|  | 

Мәдениет

National Geographic қазақ тілінде де шықпақ

2016 жылдан бастап National Geographic журналының қазақ тіліндегі нұсқасы шығатыны хабарланды. Басылым өкілінің сөзінше, журнал бұған дейін Қазақстанға қатысты санаулы мәселені ғана сөз еткен.

Шыңғыс ханның бейітін іздеп жүрген National Geographic зерттеушісі Альберт Лин Моңғолияның солтүстігінде атқа мініп жүр. (Көрнекі сурет)

Шыңғыс ханның бейітін іздеп жүрген National Geographic зерттеушісі Альберт Лин Моңғолияның солтүстігінде атқа мініп жүр. (Көрнекі сурет)

 АҚШ ұлттық география қоғамының басылымы National Geographic Magazine 1888 жылдан бері шығады. Әу баста иллюстрациялық материалдары аз, негізінен ғылыми бағытта жасалған журнал кейін безендірілуі көп, тілі жалпыға ұғынықты танымал журналға айналған.

Журналдың қазақша нұсқасы шығатыны жайлы хабар биыл қыркүйектің басында, Қазақстан сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рапил Жошыбаевтың АҚШ-қа сапары кезінде жарияланған еді.

National Geographic Kazakhstan журналының жауапты шығарушысы Мақсат Ясылбайұлы Азаттық тілшісімен сұхбатында алдағы жоспарлары жайлы да айтты.

Азаттық: – National Geographic журналының қазақша нұсқасын шығаруға не себеп болды?

National Geographic Kazakhstan журналының жауапты шығарушысы Мақсат Ясылбайұлы.
National Geographic Kazakhstan журналының жауапты шығарушысы Мақсат Ясылбайұлы.

Мақсат Ясылбайұлы: – Бұл журнал әлемде неғұрлым кең таралған ғылыми-көпшілік басылым екені мәлім. National Geographic қазір әлемнің 38 тілінде, 80-нен астам мемлекетке таралады. Орталығы АҚШ-тың Вашингтон қаласындағы журнал 19-ғасырда АҚШ ұлттық география қоғамының ресми басылымы ретінде шығып, жылдар бойы құнды деректерімен оқырман сеніміне ие болған. АҚШ ұлттық география қоғамы тарихи-этнографиялық зерттеулермен шұғылданып, ұзақ жылдар мол тәжірибе жинақтаған. Сондықтан бұл журналдың материалдарын нақтылы дерек көзі ретінде құнды әрі сенімді деуге болады.

Осындай мағлұматы мол, мүмкіндігі көп журналды Қазақстанға да тартуды көздеп, Астанадағы «Қазмедиа» холдингінің басшылығы National Geographic журналының басшылығына ұсыныс жасаған.

National Geographic көршілес Ресей мен Қытайда, араб елдерінде де шығып жатыр. Ал Орталық Азияда әзірге Қазақстанда ғана шықпақ.

Азаттық: – Журналдың қазақша нұсқасын кім қаржыландырады?

Мақсат Ясылбайұлы: National Geographic Kazakhstan әйгілі журналдың брендін пайдаланады. Бірақ қаржыландыратын – «Қазмедиа» холдинг. Ал National Geographic журналының серіктестік көмегі болады. Жақында біздің жаңа редакциямыз АҚШ-қа барып, National Geographic журналымен танысып қайтты. Сонда америкалық әріптестеріміз миллиондаған фотосуреті бар мұрағатын көрсетті. Арасында Қазақстан туралы еш жерде жарияланбаған, сирек кездесетін фотосуреттер де бар. National Geographic осындай фотосуреттер базасын пайдалануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ National Geographic қазақ тілінде шыққан материалдарымыздың арасынан өзіне ұнағанын таңдап, жариялай алады. Ондай материалдарымызды басқа да серіктес журналдар да жариялауы мүмкін.

National Geographic Magazine тілшісі Стефано Унтертинер түсірген сурет. Хоккайдо, Жапония, 2010 жылдың қаңтары. (Көрнекі сурет)
National Geographic Magazine тілшісі Стефано Унтертинер түсірген сурет. Хоккайдо, Жапония, 2010 жылдың қаңтары. (Көрнекі сурет)

Азаттық: – National Geographic Kazakhstan негізінен қандай тақырыпты жазбақ?

Мақсат Ясылбайұлы: – Негізгі тақырыбымыз – табиғат, қоршаған орта мәселесі. Осы салалар бойынша бір мақала жазу үшін түбегейлі, тиянақты зерттеулер жасалады. Зерттеушілер мен ғалымдар шақырылып, мақала сұрыпталып, халыққа түсінікті қарапайым тілмен баяндалады. Біз журналдың осы мүмкіндігін пайдалануды мақсат етіп отырмыз. Қазірге дейін бұл журналда Қазақстан туралы материалдан тек Арал мәселесі ғана айтылған екен. Жер аумағы жөнінен дүниежүзі бойынша 9-орын алатын Қазақстанда жануарлар мен өсімдік әлемінің және табиғаттың алуан түрі бар. Біз журнал арқылы осыны көрсетеміз. Әзірге ағылшын тіліндегі материалдарды қазақшаға аударып береміз, бірте-бірте жергілікті контентті көбейтеміз.

Азаттық: – Сұхбатыңызға рақмет.

Асылхан МАМАШҰЛЫ

Азаттық

Related Articles

  • Қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады?

    Қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады?

    Zhalgas Yertay         Қазақстан билігі мемлекеттік тілді дамыту үшін қатаң шешімдерге барғысы келмейді дейік. Бірақ қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады? Соны ойланып көрейік. Қазақ тілін дамыту жайын айтқан кезде Қазақстан билігі қоғамды екіге бөледі. Бірі – тілді дамытудың радикал шешімдерін ұстанады, екінші жағы – қазіргі статус-квоны сақтағысы келеді, яғни ештеңе өзгертпей-ақ қояйық дейді. Бірақ екі жолды да таңдамай, ортасымен жүруді ұсынып көрсек қайтеді!? Батыл қадамдарға барайық, бірақ ол радикал жол болмасын. Қазақ тілін күшпен емес, ортаны дамыту арқылы күшейтсек болады. Яғни адамдар тілді үйреніп әуре болмай-ақ, халық жай ғана қазақ тілі аясында өмір сүруді үйренсін. Негізгі ой осы. Біз осы уақытқа дейін адамдар ортаны

  • Елдес Орда, тарихшы: «Түркістан» атауын қолдану – аймақтағы жұмсақ күш позициясын нығайту тәсілі

    Елдес Орда, тарихшы: «Түркістан» атауын қолдану – аймақтағы жұмсақ күш позициясын нығайту тәсілі

    Фото ашық дереккөздерден алында Өткен аптада Түркияның ұлттық білім министрлігі мектеп бағдарламасына «Түркістан» деген терминді енгізген еді. Шетел басылымдарының жазуынша, бұл атау енді «Орталық Азия» ұғымының орнына қолданылмақ. Білім министрі Юсуф Текин жаңа атау түркі әлемінің бірлігін қамтамасыз етуге бағытталғанын айтады. Оның сөзінше, үкімет оқу бағдарламасынан империялық мағынасы бар географиялық атауларды алып тастамақшы. Ең қызығы, «Түркістан» аумағына Қазақстаннан бөлек, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан мен Тәжікстан жатады екен. Сондай-ақ кейбір басылымдар бұл терминнің Қытайдың батысында орналасқан Шыңжан өлкесіне қатысы барын да атап өтті.  Кейбір ғалымдар «Орталық Азия» термині колониализмнен қалғанын жиі атап жүр. ХХ ғасырдағы әлемдік академиялық ғылымды сол кездегі ірі империялар қалыптастырғандықтан, бүгінде мұндай терминдер мен атаулар халық санасына әбден сіңіп

  • «Алғашқы кітап» деректі бейнефильмі

    «Алғашқы кітап» деректі бейнефильмі

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетіне қарасты Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының тапсырысымен «JBF company» компаниясы Семей қаласында, Шыңғыстау өңірінде, Алматы облысының Жамбыл ауданында  «Алғашқы кітап» атты деректі бейнефильм түсіруде. Деректі фильм Абайдың 1909 жылы Санкт Петербургтегі Илья Бораганский баспасында басылған алғашқы шығармалар жинағының жарық көруіне арналады. Ұлы Абай мұрасының қағаз бетіне таңбалану тарихын баяндайды. Қазіргі адамдар бұрынғы уақыттың, Абай заманының нақты, деректі бейнесін, сол кездегі адамдардың әлпетін, киім үлгісін көз алдарына елестетуі қиын. Көпшіліктің ол уақыт туралы түсінігі театр мен кинофильмдердегі бутафорлық киімдер мен заттар арқылы қалыптасқан. Алайда Абай уақытындағы қазақ тіршілігі, қазақтардың бет-әлпеті, киім киісі, үй – жайы, бұйымдары таңбаланған мыңдаған фотосуреттер сақталған. Бұлар Ресей, Түркия, Ұлыбритания

  • ЖАЛБЫРҰЛЫ ҚОЙБАС ЖАЙЫНДАҒЫ КҮМӘНДІ КӨҢІРСІК ӘҢГІМЕЛЕР

    ЖАЛБЫРҰЛЫ ҚОЙБАС ЖАЙЫНДАҒЫ КҮМӘНДІ КӨҢІРСІК ӘҢГІМЕЛЕР

                          1. АМАНДЫҚ КӨМЕКОВТІҢ АЙТЫП ЖҮРГЕНІ – АЙҒАҚСЫЗ БОС СӨЗДЕР        Қазақстанның батыс аймағында ғұмыр кешкен өнерпаздың бірі – Жалбырұлы Қожантай  жайлы соңғы кезде қисыны келіспейтін неше түрлі әңгімелер өріп жүр. Мұның басында тұрғандардың бірі – Амандық Көмеков. Бұрында да оның, басқа да кісілердің елді адастыратын негізсіз сөздеріне байланысты нақты дәлелдер келтіріп, «Құлан құдыққа құласа, құрбақа құлағында ойнайды» деген атаумен түзген сын мақаламызды республикалық «Түркістан» газеті (28.09. 2023 жыл) арқылы жұрт назарға ұсынғанбыз-ды. Әлеуметтік желіде Азамат Битан есімді блогердің жуырда жариялаған видео-түсірілімінде А. Көмеков өзінің сол баяғы «әләуләйіне» қайта басыпты. Сөзін ықшамдап берейік, былай дейді ол: «1934 әлде 1936 жылы (?) Мәскеуде өткізілетін

  • ШОҚАН УӘЛИХАНҰЛЫ ДЕГЕН ЕКЕН..

    ШОҚАН УӘЛИХАНҰЛЫ ДЕГЕН ЕКЕН..

    Ел аузында қазақ оқымыстылары айтты деген сөздер аз емес. Белгілі ғалым, этнограф А. Сейдімбек құрастырған тарихи тұлға, асқан оқымысты Шоқан бабамыздың тапқыр сөздерін назарларыңызға ұсынамыз. * * * Омбыға оқуға жүрер алдында бала Шоқан әкесінің ел іші мәселесін шешудегі кейбір өктем, ожар қылықтарына көңілі толмай, «оқуға бармаймын» деп қиғылық салса керек. Тіптен көнбей бара жатқан баласын қатал Шыңғыс жәрдемші жігіттеріне байлатып алмаққа ыңғайланып: «Шықпаса көтеріп әкеліңдер, арбаға таңып аламыз!» − дейді. Сонда дәрмені таусылған Шоқан әкесіне: «Байлатпа! Абылай тұқымынан байланғандар мен айдалғандар жетерлік болған!» − деп тіл қатады. Бала да болса ақиқат сөзді айтып тұрған баласынан тосылған әке дереу Шоқанды босаттырып жібереді. * * * Петербургте Сыртқы Істер министрлігінің бір

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: