Самғай бер теңге (Мысқыл өлең)
Бейсен АХМЕТҰЛЫ БҰХАРБАЙ
Самғай бер тәуелсіз
теңгелер,
Үзілген кедергі кермелер!
Жұмыс жоқ, үйі жоқ пенделер
Қол жайып соңынан сенделер!
«Тым қатал климат» – себебі,
Патшамыз осылай деп еді.
Қарыз бен семіздер көбейді
Осы ма біздерге керегі?!
Кешірмей сәбиді сатқанын,
Кешірмей өзбектің таптауын.
Көзге ілмей биліктің «шатпағын»
Қымбаттап барады заттарым!
Көтермей доллардың
таяғын,
Қысқанда евро сайағын,
Теңгеміз аспанда қол бұлғап
Рубл сындырған аяғын.
Доллармен
түзеген бойларын,
Қуанды қол соғып байларым.
Себебі, жалақы өспейді
Тек байлар жейді енді қаймағын.
Самғай бер,
Самғасын теңгелер!
Қайырын күтсін бұл пенделер.
Тəңірге сиынып, етсе еңбек
Бəрі де өзгерер, жөнделер!
Пікір қалдыру