|  | 

Саясат

“ЖАҚСЫ КӨРУ” СЕРИЯСЫ: ҚАРАПАЙЫМ МИНИСТР

2002 жылы Қазақстан президентімен “Қазақстан” ұлттық телеарнасында тікелей эфир өткізген соң трансляция кезінде қарапайым көрермендерден түскен шағымдарға қатысты (ол кезде әлі де жай халықтың сауал қою мүмкіндігі бар еді) мемлекет басшысы берген нұсқаулар қалай орындалып жатқаны жайлы әр сенбі сайын министрлерді Астанадағы өзім бас болып құрған Ақпарат-сараптама дирекциясының (ДИАП) студиясына келіп есеп беруге шақырдық.

Министрлердің көпшілігі вицелері мен комитет төрағаларын жіберіп қашқақтауға тырысты, бірақ бәрібір өздерін келтіру үшін біраз шайқасуға тура келді. Сол кезде өз саласы бойынша көтерілген өткір мәселелерге еш қашқақтамай айтқан уақыттан ерте келіп, анық есеп беріп кеткен бір министр болды. Ешқандай көмекшісіз жалғыз өзі жетіпті. Ол кісінің ғимаратқа кіргенін күзетші байқаған, бір орынбасарыма хабарлаған. Орынбасар жігіт менің кабинетіме кіргізіп кеткен. Диспетчер әріптесіміз (хатшы қыз ұстаған емеспін) мені күтіп отырғанына ыңғайсызданып өзі ішіп отырған шайымен бөліскен. Студиядағы әріптестермен декорация мен жарыққа қатысты бір мәселелерді пысықтап қайтып келсем, бөлмемде министр отыр. Келіскен уақыттан ерте келетінін білмегенімді айтып ғафу өтінсем, “Жоға, ештеңе етпейді” деп қояды. Сосын әңгімемізді студияда жалғастырдық. Өз мекемесіне қатысты президентпен тікелей эфир кезінде айтылған ескертпе-шағымдардың әрқайсысына орай не жасалып жатқанын мұқият баяндап шықты. Барын бар, жоғын жоқ деді. Астананың бір ауруханасындағы дәрігерлердің салғырттығынан сырқат болып қалды деп сипатталған бір бүлдіршін қыздың әке-шешесі президентке арыз айтқан еді, сол жағдай бойынша расында да кінәлі дәрігердің табылғанын, бас дәрігер мен меңгерушіден бастап бәрінің қызметтен алынғанын, әлгі кішкентайды квотамен Израильге жіберу мәселесі қарастырылып жатқанын хабарлады. Маған ұнағаны – жай ғана министр-менеджер емес, дәрігер-адам сияқты сөйледі. Бұл хабардан соң денсаулық сақтау саласына қатысты қандай да бір мәселе бойынша хабарлассақ, бірден телефон тұтқасын алып жауап беретін. Кейін Қазақстандағы ақпарат пен әкімшілік саласынан кетіп қалсам да, сан рет дәрігер ретінде жәрдем еткен адамгершілігінің куәсі болдым. Осы айтып отырған министр Жақсылық Досқалиев бес жыл бұрын “жемқорлықпен күрес” науқаны кезінде істі болып, көп ұзамай босап шықты. Өзін сыйлайтын кәсіби ортасына, дәрігерлік іске қайтып оралды. Биліктен кетсе де, кәсібінен айнымаған тәжірибелі маманды һәм адамгершілік иесін “Жақсы көру” сериясының аясында жай еске алып қойғым келді.

Ғалым Боқаш

Facebook-тегі парақшасынан

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: