Алтайда сырмақ тігуден сайыс өтті (ФОТО)
Қытайдың Алтай аймағында өткен егін, малшауашылығы өнімдерінің көрмесі аясында аталған аймақтың аудан, ауылдарынан келген 100 шебер әйел сырмақ тігу бәсекесіне қатысты.

.jpg)
100 сайыскер бірдей формадағы дөңгелек сырмақты 2 сағат ішінде тігіп шыққан. Оның 25-і жүлдегер атанып, марапатталды,-деп жазады Қытай Қазақ радиосының сайты.
.jpg)
Сондай-ақ, көлемді көрме аясында Алтай қаласы Балбағай ауылының тұрғыны Бахтигүл Солтанияқызының 3 ай уақыт жұмсап тіккен ұзындығы 4 метр, ені 2 метр сырмағы бәссаудаға салынып, 13 мың юанға (500 мың теңге) сатылды.
.jpg)
Буыршындық шебер Айдынгүл Еркінқызының қолынан шыққан «Қанас көрінісі» атты кестелі сурет 26 мың юанға (1 милн. теңге) сатылды.

Алтай қаласы «Ақжол» ұлттық киім серіктестігінің директоры Пәзила Қабдырахманқызының жобалаған ШҰАР құрылғандығының 60 жылдығына арналып 120 метр матадан тігілген 60 қатпарлы қазақ көйлегі мен Қытайдағы 56 ұлттың ынтымағын бейнелейтін 56 қатпарлы қазақ көйлегі Гиннестің рекордтар кітабына енді.
Фото: kazakcnr.com сайтынан алынды
baq.kz

Пікір қалдыру