Руханият Суреттер сөйлейді Әдеби әлем
Қытайда Еркін Ілиясұлын еске алуға арналған аламан айтыс өтті (ФОТО)
Қытайдағы белгілі айтыс ақыны Еркін Ілиясұлын еске алуға арналған аламан айтыс өтті. Бұл туралы Қытайдағы Қазақ радиосының сайты хабарлап отыр.
Өскен елінде өшпес өлеңі қалған айтыскер ақын тірі болғанда биыл 50 жасқа толатын еді. Осыдан 3 жыл бұрын көлік апатынан қаза болған ақынды еске алу кеші өзінің туған жері Бурылтоғай ауданында өтті. Бурылтоғай аудандық үкімет Шыңжаң фольклоршылар қоғамы және Шыңжаң Қазақ айтыс зерттеу қоғамымен бірлесе отырып ұйымдастырған аламан бәйгеге Шыңжаңның әр аймақ, облысынан 15-ке жуық ақын келіп қатысты.
Айтыс қорытындысы бойынша 1-орынды Жәмиға Дәулетқызы жеңіп алды. 2-орынды Қанатбек Зәйтоллаұлы мен Ұларбек Минатқанұлы еншілесе, 3-орын Анар Бәделханқызы мен Нағыман Шүкенұлына бұйырды. Ал құрмет сыйлығына Шәкен Қалиоллаұлы мен Зура Тілеуқызы ие болды.
Пікір қалдыру