“Астана” велокомандасының Еуропада жанкүйерлері қалыптасып кележатыр!
“Астана” велокомандасының капитаны Фабио Ару жексенбі күні “Испания вуэльтасы” жарысында жеңімпаз атанды. Дәл осы белгілі велотурнирді 2006 жылы қазақстандық Александр Винокуров жеңіп алған еді. “Астана” велокомандасының Еуропада жанкүйерлері қалыптасып келе жатқанын байқаймын. Биылғы көктемнің басында Ницца әуежайында “астаналықтарға” жергілікті бірнеше адамның “Жарайсыңдар, отбасымызбен сендерге жақтасып отырамыз” деп жатқандарын көрдім. Ара-тұра Еуропа қалаларынан “Астана” клубының формасын киген адамдарды көзім шалып қалады. Өткен апта Германияның Гейдельберг қаласына барғанымда орталық Хаупштрассе көшесімен келе жатсам, алдымнан мына ерлі-зайыпты шыға келді. Ерінің үстіндегі спорт жейдесі көзіме оттай басылды да, саусағым автоматты түрде фотоаппарат түймесін сырт еткізді:)

Ғалым БОҚАШТЫҢ facebook парақшасынан алынды

Пікір қалдыру