|  | 

Әлеумет

СУ ТУРАЛЫ “УАҒЫЗ”

512QYK913PL._SX333_BO1,204,203,200_

 

Ғалым БОҚАШтың facebook парақшасынан алынды

“Қара су ішсең, жүрегің қараяды”, “Шикі су ішсең, шикіөкпе болып қаласың”, “Су ішкенше, шай іш”, “Терлеп тұрып су ішпе, ішің қатады”, “Жүгіріп жүріп су ішпе, ішегің түйіледі” деген сияқты қағидаттарды берік ұстанатын қазақ ауылдарынан шыққан осындағы дос-жарға айтар бір кеңесім бар. Енді бұл өтірік фәлсафамен балаларыңды уламаңдар:) Күніне бір жарым-екі литр су ішпеген бала суарылмаған шыбық құсап қатып-семіп қурап қалады. Шай мен кофе керісінше ағзадағы сұйықтықты айдап шығады (күніне бір мәрте қанып ішкенде тұрған ештеңе жоқ, әрине). Балалар таңертең тұра салып таңғы асқа дейін кем дегенде 150-200 грамм су ішсін, бүкіл ағзасы майланып, асқазаны жайланып тұрады, тәбеті ашылады, миы сергиді. Терлеп-тепшіп жұмыс істеп жатса, я ағыл-тегіл болып ойнап жүгіріп жүрсе, дорбасындағы су бөтелкесін үнемі “еміп” жүрсін. 70 пайыз судан тұратын ағзасынан термен шыққан судың орнын бірден толтырып отырсын. Кітап оқып, жазу жазып отырғанда да тура солай су ішсін. “Терлеген жоқпын ғой” деп ойламасын. Ой еңбегі ағзадағы сұйықтықты іштен тіпті қатты жандырып жібереді. Баланы iPhone-ымен бірге шағын су бөтелкесін қолынан тастамайтындай етіп “дуалап” тастау керек. Сол кезде барып дүр көтеріліп, жайқалып өскенін байқайсыз. Ағзасындағы су мөлшері қалпына келгенде екі беті нарттай қызарып, көздері жанып, дел-сал қалпы жоғалып, ұршықша шырқ үйіріліп шыға келеді. Әйтпесе совет буыны құсап жүреді, ерікті түрде өзін судан қысып, қырыққа жетпей қурап, омыртқасының шеміршегіне дейін кебірси жарылып (“грыжа диска” деген – сол), белі шойырылып, ойы шашырап:) Айтпақшы, су дегенде кәдімгі қара суды, я фильтрден ғана өткен шикі суды айтып отырмын. Қайнақ су емес. Сол қара судың емдік қасиеттерін түгел білгілеріңіз келсе, мына жапон ғалымының ғаламат еңбегін оқып шығыңыздар. Бүгінгі уағызымның тегін емес екеніне көздеріңіз жете түседі:)

The True Power of Water: Healing and Discovering Ourselves

512QYK913PL._SX333_BO1,204,203,200_

Related Articles

  • Жер сілкінді, ал санамыз сілкіне ме?

    Бірінші, Алматы жер сілкініс белдеуі аймағына жатады, ол ғылымда әлдеқашан дәлелденген, оған құмалақ ашып жаңалық айтудың керегі жоқ. Орталық Азияның қауіпті сілкініс белдеуінің бір жолағы Қазақстанның біраз аймағын қамтып жатыр. Жер кеше сілкінген, бүгін сілкінді, түптің түбінде ертең де сілкінеді және сілкіне береді. Жер- күнәнің көптігі үшін сілкінді деп аңыраған жұртқа құрғақ ақыл айтатын қаймана уағыз қай қоғамда болсын табылады, жер- атеист пен тәңіршілге “Аллаһты еске салды” дейтін міскін ой, асығыс тұспал қай жамағатта болсын табылады, бірақ табылмай тұрғаны ҒЫЛЫМ, мән берілмей тұрғаны да осы. Екінші, жерді кім сілкісе де мейлі, маңыздысы ол емес, онсыз да сілкініс белдеуінде тұрып жатырмыз, “ұйқыдағы” сілкініс пен жанар тау бізде онсыз да баршылық. Мәселе

  • Әйелдің бағы бес елі екен. Өйткені ол АҚШ-та тұрады…

    Полицейдің жуан білегіне қолын сүйеп, басын иіп шексіз ризашылықтың ишарасын білдіріп тұрған мына әйел күн бұрын дүкеннен бес жұмыртқа ұрлап, қолға түседі. Оқиға орнына жеткен Уильям Стейси ұрының қолына кісен салып, қамаудың орнына бес жұмыртқаға бола басын қатерге тіккен бейбақты сөзге тартады. Сұрай келе үйінде төрт баласы ашқұрсақ отырғанын, екі тәуліктен бері нәр татпағанын біледі. Шиеттей бала-шағамен айына 120 долларға ғана жан бағатынын, оның өзін біреуге ұрлатып алғанын естиді. Мән-жайға қаныққан офицер сол жерде әйелді босатып, үйіне жеткізіп салады. Күдігін сейілту үшін отбасының жағдайымен танысып, байғұс ананың алдамағанына көз жеткізеді. Кетерінде ұрлық жасау – тығырықтан шығар жол еместігін айтып, бұдан былай заң бұзбауын ескертеді. Бие сауым уақыт өткен соң ашқұрсақ

  • Талдықорғанда дәрігерлерге ескерткіш ашылды

    Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында «Аяулы алақан» аллеясы ашылды. Жетісудың бас шаһары Талдықорған қаласының облыс орталығы мәртебесін алғанына 20 жыл толуына орай, қаланың көркіне-көрік қосатын тағы бір жер орын тепті. Бұл мекенде ақ халатты абзал жандарға деген алғыстың нышаны ретінде «Аяулы алақан» мүсіні қойылған. Жоба авторы, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов. Мүсінде адамзаттың қос алақаны бейнеленген. Ал екі уыстың арасында жапырағы жайқалған жас ағаш өсіп тұр. Бұл жан жылуының әр тіршілік иесіне өмір сыйлай алатынын бейнелеп тұрған ерекше сәулет өнері. «Пандемияның алғашқы күндерінен-ақ Елбасы үндеуімен еліміз бірігіп, індетті жеңуге жұмылды. Қиын жағдайда алдыңғы қатарда күрескен – медицина қызметкерлері болды. Бүгінгі ашылған «Аяулы алақан» ескерткіш – аса қауіпті індетпен бетпе-бет келген

  • Жетісуда 60 жуық жанұя баспаналы болды

    Талдықорғанда алпысқа жуық отбасы баспаналы болды. “Болашақ” шағын ауданында берілген көппәтерлі тұрғын үйдің жалпы ауданы 5 мың шаршы метрден асады. “Талдықорғанда соңғы 20 жылда аймақтағы барлық салалар бойынша өсу қарқыны орын алды. Қала жан-жақты дамыды. Жаңадан шағын аудандар ашылып, түрлі әлеуметтік нысандар бой көтерді. Бұның барлығын жасау үшін, қазынаға түсетін салықтың көлемі де артуы керек. Қазіргі кезде бұл көрсеткіш 860 млрд. теңгені құрап отыр. Осының арқасында бүгінгі деңгейге жетіп отырмыз. Елбасы мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының қолдауы да қазіргі нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік беріп отырғанын атап өткен жөн”,- деді облыс әкімі Амандық Баталов. Жаңа пәтер кілтін алғандардың арасында қартаналар, көп балалы және әлеуметтік әлсіз топқа жататын отбасылар да бар. “Балам

  • Талдықорғанда жаңа эко-автобустар қолданысқа берілді

    Бүгін, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, облыс орталығының Талдықорғанға қоныс аударуының 20 жылдығы аясында айтулы оқиға өтті. Көлік қолжетімділігін арттыру мақсатында қалада автобус паркі жаңартылды. “Жетісу” ӘКК арқылы жалпы сомасы 2,3 млрд.теңгеден асатын газбен жүретін 55 экологиялық автобус сатып алынады, олар тасымалдаушыларға 7 жылға лизингке беріледі (жылдық 4% – бен). Оның 32-сі қала тұрғындарына пайдалануға берілді. Мереке қарсаңында орталық алаңда облыс әкімі Амандық Баталовтың қатысуымен “Ютонг” маркалы 32 жаңа автобустың алғашқы партиясын-тапсыру салтанаты өтті. Қалған 23 автобус (14 ПАЗ және 9 “Ютонг”) жыл соңына дейін Талдықорған көшелерімен жүреді. “Бірнеше күн бойы жаңа автобустар қалалық бағыттар бойынша сыналды. Жалпы, олар барлық заманауи талаптарға жауап береді. Олардың кейбіреулері – 10 метр, басқалары-8,5

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: