ҚАЗАҚСТАН ФУТБОЛ ТАРИХЫНДАҒЫ ІРІ ОҚИҒА
Қазақстан футболының тарихында бірінші мәрте жергілікті клуб УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алды. “Астана” командасы (дәлірек айтқанда Эрич, Илич, Кетевоама мен Жолшиев төртеуі) кипрлік Никосияның АПОЭЛ командасын екі ойынның қорытындысы бойынша 2-1 есебімен жеңіп кетті. Бірақ, мынадай ұмар-жұмар, үзік-жұлық сүреңсіздеу ойынмен “Астана” чемпиондар лигасының көркі бола қояды деу қиын wink emoticon Бірақ, соңғы күштерін сарқи жүріп алғашқы тарихи нәтижеге қол жеткізген клуб футболшылары мен тренерлерін, жанкүйерлерін һәм “Астана” президенттік клубы мен “Самұрық-Қазына” қорындағы осы саланы дамытуға ерекше көңіл бөліп отырған жетекші азаматтарды жеңістерімен құттықтаймын!
P.S. Бақайшығыма дейін “Қайраттың” жанкүйері болғандықтан ертеңгі “Бордомен” матчты асыға күтіп отырмын. Футбол тойы жалғаса берсін, достар!
Ғалым БОҚАШТЫҢ facebook парақшасынан алынды
Пікір қалдыру