Шырғалаңнан- шыңдарға
Бекен Жылысбаев
ШЫРҒАЛАҢНАН – ШЫҢДАРҒА
Алматы , 2015 жыл
Алғысөз
Мектепте 8-ші сыныпта менімен бірге М. Мағауин , Р. Нұрғалиев , Б. Шәйкенов оқитын . Математика пәндерінен Тілеукен Шоланбаев сабақ беретін . Соғыстан қайтқан азамат . Анда-санда өткен уақыттың елеулі оқиғаларын , ақылгөй қарттардың әңгімелерін суыртпақтап айтып отырушы еді . Жақсылардың өткен жолын , нысана етіп ұстау тұрғысында айтатын . Шұбартаудың елі мен жерінен шыққан белгілі адамдардың ғибратты өмірлерінен аз-кем мағлұматтар беретін :
-«Осы мектепті бітірген ғалымдар , өнер қайраткерлері бар. Бекен Жылысбаев деген ағаларың атақты әнші . Мыңбай Рәшев деген ақын ағаларың бар . Сендер де солар- дың жолын қуып , сондай тұрғыға жетуге талпыныңдар» ,- дейтін .
Бекен ағаның айтқан әндерін радиодан тыңдайтынбыз . Мыңбай Рәшев ақынның өлеңдерін газеттен оқитынбыз . Бұл азаматтарды мақтан етіп жүрдік .
Алматыға келген соң ол кісілерді көзімізбен көрдік .
Бекен аға жай ғана әнші емес , өнер жолындағы сала-сала , дара-дара істерімен атқарған , атқарып жүрген еңбектері елеулі- елеулі , қызметкер екен :
-Ұстаздық қызмет , жеке-жеке баулыған шәкірт тәрбиелеу, радионың музыка саласын- дағы қызметкерлік міндеттері , Республика бойынша концерт беру т. б. мезгілдік жұмыстар . Бекең осылардың бәріне үлгерген , бәрін де тындырымды қалыпта атқара білген . Б. Жылысбаев сияқты үлкен әншінің , дара тұлғаның , сол даралық қалпын ұстап тұру , әншілік өнерін жетілдіре беру , шыққан биігінен төмендемеу – аса мұқият режимді қажет етеді . Бекен аға соның бәріне төзді , соның бәрін жөн – жосығымен атқарды .
Бекен ағаның табиғат берген үні – ерекше үн . Құдіретті үн , сирек кездесетін дауыс . Алайда , сондай ерекше үнді , ерекшелеп ұстау – әнші өнерінің , әншілік маманның қолынан ғана келсе керек .
Бекен ағаның өзі айтқан өмір жолынан сол ерекшелік аңғарылады . Аңғарылып ғана қоймайды , кейінгі ұрпақ соған жан дүниесімен тәнті болады .
Сөз иесі – артық дақпырттық , өзін өзі мадақтауға бармайды . Басынан өткен , өзі кешкен ғұмырын байыппен ғана баяндап береді . Жай ғана баяндамайды , ғибрат аларлық нұсқада , өткен өмірін жария етеді .
Төлек Тілеухан – жазушы , халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері
Қиын – қыстау балалық шақ
Менің қай күні туғанымнан ешкімнің де нақты дерегі жоқ . Әйтеуір туған жылым анық – 1923 . Туыстарымыз жапырласып бір ауылда қатар отыратын . Кенже ағаларым бар , Қасым, Хасен және Абайділда деген әкемнің ағасының отбастары бар. Абайділда елден шет жақта жүрді . 1928 жылы Шұбартауда үлкен көтеріліс болып , Кеңес одағын екі айдай уақытқа құлатып , ұстап тұрды . Бірақ , қарулы әскер келіп , көтерісшілерді қырып жіберді .
Мен бала күнімнен-ақ өлең-жырларды , әнді, қисса–ертегілерді, күйді көп тыңдап өстім . Нағашым Зәкуан біздің үйге келіп «Еңлік–Кебек» , «Қалқаман–Мамыр», «Дубровский» , «Ләйлі – Мәжнүн», т.б. өлең қисса- ларды жатқа айтатын . Шешем Ханымбала жақсы дауыспен қазақтың ескі әндерін жиі айтушы еді . Шешемнің айтқан әндерін есімде сақтап , іштей үйреніп жүрдім .
1928–1930 жылдары қаралы конфискация жүріп , елді жаппай аштық жайлай бастады . Аудан басшыларында ол кезде машина жоқ , жүріп-тұруға екі-екіден ат ұстайтын. Басшылардың аттарын бағып , қағу әкеме жүктелді . Ауданның бірінші басшысы Қарағандыдан келген , бұрын шахтада жұмыс істеген екен . Сол кісі денсаулығына байланысты арыз беріп , Қарағандыға қайтпақшы болды . Әкеме: – «Менімен бірге жүр , бұл жерде аштан қырылып қаласыңдар , Қараған- дыға барсаңдар , әйтеуір, қала ғой, аштан өлмейсіңдер» деген көрінеді . Сонымен, Қарағандыға қарай Жорға мен Қарқаралыны басып , жүріп отырдық . Жолда аштықтан босып , тентіреп кеткен халықты көргенім есімнен әлі кетпейді . Жол бойы арба сүйретіп жылжып келе жатқандар- дың аянышты халдарын көрдім . Қарағандыға келдік, онда да жағдай мәз емес екен. Шешем партия мүшесі еді , әкем Жылысбай жұмыс іздеп шахтаға барса , шахтерлік жұмыс ұсыныпты . Бірақ әкем: – «Мен тірідей көрге кірмеймін , мына жердің үстінде қандай жұмыс болса да жақсы атқарамын» -дейді. Сонсоң бір шахтаның есігінің алдына күзетшілікке алыпты . Осыдан кейін талонмен азын-аулақ тамақ алатын болдық , бірақ оның өзін дүкеннен алу аса қиыншылыққа соқты . Кезектің үлкендігі сондай , талонмен тамақ ала алмай қалатын күндер болды . Менен төрт жас үлкен Мұқан деген ағам кештен барып түнімен кезекте тұрып , алып қайтатын болды. Сондағы адам басына беретіні 300-400 гр. нан . Қысты киіз үйдің іргесін , жан-жағын қымтап жауып , Қарағандыда өткіздік …
Көктемде шешем жылап: – «Мұнда бүйтіп сенделгенше , елге қайтайық» деп, әкемді көндірді.
Қарағандыдан Семейге поезд жоқ . Бәріміз қызыл вагонға отырып , Алматыны айналып , оншақты күн жүріп , Семейге жеттік . Семейде әкемнің інілері сауда-саттықпен тіршілік жасап жүр екен . Солардың үйіне барып түстік . Үйлеріне жапсарлас бір қалқасын паналадық . Семейде де қиындық көбейген . Қаланы аштық жайлаған . Қарағандыдан әкелген киім-кешегімізді сатып, біраз күнімізді көрдік . Олар да таусылу- ға айналды …
Шәкірттік шақтың шарттары Қалада балаларға арналған «Детский приют» деген мекеме бар екен . Соған жетім балаларды алады екен деп естідік . Әбден ашыққан соң , үлкендер Мұқан ағамыз екеуімізге соған баруға кеңес берді . Соған барып , ешкіміміз жоқ деп жыладық . Бізді қабылдады . Сөйтіп күн көрісіміз жақсарды . Таңертең ,түсте, кешке каша сияқты әртүрлі тамақтар береді . Бірақ , сол жылы жаз шығып , күн жылыған соң, біздерді жүк машинасына тиеп алды да кетті . Ешкімге хабар бергізбейді . Семейден 10-15 шақырым жердегі « Лазерка» деген ауылға апарып түсірді . Жеке- жеке үйлерге бөлді . Жағдайымыз жақсара бастады . Үш уақыт шай , көже, нан, т.б. тамақтар береді . Мұқанмен жасты бір бала құмалақ салып , ауылдағы үй ішінің жағдайын айтып бере алады екен . Мұқан : – «Бізге де құмалақ салып берші»- дегеннен кейін , сол бала құмалақ салды : – «Мен жаман айтсам ренжімеңдер , жақсы айтсам – өздерің көрерсіңдер», деп . «Сенің әке-шешең көшейін деп отыр , не көшіп кетіпті . Құмалақтың айтқаны», деді . Мұқан қайта салғызды . «Олар жиналып-буынып көшейін деп отыр» – дейді. Мұқан енді не істеудің амалын таппай дағдарды . Мен айттым , ертең таңертең ерте тұрып, қайықпен өзеннен өтіп , Семейге барайын , жолды білемін , дедім. Таңертеңгі тамақты ішкен соң , қайыққа мініп , арғы шетіне өтіп , жолмен жүгіре жөнелдім . Мұқан қайықпен сол жерде мен келгенше тосып отыратын болды. Мен қара жолмен тоқтамай , аялдамай жүгіріп отырдым. Кешке жақын , күн еңкейіп, кеш қарая бастағанда Семейдің мешітінің мұнарасын көрдім . Ол жерге барғаннан кейін базарға тақау Мазу атамыздың үйін көрдім , ол жерді білетінмін . Күн батып , қас қарайғанда үйге кіріп бардым . Шешем құшақтап жылап , әкем де:
«Қайдасыңдар , сендерді таба алмай , міне, енді ертең кешке көшкелі жатырмыз» – деді. «Қайда барсаңыздар да, бізді алып кетіңдер. Мен жатайын , шаршадым , ертең таң сәріде оятыңдар . Мұқанды барып ертіп
келейін» , дедім . Бір жапырақ нан мен су берді . Мен жастыққа басым тиген соң қатып ұйықтап қалыппын . Бір уақытта оятып жатқан көрінеді , шаршағам ғой, оянбай қойыппын . Әрі бері қозғап , бетімнен шапалақтап оятып алды .
-«Ал, енді , мына нанды ал да , қайткен күнде сендер біз кешкі пойызға отырамыз , сендер соған үлгеріп жетіңдер»- деді. Содан жүгіріп отырып , сағат оннан асқанда әлгі лагерге жеттім . Мен кеткен күні балаларды моншаға түсіріп , жаңа киім беріпті . Маған да жаңа киім берді. Мұқанға жағдайды айттым. Тез жиналып жолға шықтық .
Сөйтіп , үй ішімізбен поезға отырып Аягөзге келдік . Аягөзге жетіп , сол жерден жұмыс қарастырдық . Біреулер айтты :
-Мына өзеннің ар жағында «Таптаған» деген жерде жұмысшылар алып жатыр . Бидай, басқа да тамақтарын беріп отыр , сонда барсаңдар аштан өлмейсіңдер» – деді . Соған барып, жұмыс істеп , күн көре бастадық . Мұқан анда-санда вокзалға барып жүретін, елдің адамдарын іздестіретін. Бір күндері вокзалда біздің туысқанымыз Тілеуқұл Шоланбаевты кездестіреді . Үй жайының жағдайын айтып , елге жетудің амалын сұрайды . Тілеуқұл: – «Онда мен сендерді алып кетейін, менің түйелерім бар , бірнеше адам кіре тартып жүрміз»- дейді . Кірешілерге ілесіп елге қайттық.
Ол жақта да жағдай ауыр болып тұр екен . Колхоз адамдарының қақ жартысынан көбі аштан қырылған , бірен-саран үйлер ғана аман қалыпты . Тілеуқұлдың , Қасен ағамыздың үйі , тағы бір екі үйлер. Қасен ағамыздың үйінде біз кеткенде біраз түйенің , қойдың терілері қалған. Олар соны шетінен кескілеп , сорпа ғып қайнатып күн көрген екен . Тілеуқұл Шоланбаевтар өзеннен шименен сүзіп балық аулап күн көріпті. Шұбартауда ол кезде соқа жоқ , жерді күрекпен қазып , егін екті . Егістікті жинап алып кеткенен кейін , орнынан масақ теріп , күн көрдік . Біраздан кейін бидай таусылып , тағы да қиындық басталды…
«Мәдениет» деген жерде жетім балаларды қабылдайтын ұйым бар екен , мені соған жіберді . Қақаған қыстың аязында , бір кісі екі баланы ат шанамен алып жүрді . «Мәдениет» алыс емес, 20-30 шақырымдай . Бірақ аттың нашарлығынан жолда бір қонып , ертеңіне тағы жүре бастадық . Мәдениетке жете бергенде , атымыз құлап, тұра алмай қалды . Жолбасшымыз: – «Мен мына ауылға барып басқа ат алып келейін , сендер жата тұрыңдар»- деп кетіп қалды . Сонымен, киіз жамылып жатып қалдық .
Бір кездерде нашарлап қалған екенмін , біреулер келіп әкелген атты жегіп, бізді алып кетті . Приюттің адамдары екен , бізді апарып түсірген- де , мен тұра алмай қалдым. Жанымдағы бала суықтан қайтыс болып кетіпті . Мені біреу көтеріп алып , асхананың пешінің алдына көрпеге орап отырғызып қойды . Біраз жылынғаннан кейін , көже мен шәй беріп тірілтіп алды . Сол жерде қыстап шықтық . Тамақтары нашарлау болды , нан жоқ , тостағанмен кішкене қуырылған бидай , түсте сұйық көже береді . Бидайды үнемдеп , бір – бірден кешке дейін созып жейтін болдық . Көктемде бізді түйелерге мінгестіріп , Жорға дейтін ауылға алып барды . Сол жерде бірінші класты оқып шықтым . Жаз шыққан нан кейін бізді ол жерден көшіретін болды . Ауданның орталығы Баршатас ауылында орта мектеп бар екен . Сонда оқи бастадық .
Беретін тамақтары көбейіп , жағдайымыз жақсарып қалды .
Тұқымнан қонған – ән өнері
Бұл шақта өлең айтуды бастаған кезім еді . Нағашым Зәкуан мен шешемнің айтқан әндері есімде сақталып қалыпты . Мектептің сахнасына шығып сол әндерді айтып көзге көріне бастадым . Біртіндеп менің ән айтуым қалыптаса бастады . Дауысым да , ырғағым да жаттыға түсті . Ауыл-ауыл бастықтары шақыра бастады . Бақанаста бір үлкен мәжілісте өлең айтуға мені алып барды . «Сырғақты», «Қалқа» деген әндерді айттым.
1937 жылы жетінші кластағы мені комсомол комитеті шақырып: – «Сен Алматыға слетке барасың , сонда өлең айтасың»- деді . Мені Аягөзден Алматыға поезға салып жіберді . Қалаға келген соң , күні бойы қай жерге баратынымды таба алмай , әйтеуір сұрастырып , қай жерде жиылып жатқандарын тауып бардым . Бірер күнде балалардың хорын ұйымдастырды , онда өлең айтып жаттыға бастадық . Мен жеке дауыспен де өлең айтатын болдым . Бір күндері тігін ательесінің жұмысшылары келіп , басымыздан аяғымызға дейін өлшеп алып кетті .
Бір жарым ай шамасында ұлттық киімдерді (көйлек, шалбар, шапан, етік) әкеліп әрқайсымыздың аты-жөнімізді жазып , киіндіріп кетті. Енді бірде тағы да европалық шалбар , ақ көйлек , галстук, басымызға – шляпа, аяғымызға жылтыр туфли алып келді .
«Мәскеуге баруға дайындалыңдар , өнерлеріңді көрсетесіңдер»- деп белгіледі . Мен 1937-39 жылдары байқаулардан үш жыл бойы бірінші
орын алдым. Поезбен 150-дей адам, бірнеше вагонға жайғасып , бес күндей жүріп , Москваның Қазан вокзалына келіп түстік . Москвалықтар біздерді гүл шоқтарымен қарсы алды . Сонымен, әр жерде концерт
беріп жүрдік . Тоғыз мекемеде концерт қойдық . Қортынды концертті Үлкен театрда беретін болдық , үкімет басшылары қатысады екен . Басқарушыларымыз: – «Ерекше болыңдар, оларға қарап , хорды бұзып алмаңдар , жақсылап айтыңдар» , – деп қайталаумен жүр.
Бізді сахнаға шығарған кезде, жүргізуші қосымша: – «Мынау Қазақстан- нан шығатын көмір, темір, мыс, болат, бидай, ет, жүн деп экраннан көрсе- тіп айтып тұрды . Бұл да бізге жақсы болды , соны пайдаланып біздер оң жақтағы үкімет балконында отырған Сталин, Молотов, Ворошилов, Каганович, Буденный , Маленков, т. б. үкімет басшыларын жақсылап көріп алдық . Хордағы әндерді айтып болып , жеке әншілер шықты. Мен халық әні «Қалқаны» айттым. Мені ВЦСП ның Грамотасымен марапат- тады . Бұл – менің ең бірінші алған наградам еді . Концерт біткеннен кейін біздерді банкет болатын жерге алып барды . Ондай үлкен залды бұрын көрмегенбіз , күннен де артық жап-жарық , алтындап , күмістеп тастаған . Барлығы жалт-жұлт етіп жарқырап тұр , біздің балалық жүрегімізде ұмытылмастай әсер қалдырды . Біздерге «артық сөз айтпаңдар , қиратпаңдар , абай болып отырыңдар» деп ескертіп қойды . Стол үстінде әрқайсымыздың алдымызға екі-екіден тарелка, шанышқы, пышақ, қасық , крахмалданған орамал қойылған. Тамақтың , салаттардың , сусындардың неше түрлері қойылған. Ауылдан келген балалармыз ғой , кейбір балалар орамалдарын бізге берген екен деп, қалталарына салып алыпты. Сонымен, Алматыға қайтатын болдық , бес күндей поезбен жүрдік . Қайтып келгеннен кейін , бір жетінің ішінде хормейстердің , балетмейстердің айтулары бойынша біздерді іріктеп , тағы да бір тыңдамақшы болды . Шақырғандардың ішінде Күләш, Шара , Құрманбек , Жандарбек , Қанабек , Байғали , Тілек Лекеров , мен , тағы біраз балалар болды . Тыңдау нәтижесінде Байғали Досымжанов пен мені қабылдады
.
Сахна төрінде Байғали екі жылдай музыкалық училищеде оқып жүр екен . Екеумізді опера театрының хорына жұмысқа алды . Жалақы төлейтін болды . Бізге бір айға үйімізге барып келуімізге демалыс берді . Үй , ауыл да қуанып ,
Москвадан грамота алып келіпті деп қарсы алды . Бір ай шамасында қыстық киімдерімді алып , Алматыға қайтып келдім . Келсем , театрда «Фауст» деген спектакль қойылайын деп жатыр екен . Соны көруге бардым, жас Фаустың ролін Байғали орындайды екен . Сондай қиын партияға оның даусының көлемі де , ұзындығы да жетіп тұрғанын естіп , таң қалып , риза болғанымнан көзімнен жас шығып кетті .
Сөйтіп, хорда жұмыс істей бастадым . Хорда айтылатын барлық әндерді бізге үйретеді . Жас кезіміз ғой, екі ай шамасында опералардағы хордың барлық әндерін меңгеріп алдық . 1942 жылы Ленинградтан оқу бітіріп келген жас композитор Е. Г. Брусиловский «Алтын астық» операсын жазып, соны 7 қарашада қоятын болды . Оны қабылдап алуға Москва консерваториясынан бір адам келді . Оған да көріндік. Б. Досымжанов екеуміз өттік… Бір күні опера театрының класында , кімнің даусы жоғары деп , айқайға салып жарыс бастадық . Бір уақытта ұзын бойлы бір орыс есікті ашып қалып: – «Чего кричите , голос сорвете, учиться надо»- деді . Сөйтсек, ол Иванов деген біздің опера театрының әншісі екен. Кейін оны Москваға , Үлкен театрға алып кетті . Әлгі «учиться надо» деген сөз менің құлағымнан шықпай қойды . Сол кездерде Москвадан сынақ алуға адам келеді , соған көрінесіңдер деп бізге хабарлап ескерткен.
Москвадан бір адам келіп , біздерді тыңдады . Онымен бірге комиссияда Күләш Бәйсейітова , Қ.Жандарбеков болды . Тыңдау біткеннен кейін Б. Досымжанов екеумізді Москва консерваториясының дайындық курсына алатын болды. Бірақ оқу басталған кезде , бізді театр жұмыстан жібермей қойды. «Хорда адам аз , мына спектакль жетінші қарашада қойылсын , содан кейін жіберейік» – дейді. Менің оқығым келіп барады . Мәдениет министрлігінде Қосынов деген кісі бізді басқаратын . Сол кісіге бардым . Ол директормен сөйлесіп: – «Спектакль өткенше тұра тұр, содан кейін барарсың , өзіңді-өзің сақтап жүр» ,- деді. Спектакль қойылды, содан кейін тағы да бір-екі рет қойылды. Бірақ маған, сен оқуға бар деп жатқан ешкім жоқ . Тағы да Қосыновқа бардым . Ол директорға звондап: -«Мына баланың талабы бар екен. Москваға жіберейік , есеп-қисабын жасап , билетін алып беріп аттандырыңдар» – деп тапсырма берді . Және , сол министрліктен Ерзакович деген адамға: – Сен бәрін бақылап , баланы жөнелтіп жібер – деп қасыма қосып берді .
Мәскеу консерваториясында
Содан Москваға келдім . Консерваторияда қазақ жігіттері де оқып жүр екен : – Мұқан Төлебаев, Рамазан Елебаев , Баженов, т.б. Олар үлкен бір бөлмеде жатады екен , солардың жанынан маған орын берді . Бір күні жаныма бір жігіт келіп , амандасып , қай жерден келгенімді сұрады. «Менен төрт жас үлкен Мұқан деген ағам бар, Үлгі деген колхозда мектептің директоры»- деп едім. «Онда біз туысқан екенбіз, мен де «Үлгіденмін». Мұқан Төлебаевпын, композитор класында оқып жүрмін, сен әлі жассың ғой, ештеңе білмей- сің ғой , маған хабарласып тұр, қиындық көрсең көмектесемін» – деді .
Екі күннен кейін оқуға барсам, кафедра мүшелері жиналып отыр екен. Петрова деген әйел кафедра меңгерушісі , менің жасымды сұрады . 16-да деп едім, ол әнші болуға әлі жас қой деп, өздері біраз ақылдасты, деген- мен тыңдап көрейік , десті. «Қалқа» мен «Сырғақты»ны айттым . Даусым ұнады, біреулері жас қой алмаймыз, біреулері алыстан келді ғой , қыс ішінде қалай қайтады, дайындық курсында оқысын десті. Өздері ақылдасып , бірінші дайындық курсына алынсын деген шешім шығарды . К.И. Воскова деген мұғалімнен сабақ алуым керек екен. Сол мұғалім маған сабақ бере бастады , онша қинамады, ортаңғы дауыстан бастап үйретті …
Оқ пен оттың ортасында
Сөйтіп жүргенде , екінші дүниежүзілік соғыс басталды . Жасы жеткен барлық жігіттер әскерге шақырылды . Мен де еріп барып едім: – «Сенің жасың жеткен жоқ , алмаймыз»- деді . Тағы да екінші рет барып едім : – Сені қара жұмысқа алайық , Смоленск деген жерге барып ор қазасың ,
деді . Барсам, қара-құрым адам , ішінде мыңдаған қазақтар да бар. Тереңдігі 4 метр, ұзындығы 8 метр ор . Сонда жұмыс істеп жүрдім . Бір-екі ай өте шықты. Ордың ішінен немістердің артиллериясының даусы естіледі. Самолеттері үстімізден ұшып , бізді пулеметпен атқылайды . Содан біраз жігіттерді әскерге алып кетті де, мені жасым толмағандық- тан Москваға қайтарып жіберді. Келсем: -«Келесі жылы май айына кел, үйіңе қайта бер»- деді . Поезға отырып, елге қайттым . Поезд жай жүріп, он күн дегенде Алматыға келді . Ертеңіне театрға бардым . «Фаусты» қойып жатыр екен . «Хорға келіп жұмыс істейсіз»- деді. Туысымыз Қазтай Кәрібасовтың үйіне бардым . Ол кісі маған:
-«Қарағым, біздің туыстардың ішінен сендей өлең айтатын адам шыққан жоқ. Сен біріншісің . Москваның консерваториясында оқып келдің ғой, сондай оқу орны Алматыда да ашылыпты . Соны оқып бітірсең, жерде қалмайсың»- деп ақыл айтты . Оның айтқаны жүрегіме қона кетті .
Білімсіз өнер жұтаң
Ертеңіне Москва консерваториясының студенттік билетін алып консерваторияға бардым . Директорға барып жағдайымды айттым. Директор А. Жұбанов жылы қабылдап , Александр Матвеевич деген кісіні шақырып: -«Мына баланы тыңдап көріңіз . Даусы жақсы болса , қабылдау уақыты
өтіп кетсе де алайық, консерваторияға түсушілер аз ғой»,- деді . Бір-екі ән айттым , ұнады . Мені екінші дайындық курсына алды . Атақты әнші кафедра меңгерушісі А.М. Кургановтан оқитын болдым . Ол кісі шетелде Шаляпинмен бірге 25 жыл жұмыс істеп келген екен . Сол кафедрада
жұмыс істейтін бір әйел мұғалім бар екен , сол әйел маған радиоға барып жұмыс істеуімді ұсынды . Мен: – «Қалай жұмыс істеймін, оқуды жаңа бастадым ғой»,- десем , сенен де даусы нашарлар істеп жүр ғой деп, қайта-қайта айта берді. Оқу жылының екінші жартысында сол әйел мені радиоға ертіп барды . Ол уақытта радиокомитет Мәдениет Министріне емес, Байланыс басқарма- сына қарайды екен . Бастығы Мақсұтбек Майшөкин деген кісіге бардым. Бір жұмадан кейін мені эфирге шығарды . Мен Біржан салдың «Бурылтайын», тағы бір-екі халық әнін орындадым . Екі-үш рет радиодан тыңдағаннан кейін, халық сол әнді қайталап сұрай бастады . Бір-екі ай өткеннен кейін сол радиокомитеттің директорынан шақыру қағазы келді . Барсам , қол алып амандасып , хал – жағдайымды сұрап : -«Сені радиодан халық сұрап жатыр, сен бізге жұмысқа кел»,- деді. – «Оқып жүрмін ғой, олар қарсы болмаса , туысқандарыммен ақылдасып, сізге жауабын айтайын»,- дедім . Ағаларыммен ақылдастым , Сақып деген жеңгем: – «250 сом жалақы, күн сайын үш рет тамаққа талон береді екен. Айына үш рет радиоға шығып тұрсаң болады екен, бұл не деген байлық , келіс» ,- деп ақыл айтты . Екі күннен кейін барып, радиоға қызметке тұрдым . Ендігі менің өмірім жақсара берді . Уақытында тамақ ішіп, қалтамда ақша жүретін болды . Тұрмыс түзелгеннен кейін , даусым да жақсарып кетті .
Мәскеудегі сынақ
1948 – 1949 оқу жылдарында барлық одақтас республикаларындағы консерваторияларда оқып жүрген студенттерді Мәскеуде әннен тексере- тін болды . Оны естігеннен кейін А.Жұбанов комиссия құрып , вокал- истерді тыңдап іріктей бастады . Комиссия үш студентті таңдап алды . Олар Қ. Кенжетаев , Е. Серкебаев және мен . Үшеумізді концертмейс – терге қосып , Мәскеуге жіберетін болды . Каникул кезі , қаңтар айының басында поездың жұмсақ вагонымен Мәскеуге келдік . Барлық келген үміткерлерді тыңдау басталды . Комиссияда Нежданова , Лемешев , Козловский, тағы екі-үш адам . Жатақхананың үлкен залында Петрбордан , Киевтен , Харьковтан, Львовтан келген студенттермен бірге жаттық . Украиндық студенттер гүжілдеп өлең айтады. Біз оларды тыңдап, біз мыналардай айта алмаймыз ғой деп жүрдік. Олардың ішінде бір
ұзын бойлы жігіт бар , өзі қарапайым , айқайламай ішінен ыңылдап айтады да қояды . Конкурста оларды тыңдап байқасақ , бізден артық
емес сияқты . Сонда Кишиневтан келген бір студент болды. Сол жігітті тыңдағаннан кейін , Нежданова: -«Мына жігіттің даусы жақсы екен, бұны Үлкен театрға алу керек»- деп ұсыныс жасады . Оны сол театрға алды, кейін ол КСРО халық артисі болып кетті . Күн сайын сағат 10-13- ке дейін, түстен кейін 18-ге дейін тыңдайды . Біздің алдымызда Өзбекстаннан келген он әншіні тыңдай бастады . Олардың ішінен тыңдауға төрт-бесеуін ғана жіберді . Олар бізге ұнаған жоқ , айқайлаған дауыс, сөздерін кейде ұмытып қалады . Халық қабылдамады . Содан кейінгі кезек бізге келді . Серкебаев баритон, мен тенор, Кенжетаев баритон. Біз былай келістік : алдымен – Кәукен , содан кейін – мен , соңынан – Ермек шықсын дестік . Кәукен алдымен бір халық әнін айтып еді , халық оны тыңдамай шуылдай бастады . Содан кейін ол «Князь Игорь» дің ариясын айтып еді, оны қол соғып , қолпаштай жөнелді. Тағы бір-екі халық әнін айтты, оның драматический баритон екенін біліп, оны қол соғып , биске шақыра бастады . Комиссия мүшелері : – «Бұл концерт емес, сценаға шығуға болмайды» десіп еді . Халық қоймаған соң , тағы да екі-үш рет биске шықты . Одан кейін мені хабарлады. Алдымен, Мәриямның «Дударайын» айттым , халық тыныш тыңдап отырды . «Дубровскийдің» ариясын айттым , оны аяғын «си»- ге жеткізіп айтып шықтым. Одан кейін бір романс айттым . Ел ду қол шапалақтап отырды . Сосын «Богема» операсынан Рудольфтын ариясын айттым. Оған әрбір тенордың даусы жетпейді. Халық айғайды салып , қолымен де , аяғымен де шулап ешкімді тыңда -май қойды . Комиссия сахнаға шық деген соң , үш-төрт рет сценаға шықтым . Бірақ халық шуылдап қоймады . Содан мен жүргізушіге : – Мен рояльдың жанына барып тұрайын , халық саябырлаған кезде сіз Серкебаевты шақыра қойыңыз , дедім . Ермектің даусы әдемі, лирикалық баритон , дем алысын еркін жұмсап айтты . Ол төрт-бес арияны айтқан- нан кейін, зал шуылдап кетті. Аспан айналып жерге түскендей болды. Тыңдауды жалғастыруға мүмкіндік бермеді . Тіпті болмағаннан кейін, жүргізуші үзіліс жариялауға мәжбүр болды . Содан жюри мүшелері келіп бізді құттықтады .
Нежданованы бірінші көргеніміз , ұзын бойлы, қараторы әдемі әйел екен. Козловский , тағы бір екі жюри мүшелері келіп құттықтады .
Нежданова біздің концертмейстерімізге келіп ( Курганов бастап келген): – «Саша , мы как в театре сидели» деп , риза болды . Біздің мұғаліміміз жадырап кетті . Біз далаға шыққанда, халық жол бермей қарсы алды . Мәскеуліктер бізді «Алматинская тройка» деген атап кетті … Москвада жақсы концерттерді тыңдадық . Сонымен, қуанышымыз қойнымызға сыймай , Алматыға қайтып келдік. Біз туралы хабар Алматыға да жеткен екен, Жұбанов өзі қарсы алды . «Жақсы жетістік- терге жеттіңдер , алдарыңнан жарылқасын»- деп батасын берді …
Айнақатесіз келген түсім
Мен өзім бала кезімнен түрлі түстер көретінмін . Және түсіме өзім
сенетінмін. Бір күні қатты ұйықтап қалыппын , түсімде бір үлкен дөңнің үстінде тұр екенмін . Сол дөңнің үстінде тұрсам бір жағымнан үлкен қара су, екінші жағымнан жалын атып өрт келе жатыр. Екеуі бір-біріне қарсы келе жатыр, әлгі қара судың үстінде аузы ырсыйып , алға қарай бір қара ит жақындап келеді . Мен қорқып тұрмын , бір уақытта
екеуі қосылып кетті де , әлгі қара су өртті баса бастады . Қара ит алға қарай арсылдап ұмтылып келеді, мен не болар екен деп ойлап тұрдым. Бір уақытта тасыған су өртті баса бастады, өрт алысқа көз жетпейтін жерге кете бастады. Бір мезгілде, өрт қайтадан алға қарай жылжи бастады . Өрт қайтадан суды басып, кейін шегініп келеді . Әлгі ит кейін шегініп үріп жүр. Өрт қара суды көз көрмес жерге шегіндіріп , әлгі ит көзге көрінбей кетті. Өрт басым болып , қара суды кейін айдап тастады. Терлеп кеткен екенмін, шошып ояндым. Өзімнің түсімді өзім жорыдым. Мына өрт Кеңес үкіметі ғой, ал су мен қара ит ол үкіметке қарсылар ғой . Түбінде, үлкен соғыс болатын шығар деп ойладым . Бірақ ешкімге айтпадым, ол кезде ондай сөз айтқандар түрмеден бірақ шығатын.
Екінші түсімді айтайын. Соғыс басталып кетті . Содан 1942 жылы , Бақыт екеумізді әскерге алды. Қызыл вагонға тиелдік. Қайда апараты- нын білмейміз. Содан арада тағы да бір түс көрдім. Бақыт екеуміз қосылып ән айтып тұр екенбіз. Сахнаға деп етік тігіп беретін, соны киіп алыппыз. Қарасам , сол жақ етігімнің табаны ақсиып, шұлығым шығып тұр екен. Бұл етікті жаңадан тігіп беріп еді ғой деп , етігімді қолыммен тартсам , жоғары жылжи береді. Тоқтатайын десем, жоғары көтеріле береді . Оң аяғыма қарасам , оның да жыртылған жері бар екен . Орнына қояйын деп түзетіп едім , кішкене жөнделіп қалды . Одан арыда сол түсімнің жалғасы болып біз соғыста жүр екенбіз . Мен бір қалың өскен шөптің арасында отыр екенмін . Былай аяғыма қарасам, сол баяғы
жыртылған етік , бір көзімде қара көзілдірік тұр екен деймін. Бақыт жоғары жақтан маған күлімсіреп қарап тұр. Бұл неге күліп тұр деп, оянып кеттім . Бақытқа түсімді айттым . Өзім жорыдым : «Екеуміз де аман қайтады екенбіз, сенің денің сау, мен бір-екі жерімнен жараланатын болуым керек», дедім. Мен түсіме сенетінмін, дәл солай болды. Тағы бір түсімді айтайын . Кейін консерваторияда жұмыс істеп жүргенімде, менің бір Ұялбай Нусупов деген жолдасым болатын. Екеуміздің саяжайымыз бір жерде еді. Мен саяжайға онша қарамайтын- мын . Ол өте ұқыпты болатын, уақытында суарып , тазартып тұратын . Профессор атағын ол кезде Мәскеу бекітетін, екеуміз де қағазымызды жіберіп қойғанбыз . Бір күні саяжайымнан жолмен төмен түсіп келе жатсам , оның саяжайының жанынан өткенімде алмалары ұсақ болып ағаштарынан салбырап тұр екен. Менің саяжайымның алмалары тоста- ғандай қып-қызыл апорттар домалап жатыр екен. Содан ойладым,
бұл қалай , менің қарамаған алма-ағаштарым жақсы өнім беріп тұр .
Елге таратып жатырмын . Маған бір жақсылық болатын шығар деп ойладым. Содан біраз уақыттан Мәскеуден хабар келді, мен профессор- лыққа өтіп, ол өтпей қалыпты . Міне тағы бір түсімнің тура келуі .
«Ұлы Отан соғысында»
1942 жылы театрда істеп жүргенбіз . Бізді әскерге шақырып , он екі адам бір топ болып, ішінде ұйғырлар, дүнгендер бар, қызыл вагондарға тиеп жолға аттандырды . Бір-екі күн жүрген соң бір кішкене стансадан
түсіріп, әрі қарай жөнелтті . Көпір арқылы бір өзеннен өттік . «Самара» деген өзен екен. Одан ары қарай мидай дала , құмдауыт сұрықсыз жер . Палаткалар құрып, бізді бөліп орналастырды . Он екі адам тобымызбен бір шатырға орналастық. Бізді кіші командирлер дайындайтын мектепте оқыта бастады . Сол жерде Днепропетровскіден көшіп келген 8-ші дивизия орналасыпты . Оларда кіші командирлер жетіспейді екен . Алматыдан келгендердің ішінен таңдап , мені өзімізбен келген бір бөлімшенің командирі етіп тағайындады. Жазды күні саптық дайындық- тан тексеріс болды. Менің бөлімшемде Москва консерваториясының төртінші курсында оқитын бір еврей студент бар еді . Соның жазған әскери әндері бар екен . Саптық дайындықта соның дәптерін беріп қойды . Сонымен дайындалып жүрдік . Соның ішінде бір өлең : «Смелого пуля боится, смелого штык не берет», деген әнді таңдап, бәріміз соны айта бастадық. Біз Бақыт (Алматыдан барған курстас жолдасым) екеуміз осы әнді үйреніп алып , қосылып айтатын болдық . Саптық дайындықта басқалары бұл әнді үйрене
алмады. Бақыт Қойшымағамбетов екеуміз үйреніп , айтып жүрдік . Бір күні , біздің бөлімшеге бір аға лейтенант жүгіріп келіп : -Бұл әнді айта алатын кім ? – сұрады . Екеумізді көрсетті . Әлгі лейтенант біздің командирімізге : – «Міне дивизия бастығының бұйрығы . Ертеңнен бастап екеуін жаттығуға жібермеңдер. Клубқа келетін болсын», деді. Әскери жаттығудан өткендерді біртіндеп соғысқа аттандырып жатқан . Сонда оларды музыкамен, концертпен шығарып салатын. Бақыт екеуміз сол концерттерге қатысатын болдық . 1943 жылдың аяғына қарай мені әскерге кетіп бара жатқандарға қосып жіберді де, Бақыт қалып қойды. Бізді Украина майданына алып келді. Ол
кезде Кеңес армиясы немістерді шегіндіріп, Украина жерін азат ете бастаған еді. Біздер Харьков қаласын босатып , сонда біраз тұрып қалдық. 1944 жылы Прибалтикаға апарды, ол жерлерде соғыс аса қатты болмады , немістердің қарқыны қайтып қалған екен. Эстония жеріне кіргенде қарсылық күшейе бастады . Себебі ол мемлекет теңізбен шекаралас, стратегия жағынан маңызды. Ол кезде мен бөлім командирі- нің байланысшысы едім. Оның жұмысы ауыр, әрі өте қауіпті. Кез келген жерге, соғысып жатқан аймақтарға жібереді . Прибалтиканы азат етіп , Чехословакияға кіре бастадық . Онда да немістер өте қатты қарсы- лық көрсетті, себебі Чехия Берлиннің «есігі» болып саналады екен. Біз көп шығынға ұшырап, алға баса алмай қойдық. Аса маңызды саналатын бір тас жол бар екен, соған жеттік . Жолдың екі жағы қалың орман . Немістер сол жолдан өткізбеу үшін , жолды үнемі бомбылаумен болды. Мені командиріміз шақырып алып : – «Мына жолдан өту қауыпты екен және жолдың жан-жағы батпақ, біз осы маңда бір құрғақтау жер бар көрінеді , соған орналасайық. Осы хабарды басқа командирлерге жеткізесің , жалғыз өзіңе қиын болады , жаныңа бір адам ертіп ал»- деді. Екі адам хабар жеткізуге шықтық . Әлгі жолға жақындағанда, жолдың үстіне бір бомба түсіп жарылып, жарқын- шақтары жан-жаққа тарап кетті. Екінші бомба келіп түскенше, біз жүгір- іп жолдың арғы жағына өтіп кеттік. Пакетті тапсырып , әлгі жолдан қайта өтерде жанымдағы қырғыз бала : – «Аға , мына жер қауыпты екен, жоғары барып айналып өтейік», -деді .
Айналып барып жолдан өте бергенде, жақын жерден келіп тағы біреуі жарылды . Құлап түсіппін, бір уақытта көзімді ашып , екі қолымды қимылдатсам, қолдарым – сау . Аяқтарымды қимылдатып едім, оң аяғым сау, сол аяғым қимылдамай қалыпты. Хабарымды берейін деп , айғайлай бастадым. Сүйтіп жатқанда , аяғымнан қан көп кетіп , есімнен танып қалыппын . Әлдебір уақытта екі адам мені көтеріп, ат арбаға салып жатқанда есімді жидым . Дала госпиталына апарып салды . Жаралылар өте көп, кезек күтіп жаттым . Түнге қарай, аяғым шыдатпай, жанымды шығарып барады, түні бойы айғайлап шықтым. Ертеңіне сағат онға қарай мені операцияға алып барды . Хирург мені қарап, басын шайқап , аяғын кесеміз деді. Медбике маған қарап : -«Как жалко, какой красивый парень», -деді . Хирург оған ұрысты: -«Этот красивый парень, если еще на час опоздали бы, умер бы»,- деді. -«Ты сам же виноват, я сколько времени лежал» – деп едім, үндемеді. Укол
берді, ұйықтап кетіппін, бір уақытта көзімді ашсам , жанымда медбике тұр екен: -«Как Вы себя чувствуете», – деді. Жатырмын ғой дедім . Не болғанын сұрадым. Ол айтқысы келмей біраз тұрды. Сосын айтты : -« Бір аяғыңызды кесіп тастады» – деп. Мен : – «Онда өмір сүргім келмейді, маған у беріп өлтіріп тастаңдар, қалай мен бір аяғыммен өмір сүремін, сахнаға қалай шығамын?» деп, ойбай салдым. Біраз уақыт сонда жатып , бір күндері машинамен поезға әкеліп салды. Бір стансадан жедел жәрдем машинасына ауыстырып , жаралыларды емдейтін госпитальға әкелді . Сонда мен бір жылға жуық жаттым. Аяғыма үш операция жасады , көзіме де жасады . Бір аяғыма протез салып берді . Әйтеуір жаным аман . 1945 – жылы 20- майда Алматыға келдім.
Алғашқы махаббат
1948 жылы мен консерваторияның үшінші курсын бітірдім . Жазғы каникулда Нұрғиса Тлендиевтің Алматы облысы Алакөл ауданында
бір туысқандары бар екен. Солар арқылы сол жаққа концерт қоюға баратын болдық . Нұрғиса домбырада ойнайды , екі жігіт , бір қыз домбырамен өлең айтады . Гастрольмен жүріп , ауданның барлық елді мекендерін аралап шықтық . . Бір айдай ауданды гастрольмен аралап, Лепсі деген стансаға келдік. Лепсі ол кезде Бөрлітөбе ауданының орталығы болатын . Сонда райкомның үшінші хатшысы болып Мұқан Төлебаев қызмет етеді екен. Сол үйге түсіп әңгімелескенде , Мұқаң маған : – «Осы ауданда өзіңнің туысқандарыңның бір баласы бар, 8-ші класста оқиды . Домбыра тартады, аздап өлең айтады, өнерге жақын . Сен сол баланы алып кетсеңші . Әйтпесе, ол екі жылдан кейін мектепті бітіреді, сосын оны әскерге алып кетеді . Оның әке-шешесі , қартайып қалған адамдар, оны оқуға жібермейді ғой . Осында балықшылардың арасына қосып жібереді ғой»- деді. – «Жарайды, тыңдап көрейік»,- дедім .
Ертеңіне таңертең тұрсам , бір сары бала отыр, қолында кішкентай қолдан жасалған домбырасы бар. Өлең айтасың ба деп сұрадық . Айтамын дейді. Тыңдап көріп едік , өлең айта алмайды екен.
Домбыра тартамысың деп сұрадық . Кішкентай домбырамен тартамын дейді. Тартқызып көріп едік, ағызып бара жатқан жоқ, бірақ аздап тартты. Нұрғисаға : – «Сен музыкальный училищеге домбырадан сабақ беріп жүрсің ғой, мына баланы күзде класыңа алып, домбыраға үйрет»- деп едім , ол келісті . Ол бала – атақты композитор Е. Рахмадиев еді … Мұқан тағы да бір тілек білдірді. Алпыс шақырым жерде, Балқаш көлінің жағасында Үлгі деген колхоз бар, соған барып , концерт қоюымызды сұрады . Үлгіге келіп, бір үйдің алдына тоқтағанымызда есіктің алдында көзі тостағандай, әдемі, сұлу бір қыз тұр екен . Ойпырмай, осы құмның арасында да осындай қыз бар екен- ау , деп ойладым . Сөйтіп , тұрғанда , Нұрғиса айтты : – «Бұл қызды мен білемін, ЖенПИ де , төртінші курста оқиды. Тәрбиелі, қарапайым, тәртібі де жақсы , нәзік жанды қыз, шамаң келсе осыдан айрылма»,- деді. Мұқанның әкесіің үйіне түскенбіз. Сол үйде шай ішіп отыр едік, бір уақытта сол үйге бағанағы қыз келді. Менімен сөйлескен жоқ, Нұрғисамен сөйлесіп отырды. Нұрғисаға : – «Аға сіз мұғалімсіз ғой, осында келіп қалған екенсіздер , біздің үйге келіп шәй ішіңіздер , деп шақырып кетті . Бардық , ауылдың шетіне қарай ежептәуір үйлері бар екен . Бізді төргі үйге кіргізді . Ол жақтың масасы қалың болады, сондықтан үйлерінің есік-терезесін масадан қорғап, қараңғылап қояды. Сонда әңгімелесіп отырдық. Бір уақытта бөлмеге әлгі қыз кіріп, төсектегі көрпелерді аударып-
төңкеріп бірдеме іздей бастады. Біздің көзіміз қараңғыға кішкене үйреніп қалған, мен бәрін көріп отырмын. Бір уақытта шыдай алмай, қыздың қолынан ұстай алып, өзіме қарай тартып , бетінен сүйіп алдым. Қыз айқайлаған жоқ. Босағаннан кейін үндемей есіктен шығып кетті . Ол үйдің жалғыз ешкілері бар екен , соны сойып, бізді шақырып отыр екен. Аға, жеңгесі КазПИ- де сырттай оқиды екен , Алматыға кетіпті. Үйде, шешесі, жиендері бар . Тамақ піскен соң , қолымызды жууға далаға шықтық . Әлгі қыз менің қолыма су құйды. Дастарханда әңгімелесіп отырғанда, қыздың туысқандары сөз қылды : – «Бұл қыз ешкімнің қолына су құймаушы еді, мына жігіттің қолына су құйды ғой»,- деп . Ол үйден шығып, колхоздың бастығы Мұқанның інісі екен, соның үйіне бардық. Мұқан бір ай бойы сол үйге келіп-кетіп
«Біржан – Сара» операсын бастап жазып жүр екен . Әлгі қызға , кешке біздің концертке жеңгең екеуің келіңдер дедім . Екеуі келді . Концерт біткеннен кейін , жеңгесінің үйі ауылдың шетінде екен, үйіне шай ішіп кетіңдер деп шақырды. Сол үйде үшеуміз шай ішіп әңгімелесіп отырдық . Жеңгесі , өзен жаққа барып қыдырып қайтуға шақырды . Енді бірер сәттен кейін әлдебір сылтаумен жеңгесі бізді оңаша қалдырып кетті . Мен қызға сөз сала бастадым : «Мен сені көріп ұнатып қалдым, сенімен қосылғым келеді . Осыған келісесің бе?», – деп сұрадым. –«Бір көргеннен бе? » -деді . – «Бір көргеннен де жақсы көріп қалатын болады ғой» . Тағы да : – «Сен мені көргенде ештеме ойлаған жоқсың ба»?,- деп сұрадым. – «Кім біледі, ойлаған шығармын»,- деді. Сөйтіп , екеуміз келісіп, үйге қайтып келдік . Содан қайтып кеттік . Қоштасып шығарып салды . Алматыға келдік . Сабақ басталып кетті. Кетерде айтып кеткем : -«Қыркүйекте Алматыға келгеніңде , мені концерттерден тауып аларсың», – деп . Қыркүйек , қазан өтті, ол қызды концерттерден көрмедім. Бақыт Қойшымағамбетов екеуміз , оның ағасының үйінде тұратынбыз. Қарашаның басында Бақыт үйленетін болып , басқа үй іздей бастадым. Сол күндері жеңгемнің Бейсен деген інісі үйге келіп, сөйлесіп отырдық. – «Сен Үлгіде тұрдың ғой, Нұрипа деген қызды білемісің?» , деп сұрадым. Жақсы білем, ол қызбен мектепте бірге оқыдық . Өзі паң қыз, ешкімді менсінбейді , деді.
«Онда сен ЖенПИдің жатаққанасына барып , сол қызбен сөйлес. Бекен аға жіберді деп айт. Екеуің Алматыда кездесейік деп келісіпсің- дер ғой, ол кісі бірдеме болып қалды ма деп, мазасызданып жүр», депті. Ол : – «Ештеме де болған жоқ, онша кездескім келмей жүр»- депті. Бейсен: -«Сен оныңды қой, бір екі күнде мен сені үйіне ертіп апарып сөйлесті- рейін, одан кейінгіні өздерің біліңдер»,- депті. Келетін күні дастархан дайындап қойдым. Бейсен ертіп келді . Амандасып , сөйлесіп отырдық .
- Нұрипа , бұның қалай , мені тауып ал дегенім қайда ?, дегенімде :
- «Неге мен тауып алуым керек, жігіттің өзі тауып алмайтын ба?»- деді. Енді қалай бірге тұратынымызды ойланайық , екеуміз де студентпіз, оқуымызды жалғастырайық . Маған тұрмысқа шығуға келісесің бе?»- деп едім, ол үндемей қалды . Келіссең мен пәтер іздеуім керек , деп едім. – «Жарайды, өзіңіз біліңіз» ,- деді . Содан екі үш күн пәтер іздеп , Бас арық ( қазіргі Абай ) көшесінен бір жер үй тауып қойдық . Екі күннен кейін Бақыт екеуміз келіскен жерден Нұрипаны тосып алып, жанында жолдас қызы бар, жер үйге алып келдік. Үйде шешем дастархан жайып, дайындалып отырған. Үйге кірерде апам Нұрипаға : – «Қарағым , оң аяғыңмен босағаны атта» – деп , кіргізді.
Сол күннен бастап екеуміздің өміріміз бірге болды. Нұрипа білікті, жұмсақ жан еді. Үйге туыстарымыз, оқушыларым келгенде, қабақ шытпай барлығын сыйлап жіберетін .
Бір жылдан кейін Нұрипа бір ұлды дүниеге әкелді. Бірақ, жаңағы жаман үйден суық тиіп, бір жетінің ішінде қайтыс болып кетті. Одан кейін тағы бір ұлды болып, оның атын Мақсат деп қойдық , екі жылдан кейін тағы бір ұлдың атын Бекзат қойдық. Үш жылдан кейін бір қызды болдық . Аты – Ардақ, одан кейінгі қыздың атын «Аида» деп қойдық. Міне, біздің жанұяның құрамы сол кезде осындай болды …
1951- жылы консерваторияны бітірген соң, мені Мемлекеттік филармо -нияға жіберді. Консерваторияда жарты ставка жұмыс берді , сонымен қатар, Қазақ радиосында да әнші болып жұмыс істеп жүрдім. 1955 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген артисі атағын берді . 1956 жылы мені вокал кафедрасының меңгерушісі етіп тағайындады. 1956-1992 жылдары үздіксіз сол кафедраны басқардым. Көптеген оқушыларым түрлі атақтарға ие болды. Менің атым қалың жұртшылыққа белгілі бола бастады .
Қосымша деректер Оқып жүрміз. Келесі жазда бізді Панфилов паркіндегі концертке шақырды . Италиядан делегация келген екен, Курганов бастап алып барды . Концертте «Дударай» әні мен Рудольфтың ариясын еркін орындап, екінші октавада «до»-ны алдым . 1-2-ші қатарда отырған итальяндар орнынан тұрып кетті . Содан Курганов екеумізді директор- дың кабинетіне шақырды . Курганов олармен итальянша сөйлесе бастады. Ол Шаляпинмен бірге Италиядағы атақты «Ла Скала» театрына шақырылып, сол жақта итальян тілін үйренген.
«Жақсы тәрбиелегенсіз , даусы қандай әдемі, бұл әншіні Италияға стажировкаға жіберу керек» – деп ұсыныс айтып кетті.
Бір жылы жаздың күні Құрманғазы оркестрін Россияның 40 қаласына гастрольге жіберді. Әншілерден Бибігүл Төлегенова екеуміз болдық.
Келесі жылдың көктемінен бастап , Украина, Белоруссия, Кавказ, Шешен, Ингуш елдерін араладық . Шешен елінің мәдениет министрі Қазақстанда туған Тутаев деген азамат екен .
Олар вокзалдан бастап жақсы қарсы алды. Қаланың жақсы жерлерін, тауларын аралатты. Бізді силап шығарып салды.
Елге қайтып келе жатқанда , жолда тағы бір жерде концерт бердік. Мен сценаға шығайын деп тұрғанда, елден М. Төлебаев қайтыс болыпты деген хабар келіп жетті . Мен «Біржан –Сара» операсынан бір ария айтайын деп дайындалып тұрғанмын . Ол азаматты қатты силайтын едім, жүрегім қатты ауырып кетті. Дегенмен аяғына дейін айтып шықтым…
Менің замандастарым
Атақты композитор, дирижер , ғалым – Ахмет Жұбанов
Мәскеудегі студенттер байқауынан кейін , Жұбанов туралы бір жағдай болып қалды. Оны көре алмаушылар үстінен арыз жазыпты. Сондағылары мына конкурсанттарды Москваға жұмсақ, қымбат вагонмен жіберіп , үкімет ақшасын талан-таражға салды ,- деген арыз. Тексеріп маза бермеген соң, ол Қазақстанның Қаржы министрі Рымбек Бәйсейітовтің қабылдауына барады. Министр жақсы қарсы алып, оқушыларыңыздың
Мәскеудегі жетістіктері құтты болсын деп ризашылығын білдіреді. Сонда Жұбанов : – «Реке, өзіңіз білесіз , баяғыда ат жарысы болғанда , аттарды жарты жыл бұрын су бермей, биенің сүтін беріп , сылап-сипап баптайтын . Сонда ғана одан жақсы бәйге аты шығатын . Мен де сол сияқты, оқушыларым- ды, концертмейстрлерді жарысқа жібергенде, мына қыстың күні суық тиіп қалмасын, демалып барсын деп жұмсақ вагонмен жіберіп едім. Бірақ мені тексеріп, маза бермей жатыр»- дейді. Сонда министр : -«Ақа , дұрыс айттыңыз, енді қам жемеңіз, бұның бәрін тоқтатайын»,- деген екен.
Ол кісінің аузы дуалы, айтқанының бәріне жұртты сендіре де, көндіре де білетін. Бірде ол кісіге мынадай сұрақ қойыпты: – Ақа , осы Құрманғазының атында 70 шақты күй жүр, солардың кейбір- еулері басқа сазгерлердің күйі емес пе екен деп. Ол кісі ойланып тұрып : -«Қарақтарым, ана жерде бір төбе, мына жерде бір төбе жасап , төбелерді көбейте бергеннен не шығады, сол төбелердің ортасында бір заңғар тау тұрғаны артық емес пе?»- деген екен …
Композиторлар одағы 1939 жылы құрылған ғой. Оның бірінші төрағасы болып Брусиловский тағайындалған. Құрамында : Жұбанов , Хамиди , Великанов , Ерзакович. Ақаң көп сөйлей бермейтін , сөйлесе өткір тілді адам болатын . Біреулер Ақаңнан сұраса керек: – «Әй, композиторлар одағы құрылыпты дейді ғой. Сонда кімдер барсың- дар?» – десе, Ахаң: -«Төрт – кекеш, бір соқыр бармыз», деп жауап берген .
Кекештері : – Хамиди, Брусиловский, Ерзакович, Великанов.
Бала кезінде әпкесін ұзатарда , әкесі қызына жасауын дайындауға, етікшіні алдырып етік тіктіреді . Ақаң етікшінің қалай етік тіккенін
қызығып қарап отырып, ол бір жаққа тұрып кеткенде, өткір пышақты алып қайысты кесе бергенде, пышақ тайып кетіп , бір көзіне тиген .
Ахмет Жұбанов 1967 жылы науқастанып қалады, асқазаннан және оның өңешке жалғасқан жерінен бір қатерлі ісік пайда болған екен. Негізгі ем – операция жасау . С. Балмұханов пен С. Нұғыманов ақылдасып, ол кісіні
Мәскеуге, дүние жүзіне танымал профессор онколог Петерсонға апару керек деп шешеді. Ахаңды шақырып : – «Бұл отаны тәжрибелі маман жасағаны дұрыс. Мәскеудің бүкілодақтық онкология орталығында қолы жеңіл Петерсон деген маман бар. Сол кісіге барғаныңыз дұрыс болады, осыған қалай қарайсыз?»,- деп сұрайды. Ахаң біраз үнсіз отырып : – «Мен сіздерге рұхсат болса, Крыловтың бір мысалын айтып жіберейін. Аң патшасы Арыстан қартайып жатып қалады. Аң аулауға жағдайы жоқ болған соң , жанынан өтіп бара жатқан аңдарды шақырып алып, әңгіме айтып беруін сұрайды . Осылайша алдына келгендерін жеп қана күн кешіпті. Бір күні жанынан өтіп бара жатқан түлкіге: – «Әй түлкі, көңілім жабырқау тартып тұр . Қасыма келіп, әңгіме айтып , бір күлдіріп кетсеңші», депті . Сонда түлкі : «Шақырғаныңыз дұрыс- ау . Қарап тұрсам, сізге қарай барған аңдардың ізі бар да , сізден қайтқан ізі жоқ қой» , деген екен. Мен Мәскеуге баруға жүрексініп тұрмын. Онда барып емделген Әуезов, Исмаилов аман қайтпады ғой. Қолдарыңнан келсе, Петерсонды Алматыға шақыртыңдар. Не болса да, бір Алланың қолында, бәрі дұрыс болар деп үміттенемін дейді».
Елге көп тарап кеткен бір әңгімесін айтып берейін. Әбділда Тәжібаев бір күні үйіне қонақтар шақырыпты. Ішінде Мүсірепов, Мұқанов, Х. Ерғалиев, А. Жұбанов , т.б. бар екен. Қонақтан қайтарда Хамит, Ахаңа : – « Аха , машинеңізде бір орын бар ма?» – деп сұрапты. «Бар ғой Хамитжан. Жүр отыра ғой»- дейді. Олар көрші тұрады екен. Көлікке отырғаннан кейін Хамит: – «Осы , Аха, сіз көпті көрген адамсыз ғой, ақындардың ең мықтысы кім?» , деп сұрапты. Сонда Ахаң: « Әй, Хамитжан-ай, қай ақынның көлік жүргізушісі академик дейсің, ең мықтысы сен ғой» , деп әзілдеген екен .
Ахмет Қуанұлы Жұбанов (1906-1968) , Ақтөбе облысы, Темір ауданында туған, атақты композитор, дирижер, ғалым . Өнертану ғылымдарының докторы, академик, профессор. Санкт- Петербург консерваториясын , сондағы өнер академиясының аспирантурасын бітірген. Қазақ музыкасы-
ның теориясы мен тарихын зерттеумен айналысты . «Музыка әліппесі», «Құрманғазы», «Қазақ халық композиторлары», «Қазақстан халық композиторлары», «Ғасырлар пернесі», «Мұқан Төлебаев», «Замана бұлбұлдары» , «Ән күй сапары», «Өскен өнер» кітаптары жарық көрді . Қазақ музыкасын, аспаптарын зерттейтін ғылыми кабинет, шеберхана, саз бөлімдерін ашты. Құрманғазы халық аспаптар оркестрін құрды , ұлы күйшілер туралы ғылыми монографиалық еңбектерін жазды. «Отаным», «Ақ Шолпан», «Біздің ел», «Жылқышы», «Лирикалық ән», «Серт», «Қалғанша қасық қан», «Москва», «Майданнан хат», «Қарлығаш», т.б. әндердің авторы . Ахаңның «Абай» операсы ( Хамидимен бірге) Қазақстан Мемлекеттік сыйлығын алды. «Төлеген Тоқтаров» операсын, «Құрманғазы радио-операсын» (Ғазизамен бірге) жазған . «Сары» атты музыкалық пьесса, «Қозы- Баян» , «Исатай- Махамбет» пьессаларына , «Аманкелді» фильміне жазған музыкасы жоғары деңгейде саналады . Ленин орденімен, көптеген медальдармен марапатталған.
Қазақ театрының қара нары – Құрманбек Жандарбеков.
1936 жылы Мәскеуде Қазақстанның онкүндігі өтетін болды . Соның алдында бір жыл бұрын Темірбек Жүргенов (Министрлер кеңесінің төрағасы) Құрманбекті, Қанабекті, Күләшты шақырып алып: – «Онкүндік өтейін деп жатыр, соған апаратын қазақша операмыз жоқ, тез арада жазып шығатын композитор бар ма?», деп сұрайды. Олар : – «Украинадан келген Иван Коцюк деген бар, ол тез жаза алмайды. Осында Санкт-Петербургтың консерваториясын биыл бітіріп келген , қазір музыкальный училищеде мұғалім болып жүрген Брусиловский Евгений Григорьевич деген жас композитор бар, сол жазуы мүмкін»,- дейді. Ертеңіне одан , Қазақтың 100-300 әндерін осы үшеуі сізге айтып берсін, бір қазақтың операсын қысқа уақытта жазып бере аласың ба?, деп сұрайды. Сонда Брусиловский : – «Егер әндерді айтып беретін болса, жазып көрейін», -деп жауап беріпті. Төртеуін Министрлер Кеңесінің демалыс үйіне орналастырып , алаңсыз
жұмыс істеуге жағдайларын жасап береді . Олар қызу жұмысқа кірісіп, үш -төрт айдың шамасында «Қыз Жібек» операсын жазып шығады.
Сонымен , Мәскеуде онкүндік «Қыз -Жібек» операсымен ашылады. Осы арада бір қызық жағдай болады . Темірбек сахнаның сыртында қалай болар екен деп мазасызданып жүреді . Құрманбек – Бекежанның ариясын орындаушы. Опера қойылатын күні Құрманбектің тамағы ауырыңқырап қалады, дем алысы нашарлайды . Содан опера басталады, залда Кеңес
үкіметінің басшылары отыр. Құрманбектің кезегі келіп , Бекежанның ариясын бастап, даусын созып айтатын жеріне келгенде, дауысы жетпей қалып, «ха-ха-ха» деп айтып жіберген. Опера біткен соң Темекең ашуланып : – «Сен оңбаған бәрін бүлдірдің, сені жұмыстан қуамын», -деп ашуланады. Қонақүйге келген соң : – «Мынаны Алматыға қайтарыңдар , көзіме көрінбесін» , деп ұрсады. Ертеңіне Құрманбек «Правда» газетін бөлмесіне алып келіп оқыса, оның «ха-ха-ха» деп күлгенін керемет етіп көрсеткен: – «Бекежанның ариясын қалай түрлендіріп жіберген, бұл опера саласында жаңа бір әдемі құбылыс болды . Қандай ғаламат актер, сондай жерде Жібектің жанына қатты тіиу үшін, күлкі ғып ренжітіп жіберу үшін, солай айтқан» , – деп жазған. Құрманбек газетті алып , оның нөміріне келеді. Темірбек ваннада жуынып жатыр екен, жұбайы : – «Кір, жоғары шық» – деп ілтипат көрсетіпті . Бұлар да газетті оқыған екен ғой деп , көңілденіп отырады . Темекең жуынып шығып, Құрман- бекке қарамай, әйеліне шай дайында деп, басқа бөлмеге кіріп кетіпті. Шәй ішіп отырғанда Құрманбек: – «Темке, кеше қайт деп едіңіз, мен мына балам Болатты алып қайтайын десем , қаржы жағы тапшы болып тұр»,- дейді. Темірбек: – «Сен қайтпайсың, ана газетті оқыдың ба, саған сыйақы берейін деп отырмын»- деп , басқа бөлмеден есепшісін шақырып алып, 3000 сом (рубль) ақша жаздырып беріпті. Құрманбек қуанып, бөлмесіне келіп, жұбайы Шараны ГУМға ертіп апарады. Шара ГУМ -нан бір көк қаракөл әдемі тонды көріп қызығып жүреді екен. Сатушылар , тон бітіп қалып еді дейді . Құрекең директорға кіріп, мына кісі Кеңес Одағына белгілі Шара деген биші еді, дегенде , витринадағы тонды алғызып беріпті. …Құрманбекпен Алматы консерваториясында көп жылдар бойы бірге қызмет істедім . Замандас, жолдас , ағалы-інілі , сырлас болдық. Құрманбек үш рет үйленген: – Зура, Шара, Шолпан. Белгілі актер Қапан Бадыровпен (достары «қара аю» деп атайды екен) екеуі дос болған. Сол досы, бір сұлу қыз бар , сонымен таныстырайын дейді ғой . Содан Шарамен танысып, оны киноға апарып жүреді . Бірін-бірі ұнатып , Құрманбек: – «Ал енді қосылайық» деп, бірнеше рет айтса да , қыз үндемейді . Енді не істеймін деп жүргенде , жолдастары оған мына Семейде бір сұлу қыз бар. Шара көнбейтін болса, сонымен таныстырайық депті . Құрманбек поезге билет алып, Шараны 28 –ші паркке кездесуге шақырады : – Сен жауабыңды айтпадың , әлде мені жақсы көрмейсің бе?. Онда шыныңды айт , мен мына Семейге жүрейін деп отырмын, сонда бір қызбен танысайын деп едім» , дейді . Шара жылап: – «Мен сізді жақсы көремін , бірақ мені айттырып қойып еді» , депті . – «Онда мен сені алып қашсам, көнесің бе? , деп сұраса , «жарайды» деп келісімін беріпті . Онда мен түнгі сағат бірде барамын , сен ауланың қақпасының есігін және бөлмеңнін терезесін ашып қоярсың», деп екеуі келіседі . Түн ортасына қарай жанына Қапанды ертіп алып ( ол тығыршықтай, қара күштің иесі екен), Шараны шығарып алып, ертіп кетеді . Оны атастырған ұйғыр жігіті көрші үйде тұрады екен . Олар сезіктеніп , қызды үнемі аңдып жүрген ғой . Солар біліп қалып , арттарынан айқайлап қуалайды . Сонда Қапан: – «Сендер жүре беріңдер, мен бұларды бөгей тұрайын» дейді . Қуалап келе жатқан ұйғырдың үш жігіті екен, Қапан екеуін ұрып жыққанда, үшіншісі қашып кетіпті …
Құрманбек (1905-1973) Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданында туған , әнші, актер , ұстаз , режиссер , ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін салушылардың бірі . Ташкент педагогикалық училищесін , Мәскеу Бүкілодақтық кинематография институтының актерлік бөлімін , Мемлекеттік театр өнері институттарын бітірген. Қазақ драма, Опера және балет театрларында қызмет етті , көркемдік жетекші , бас режиссер болды . Өмірінің соңғы жылдарында Алматы консерваториясында ұстаздық етті , профессор . «Еңлік-Кебек», «Қарагөз», «Бүліншілік» спектакльдерінде басты рольдерде ойнады . Әуезовтың «Қарагөзін», Гогольдың «Үйлену» , Шанинның «Шахта» спектакльдерін сахналады . . Қазақ операларына арқау болған халық әндерін сұрыптауда Евгений Брусиловскийге көмек көрсетіп , тұңғыш қазақ операларын жазылуына ықпал етті . Бекежан , Тарғын , Жалбыр, т.б. партияларды орындап, әншілік, актерлік шеберлігін әр қырынан танытты. Әсіресе , Бекежанның
қиыннан жол табар айла -тәсілдерін , өткір де қызба мінезімен қайшылыққа толы ішкі жан дүниесін, сан түрлі бояумен ашып , әсерлі сомдады. Режиссер ретінде «Қыз-Жібек», «Ер-Тарғын», «Абай», «Гвардия алға», «Біржан-Сара» , «Кармен» , «Назугум» , операларын қойды . «Құрмет белгісі» , «Еңбек Қызыл Ту», «Ленин» ордендерімен марапатталған .
МҰҚАН ТӨЛЕБАЕВ – ҚАЗАҚ САЗГЕРЛЕРІНІҢ КЛАССИГІ
Мұқан 1913 жылы бұрынғы Талдықорған облысы, Балқаш көлінің жағасындағы «Қарашыған» деген жерде туған. Еңбек жолын «Үлгі» колхозында есепші болып бастаған. Әкесі Төлебай өнер жолын қумаған, бірақ шешесі Тәжібала сөзге шешен, суырып салма ақындығы, әншілігі де болған деседі. Осылайша жастайынан ән мен жырды естіп өскен. 1934 жылы ел ішіндегі өнерлі жастарды Алматыға слетке шақырғанда, Мұқан да келеді. Арнайы комиссия іріктеп, таңдап, біразын Мәскеуге оқуға жібереді. Б. Досымжанов, К. Кенжетаев, Ш. Бейсекова, Р. Елебаев, М. Төлебаев, Ә. Базанов, т.б. Чайковский атындағы консерваторияның жанында ұлт республикалар үшін ашылған дайындық студиялар болды. Сол жерден білім алып, кейін консерваторияға түсетін . Мен де сол жерде оқыдым. Мұқаң алғашқыда сонда оқып, әншілікке үйреніп жүреді. Әдемі, жұмсақ тенор дауысы бар еді. Бірақ кейінірек өкпесінен ауырып, композиторлық классқа ауысады . Мен бірінші курсқа барғанда, ол кісі төртінші курста оқып жүр екен. Қалай танысқанымызды жоғарыда айтып кеткенмін. Өкпесін 1941 жылы соғысқа барғанда суықтан қабындырып алып , елге қайтқан . Кейін сол ауруы асқынып , елу жасында қайтыс болды . Менің Мұқан деген ағам Үлгі колхозын дағы мектептің
директоры болды, екеуі араласып тұрған. Сол мектепке қалай қара пианино әкелгенін, сол жерде атақты «Біржан-Сараның» кейбір ноталарын жазғанын ауылдың адамдары айтып отырушы еді. Кейде домбырамен, біресе пианиномен бірдемені тыңқылдатып тартады екен де, қағазына жазып қояды екен. Ақыры , 1946 жылы «Біржан-Сара» қойылды, бұл қазақ операсының алғашқы туындыларының бірі болды. Содан бері осы уақытқа дейін 69 жыл бойы сахнадан түспей келеді. Операның алғашқы аты «Біржан сал» болатын. Күлаш Бәйсейітова алғаш рет Сараның партиясын орындады . Сол кісінің ұсынысы бойынша 1947 жылы операның аты «Біржан-Сара» болып өзгертілді. «Біржанда» , «Қыз –Жібекте», «Абайда» халық әндері көп дейді . Мұқаң халық әндерін ала отырып, оларды өз кейіпкерлеріне байланысты түрлендіріп, жаңа қырларымен жандандырып жіберген. Е.Брусиловский, Төлебаев, Жұбанов, Хамиди халық әндерін пайдаланғанда, көрермендердің операға деген қызығушылығы, түсінушілігі, құмарлығы жақын болсын, қазақ көрермен-
дері операны қалай қабылдайды, көпшіліктің көңіліне жол таба ма, таппай ма? , деген ойдан туған ғой деп ойлаймын.
«Біржан-Сараны» алғаш сахнаға қойған Құрманбек Жандарбеков. Басты роьдерде К. Бәйсейітова, Б. Досымжанов, Ә. Үмбетбаев, Ш. Бейсекова ойнады. Опера бірден халыққа да , мамандарға да ұнап, жұрттың ықласы- на бөленді . 1948 жылы Мәскеуден комиссия келіп, опера Сталиндік сыйлыққа лайықты деп баға берді . 1949 ж. алғаш рет сол сыйлықтың лауреаты атанды.
Кейінірек , Е. Брусиловскийдің «Жаса Қазақстан» кантатасына, Афанасьевтің скрипкаға арнап жазған концертіне , Қ. Қожамияровтың «Ризбангүл» деген симфониялық поэмасына Сталиндік сыйлықтар берілді. Мұқаңның еңбекқорлығын , өзіне деген жауапкершілігін айтып кетейін. Денсаулығына байланысты Мәскеудің консервараториясын ары қарай оқи алмай , елге қайтып келген. Атақ-абыройға бөленіп, лауреат атанған адам, қайтадан 1947 жылы Мәскеуге барып, 1951 жылы композиторлық класы бойынша бітіріп қайтты.
Мұқаң елге келген соң , Құрманғазы оркестрінің дирижері , Қазақстан композиторлар одағының төрағасы , Алматы мемлекеттік консерватория- сында ұстаздық қызметтер атқарды . Біраз әндер жазды :
- «Бесік жыры» , «Соқ барабан» , «Жорық» , «Семсер» , «Кестелі орамал», «Тос, мені, тос» , «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын» , «Ақмарал, сұлу еркем-ай», «Жастар вальсы» , т. б.
… 1948 жылдың бір күні М. Төлебаевтың үйіне бардым . Екі этажды үйде Мәриям деген жұбайы мен інісі бар екен . Ол кісі бірдеме жақпай қалса үндемей қалатын, сол әдетімен тұнжырап отыр екен . «Мұқа, үндемей қалыпсыз ғой , бірдеме ұнамай отыр ма?», деп сұрадым. «Әй , айтпа, бірдемені жазасың, соны шығаратын адам жоқ. Мен бір кантата жазып едім, оркестр, хор, тағы бір ақынның рөлі бар . Сол ақынды айтатын бір тенор табылмай тұр», деді. «Мұқа , тенор толып жатыр ғой, Умбетбаев, Досымжанов, тағы басқалар бар ғой», деп едім . – «Жоқ, олар жарамай тұр ғой», деді . «Неге жарамайды», деп едім : -«Умбетбаев пен Досымжановтың дауыстары жақсы ғой, ақынды айту үшін зор , кең көлемді, екпіндетіп айтатын дауыс керек болып тұр», – деді . Содан ойланып тұрдым да :
«Мұқа , сол ақынның партиясын көруге бола ма», дедім . Болады, мінеки қарай ғой деп қолыма берді . Музыкасын да , сөзін де жазып қойған
екен, алдымен сөзін оқып алдым , сосын әнін қарадым. Бірінші және үшінші бөлімдері Иса Байзақовтың желдірмесінің жолымен жазылған екен . Ортаншы бөлімі өте кең , диапазоны жоғары дауысты тенорды керек етеді екен . Байқасам, менің даусым жететін сияқты . Мұқаңа : – «Сіз музыкасын ойнасаңыз, мен айтып көрсем қайтеді?», деп едім, жарайды деді. Бірақ, ол мынау жақсылап айтып шығады деп ойлаған жоқ . Себебі, бірінші куплетінде дем алатын жері жоқ, демалмай тегіс бірақ айтып шығу керек екен . Мен соған сәйкес келейін деп, сол текістіге еріп отырып бір деммен айтып шықтым . Куплетті бастап , ортасына келе бергенде мен кең , үлкен дауыспен күн жарқырағандай, дауысымды созып айттым. Мұқаң күлімсіреп, орнынан тұрып, қолын шапалақтап, мені құшақтап , риза болып қалды : – «Сені білмей жүр екенмін ғой , даусың өсіп қалған екен , маған керек ақынның даусын жақсы айтып шықтың» , – деді . – «Мұқа, мен әлі оқып бітірген жоқпын ғой , текстін де үйренген жоқпын» ,- деп едім. Ештеме етпейді, үйренесің . Ертең сағат онда театрда репетиция . Оркестр , дирижер болады, соған кел» ,- деді . Мен : – «Мұқа маған текстін, музыкасын беріңіз, мен консерваторияңа барып, сөзін жаттап, әнін қайталап үйреніп келейін»,- дедім . Екеуміз далаға шығып қоштасып, мен консерваторияға кеттім. Бір классты алып, кешке дейін үйренумен болдым. Үйреніп алып, үйге келіп, аға-жеңгеме айтып едім , олар жақсы болған екен деп , кешкі тамағымды беріп , төсегімді салып беріп жағдайымды жасады .
Ертеңіне театрға келсем , залда Мұқан Төлебаев отыр екен, сахнаға оркестр орналасыпты.
Мұқаңа амандасып , жанына келіп отырдым . Сахнаға бір үлкен кісі шығып, залға қарап «Мұқаша» деді. Ол Столяров деген Мәскеу
консерваториясының бұрынғы директоры екен. Бір жағдайлармен Алматыға ауыстырған екен . Оркестрде бас дирижер болып жүр екен . Ол залға қарап : – «Мұқаша», 4-5 күннен кейін концерт болады, ал осы уақытқа дейін ақынның партиясын айтатын әнші жоқ , бұл қалай болады?»,- деп сұрады . Мұқаң : – «Бар , міне жанымда жас әнші Жылысбаев отыр , ақынды осы айтады»,
деді . Столяров: – «Кім, мына жас бала ма? , онда сахнаға шықсын», деді . Мен оған : – Егер айта алмай қалсам , Төлебаев екеуміз ажырасып кетеміз , мен
бірінші куплетін айта бастағанда , сіз аздап музыкамен көмектесіп жіберіңіз, дедім . Жарайды деді . Сонымен басталып кетті, музыка ойнады, хор айтты . Оркестр ойнап жатыр, бір уақытта мен айтатын музыка басталып кетті . Дирижер маған дайындал , деп қолымен белгі берді. Мен бірінші куплетті бастап қатты дауыспен айтып шықтым. Куплеттің аяғында «игігай-көк, игігай-көк, игігай ау-көк»,- деп созып айтатын жері бар еді, оны да айттым. Содан кейін хор айтты, музыка ойнады . Бір кезде ортаңғы бөлімді айтар кезде , ол музыканы тоқтатып қойып маған келіп айтты : – «Алғашқы куплетте музыка қазақтың кең даласының бейнесін , халық- тың бейнетін , қиын хал -жағдайларын көрсетті , одан кейінгі бөлімде күн жарқырап шығып : –Ал міне, көзіңді сал , қандай дала,
–Айнала гүлге оранған сәнді қала, деп , аспанда күн жарқ еткен сезімдей болып айтып шықтым . Содан кейін хор , мен соңғы бөлімін айтып бердім . Сонда әлгі дирижер: – «Молодец мальчик» деп, қолымнан алды . Үлкен концертте сол ақынның кантатасын айтып бердім. Халық риза болып құттықтап жатты, солардың ішінде Ахмет Қуанұлы қолымды алып құттықтады . Сонда Жұбановтың айтқаны бар : – «Бұл кантата тек Жылысбаев үшін жазылған сияқты , мұны одан басқа ешкім айтпай-ақ қойсын», – деп. Айтқанындай , сол кантатаны менен басқа ешкім айтпады. Мәскеуге онкүндікке барғанда да концерт осы кантатамен ашылып отырды . Мұнда ерекше бір мәселе бар , бұл кантата Мәскеуде жазылды ғой. Текстінде мынадай бір жолдар бар : «Тойға той, жарығына бөленгендей , Жұлдызы Москваны қайнатады». Кейін мұны сахнаға шығармай қойды ғой. Бірақ көрермен бұл кантатаны жақсы қабылдады. Соған байланысты жаңағы екі жол : – Қара Ертіс жарығына бөленгендей, – Жұлдызы астананы қайнатады, деп өзгертіп, сахнаға шығардық .
Қазақтың әлемге әйгілі бұлбұлы – Күләш (Гүлбахрам) Бәйсеитова
Күлаш Жасынқызы (1912-1957) Алматыда туған , қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі , аса көрнекті қазақ әншісі . Әкесі Жасын ауыл
аймақтың белгілі әншісі болған көрінеді . Бала кезінен әкесінен естіген ән жырларды айтып жүреді . Көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысып жүріп , әншілік дарынымен көзге түсе бастайды. Алғашқыда Қазақ драма музыкалық театрына қабылданып , біраз рольдерді жақсы орындаған . 1933 жылы Қазақ музыка студиясына (Қазіргі Қазақ опера және балет театры) халық өнерпаздары қатарында қабылданады . Онда әншілік орындаушылық таланты , бар болмысымен жарқырай ашылды. «Айман-Шолпандағы» – Айман, Майлиннің «Шұғасындағы» – Шұғаның , әсіресе
«Қыз-Жібектегі» – Жібек бейнесі қазақ опера өнеріндегі ерекше есте қаларлық рөльдер болды . Жібек бейнесі Күлаштың бойында тұнып жатқан әншілік, артистік өнердің шексіз мүмкіндігін танытып , оны даңққа бөледі . «Қазақтың бұлбұлы» атанды . «Жалбырдағы» -Хадиша , «Ер – Тарғындағы»- Ақжүніс , «Алтын астықтағы» -Айша, «Гвардия алғадағы» – Сайра , «Терең көлдегі»- Раушан, «Бекеттегі»- Зере, «Абайдағы» -Ажар, «Біржан-Сарадағы» – Сара бейнелерін сомдаған Күләш , өзінің орындауында шеберліктің шырқау шыңына көтерілді . Классикалық спектакльдерде: «Евгений Онегиндегі» – Татьяна , «Даисидегі» -Маро , «Чио-чио-сандағы» – Баттерфляй сияқты басты партияларды орындады . Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты , Еңбек Қызыл Ту , медальдармен марапатталған . 24 жасында КСРО -ның халық артисі атағын алды. Ондай атақ 1936 жылы бірінші рет Одақ бойынша алты- ақ адамға берілген : – Станиславский , Немирович- Данченко, Барсова, т.б. Күләш сол алтаудың біреуі болды . Келесі жылы депутат болды. Халқы алақанына салып аялап жүрді . Күлаштың таланттылығы сондай, сахнада тұрып айтқанына, залдағы халық шынайы сеніп отыратын. Сахнадағы
оқиғаларға орай , талайлар қуанып немесе жылап отыратын . «Қыз – Жібектегі» Төлеген өлді дегеннен кейін, Жібек – Күләш жартастан құлайды ғой, сонда залда отырған көрермендер Күләш шын өліп қалды деген жағдайға келетін . Оның егіліп, солқылдап жылап тұрып айтқан әні сендірмей қоймайтын. Күләштың әншілік қана емес, актерлік өнері де жоғары болатын . Шын мәнінде ол ұлы әнші, әрі актриса еді . Оның сахнада ойнаған ойыны , салған әні , орындаған ариялары мөлдір, таза еді. Кейіпкерлерді халыққа толық жеткізіп, жанына сіңіріп орындайтын. Әрбір сөзі залға анық естілетін . Дауысы сылдырлап тұратын, сұлу , жоғарғы деңгейге жететін. Кейбіреулердің дауысының ең төменгі немесе ең жоғарғы ноталары шықпайды , шықса да бояуы кедей болады . Ал Күләштің дауысының барлық регистрі бірдей әсем шығатын . Сөйле- ген сөзінің өзінде құлақта бір мәңгі орын тепкендей үні бар болатын . Әнші болуымен қатар , ол үлкен актриса еді , ол туралы әлі толық айтылып , жазылған жоқ . Өкінішке орай, мезгілсіз, қайғылы жағдайда қаза болды. Құрманғазы оркестрімен бірге Қытайға гастрольдік сапарға жүрейін деп тұрғанда, оны көре алмайтындар үстінен
арыз жазған . Арызды қараған билік орнындағылар , оны әлгі сапардан алып қалған , өзін қабылдамай қойған . Мәскеуге барса , олар да қабылдамайды . Кеңес одағына, әлемге атағы жайылған Күлаш соған намыстанып , қапаланған болуы керек. Қайғылы жағдайда, Мәскеуде, «Пекин» қонақүйінде қайтыс болды. Қызғаныштың , көре алмаушылық- тың құрбанына ұшырады .
Дарынды бауырым – Ермек Серкебаев
Ермекпен көп араластым . Бірге оқыдық, бір мұғалімнен сабақ алдық. Оқу бітіргеннен кейін ол Опера театрына кетті , мені филармонияға жіберді . Ермек жас кезінде скрипканы үйреніп , ойнаған екен . Оның жас кезінен музыкалық сауаты болған соң , оның өсу жолы сәтті және де тез болды . Дауысы да ерекше , баритон. Оның орындаған партиялары жоғары деңгейде , талантты болып шығып жатты . Әншілігімен қатар , артистігі де ғажайып еді . «Абайдағы» Абайды сомдауы, «Пиковая дамадағы» Князьдың ролі , «Евгений Онегиндегі» Онегинді сондай сүйкімді, жайбарақат , басқа да партияларды ойдағыдай орындап , халықтың жүрегіне жеткізе білді . Ермектің орындаған партияларының ішінде көзге түсіп, жоғары көрінген «Свадьба Фигародағы» Фигароның ариясы . Сосын «Травиатадағы» Лерманың партиясын сомдады, Риголеттаны ойдағыдай етіп шығарды. Сонымен қатар ол жеке әнші ретінде , кинофильмдерде , тоқтаусыз еңбек етті. Соның арқасында КСРО ның , Қазақ КСРнің халық артисі, Социалистік Еңбек Ері атағын алды. 1926 жылы Петропавловск қаласында туған . Алматы музыка училищесінде скрипка класы бойынша оқыған, Алматы мемлекеттік
консерваториясын бітірген . Оның репетуарында қазақтың халық әндері, эстрадалық , камералық әндер, романстар , ТМДның , Батыс Европа композиторларының ән романстары болды . Біраз фильмдерге : «Біздің сүйікті дәрігер», «Ән қанатында», «Тақиялы періштеге» түскен . Көптеген фестивальдардың лауреаты, Қазақ КСРі, КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды. 1977 жылы концерттік орындаушылық шеберлігі үшін – КСРО Мемлекеттік сыйлығын алған . Соңғы жылдары Қазақ ұлттық консерваториясында ұстаздық етті .
Екі рет «Ленин» орденімен , «Еңбек Қызыл Ту», «Октябрь Революциясы» ордендерімен марапатталған .
Шабал Бейсекова
Шабалмен опера театрында қызметтес болдық . Көптеген опера партия- ларының алғашқы орындаушыларының біреуі болды . Халық әндерін де ғажап дауысымен нақышына келтіріп орындайтын . Қазақ опера және балет театрының жаңа ғимаратының ашылу салтанатына арналған концертте , театр сахнасына тұңғыш рет шығып , халық әні «Илигай» мен М. Төлебаевтың «Тос мені , тос» романсын орындады . Театрда Жібек , Ажар , Сара , Алтыншаш , Айсұлу , Микаэла (Кармен), т.б. партия- ларын орындап , қазақ опера өнерінің дамуына елеулі үлес қосты . Павлиашвилидің «Даиси» операсындағы Маро партиясы Шабал жасаған күрделі бейнелердің бірі болды . Шабал өнерінде қазақ халқының ән өнері мен европалық ән мектебінің дәстүрлері жалғасқан .
Қарағанды облысы , Жаңаарқа ауданында туған , Қазақстанның халық артисі . Алматы музыкалық училищесін , Мәскеу консерваториясының жанындағы қазақ студиясын бітірген . «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталған .
Мен білетін Роза Жаманова
Басқалармен салыстырғанда Роза туралы көп айтылмай жүр. Ол нағыз опералық әнші болды. Ол ойнаған рольдер ойдағыдай шығып , халықтың есінде қалатын. «Біржандағы» Сараның рөлін алғашқы орындағандардың бірі болды. Гүлбаршынның партиясы, Пуччинидің «Чио-Чио-Сан» рөлін -дегі оның баласымен қоштасатын сәтін орындағандағы қимылы, актрисалық өнері көрермендердің көзіне жас келтіріп , тебірентіп отыратын . Ол концерттерге көп қатыспайтын . Барлық өнерін , жігерін осы опера саласында көрсетіп , жұртшылықтың жүрегінде қалды . 1928 жылы Ақтөбе қаласында туған , Алматы консерваториясын бітірді,
1953 жылдан Қазақ опера және балет театрының әншісі болып қызмет атқарды . Отандық және классикалық операларда басты партияларды орындады: – Ақжүніс , Жібек , Сара , Ажар ,Татьяна , Иоланта , Амелия , Назугум , Қамар , Айсұлу партияларын тұңғыш орындады. Роза гастрольдік сапармен көптеген шет елдерде болып , қазақтың ән өнерін насихаттауға елеулі үлес қосты . Қазақ театр қоғамының төрағасы , халықаралық театр институтының мүшесі болып сайланған. «Еңбек Қызыл Ту», «Ленин», «Халықтар достығы» ордендерімен марапатталған .
Дауысы кең дариядай – Ғарифолла Құрманғалиев
Ғарекең өнер жолын опера әншісі болып бастаған. 1934 жылы слетке келіп, іріктеуден өтіп, Қазақтың алғашқы музыкалық драма театрына жұмысқа алынған. Опера театры кейін осы драма театрынан бөлініп шықты . Сол музыкалық театрда , Шеге болып ойнады. Ғарекең «Қыз-Жібектен» бастап , «Жалбыр» , «Ер Тарғын» , «Айман- Шолпан», «Абай» операларында да біраз арияларды орындады. Кейінірек әнші ретінде қазақтың халық өлеңдерін нақышына келтіріп орындап жүрді. Халықтың жүрегінен шыққан «Он алты қыз» , «Боз жорға», «Ақкербез», «Ісмет» , «Тілеуқабақ» , «Үлкен Айдай» , «Кіші Айдай» , «Айнамкөз» әндерін жүрегімен , ғажап айтушы еді. Сонымен қатар өзі де ән жазатын. «Ақжайық» , «Сүйген жар» , «Жан еркем» , «Нұржамал» , «Аққу» атты шығарған әндерін , өзі тамаша орындайтын. Өткен ғасырдың елуінші жылдары бір ағылшын маманы келіп , фольклорлық орындаушыларды жазып алатын болды. Бастықтар Ғарифолланың таңдайды. Үш-төрт ән
айтып, жаздыртып беріңіз дейді . Ол кісі алдымен «Үлкен Айдайды», «Тілеуқабақты» орындап , соңында өзі сүйіп айтатын «Айнамкөзді» айтып береді . «Айнамкөзді» орындағанда , шырқап келіп, үшінші
октавадағы «до»-сына дейін шығып кеткен . Ондай дауыс еркектерде сирек кездеседі . Ағылшын әйелі таңғалып , дауысы ерекше екен деп баға беріпті . Ол әндер кейін Лондоннан «Би-би-си» радиосы арқылы бүкіл дүние жүзіне , Мәскеудегі бүкілодақтық радио арқылы өзіміздің елге де берілді . Ол кісінің әндері Батыстың мектебінің әндері , екпінді , тез , ұшқыр және жоғары айтылатын әндер . Ғарекең сол әндерді орындағанда , өзі де өлеңнің ырғағымен құбылып отыратын . 1909 жылы Батыс Қазақстан облысы , Қаратөбе ауданы , Ақкөл ауылында туған . Қазақ КСР -інің халық артисі . Батыстың дәстүрлі ән , күй өнеріне жасынан сусындап өскен . Әсіресе сол өңірдің айтулы өнерпазы Мұхит әндерін шабыттана орындайтын еді . 1936 , 1958 жылдары Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндіктеріне қатысты . Опера саласында Шеге , Елемес , Сақан , Молда , Естай , Нарымбет , Тито , Трике партияларын тыңдаушының жүрегіне жеткізіп орындады . Соғыстың ауыр күндерінде жауынгерлердің алдында үш рет өнер көрсетіп , рухани дем берді . Ғарекең ел арасындағы ән , өлең , жыр , толғау , зар , жоқтау , сыңсу , айтыс , бақсы сарыны , беташар , той бастар , жарлау сияқты әдет ғұрыптық , тұрмыс салттық ән әуендерді жас кезінен бойына сіңіре біліп, жүздеген ән саздарын қазақ радиосының алтын қорына жаздырды . Термелеп , желдірмелетіп кетсе , алдына қара салдырмайтын жыршы . Қайталанбас ғажап дауысы табиғи таланттың өнердегі өзіндік орнын табуына мол мүмкіндік берді . 1967 жылдан Алматы эстрада студиясын- да ұстаздық етті. Жезтаңдай әншілігі мен көп жылғы ұстаздық қызметі -нің нәтижесінде, қазақ дәстүрлі ән өнерінде өзіндік ерекшеліктерімен танылған Ғарекең өз мектебін қалыптастырды . Қазақ КСРі Мемлекеттік сыйлығының лауреаты , «Еңбек Қызыл Ту» , «Қызыл жұлдыз» ордендері- мен марапатталған .
Ғарифолла , Жүсіпбек , Манарбек қазақ ән өнерінде қайталанбас тұлғалар
.
Замандасым Әнуарбек
Дарынды әнші Әнуарбек Бейсембайұлы Үмбетбаев 1914 жылы Алматыда туған. Өнер жолын көркемөнерпаздар үйірмесінен бастаған. Қазақ ұлттық консерваториясында Кургановтың класы бойынша дәріс алды. Алғашқыда Қазақ радиосында әнші болды. Өткен ғасырдың отызыншы жылдарында Кеңес армиясының қатарында болды. Опера театрының жанындағы екі жылдық студияны бітіргеннен кейін, сол театрда әнші-солист қызметін атқарды. 1942-44 жылдары концерттік бригада құрамында майдандағы жауынгерлерге мәдени қызмет көрсеткен. Ол Біржан , Айдар («Абай») , Төлеген , Тарғын , Қайрақбай , Думан («Ер Тарғын» , «Жалбыр» , «Дударай») , т. б. партияларды орындап, ұлттық опера өнерінің өркендеуіне зор үлес қосты. Сонымен бірге қазақтың халық әндерін «Аққұм» , «Бурылтай» , «Қаракөз», «Ағашаяқ» , т. б. қазақ сазгерлерінің әндерін халықтың жүрегіне жеткізе орындады. Қарапайым, кішіпейіл, адамдармен тез тіл табысып кететін. «Еңбек Қызыл Ту» , «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған, көптеген халықаралық фестивальдардың лауреаты.
Қайран досым Байғали Байғали Досымжанов туралы жоғарыда , «Фаустағы» жас Фаусты «до»- ға жеткізіп айтқан ерекше дауысын айтып кеттім ғой .
Қазақстанның халық артисі, 1922 жылы Семей қаласында туған, әнші, режиссер. Алматы музыкалық училищесін, Мәскеу консерваториясы жанындағы студияны, Алматы консерваториясын бітірген. 1941 жылдан опера театрында қызмет етті. 1942-43 жылдары әскери ансамбльдерінің жеке дауыстағы әншісі болды. 1944 жылдан Қазақ опера және балет
театрында басты партияларды өзінің ерекше даусымен орындап отырды. Оның даусы – лирикалық тенор. Кез келген тенордың даусы жете бермейтін , аса күрделі партияларды орындайтын. «Қыз – Жібектегі»- Төлеген, «Біржан –Сарадағы» – Біржан, «Абайдағы» – Айдар, т. б. басты партияларды орындап, ұлттық опера өнерінің дамуына елеулі үлес қосты. Халық әндерін «Бурылтай», «Жиырма бес» , «Ақбақай» , «Ғайни», «Сырымбет», «Айттым сәлем, Қаламқас»- ты нақышына келтіріп, елге насихаттады. Оның әншілік өнері , шынайы терең тебіреністі дауысы, өзіндік өрнегімен ерекше еді . 1960 жылдан Байғали режиссерлік қызметпен айналыса бастады. Брусиловскийдің «Қыз-Жібегін» (Байсеитовпен бірге), Рахмадиевтің «Қамар сұлу», «Алпамысын», Вердидің «Балмаскарад», Исмагиловтың «Құдаша» операларын сахналады. «Біржан-Сара» мен «Абайды» қайта жаңашалап қойды. 1975 жылдан Алматы консерваториясының «опералық даярлық» кафедрасының меңгерушісі болып , көптеген дарынды әншілерді даярлады . Үш мәрте «Еңбек Қызыл Ту» , «Парасат» ордендерімен марапатталған .
Қазақтың маңдайына біткен бұлбұлы – Бибігүл Төлегенова
Бибігүл Төлегенова опера театрында аса көп қызмет істеген жоқ. Ол алғашқыда операда біраз болды да , филармонияға жеке әнші болып ауысып кетті және оған ауысқаны өте сәтті болды. Концерттерде оның өсу жолы төтенше жақсы жетілді . Дауысы жоғары, жұмсақ, сондай тартымды . Концерттерде арияларды да айтып жүрді . Әрқайсысын орнына келтіре білді . Алматы мемлекеттік консерваториясын Самышина Н.Н. класы бойынша бітірді . Бибігүл Ахметқызы 1929 жылы Семей қаласында туған. Ән айтуды көркемөнерпаздар үйірмесінен бастаған . Алғаш оның әншілік талантын танып, өнер жолына түсуіне бағыт сілтеген , әрі алғашқы дәріс берген орыстың атақты жазушысы, сол кезде Семей қаласында тұрған Галина Серебрякова болды . Қазақ радиосында , Қазақ мемлекеттік филармониясында , опера және балет театрында көп жылдар еңбек етті . Арасында консерваторияда ұстаздық қызметпен шұғылданды. Оның шебер орындаушылық өнерінің, сазды да әсем даусының қайнар бұлағы ең алдымен қазақтың халық әндерін орындауында. «Гаухар тас», «Бұлбұл», «Жиырма бес», «Қос қарлығаш», «Көктем вальсы» , «Кел,еркем, Алатауыма» , «Мама», сондай ақ көптеген опералық ариялар , вокалдық шығармалар өзінің орындаушылық өнерін жоғарғы сатысына көтеріп , классика дәрежесіне жеткізді .
Таңдаулы партиялары : -Жібек, Гүлбаршын, Еңлік, Джильда, Виолетта , Церлина , Розина т. б. арқылы опера өнеріне де елеулі үлес қосты . «Дала қызы», «Біздің сүйікті дәрігер», «Бұл Шұғылада болған еді» , «Тақиялы періште» фильмдерінде өз замандастарының тұлғасын жасады. Оның өнері бүкіл дүние жүзіне танылды . Көптеген шетелдерде гастрольдық сапарда болды . Екі рет Мәскеуде өткен әншілер байқауы -ның лауреаты . Қазақ КСРі , КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Ленин» , «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен марапатталған. Қазақ КСР- інің , КСРО ның халық артисі , Социалистік Еңбек Ері .
Бибігүл менің 80- жылдық мерей тойымда :
« Мен Бекен Бәкенұлының Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен өнердегі үлкен еңбегіне басымды иемін . Менің қолымда тұрса , бұл азаматқа «Халық Қахарманы» атағын берер едім , деп лебіз білдірген еді .
Нар тұлғалы әншілер – Жүсіпбек, Манарбек, Жамал Омарова .
Жүсіпбек Елебеков Арқа әндерін, Біржан, Ақан, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Мәди әндерін халыққа жағымды жеткізетін. Қатты айғайлап айтпайды, әнді мәнеріне келтіріп , жинақы , жақсы айтатын. Қарағанды облысы, Егіндібұлақ ауданында туған. Өнерге баулыған алғашқы ұстазы Ж. Балғабайұлы болған. Кейін Қали Байжанов , Әміре Қашаубаев , Иса Байзақовтармен бірге әншілік өнерін ұштаған . 1920 жылы Семейдегі драма труппасының спектакльдері мен концерттеріне қатысады . 1931 жылдан Алматыға келіп, Қазақ драма театрында , Қазақ филармония -сында, опера және балет театрында өнер көрсетті . Ұлы Отан соғысы жылдарында концерттік бригада құрамында , майдандағы жауынгерлер алдында өзінің өнерімен оларға рух беріп отырды. Р. Елебаевтың «Жас қазақ» әнін үйреніп , алғаш рет халыққа танытты . Ол Абай , Ақан сері , Біржан сал , Жаяу Мұса , Балуан Шолақтың классикалық үлкен шығар -маларын насихаттаушы, кейінгі буынға таратушы болды . Олардың әрқайсысын өзіне тән үн бояуымен орындап, сыр-сипатын аша білді. Музыка зерттеуші А.Затаевич әншіден «Ғалия», «Сұржекей», «Арарай» , «Екі жирен» , «Балқурай» әндерін жазып алып , нотаға түсірген. Жүсекең Абай әндерін оның шәкірті Әлмағамбеттен үйренген . Сондықтан да , оның орындауында Абай әндерінің түпнұсқа әуездері ,бояу саздары түп
түгел өзгеріссіз сақталған. «Қарашада өмір тұр», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Сегіз аяқ» , «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын» , «Бойы
бұлғаң» , т.б. әндер Қазақ радиосының қорына , күйтабақтарға жазылып алынды , телефильмдерге түсірілді . 1936 , 1958 жылдары Мәскеуде өткен Қазақ өнері мен әдебиетінің онкүндігіне қатысты. Гастрольдік сапармен көптеген шетелдерде болды . Халықтан шыққан үлкен өнер иесі . Батыс ән дәстүрін шынайы түрінде орындаушылардың бірі болды . 1967 жылдан өмірінің соңына дейін Алматы эстрада цирк өнері студиясында ұстаздық етті . М.Ешекеев, Қ. Байбосынов , Ж. Кәрменов және басқа да шәкірттер дайындады . «Ленин» , «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған, Қазақстанның халық артисі .
Ерекше дауысты Манарбек Ержанов Опера театрында ең бірінші – «Қыз-Жібектегі» Шегенің партиясын орындады . Дауысы сұлу , сүйкімді , дөңгеленіп тұратын , тыңдаушылар- дың жанына жағып кететін. Оның дауысының тембрінің сұлулығын адам айтып жеткізе алмайды. Ол кезде «Қыз-Жібек» спектаклінде сахнада алты отау тігулі тұратын. Сол алты отауды айналып шыққанша Манарбек дауысын үзбей ұстап тұрушы еді. Кейін Шегенің ариясын орындаушылардың ешқайсысы да сол деңгейге жете алмады . Мәскеуде Шегенің ариясын тыңдаған , танымал музыка зерттеуші Б. В. Асафьев айтқан екен : – « Мына бір әнші , қазақтың кең даласын Мәскеудің сахнасына алып келді ау»- деп . Дауысы керемет еді. Кейін астма болып ауырып , дауысы қайта-қайта үзіліп жүрді ғой . 1901 жылы Қарағанды облысы , Ақтоғай ауданында туған . Әнші , күйші , сазгер , актер. Қазақстанның халық артисі , композиторлар одағының ең алғашқы мүшелерінің бірі . Әке-шешесі ауыл арасында танымал әнші , күйші болған екен . Манекеңнің әншілік шеберлігін ұштауда Шашубай мен Әміре үлкен әсер еткен . 16-17 жасынан Біржан , Ақан сері , Естай , Шашубай әндерін айтып , ел аузына іліккен . 1928 жылы қазақ драма театрына қабылданып , алғашқы актерлерінің бірі болды . Кейінірек Алматы опера және балет театрында өнер көрсетті . И. В. Коцыктың «Айман-Шолпан» спектакльіндегі – Жарас , «Абайдағы» – Әзім, «Біржан-Сарадағы»- Естай, «Қыз-Жібектегі» -Шегенің, «Ер Тарғындағы» -Сақанның, «Жалбырдағы» – Елеместің рольдерін ойнап , көрермендердің ерекше ықыласына бөленді . 1953 жылдан өмірінің ақырына дейін Қазақ филармония сында жеке дауыстағы әнші болып , терме , желдірмелерді ,
кең тынысты әндерді : – «Ардақ» , «Ағаш-аяқ» , «Смет», «Топайкөк» , «Жанбота» , «Балқадиша» , «Ақ қайың» , «Толыбай» , «Хорлан» , «Ақ сиса» т.б. нақышына келтіре орындады . Ұлттық өнердегі Арқа әні дәстүрінде
өз мектебін қалыптастырды . Манакең композитор ретінде «Жетісу», «Астанада», «Батыр жорығы», «Күсенбай», «Өрнек», «Шалқар көл», «Аққу көлі» күйлері , хорға арналған «Партизан жорығы» , «Жастар тойы» , «Бейбітшілік маршы» , атты шығармалары , «Паравоз» ,
«Амангелді» , «Бақыт жыры» , «Қуанамын» , «Қойшының әні», «Сайра бұлбұл», «Әнші Біржанға» , «Шегенің термесі» т.б. әндері бар . «Еңбек Қызыл Ту» , «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған .
Күміс көмей , саф алтын дауысты – Жамал Омарова
Дауысы ерекше таза әнші, музыка тілімен айтқанда – «контральто» – Жамал еді . 1912 жылы Өзбекстан Республикасы, Ташкент облысы , Янгиул қаласында туған , Қазақстанның халық әртисі . Жасынан ән салып, табиғи дарынымен көзге түскен . Ташкент қаласындағы қырғыз , қазақ , өзбек жастарына арналған пед.училищеде оқыған . Көркем
өнерпаздар үйірмесіне қатыса жүріп , Тамара ханум , Кари Якуп , Құрманбек Жандарбеков сынды өнер қайраткерлерімен танысқан. 1934 жылы Құрманбектің шақыртуымен Алматыға келіп , жаңадан ашылған Қазақтың музыкалық драма театрына қабылданды . Осы театрда ол ән салумен қатар , көптеген спектакльдерге қатысып, «Қыз- Жібектегі» -Дүрия , «Айман-Шолпандағы» – Айман , «Шұғадағы» – Мақпал т.б. бейнелерді сомдауда шеберлік танытты . 1936 жылы Мәскеуде өткен Қазақстан өнерінің онкүндігінде ол Құрманғазы оркестрімен сахнаға шығып, «Ертіс», «Қараторғай», «Ағажан Ләтипа» әндерін шырқап, қошеметке бөленді . Жамал 1937 жылдан біржола әншілік қызметке ауысып , Жамбыл атындағы филармонияның әншісі болды . Соғыс жылдарында майдангерлер алдында «Екі жирен», «Ой-гөк», «Ақдариға», «Жалғыз арша», «Хорлан», «Кәмила», «Бипыл» секілді әндерді орындады . Оның нақышына келтіріп , сүйіп айтатын өлеңдері «Бөбегім», «Алтай», «Гүлденген Қазақстан», «Оңтүстікте ақ алтын», «Ұстазым менің», «Менің Қазақстаным» – халық арасына кеңінен тарап кетті . Ол 14 тілде ән салды , әр кездері «Абай» , «Қыз –Жібек» кинофильмдеріне түсті . Жамалдың орындаған әндері тыңдармандардың жан дүниесіне эстетикалық ляззат шырынын құяды .
Жамалдың шәкірттері : – С. Тыныштығұлова , Б. Іңкәрбекова , С.Нұрмағамбетова , Б. Сәмединова , Е. Әбілтаев т. б.
«Ленин» , «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен марапатталған.
Ағайынды Абдуллиндер Олар европалық дауыс шығару өнерін меңгере тұра , халықтың әнші лік өнерін де қоса алып жүрді . Кәсіби әншілік өнерінің алғашқы қар лығаштары . Мүсілім мен Ришат Өскеменде туған . Қазақстанның халық артистері, Ришат КСРО халық артисі . Мүсілім опера театрында әнші, 1939-65 ж. Қазақконцерт бірлестігінің көркемдік жетекшісі болып қызмет атқарды . Негізінен лирикалық кейіптегі опералық бейнелерді сахнаға шығарды . Төлеген , Қайрақбай, Балпан , Арыстан , Ленский , Серік , Зілқара ,Тұяқбай, Әзім т.б. партияларды орындады . Халық әндерін де шебер орындап , шетелдік композиторлардың ән романстарын ерекше нақышпен орындаған .
Ришат Мүкімұлы Абдуллин 1936 ,1958 жылдары Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндіктеріне қатысты . Опера театрының сахна -сында Тарғын , Думан, Амангелді , Абай , Онегин , Жермон (Травиата) , Киэзо (Даиси) партияларын орындап , қазақ опера өнерінің өркендеуіне үлкен үлес қосты . Ришат кең тынысты дауысымен (баритон) сабырлы саздағы ән әуендерді , ариялар мен ариозоларды шебер орындаушы ретінде , аса көрнекті әнші орындаушылар қатарына қосылды . Ришаттың орындауындағы «Көзімнің қарасы» әні , Абайдың кесек тұлғасын , артық- ша мүсінін шыңдай , толықтыра түседі . Ришаттың «Ей халайығы» – өзінің уақытында жалпы халық мүлкі болып кетті . Оның репертуарынан халық әндерімен қатар ,замандас композиторлардың туындылары да кеңінен орын алды . Бірқатар шетел театрлары сахнала- рында өнер көрсетіп , қазақ әнінің қуатын танытты .
«Қазан Республикасы» , «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен марапатталған .
Сал серілер сарқыты – Кәукен мен Шәкен
Кенжетаев Кәукен – Қазақстанның халық әртисі , әнші . 1916 жылы Баянауылда туған . Алматы, Мәскеу консерваторияларында оқыған. 1942-1946 жылдары Ресейде шекарашылар ансамблінде болды . 1946 жылдан Қазақ опера және балет театрында қызмет етті . Осы театрда жиырма шақты партияларды орындады . Орындаған арияларында оның әншілік , актерлік таланттары әрқырынан ашылды . 1957 жылдан режиссер, әнші артист болып : -«Жерге қайта оралуда», «Ел басына күн туса» , «Ән қанатында», «Тұлпардың ізінде», «Таудағы шынарда», Қызыл тас заставасында» , «Қыз Жібек», «Боранды бекетте» кинофильм- дерге қатысты. Режиссер ретінде «Ер Тарғын», «Жалбыр», «Қыз Жібек», «Амангелді» , «Айсұлу», «Алпамыс», «Қарғаның мәткесі» операларын қойды . Сондай-ақ «Қалқаман-Мамыр», «Алдар көсенің айласы» , «Сапар», «Баян жүрек» , «Құсни-Хорлан» , «Кемпір мен шал» опера либреттолар-
ының авторы . «Дархан дарын», «Мәжит Бегалин» атты кітаптардың авторы . 1979 жылдан Ұлттық өнер академиясында дәріс берді . Концерттік өнерімен қазақтың халық әндерімен қатар, орыс, украин,
татар, өзбек, европа халықтарының әндерін, романстарын , арияларын орындап, халыққа жақсы танылды . «Еңбек Қызыл Ту» , көптеген медальдармен марапатталған .
Айманов Шәкенмен оның туған інісі . Кәукен арқылы біраз араласып жүрдім . Нағыз дарын иесі, көпшіл , сері жігіт еді . Актер, режиссер, ұзақ
жылдар Қазақ драма театрының бас режиссері, кинематографистер одағының бірінші хатшысы болды . Драма театрында көптеген басты рольдерді көрермендердің есінде қалатындай ерекше орындады . Ол сомдаған тұлғалар ұлттық сахнамыздың сүбелі табыстарына жатады. Оның актерлік болмысы тұлғалы , іргелі , көшелі кейіпкерлерді кескін- деуге бейім . Ақан сері , Қобыланды , Петруччо , Отелло бейнелерін аса зор актерлік машықпен зерледі. Шәкен қойған «Абай» спектакльіне – КСРО мемлекеттік сыйлығы берілді . Ол өмірінің соңына дейін тыным- сыз шығармашылық ізденісте жүрді . Қазақ кино өнерінің өркендеуіне елеулі үлес қосты . «Махаббат туралы аңыз» , «Алдар көсе» , «Атамекен» , «Найзатас баурайында» , «Атаманның ақыры» т.б. кинофильмдер түсірді .
Шәкірттеріме ризамын Шәкірттерімнің бәріне біркелкі , жақсы тәрбие бердім-ау деп ойлаймын . Олардың қатарында ең бірінші Қазақстанның еңбек сіңірген артисі болып Нариман Қаражігітов , Мұрат Мұсабаев шықты. Менің классымнан 10 Халық артисі, 18 адам еңбек сіңірген артист, әртүрлі байқаулардың лауреаттары болды.
Мұсабаев Мұрат Хасенұлы
1937 жылы Қарағанды қаласында туған , опера әншісі, баритон . Қазақстанның халық артисі . Алматы Байланыс техникумын , Алматы мемлекеттік консерваториясының вокалдық факультетін менің класымда бітірді . 1962 жылдан Алматы опера және балет театрында әнші . Негізгі партиялары : – Тарғын , Семен , Жанбота , Абай , Алпамыс , Князь Игорь .
Мұрат концерттік нөмірлермен де кеңінен танылып Киев , Ташкент, Мәскеу қалаларында өткен әншілер сайыстарында жүлдегер атанды . 1964 жылдан бастап Алматы мемлекеттік консерваториясында ұстаздық (доцент) қызметпен шұғылданды .
Нариман Қаражігітов 1934 жылы Батыс Қазақстан облысы , Шыңғырлау ауданы, Алмазный
деген жерде туған , әнші (драм. тенор ), Қазақстанның халық артисі . Бұл атақты менің класым бойынша ең бірінші болып алды . Алматы
малдәрігерлік институтын, Алматы консерваториясының вокалдық факультетін менің класым бойынша бітірді. 1963 жылдан Қазақ опера және балет театрының әншісі . Нариман , Айдар , Ақан , Төлеген ,
Біржан , Кебек , Жек (Алтыншаш), Владимир Игоревич (Князь Игорь) , Самозванец (Борис Годунов) , Дон Оттавио (Дон Жуан) т.б. партияларды жоғары деңгейде орындады . Біржанды отыз жыл бойы үзіліссіз сахнада орындау әрбір тенордың қолынан келе бермейді . Мәскеуде 1978 жылы Біржан мен Кебектің партиясын орындады . Осы рөльдерді Ресейдің Санкт Петербург , Ярославль қалаларында 1981 жылы өзінің ерекше дауысымен шырқап , көрермендерін риза етті . Ол гастрольдік сапармен Канада, Индия , Финляндия , Польша , Сирия , Куба т.б. шетелдерде болды. 1968 жылдан Алматы мемлекеттік консерваториясында ұстаздық қызметпен айналысып келеді .
«Парасат» орденімен , «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске – 70 жыл»
медалімен марапатталған.
Ғафиз Есімов
Мен алғаш консерваторияның қабылдау комиссиясына келгенде «Сырымбетті» орындадым . Алғашқы екі жолын бастап айтып келе жатыр едім , Бекен Бәкенұлы «тоқтат» деді . Сыртқа шығып комиссияның шешімін тосып жүрдім . Бұл қалай болды , неге аяғына дейін айтқызбады деп қобалжулымын . Қабылданғандардың ішінде менің фамилиямды да атады . Сонда ойладым , Бекен ағаның бірауыз ғана әнді айтқаннан кейін , орындаушының қабілетін анықтай алатын таланты бар екен ғой деп . Кейін ол кісіден сабақ алып жүргенімде оған көзім жетті. Ол кісі атақты Кургановтың шәкірті болған соң , бізге де сол әлемдік үздік орыс , италия мектебін үйретті . Әнді дұрыстап айту , сөздерін анықтап жеткізу , дауысты биік дәрежеде ұстап тұру – осының бәрін біздің бойымызға құйды . Алғашқа сабақты Н. Қаражігітовтың класынан алып жүрдім . Музыкадан біраз сауатым ашылған соң , өзіннің қарамағына алды . Шәкірттерін бірден қинамайтын , асықпай , ақырындап биік дәрежеге көтеретін .
Ғ. Есімов – Қазақстанның халық артисі , профессор . «Құрмет ордені» , көптеген медальдардың , халықаралық байқаулардың иегері . «Байтұрсынов атындағы алтын медаль» , «Жоғарғы оқу орындарының үздігі» . 1947 жылы Атырау облысы , Махамбет ауданында туған . Алматы консерваториясын менің класымда бітірді . Негізгі партия лары Абай , Думан , Алпамыс , Онегин , Жермон , Дон Жуан т. б . Ғафиз Қыдырұлы концерттік шығармашылық қызметімен де қазақтың халық әндерін , қазақ компози торларының ән романстарын насихаттауға елеулі үлес қосты .
Қойшыбаева Зейнеп (Зекен) Төлембекқызы
1937 жылы Алматы облысы , Алакөл ауданы , Қазақстан ауылында туған. Әнші , Қазақстанның халық артисі. Опера және балет театрының жанындағы вокалдық хор студиясын , консерваторияның вокалдық факультетін менің класым бойынша бітірді. 1958 жылдан Алматы қаласының өнер ордаларында концерттік, ұстаздық жұмыспен айналысты. Опера және балет театры сахнасында Жібек , Қадиша (Жалбыр) , Ақжүніс партияларын орындады . Қазақстан композиторлары- ның музыкалық шығармалары мен халық әндерін кеңінен насихаттады . Мәскеуде өткен жастар мен студенттердің дүниежүзілік фестивальінің күміс жүлдегері .
Үсенбаева Нұржамал Пернебекқызы – ұстазы туралы
Менің ұстазым Бекен Бәкенұлы Жылысбаев – Қазақстандағы вокал мектебінің атасы , әйгілі майталманы . Ол кісінің шәкірті болғаным, мен үшін үлкен мәртебе және бақыт. Ұстазымды мақтан етемін, менің барлық кәсіби жетістіктерімнің іргетасын қалады . Сол кісілер салған іргетастан – оқушылардың шығармашылық жетістіктері мен өнердегі өмірі байланысты ғой . Мен Бекен Бәкенұлының класына , музыкалық
училищенің фортепиано бөлімін бітіргенен соң келдім. Ағамыз мені тыңдап , сенім көрсетіп , өзінің класына алды .
Бірінші курста мен , вокал мен фортепиано екеуі қалай болады екен деп мазасызданып жүрдім . Себебі , екеуі екі бөлек мамандық қой . Бірақ Бекен ағаның шеберлігі , оның мектебінің , шыдамдылығының арқасында, мен біртіндеп классикалық вокалдың өнерін үйрендім. Қосымша пианинода ойнайтыным маған көмек болды . Әнші музыкадан сауатты болу үшін , бір музыкалық аспапты игеру керек екендігіне көзім жетті . Ол әншінің талантын одан әрі жетілдіре түседі , деп санаймын . Ұстазымның вокалдық мектебіндегі мені сүйсіндіретіні , оның бізді жоғарғы нота ұстанымына үйретуі , әрбір иірімдерін жазбай танып отыруы . Бұл оның қайталанбас талантын көрсетеді . Бекен Бәкенұлы біздерді ән айтуды үйретумен қатар, өзімізді өмірде де қалай ұстап жүруіміз керек екенін айтып жүрді . Біз өзімізді ол кісінің баласы сияқты сезіндік , әкелік қамқорлығын осы уақытқа дейін көрсетіп келеді . Біздің концерттерімізге қатысып , өзінің ақылын айтып отырады . Біздің кластың ұжымы , ол кісіні Отан соғысының ардагері ретінде құрметтеп – қастерлеу әрбір жылдың дағдысына айналған . Тағдыр оны соғыстан аман сақтап , екінші өмірін силады , сондықтан 9 май –ол кісінің туған күні . Әр жыл сайын біздер , сол күні ұстазымыздың үйіне жиналамыз . Егер біреулеріміз келе алмай қалсақ , Бекен Бәкенұлы оның қайда жүргенін біліп отырады . Ақ дастарханда отырғанда , ол кісінің қызықты әңгімелер- ін тыңдауды ұнатамыз . Ол кісі қызықты әңгімелерді әзіл қосып , өзінің биік рухымен айтып отырады. Бұл оның өмірінде болған қиыншылық- тарын жеңуге көмектеседі деп ойлаймын . Мен ұстазымды жақсы көремін , әрі ол кісімен мақтана аламын . Оған денсаулық , ұзақ ғұмыр тілеймін . Осындай ұстаздар өнерде де , басқа салаларда да көп болса екен деп армандаймын
1958 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласында туған , әнші (лирика колоратуралық сопрано) . Қазақстанның халық артисі. 1984 жылы консерваторияның вокалдық факультетін менің класым бойынша бітірді. Сол жылдан бастап Қазақтың мемлекеттік опера және балет театрының соло-әншісі. Осы театр сахнасында орындаған аса елеулі партиялары қатарына Жібек , Дана («Ер Тарғын»), Ажар, Сара, Зылиха («Махамбет») , Наталья («Құрманғазы»), Розалинда («Жарқанат») , Виолетта («Травиата»), Антония («Гофман») т.б. бар. Қазақ әндері «Алқоңыр», «Шилі өзен» , «Арыс жағасында»- ны үлкен шеберлікпен орындайды . Биік деңгейдегі
кәсіби шеберлік пен шынайылық , баурап алар сахналық тартымдылық пен табиғи талғампаздық оның әншілік өнеріне тән қасиет .
Нұржамалдың репертуарынан ұлттық және шет ел композиторларының әралуан шығармалары мол орын алған . Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты . Оның әлі талай биіктерден көрінетіне сенімдімін .
Медет Шотабаев
Менің ең соңғы оқушым – Медет Шотабаев. Оған бар білетінімді үйреттім. Оқу бітірген соң 1,5 жыл Италияға стажировкаға барып қайтты. Бір жылдары Мәскеуде Глинканың конкурсы өтетін болды. Соған құжаттарын жіберттірдім. Әрбір турдан өткен сайын менімен хабарласып тұрды. Конкурстың үш турынан өте жақсы бағамен өтіп, лауреат, Глинка конкурсының ең жақсы теноры атағын берді. Кейін Медет – Франция, Италия, Испания, Германия, Қытай, Ресей, Япония, Араб, Туркия конкурстарында бірінші орындарды иеленді . Қазіргі уақытта оны шетелге көп шақырады . Италия театрларына қайта-қайта шақырып, көптеген опера партияларын орындап жүр. Оны италияндық- тар жақсы көреді, бұл біздің екінші «Доминго» мыз дейді. Оған өнеріңді өзіміздің елге де көрсет деп айтып жүрмін…
Қытайдан келген оқушыларым
Бір жылдары Қытайдан қазақ азаматы келіп, сол жақтағы қазақ, ұйғыр жастарын бір-екі жыл дайындап берсеңіздер деген өтініш хат алып келіпті . Ректор Дүйсен Қорабаевич Қасейінов осыған қалай қарайсыз деп сұрады. Мен бауырлас халық қой, көмектескеніміз дұрыс қой дедім. Жазғы каникулда барайық, олар таланты бар жастарды жинап қойсын дедім. Олар келісті. Жазғы сессиядан кейін , мамыр айында ректор екеуміз Қытайға ұшып бардық. Үрімшіде бізді тосып алып, қонақүйге орналастырды. Қаланы араладық, базарын барып көрдік. Екі үш қабатты қытай үлгісінде салынған үйлер. Ертеңіне 15 шақты жастарды жинап қойған екен, соларды екі күн тыңдадық. Тыңдаудың нәтижесінде сегіз оқушыны таңдап , күзде оқу жылы басталғанда Алматыға келетін болып келістік. Олар келген соң, әрбір классқа бөліп, мен өзіме бір Алфия деген қыз бен Есет деген бір тенорды алдым . Алфия Үрімші филармониясында қызмет істеп, кейін оны Америкаға шақырып, қазір ол сол жақта жұмыс істеп жүр. Есет филармонияның әншісі, сол елдегі біраз конкурстардың лауреаты…
Тәжрибеммен бөлістім
Мұғалімдік деңгейім көтерілген соң, мені одақтас республиканың консерваторияларына «мастер класс» өткізуге шақыра бастады. Бірінші барған жерім Бішкек қаласы, сосын Ташкентке шақырды. Үшінші Киевте үлкен конференция-байқау болды, одақтың барлық консервато-
рияларынан профессорлар өздерінің оқушыларымен келіп өнерлерін көрсететін болды. Маған олардың айтқан әндері мен ариялары онша ұнамады. Олардың оқушылары бір екі ән айтқаннан кейін, өздері шығып ән орындайды. Осындай «мастер класс» бола ма, деп ойладым . Ортаазия мен азербайжан әншілері «тамақтың даусымен» айтады дегенге қарсымын дедім. Жалпы вокалда үш деңгейде дауыс болады, бірінші тамақтың тұсынан, екінші кеудеден, үшінші одан да төменнен. Біздің алфавитте қатаң, ұяң, үнді әріптер бар, оларды шегіне жеткізіп айту керек, оны кейбіреулер түсінбейді. Мен сіздерге айтып берейін , қалай біздің әндер европаша орындалады екен деп, Абайдың «Айттым сәлем қаламқасын» орындап бердім. Бәрі қошаметтеп, құрмет көрсетті. Киевтің консерваториясының ректоры бізде бір жыл оқып кеткен екен. Ол маған бір жақсы концертмейстер тауып берді .
Маған кезек келгенде , сценаға шығып тұрып, алғашқы әнді айтарда ол әннің сөзінен үзінді келтіріп, сосын әнді орындаймын , басқа әндер де сол жобамен орындалды . Олар 5-10 минутта өткізсе , менің «мастер класым» 45 минутта өтті. Менің оқушым лирико-драматический тенор. Күрделі арияларды айтты. Пуччинидің «Тоска» операсынан, «Біржан-Сарадан» , тағы басқа опералардан, ақырында Пуччинидің «Родавести» ариясын айтқанда халық қоштап, қол соғып отырды. Өзім «Пиковая дама»-дағы Лерманның партиясын айтып бердім. Профессорлар сценаға шығып, мені құттықтап, бізге келіп ашық сабақ өткізсеңіз деп тілектерін айтып жатты.
Бекен Бәкенұлы туралы лебіздер
Ахмет Жұбанов – композитор , дирижер , ғалым , академик.
Бекен Жылысбаев консерваторияны Ұлы Отан соғысына қатысып , ауыр жаралы болып , елге оралғаннан кейін 1951 жылы бітірді . Соғыс ардагері консерваторияда майдандағыдай жанқиярлық еңбек етіп , бүкіл студент қауымына үлгі болды . 3-4-ші курста оқып жүргенде-ақ Бекен қазақ , орыс халықтарының әндерін , классикалық туындыларды шебер орындайтын әнші ретінде көзге түсті .
Мысалы , Кеңес Одағының 22 консерваториясының Бүкілодақтық студенттік бәйгесіне қатысқан ол тамсантарлық өнер көрсетті . Сол байқауда ол К . Е. Ворошиловтың назарына ілікті . Бекен туралы ол : – «Бұл жалықпай еңбектенсе , болайын деп тұрған әнші екен» – деп, пікір айтып , оның болашағына үлкен үміт артты . Оқуын бітірген бойда , өзінің ұстазы , аса көрнекті әншілердің бірі , профессор Александр Матвеевич Кургановтың ассисенті болып орналасты . Көп ұзамай өзінің еңбегінің зейнетін көре бастады – дарынды әнші , тәжрибелі ұстаз болды . Вокал кафедрасының меңгерушісі дәрежесіне көтерілген ол , жас әншілерді тәрбиелеу ісіне жаңа леп енгізді . Мамандас болған соң, анда- санда класына барғаныңда , ол шәкірттеріне үнемі әннің сөздерін- дегі мәнін түсіндіріп жатады . Көбіне, арқасы қызып кетіп , өзі әнді орындап көрсетеді . Әннің сөздерін шайнап- жұтып қоятын орындаушы- ларды мысалға келтіреді . Ол үнемі айтып отыратын : -«Ришат мақпалдай үнімен қатар , әннің айдан анық сөздерін үнемі естіртіп отырмай ма ? . Ермектің жоғары орындау мәдениетімен қатар, сөздері қалай сақылдап тұрады . Роза Бағланова консерваторияны бітір- мей-ақ , ән салғанда сөздерін өңменіңнен өткізіп жібермей ме?» ,- деп. Міне , осы жайға Бекең әрқашан мән беретін .
Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігін Мәскеуде 1958 жылы өткіз – генде , Б. Жылысбаев құрметті орындардың біріне ие болды . Бекен – жеке басының рухани байлығын ұдайы еселеп отырумен мұқият
шұғылданған жан . Ол көп оқиды , көп ізденеді , білдім , жеттім деп тоқмейілсінбейді . Сонымен бірге ол өз бойындағы өнерді – халық игілігі деп біледі . Концерттік залдар және радио , теледидар бойынша жиі ән шырқап , жұртшылықтың рухани қажеттілігін ойдағыдай өтеуде .
Бекен Жылысбаевтың болашақта зор табыстарға жететініне кәміл сенуге болады . ( А. Жұбанов . «Өскен өнер» , Ғылым баспасы, 1985)
Бақтаев Кеңес – Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген артисі ,
Қазақтың Абай атындағы опера және балет театрының
әншісі, Б. Жылысбаевтың алғашқы шәкірттерінің бірі.
Мен 1936 жылы бұрынғы Талдықорған облысы, Бөрлітөбе ауданы, «Үлгі» ауылында дүниеге келдім. Ауылда мектепте оқып жүргенде Бекен ағаның радиодан шырқаған әндерін талай рет тыңдағанбыз . Мен де осылай ән айта алар ма екенмін , деп армандайтынмын . Мектепте оқушы кезімде біраз әндерді орындап жүрдім . Б. Жылысбаевтың туған ағасы Мұқан аға бізге жоғарғы кластарда физика , математикадан сабақ берген, көп жылдар мектеп директоры болып қызмет атқарды .
1957 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін Алматыға оқуға келдім . Үлкен ағам Қожағұлов Қажытай мені консерваторияға ертіп әкелді . Ол соғысқа қатысқан, қолынан жаралы болып қайтқан . Қабылдау комиссиясы Мәдениет министрлігінің залында үміткерлерді тыңдады . Кезегім келгенде мені залға шақырды . Сұңғақ бойлы , әдемі қараторы жігіт ағасы Б. Жылысбаев комиссия мүшелерінің ортасында отыр екен . Бұл менің Бекен ағаны бірінші көруім еді . Маған қарап :
- Ал енді , қандай өлең айтасың ?,- деп сұрады . Мен :
- «Айттым сәлем, Қаламқасты» .
- Онда рояльдың қасына бар , деді .
Рояльды бірінші рет көрдім , бір әйел адам сүйемелдеп отырды . Тыңдап болғаннан кейін : .
- Тағы қандай ән айтасың?, деп, сұрады. «Дударай»ды айтып көрейін дедім . Әннің бір куплетін айтып , екіншісіне келгенде , орысшылап :
- Достаточно , деді . Мен қоя қойдым .
- Бара бер , есіктің алдында тоса тұр деді . Біраздан кейін бәрімізді ішке шақырды . Конкурстан өткендердің ішінде болып шықтым .
Қабылданғандар үйлеріңе қайта беріңдер . Адрестеріңді жазып қалды- рыңдар, күзге қарай шақырту қағазын жібереміз деді . Күзге қарай
маған : – «Жамбыл атындағы филармонияның хор капелласына әнші болып қабылдандың» , деген шақырту қағазы келді …
1958 жылы мен консерваторияның ән факультетіне оқуға түстім .
Аға оқытушы А. А. Леонтьева класында дәріс алып жүрдім. Үш жыл оқығаннан кейін ол кісі зейнетке шығып кетті . Өзімнің сұрауым бойынша профессор Б. Жылысбаевтың класына ауысып , 4-5 ші курсты бітірдім . Бекен ағамыз өте әділетті , сабаққа қатал , шәкірттері- не ағалық , әкелік ретінде де қарайтын адам . Кейбір студенттер таңертең 45 минуттық жеке сабаққа (дауыс қою) тамақ ішпей келсе , ақша беріп :
- Бар , тамақ ішіп кел , содан кейін дайындалайық , дейтін .
Кейбір шәкірттері қиын сабақтардан (солфеджио, гармония) өтпей қалса , оларды қолынан жетектеп алып :
Мына баланың болашағы өте мол , бұл кейін тамаша әнші , артист болады , аздап демеп жіберейік деп, қамқорлық көрсетіп жүретін.
Ұстазымыз – өте сезімтал, көреген адам .
Ұлы ұстаз, өнерге сіңірген еңбегі шексіз , ұзақ өмір тілеймін .
Шахимардан Әбілов – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі,
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының
профессоры , Халықаралық шығармашылық академиясының
академигі , «Құрмет» орденінің иегері .
Бекен Бәкенұлы Жылысбаев ұлттық классикалық ән өнеріне қандай жаңалық әкелді ? .
- Әлемде орыс , италиян , неміс , француз т. б. ән мектептері бар екені белгілі . Мысалы , орыс классикалық ән мектебін алғашқы болып әйгілі әнші Шаляпин қалыптастырды . Европа мектебін алсақ , ол үш ғасырды құрайды . Біздің қазақ ұлттық опера – ән мектебіміз 70 – 75 жыл шама- сында дамып келе жатыр . Қазақ опера-ән мектебін классикалық тұр- ғыда алғашқы орындаушылардың қатарында К. Бәйсейітова , Ермек Серкебаев болды .
Ал , қазақ опера-ән мектебін қалыптастыру , оны әлем классикалық ән мектебіне сатылау – Бекен Бәкенұлының үлесінде деп айта аламыз .
Оның ерекшелігі қандай ? – Мәскеуде өткен бүкілодақтық консерватория студенттерінің байқауында , оның ерекшеліктерін алғашқы болып Кенжетаев , Жылысбаев , Серкебаев көрсетті . Ол кезде Кеңес одағында бір ақ мек- теп – орыс мектебі басым болатын .Сол уақыттан бастап Бекен Бәкенұлы бұрыннан келе жатқан орыс , италия , т. б. мектептермен бірге , ең бірінші болып қазақ ән- опера мектебінің іргетасын қалай бастады .
Мектеп деген не ?
- Ол тіл , оның әуені , мағынасы , философиясы . Осыған орай Бекен аға қазақтың тілінің әдемілігін , халық әндерінің ауқымын , Біржан , Ақан , Мәди , Естай , Мұхит салып кеткен жолдарын ары қарай дамытты . Ол халық әндерінің жан дүниесін ұғып , оның ерекшелігін , сұлулығын одақ көлемінде көрсете білді . Басқа халықтарда кездеспейтін қазақ тілінің әдемілігін , дауысын , әуенін , әріптерін алғашқы болып ашты . Олардың әнді байыта түсетінін дәлелдеді . Қазақ ән үнінің әлем деңгейінде өзіндік орны бар екенін көрсетті .
Бекен аға қанды майданда қандай жанкешті ерлік көрсетсе , қазақтың ән өнерінде де сондай ерлік көрсетті деп санаймын . Ол өзіне баға жетпес ескерткіш орната білді . Әннің табиғатын сезіп , оның ішкі дүниесін ашып беруде , Бекен Бәкенұлы Қазақстандағы алғашқы маман дардың бірегейі болды .
Қазіргі жастар сол мектепті жалғастырып , дамыта берулері керек .
Шахимардан көп жылдардан бері Абай атындағы опера және балет театрының жетекші әншісі ретінде әлемдік опералардың басты кейіпкерлерінің бейнелерін сәтті орындап келеді . Риголетто , Жермон ,Амонасро , Томский , Грязнов , Абай , Жанбота , Бұқар Жырау , т.б. Операдағы Абайдың партиясы мен Абайдың сөзіне жазылған әндер мен романстар – оның өнерінің шыңы . Павлодарда «Шахимардан достарын шақырады» атты халықаралық опера әншілерінің фестивалын ұйымдастыр ды . Көптеген шет едерде өз өнерін паш етіп жүр .
Шахимардан – көп қырлы , ерекше мәнерлі , диапазоны кең дарын иесі .
Мыңбай Рәш – ақын , жазушы , сатирик, Құрмет орденінің иегері ,
Б. Жылысбаевтың жерлесі .
Мен Бекен ағаны атына қаршадайымнан қанықпын . Сұрапыл соғыс жүріп жатқан 1942 жылы Шұбартаудағы «Киров атындағы мектептің» 6- класында оқитынмын . Анда санда радиодан : Абайдың әні – «Айттым сәлем , қаламқас» , халық әні – «Қараторғай» , өзге де әндерді нақышына келтіріп орындайтын , тенор дауысты әнші Б. Жылысбаев болатын .
- Жылысбаев деген кім? – деп сұрадым бірде ағайым сері Әбдірасылдан .
Ол кезде Әбдірасыл Елеусізов аудан поштасын басқаратын .
- Өй , Мыңбай , бұл осы Дағанды бойында дүниеге келген , өзіңнің нағашың болады , деді , насыбайын ерніне ытқыта беріп .
- Қалай нағашы болады ? , деп сұрадым . –«Сенің шешең Нұржамила марқұм – Қожагелді руынан деді . Бекен нағашың Алматыда тұрады , Мәскеу консеваториясында оқып жүргенде , соғыс басталып , Алматыға қайтып келген . Опера театрының әншісі , радиодан жиі айтады, әртүрлі концерт сахналарынан ән шырқағанын өз көзіммен Алматыға барғанда көрдім», – деді.
- Е,е , солай екен ғой …
Тағдыр тәлкегімен 1943 жылы жазында мені Алматы қалалық партия комитетінде қызмет атқаратын ағайым Есеев Дүйсежан , Алматыға
өзімен бірге біржола алып кетті . Шешем қайтыс болып , әкем Ахметкәрім соғысқа кетіп , сорым қайнап , жетімдікке жегілген шағым болатын .
Бекенді нағыз жақсы біле бастағаным 1950 жылы КазПИ-ді тәмамдап, «Лениншіл жас» газетінде әдебиет және өнер бөліміне жетекшілік еткен кезім . Қазіргі «Абай даңғылы» (ол кезде «Бас арық») көшесінде Бекен ағаның туысқаны Қасқаев Кәрібас ақсақалдың үйі болатын . Ол кісі Алматы Малдәрігерлік институтынының ( қазіргі Аграрлық университет) тәжрибелік зертханасында қасапшы қызметін атқаратын . Кәрібас ақсақал ағайындарын отбасына жиі шақырып , ақ дастарханын жайып , қолы ашық кісі болатын .
- Ау , ағайындар , таяуда біздің үйде үлкен жаңалық болады , деп, жайраң қақты , бірде ақсақал.
- Қандай жаңалық ?
- Ана отырған Жылысбайдың Бекені бір көз, бір аяғын соғыста қалдырса да , таяғы екінші аяғы болып , тұрмыс құрмақ . Бір бөлмені жасаулап қойдық . Келесі сенбіде тойға келесіңдер , деді .
- Бәрекелді , келгенде қандай , десіп, мәз -мейрам болып тарастық .
Кешікпей , Бекен ағамыз беті томпиған , көзі тостағандай , қоңырқай өңді Нұрипа жеңгемізге үйленді . Сол тұста менің «Лениншіл жаста» -«Әнші – ұстаз» деген көлемді мақалам жарыққа шықты . Бекен ағам :
- Ау, сен жазушы болайын деп тұр екенсің, сапарың оң болсын деп , бата берген еді .
Бекен аға – әкесі Жылысбай , шешесі Ханымбаламен бірге жеке пәтерде тұрды . Бекеннің ағасы Мұқан – шешесіне, өзі – әкесіне айнымай тартқан еді . Ханымбала апай дауысы әдемі , Бекенге әншілік шешесінен дарыған ғой, деп топшылаймын . Өзі шешен , әрі әнші Ханымбала әжеміз халық әндерін нақышына келтіре , құлпырта самғай жөнелетін …
Бекен Бәкенұлының ұстазы Курганов – «шабытты шәкіртім» , деп мақтанышпен еске алса, Ахмет Жұбанов – «санаулы өнер саңлақтарының бірегейі» , – деп бағалаған .
Белгілі Ұстаз, әнші, тума талант – Бекен Жылысбаев хақында марапат сөздер жыртылып айрылады .
Торқалы тоқсанын тоқырамай тойлаған , табиғи талант , өзінің ғасыр мүшеліне қарай сапар шегіп барады . Денсаулығы қуатты , шабыты шуақты болсын деген тілекпен :
Беу, мезгіл, сынаптайын жылыстайды ,
Көрген ем, Ханымбала , Жылысбайды .
Үмітін ақтап шыққан бел баласы ,
«Жақпұтын» бақытының уыстайды .
Жумадилова Рымкеш Әлжанқызы – Абай атындағы опера және балет
театрының әншісі , «Қазақстан Республикасының
еңбек сіңірген қайраткері», «Қазақстанның тәуел-
сіздігіне 10 жыл» медалінің иегері .
Мен Қарағанды облысы , Ақтоғай ауылы, Берікқара аулында, 1957 ж. өнерге жақын отбасында дүниеге келіппін . Ол өңірде Күләш Бәйсейітова, Манарбек Ержанов , Мағауия Хамзин , Аққыз Мүсілімқызы секілді өнер саңлақтары туған . Сол жердің қасиеті маған да дарыды ма екен , мен де жастайымнан ән өнерін сүйіп өстім .
1979 жылы Құрманғазы консерваториясының дайындық курсына қабыл- дандым . Юмашева Н.Д. деген ұстаздан оқи бастадым. Ол кісі мені ауылдан келген, орысша білмейді, музыкалық сауаты жоқ деген желеумен шеттете беретін болды . Мен Бекен ағаға барып жағдайымды айттым . Бекен Бәкенұлы , менің класымда орын жоқ . Кандидат етіп қалдырайын , әрі қарай қалай еңбектенесің , өзіңді қалай көрсетесің , соған байланысты болады деді . Күндіз түні бар күшімді салып еңбектенуімнің арқасында , жазғы емтиханды үздік тапсырып, 1-ші курсқа қабылдандым…
1986 жылы консерваторияны үздік бітіріп , опера театрына әнші болып жұмысқа тұрдым . Театрда Сара , Қарлығаш , Дүрия , Батсай («Қыз Жібек»), Ақжүніс, Ақжелең («Ер Тарғын») , Ажар («Абай») , Ақтоқты («Ақан сері») , Күлпаш («Абылай хан») , Зылиха ( «Махамбет») , Жрица («Аида») , Анина («Травиата») , Микаэла («Кармен») , Лю («Турандот») т.б. партияларды орындадым. Қазақтың халық әндерін, Қазақстан компози -торларының шығармаларын әртүрлі концерттерде , көрермендердің сұранысы бойынша орындап жүремін . Оның ішінде Біржанның «Ғашығым» , «Ләйлім» , Әсеттің «Інжу-маржаны» , Хасанғалиевтің «Нұрлы таң», халық әндері «Баянауыл», «Бір бала», «Қараторғай», «Ақау бикем», «Шынарай», «Илигай», «Әупілдек», «Ағажан Ләтипа», «Гүлдариға» , «Маусымжан» , т.б. әндер бар .
1987 жылы Күләш Бәйсейітова атындағы Республикалық әншілер байқауының лауреаты атандым .
Осы жеткен жетістіктерім , Бекен Бәкенұлының маған үйреткен әншілік мектебінің жемісі , деп , мақтанышпен айта аламын . Бекен аға ауылдан келген , музыкалық сауаты жоқ көптеген дарынды жастарды дайындап
шығарды , жарты ғасыр бойы қазақтың классикалық ән , әншілер мектебінің кірпішін қалады . Ол кісі шәкірттеріне қатал талап қоюмен бірге , өзінің қамқорлығын , әкелік мерейін , ұстаздық көмегін аямады . Елімізге адал , адамгершілікке , өнерді сүюге , тарихымызды, ана тілімізді, дінімізді құрметтеуге тәрбиеледі .
Осындай ұстаздар көп болса екен деп тілеймін . Ол кісінің еңбегін , өнер жолын – жастарға үлгі ретінде , тәрбиелейміз деп уәде беремін .
Бекен Бәкенұлының әншілік өнерге сіңірген еңбегіне, Отан соғысын- дағы ерлігіне – басымызды иеміз . Халқымыз оған «Халық қахарманы» атағын беріп қойған деп санаймын .
Кенжебеков Ұлан Мырзақасымұлы – Құрманғазы Атындағы консервато-
риясының вокал кафедрасының меңгерушісі, «Қазақстан
Республикасының еңбек сіңірген қайраткері» .
Мен 1960 жылы , бұрынғы Семей облысы , Шұбартау ауданы , Баршатас аулында дүниеге келгенмін . Әкем Мырзақасым жақсы дауысы бар , сол өңірге белгілі әнші болған көрінеді . Маған әншілік өнер сол әкемнен дарыған болуы керек. Мектепте көркемөнерпаздар үйірмелеріне қатысып, ән шырқап , көзге түсіп жүрдім .
1980 жылы әскер қатарынан оралған соң , Қазақ ұлттық Құрманғазы атындағы консерваторияның ән-өнер кафедрасына оқуға түстім . Б.Б. Жылысбаев кафедра меңгерушісі болды . Бекен ағаның жанында жүріп, дәріс алып , әншілік мамандықты игердім . Оқуымды бітіргеннен кейін , Опера және балет театрына әнші болып орналастым, кейінірек Құрманғазы консерваториясында қосымша ұстаздық қызметпен де айналыстым . Театрда Айдар , Абай , Біржан , Төлеген («Қыз Жібек») , Сақан («Ер Тарғын») , Родомес («Аида») , Герман («Қарғаның мәткесі») т.б. партияларды орындадым. Халық әндерін, қазақ, шетел компози- торларының шығармаларын үлкен концерттерде орындап жүремін . «Ақбақай» , «Алқоңыр» , «Қараторғай» , Абайдың «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» т.б. Ол кісі бізге тек ұстаз ретінде емес, рухани әкеміз болды деп айта аламын . Бекен ағаның берген тәрбиесін , айтқан ақылдарын , парасатты адамгершілігін , бізге деген қамқорлығын сөзбен
айтып жеткізу мүмкін емес . Өмірдегі менің қолым жеткен жетістік -терімнің бәрі ұстазымның арқасы деп білемін . Студент кезімізде бізге өз қаражатынан тамақ , киім-кешекке дейін көмектесіп тұратын. Ағамыздың үйіндегі жеңгеміз біздерді ақ дастарханын жайып, жиі-жиі шақырып тұратын .
Бекен аға майданда қан кешіп , ел қорғаған батыр азамат, ұлағатты ұстаз . Белгілі , майталман әншілердің басым көпшілігі – Ұлы Ұстаздан білім алып , үлкен өнерге жолдама алған деп санаймын .
Шалабаев Мұрат Құралұлы -«Қазақстанға еңбегі сіңген әртіс», Чехияның
«Дворжак атындағы премияның» жүлдегері,
Германияның Карлсруе қаласының
«Алтын дауыс» атағының иегері .
Мен 1960 жылы Алматы облысы , Жамбыл ауданы , Бірлік ауылында туғанмын . Музыкаға деген құмарым бала кезімнен басталды, мектепте көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысып , жүлделі орындарға ие болып жүрдім . Жоғарғы класста ауылға Алматы консерваториясының студенті Карибаев Биғазы ауылға келіп , опера өнері , майталман әншілеріміз туралы айтып отыратын . Бекен Бәкенұлы туралы бірінші рет содан естідім .
1977 жылы Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясына түсуге бел байладым . Әкем бұл шешімімді қаламады , анам қарсы болмады . Бекен ағаны алғашқы рет көрген сәтім есімнен кетпейді … Екі иығына екі адам қонғандай , көзі найзағайдың оғындай өткір , түсі сұсты . Маған қарап :
- Ей бала , жасың нешеде ? ,- деп сұрады .
Дірілдеп, қалтырап , тілім күрмеліп, әзер дегенде :
- Он сегізге толайын деп қалдым, – деп жауап бердім .
Мырс етіп күліп , Бекен аға :
- Ал , қандай өлең айтасың , -деп , әкелік мейіріммен маған қарады .
«Айттым сәлем, қаламқас» әнін мұқият тыңдады да :
-Емтиханға дайындал, дауысың «тенор», – деді .
«Тенор» деген не болады екен ?- деп , ішімнен қатты толғандым , сөйтсем жіңішке еркек дауысы екен .
Бекен аға сондай зор қамқорлықпен , орасан зор еңбек атқарып , көптеген атақты әншілерге вокалдық және әншілік тәрбие берді. Солардың ішінен мені де әйгілі өнер ордасы – Абай атындағы опера және балет театрынан бірақ шығарды … Театрда Біржан, Айдар, Альфред («Травиата»), Ленский («Евгений Онегин»), т.б. қазақ және шетелдік операларында ойнадым .
Қазақ өнерінің жаршысы ретінде , концерттік сапарлармен көптеген шет елдерде болдым .
Өнердің қарбалас та, қиын жолдарында , шәкірттерімен бірге қиналып , қуаныштарына ортақ болған Ұлы Ұстаз – Бекен Бәкенұлымен бірге ширек ғасыр бірге болғаныма , өзімді бақыттымын деп санаймын .
Жеткен жетістіктерім үшін , маған осындай тағдыр силағаны үшін Бекен ағама шексіз алғысымды айтамын .
Өтелмес қарыздармын ! Ағамыз жасай беруіне тілектеспін !
Смаилова Роза Әдікенқызы – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық
консерваториясының доценті
Мен Бекен ағаның курсына 1986 жылы , консерваторияның екінші курсынан бастап келдім . Сол жылдары класста ылғи ер балалар оқыды , жалғыз қыз мен болдым . Бекен Бәкенұлының сабақ өткізу тәсілдері ерекше болатын . Машықтандыру (расспевки ) сабақтарында ол кісі көбінесе сыртқа шығып кететін . Шәкірттері концертмейстермен еркін қысылмай дайындалсын деген оймен болуы керек . Шығармаларды әбден пісіріп , дайындаған кезде классқа барлық оқушыларды жинап , өзінің тәсілдемелерін үйретіп , соңғы дайындықтан өткізетін . Дайындық үстінде егер опералық ария болса , оның қалай шыққанын , либреттосын , кейіпкердің образын , бәрін сұрап алады . Орындаушының білмеген жері болса , өзі толықтырып отыратын . Қазақ операларын жазған өзінің заман- дас композиторлар туралы , олардың өмірдегі игі істерін , қызықты әңгі- мелерін айтып беретін . ( Төлебаев , Рахмадиев , С. Мұхамеджанов т .б .) . Тағы бір ерекшелігі . 9-май Жеңіс күнінде , әр жыл сайын , Нұрипа жеңгей үйінде ақ дастархан жайып , соған жиналатынбыз . Ағамыз өзінің басынан өткен өмірдегі қызықты шақтарын шеберлікпен әңгімелеп отыр- ады . Әрбір шәкіртінің өнер жолын ерекше қадағалап , қолынан келгенше көмектесіп тұратын .
Концерттік сапармен Семей өңіріне , өзінің туып өскен жерінде болға – нымызда , халықтың ол кісінің өнеріне деген құрметіне , сүйіспеншілігіне күә болдық . Біз оны мақтан етеміз .
Консерваторияны бітіргеннен кейін , мені Бекен аға аспирантураға қалды рып , сол жылы кафедраға жұмысқа алды . Ұстаздық қызметімде де , ол кісі маған қамқоршы болып , өзінің мол тәжрибесін біздің бойымызға сіңіре берді . Әлемге әйгілі әнші Кургановтан , Мәскеуде дайындық курсында алған , өзінінің жеке тәжрибесі қосылған , Бекен ағаның ән өнеріндегі білімі ұшан теңіз . Орыс , Италия , өзі салған мектебі – Қазақ ұлттық консерваториясының фундаментін қалады десек , артық айтқан болмаймыз .
Ұстаздық жылдарымда мен де 40- шақты шәкірт тәрбиеледім . Олардың арасында белгілі опера әншілері Гүлзат Дәуірбаева , Жұпар Ғабдуллина, т. б . бар . «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген осы шығар . Еліміздің вокалдық өнеріне үлес қосып жүргенім – Бекен Бәкенұлының бізге берген мол білімінің арқасында деп санаймын .
Жаннат Бақтай – «Қазақстанның еңбек сіңірген артисі», 2005 жылғы
Қазақстан Республикасының «Жыл Адамы» , «Құрмет»
орденінің иегері ,көптеген конкурстардың жеңімпазы .
Мен Шығыс Қазақстан облысы, Самара ауданында 1969 жылы туғанмын. Орта мектепті бітіріп, консерваторияның ән ( профессор Б. Жылыспаев) және фортепиано (профессор Измайлов) факультеттерін қатар оқып , қызыл дипломмен бітірдім . Алматыдағы Абай атындағы опера және балет театрында бір жылдай қызмет істеп жүрген жерімнен , «Астанада опера» театры ашылған соң мені сонда шақырып алды . Қазіргі кезде «Астана опера» театрының әншісі болып қызмет атқарамын . Өнерде немесе жай өмірде , қандай да бір жетістіктерге жетіп жатсам , онда менің жоғарыда аталған ұстаздарымның үлестері зор деп есептеймін . Жетістіктерім :
- М. Глинка атындағы халықаралық конкурс – 1 ші орын ,Мәскеу
- «Полад Бюль-Бюль Оглы» халықаралық конкурс – 2 ші орын, Баку
- Күлаш Бәйсеитова атындағы конкурс – 1 ші орын ,Алматы
- Солтүстік Корея фестивалі – 1 ші орын, Пхеньян
- Болгариядағы халықаралық конкурс – 2 ші орын , София
2013 жылы Италияда стажировкадан өттім . Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар және мемлекеттік симфония оркестрлерімен елімізде және көптеген шетелдерде ән, ариялар шырқап , Қазақстанды әлемге шамам келгенше танытып жүрмін .
Ажар , Жібек , Қамар , Алтынай («Біржан-Сара») , Джильда («Риголетта») , Виолетта («Травиата» ), Гүлбаршын («Алпамыс» ) , Чио-чио-сан т.б. партияларды орындап жүрмін . Халық композиторлары әндерінен , «Гаухартас», «Бұлбұл», «Ғайни» , «Ғашығым», «Қараторғай», «Ләйлім» басқа да әндерді айтамын.
Танымал тұлға, елімізде белгілі ұстаз Б. Жылыспаевтың көптеген шәкірттерінің бірімін . Денсаулық , балалары мен немерелерінің қызығын – ұзақ көруге жазсын .
Гүлсім Абдирова – концертмейстер
Мен концертмейстер ретінде Б. Жылысбаевтың класына 1979 жылы келдім . Ол кезде консерваторияның 4-ші курсында оқып жүрген кезім . Бір-бірімізбен түсіністікпен 8 жыл бірге қызмет істедік . Бекен Бәкенұлы Италия ән мектебінің ұстанып , шәкірттеріне сол өнердің қыр – сырларын жалықпай үйретумен болды . Ол кісінің сабақтары класпен ғана шектелмей , жеңгейдің жайған ақ дастарханында жалғасып жататын . Өзім сол үйдің туған қызы ретінде сезінетінмін , қазіргі уақытта да қыздарымен араласып тұрамын .
Бекен ағаның өмірінде көптеген қиыншылықтар болды , бірақ оған ағамыз қайыспай қарсы тұрды . Өмір ол кісіні шыңдады , өзінің ерекше дауысын есейгенше сақтай білді . Біздер үшін 9- май қасиетті мереке , ол күн ұстаздың туған күні және жалпыұлттық мейрам . Біздер сол күні ұстазымыздың үйінде жиналамыз …
Сол күндер ұзақ болғай .
Ардақ Жылысбаева – Бекен Бәкенұлының қызы , әкесі , ата бабалары
туралы көркем фильм түсіруге дайындалуда .
Болашақ фильмнің сценарийынан үзінді
… Бекен ағаның арғы аталары : Керей , Жастабан , Бегімбет , Қожагелді , Манабай болып таралады . Сол аталардың 1930-32 жылдардағы аштық пен жұт кезіндегі көрген қиыншылықтары баяндалады .
… Бегімбет үйдің қасындағы ескі ағашқа өрмелеп шықты да , ауылдың ортасына жиналған жұртқа қадалып қарай бастады . Алаңға орнатылған биік ағашқа сүйеніп , мылтық асынған күзетші жігіт тұр . Сол жерде мойнына дейін құмға көмілген бір әйел ыңырсып жатыр .
Бегімбет алаңға өзінің апасының келгенін көрді . Сол арада оны , жинал ған әйелдер қоршап алды :
- Мәриям , мына бейшара әйел өлейін деп жатыр , үш күн болды ғой осылай жатқанына , -деді қара жамылған бір әйел .
- Бейшара Зейнеп , деді екіншісі , ол Сайбаның қайда екенін білмейді ғой , оны несін қинап жатыр ?- , деп жылап жіберді .
- Ол білсе де айтпайтын еді , – деді үшінші әйел . Күзетші , 20 жас шамасындағы жас жігіт : – Сен байдың қызы , қашан өлер екенсің , – деп қарқ ете қалды .
Сол кезде апасы алаңнын жанындағы бір үйге кіріп, екі алақанымен су алып келіп , Зейнептің аузына тосты . Күзетші жалт қарап : – Сен не істеп жатырсың , кет былай !,- деп мылтығын кезенді . Апасы : – Әй Паша, сенің де демің бітер кезде , аузыңа су тосатын адам табылсын , – деп , орнынан тұрып кетті .
Дәл осы сәтте Зейнептің де демі үзілген еді …
Түн ішінде Бегімбет , Мәриям , Қожагелді , Манабай бір арбаға тиеліп жолға шықты . Жолшыбай су алу үшін бір ауылға тоқтаған еді . Шағын ауыл , оншақты киіз, жер үйлер . Тым-тырыс , тірі жан жоқ сияқты . Қожагелді бір үйдің есігін ашып қарап еді , бес адам аштықтан ісіп-кеуіп өліп қалыпты . Қожагелді екеуі барлық үйлерді аралап шыққанда , тірі жан жоқ екен . Өліктердің жағымсыз иісі қолқаларын алып барады . Олар ауыздарын бүркеп , көліктеріне жүре бергенде , кенеттен бір ырылдаған дауыс естілді . Қожагелді кейін бұрылып , дауыс шыққан үйдің есігін ашып қалғанда , бір қасқырдың өліктерді мүжіп жатқанын көрді . Ашу мен ыза қысқан ол қасқырды құлақ шекеден дәлдеп атып түсірді де , есікті тарс жапты . Дәл осы кезде оның жан дүниесі , бейбіт халықты осындай халге жеткізген кінәлілерға лағнет айтып жатыр еді …
Менің әкем сол кездерде тоғыз жаста екен .
Бекен ағаның диктофонға жазған өмірбаянын компьютерге теріп , бір жүйеге келтіріп , баспаханада өз қаржысына шығарып берген – Тайтөлеу Төлтай .
МАЗМҰНЫ
Қиын қыстау балалық шақ ……………………………………………………………………
Шәкірттік шақтың шарттары………………………………………………………………….
Тұқымнан қонған ән өнері……………………………………………………………………….
Сахна төрінде……………………………………………………………………………………………
Мәскеу консерваториясында………………………………………………………………………
Оқ пен оттың ортасында…………………………………………………………………………..
Білімсіз өнер жұтаң…………………………………………………………………………………..
Мәскеудегі сынақ………………………………………………………………………………………..
Айнақатесіз келген түсім…………………………………………………………………………..
Ұлы Отан соғысында………………………………………………………………………………….
Алғашқы махаббат……………………………………………………………………………………….
Қосымша деректер………………………………………………………………………………………..
Менің замандастарым……………………………………………………………………………………
Шәкірттеріме ризамын…………………………………………………………………………………..
Бекен Бәкенұлы туралы лебіздер…………………………………………………………………..
Бекен Бәкенұлы Жылысбаев – Қазақстанның халық артисі , Қырғыстанның еңбек сіңірген қайреткері. Бұрынғы Семей облысы , Шұбартау ауданында 1923 ж. туған .
Еңбек жолын 1939 жылы Абай атындағы опера және балет театрында хор әншісі болып бастаған . 1940 жылы Мәскеу консерваториясында бірінші курсты бітіргенде , соғыс басталады . Соғыстан жараланып елге келген соң, Алматы консер- ваториясын тәмамдаған . Республикалық радиокомитетте , Қазақтың мемлекеттік филармониясында көп жылдар әнші болып қызмет атқарды . 1956 жылдан бастап 42 жыл вокалдық кафедраның оқытушысы , доценты , профессоры , меңгерушісі болды . Көптеген талантты шәкірттерді дайындады . Бақтаев К ., Қаражігітов Н., Мұсабаев М., Есімов Ғ., Сейталиев С., Құрманғалива С., Үсенбаева Н., Әбілов Ш., Шалабаев М., Кенжебеков Ұ., Жұмадилова Р., Чотабаев М ., Бақтай Ж , т. б. Алматы қала- лық кеңесінің екі мәрте депутаты болып сайланды . «Отан соғысы» , «Ленин» , «Құрмет белгісі» , «Отан» ордендерімен , «Құрмет грамоталарымен» марапатталған .
kerey.kz
Пікір қалдыру