронды SIM-картаны (e-SIM) қолданысқа бір уақытта енгізу туралы келіссөздерді аяқтап қалды деп хабарлайды The Financial Times.
Егер барлығы ойдағыдай шықса, онда ұялы оператор абоненттерінің өмірі біраз жеңілдейді. Электронды сим-картаны жасауға қатысып жатқан GSMA консорциумының мүшелері ұялы байланыс саласындағы тың жаңалық туралы жақын арада дүйім жұртты хабардар етеді.
Әдеттегі SIM-карта абонеттерді тек бір операторға ғана “байланып”, тек соның қызметін пайдалануға мәжбүрлейді. Ал егер электронды сим-карталар қолданысқа енгізілсе, пайдаланушы ұялы байланыс операторын өз бетінше қалаған уақытта ауыстыра алатын болады деп жазады newsru.com.
Дереккөз: 24.kz
Пікір қалдыру