Елбасы Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанға Анкара қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады
Жеделхатта қайғылы оқиғаның салдарынан бейбіт шеруге қатысқан көптеген жазықсыз азаматтар қаза тапқаны және зардап шеккені туралы хабарды Елбасы зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.
Нұрсұлтан Назарбаев барша Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан бауырлас түрік халқына, қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Ақ орда баспа сөз қызметі

Пікір қалдыру