Жапондық еріктінің ұрланған сөмкесін екі алматылық тауып алды
44 жастағы жапондық бизнесмен Йошихиро Сузукидің Алматыда селден бір күн өткенненнен кейін ұрланған сөмкесі табылды.
Бұл туралы Today.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.
Оны екі алматылық тұрғын барахолка маңында тауып алып, заңды иесіне қайтарып берген. Оның ішінде ақша жоқ болғанымен, барлық құжаттар, банк карточкалары, паспорт өз орнында екен.
“Маған кеше (31 шілдеде) сағат 16.26-да Марал есімді бейтаныс әйел қоңырау шалып, Йошихироның сөмкесі табылғанын айтты. Ол оны құрбысымен бірге барахолка маңынан бес күн бұрын тауып алған екен. Содан бері олар Токио мен Гонконгқа хабарласумен болған. Алайда жағдайды түсіндіріп жеткізе алмаған. Кейін сөмкеден Сузуки елімізге кірерде толтырған миграциялық карточканы көрген. Ол карточкадағы қабылдаушы тарап бағанына менің мәлімттерімді толтырған. Алайда телефон нөмерімді толтырғанда қате жіберіп қойған. Тауып алғандар нөмірлерді ауыстырып хабарласу арқылы ақыры маған қоңырау шала алған”, — дейді жапондықтың досы Николай Мамошин.
Йошихиро Сузуки бей-жай қалмай, құжаттарын қайтарып берген әйелдерге шексіз алғысын білдіруде.
Жақында жапондық қонақ Алматы Ішкі саясат басқармасының басшысы Санжар Боқаевпен кездескен болатын. Ол Сузукиге қайтар жолына билет алуға қол ұшын беруге уәде етіп, Қазақстан дәстүрі мен мәдениеті туралы кітапты сыйға тартқан.
nur.kz
Пікір қалдыру