|  | 

Суреттер сөйлейді

Порошенко Астанада жұбайымен естелікке суретке түсті

Нұрсұлтан Назарбаев, Петр Порошенко жұбайы Марина Порошенкомен. Сурет Украина президентінің ресми сайтынан алынған

Украина президенті Петр Порошенко мен оның жұбайы Астанаға барған сапарынан естелік қалдыру үшін суретке түсті, – деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі.

Порошенко және оның жұбайы Марина мен Нұрсұлтан Назарбаев түскен суретті Украина президентінің ресми сайты жариялады.

“Украина мемлекетінің басшысы мен оның жұбайы барған президенттік Ақорда сарайының салтанатты шаралар залында Украина мен Қазақстанның әнұраны шырқалды. Екі елдің басшылары Қазақстан құрметті қарауылының әскери сабын қарап шығып, өз елдерінің делегациясын таныстырды. Салтанатты шарадан кейін Петр Порошенко мен Нұрсұлтан Назарбаевтың “көзбе-көз” форматындағы кездесуі өтті”, – делінген Порошенконың ресми сайтындағы хабарламада.


© president.gov.ua


Порошенконың жұбайының жанында тұрған Қазақстанның денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова. © Тұрар Қазанғапов

Осыдан кейін Украина-Қазақстан келіссөздері кеңейтілген құрамда өтеді.

Көзбе-көз

бүгін, 20:53

Суреттер Украина президентінің ресми интернет-өкілдігінен алынды © president.gov.uaСуреттер Украина президентінің ресми интернет-өкілдігінен алынды © president.gov.ua

Украина президенті Петр Порошенко Астанаға ресми іссапармен келді. Қазақстанға келуді ол көп уақыттан бері жоспарлап жүрген еді, алайда ол кейінгі қалдырылып жүрді. Кездесудің қалай өткені жайлы Tengrinews.kz фотобаянынан көре аласыздар.

Петр Порошенко жұбайымен бірге Астанаға кешкі уақытта ұшып келді. Білуімізше, оның ұшағы Ресей аумағына кірмей, айнала ұшқан. © president.gov.uaПетр Порошенко жұбайымен бірге Астанаға кешкі уақытта ұшып келді. Білуімізше, оның ұшағы Ресей аумағына кірмей, айнала ұшқан. © president.gov.ua

Таңғы уақытта оны Ақорда басшылығы күтіп алды. © president.gov.uaТаңғы уақытта оны Ақорда басшылығы күтіп алды. © president.gov.ua

Оны және оның жұбайы Маринаны. © president.gov.uaОны және оның жұбайы Маринаны. © president.gov.ua

© president.gov.ua© president.gov.ua

Украинаның бірінші ханымымен Қазақстанның денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова бірге болды. © president.gov.uaУкраинаның бірінші ханымымен Қазақстанның денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова бірге болды. © president.gov.ua

Бір сөзбен айтқанда Украина президенті мен оның жұбайына барлық жағдай жасалды. © president.gov.uaБір сөзбен айтқанда Украина президенті мен оның жұбайына барлық жағдай жасалды. © president.gov.ua

Петр Порошенконың баспасөз қызметінің мәліметінше, Украина президенті Қазақстанға іссапармен келуге шақырған Назарбаевқа алғыс айтқан. "Біздің елдерімізді сауда-экономикалық, әлеуметтік және өзге де байланыстар байланыстырады. Украиндер Қазақстанда өз үйінде жүретініне қуанамыз", - деді Петр Порошенко. © Тұрар ҚазанғаповПетр Порошенконың баспасөз қызметінің мәліметінше, Украина президенті Қазақстанға іссапармен келуге шақырған Назарбаевқа алғыс айтқан. “Біздің елдерімізді сауда-экономикалық, әлеуметтік және өзге де байланыстар байланыстырады. Украиндер Қазақстанда өз үйінде жүретініне қуанамыз”, – деді Петр Порошенко. © Тұрар Қазанғапов

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Порошенко Ресейге қатысты сыни ойларын айтқан. © Тұрар ҚазанғаповБаспасөз қызметінің мәліметінше, Порошенко Ресейге қатысты сыни ойларын айтқан. © Тұрар Қазанғапов

Украина Президенті сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақ хандығының 550 жылдығымен құттықтап, мемлекеттіліктің нышаны болып саналатын, еліміздің тарихи тамырының тереңдігін көрсететін мерейтойдың маңыздылығын атап өтті. © president.gov.uaУкраина Президенті сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақ хандығының 550 жылдығымен құттықтап, мемлекеттіліктің нышаны болып саналатын, еліміздің тарихи тамырының тереңдігін көрсететін мерейтойдың маңыздылығын атап өтті. © president.gov.ua

Сонымен қатар, украин президентінің Нұрсұлтан Назарбаевқа "Қазақстанның халықаралық аренада Украинаның территориялық тұтастығы мен егемендігін нақты әрі қатаң түрде қолдайтыны" үшін тағы алғыс айтқаны айтылады. © Тұрар ҚазанғаповСонымен қатар, украин президентінің Нұрсұлтан Назарбаевқа “Қазақстанның халықаралық аренада Украинаның территориялық тұтастығы мен егемендігін нақты әрі қатаң түрде қолдайтыны” үшін тағы алғыс айтқаны айтылады. © Тұрар Қазанғапов

Бірақ президенттер саясат жайлығы ғана айтқан жоқ, сонымен қатар экономиканы да тілге тиек етті. Келіссөздерден кейін олар Қазақстан-Украина бизнес-форумына қатысты. © president.gov.uaБірақ президенттер саясат жайлығы ғана айтқан жоқ, сонымен қатар экономиканы да тілге тиек етті. Келіссөздерден кейін олар Қазақстан-Украина бизнес-форумына қатысты. © president.gov.ua

Талқыланған мәселелердің көп болғаны соншалықты, президенттер екіжақты кездесудің уақыт лимитін асырды. © president.gov.uaТалқыланған мәселелердің көп болғаны соншалықты, президенттер екіжақты кездесудің уақыт лимитін асырды. © president.gov.ua

Украина президенті Астананың осындай келбетін көрді. © president.gov.uaУкраина президенті Астананың осындай келбетін көрді. © president.gov.ua

Екі елдің президенттерінің әңгімелесуге уақыты болды. Көзбе-көз. © president.gov.uaЕкі елдің президенттерінің әңгімелесуге уақыты болды. Көзбе-көз. © president.gov.ua

© Тұрар Қазанғапов© Тұрар Қазанғапов

tengrinews.kz

Related Articles

  • Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Рид СТЭНДИШ Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) елге сапармен келген қытай генералы Чжан Юсямен қол алысып тұр. 2017 жыл. Өткен аптаның аяғында Қытайдың Орталық әскери комиссиясы төрағасының орынбасары қызметінен әрі Қытай коммунистік партиясы саяси бюросының мүшелігінен босатылды. Әскери басшылықтағы мұндай жоғары шенді тұлғаның орнынан алынуы Пекиннің Тайваньға қатысты жоспарына, АҚШ-пен бәсекесіне және аймақтағы тұрақты ойыншы ретіндегі рөліне қатысты бірқатар сұрақ туғызып отыр. 24 қаңтар күні Пекин қызметтен босатылған генерал Чжан Юся (Қытай басшысы Си Цзиньпиннің көп жылдан бергі сенімді серігі болған) тергеуге алынды деп хабарлады. Тосын шешімнен кейін Си Цзиньпин әскери басшылық шыңында жалғыз өзі қалды. Қытайды зерттеуші сарапшылар мұның билік сабақтастығына елеулі салдары болады дейді. Ал Пекиннің серіктестері

  • Тек тілге байланысты…

    Тек тілге байланысты…

    Қазақ Республикасында бір ғана мемлекеттік тіл бар. Ол- қазақ тілі. Қазақ тілінен басқа ешбір екінші тілге мемлекеттік мәртебе берілмеуі керек! Отыз жылдан астам уақыттан бері геосаяси ахуалды сылтауратып келдік. Енді біздің де мінезімізді һәм мысымызды көрсететін уақыт келді. ҚР-ның азаматы һәм салық тапсырушы қатардағы тұрғыны ретінде талап етемін! Алдағы бес жылда Қазақ Республикасында елеулі демографиялық өзгерістер болады. Атап айтқанда 2030 жылынан кейін қазақтардың республикадағы жалпы үлесі 80-85% ке дейін артады. Славян халықтарының өсімі азайып 10%-ға дейін түседі. Есесіне елдегі түркітілдес өзбек, татар, ұйғырлардың өсімі еселеп өсіп тіпті 10-15 жылда орыстардың орнын басып озуы мүмкін. Сол кезде Қазақ Республикасындағы жалпы түркітілдес халықтардың үлес салмағы 85-90% ке жетеді. Нәтижесінде қазақ мектептерінің саны,

  • Олжас Сүлейменов. Мен білем!.. 

    Олжас Сүлейменов. Мен білем!.. 

    Серік Ерғали Суреттер: madeniportal.kz және С.Ерғали мұрағаттарынан алынды. «Я знаю!..» кітабынан үзінді-аударма. ОСИРИС ЗАҢЫ I Біз адамзат тарихын өте нашар білеміз. XIX ғасырдың басында Наполеон әлемге Мысырды ашты, ал ғалымдар бұл елдің қирандыларын зерттеп, оның шамамен б.з.д. III мыңжылдыққа тиесілі екенін анықтады. Сол кезде адамзат тарихы тағы да қос мыңжылдыққа тереңдей түсті. Бірнеше мыңжылдық бұрын (мен білем) адамзат (немесе оның кейбір бөлігі) таңбалы жазуды қолданып, жазып жүрген. Бұл білімдерді қалпына келтіру арқылы біз XX ғасырдың басында жасанды түрде үзілген тіліміздің тарихына қатысты қолжетер шындықты қайта тануымызға тура келді. 1926 жылы Бакуде өткен алғашқы түркологиялық конгрестен кейін түркология ғылым ретінде қалыптаса алмады… …2018 жылы Назарбаев мені әңгімелесу үшін Ақордаға шақырды. Үлкен үстелдің басында

  • Алаштың беймәлім бейнесі табылды

    Алаштың беймәлім бейнесі табылды

    Қуанышты, сүйінішті жаңалық! Алаштың беймәлім бейнесі табылды Арма, қадірлі оқырман! «Искры» журналдың 1907 жылғы бір санында қазақ қайраткерлерінің бізге беймәлім бейнесі сақталған. Айта кетейік, «Искры» суретті журналы 1901-1917 жылдары «Русское слово» газетінің қосымшасы ретінде шығып тұрған. “Думадағы мұсылман фракциясы” деп аталатын суретті хабарда патшалық Ресей құрамындағы мұсылман депутаттарының бейнесі көрсетілген. Ішінде думаға мүше болған қазақ депутаттары да бар. Атап айтсақ төрт тарихи тұлғаның бейнесі сақталыпты: Бірінші сурет: М. Тынышбайұлы, Жетісу облысы; Екінші сурет: Б. Қаратайұлы, Орал облысы; Үшінші сурет: А. Бірімжанұлы, Торғай облысы; Төртінші сурет: Ш. Қосшығұлұлы, Ақмола облысынан. Ұлыстың ұлы мерекесі құтты болсын! Елдес ОРДА 19.03.2025

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: