|  | 

Жаһан жаңалықтары

МН17 апаты есебі: кей сауалға жауап жоқ

Қазанның 13-і күні Нидерланд мамандары Malaysia Airlines компаниясына тиесілі Boeing ұшағының 2014 жылы шілдеде Украинаның шығысында апатқа ұшырау себебіне қатысты түпкілікті ресми есебін жариялады.

​Нидерланд қауіпсіздік кеңесінің малайзиялық Boeing апатына қатысты есебінен алынған сурет.

​Нидерланд қауіпсіздік кеңесінің малайзиялық Boeing апатына қатысты есебінен алынған сурет.

Нидерланд қауіпсіздік кеңесі Украинаның шығысында атып түсірілген малайзиялық Boeing апатына қатысты 15 айға созылған тексеру нәтижелері бойынша түпкілікті есебін жариялады.

Ресми есепте жаңа деректер келтірілгенімен, 2014 жылдың шілдесінде 298 адамның өмірін қиған трагедияға қатысты жайттар толық ашылмаған.

Белгілісі:

● Ұшаққа БУК зенит-зымыран қондырғысынан атылған 9М38 сериялы зымыранның 9Н314М (9N314M) оқтұмсығы тиген.

● Қондырғы Украинаның шығысындағы 320 шаршы километр аумақты қамтитын ауданда орналасқан. Есеп авторларының мәлімдеуінше, ұшаққа метеорит немесе әуеден атылған зымыран тимеген және бортта жарылыс болмаған.

● Снаряд ұшаққа бір метрдей жетпей, яғни ұшқыштар кабинасынан бір текше метрдей сол және жоғарғы жақ тұсынан жарылған. Кабинадағы үш экипаж мүшесі жарықшақ элементтері тиіп қаза тапқан, ұшақ әуеде күл-талқаны шыққан.

● Ұшақ сынықтары 50 шаршы километр аумаққа шашылған.

Қауіпсіздік кеңесі тексеруді кінәлі жандарды анықтау мақсатында жүргізбегендіктен, түпкілікті есепте мынадай маңызды екі сұраққа нақты жауап жоқ:

1. Boeing ұшағын дәл қай тұстан атқан?

Нидерланд қауіпсіздік кеңесі басшысы Чиббе Яустраның (Tibbe Joustra) айтуынша, зымыран атылған нақты орынды анықтау үшін қосымша тексеру жүргізу қажет.

Жүргізілген есептеулер мен өлшеулерге сәйкес, зымыран Украинаның шығыс жағындағы 320 шаршы километр аумақты қамтитын территориядан атылған:

Украина тарабының дерегінше, ұшақ апатқа ұшыраған күні шайқас аймағы картасы мынадай болған (сепаратистер бақылауындағы территория штрихталған):

Мына карта мен негізгі елдімекендермен (түрлі-түсті бояумен бөлінген) қиюластырғанда мынадай қорытынды шығады:

2. Boeing-ті кім атқан?

Яустраның сөзінде де, ресми есепте де ұшақты апатқа ұшыратқан зымыранды кім атқаны хабарланбайды. Тіпті зымыран кімнің территориясынан атылғанын көрсететін тікелей ақпарат жоқ.

https://youtu.be/iGm00TdqirY

***

Есеп жарияланғаннан кейін Малайзия премьер-министрі «енді біз ұшақты сепаратистер бақылауында болған территориядан және Ресейде жасалған БУК зымыранымен атып түсіргенін білеміз» деп мәлімдеді:

 https://twitter.com/KiritRadia/status/653931838105354240?ref_src=twsrc%5Etfw

ТАСС агенттігі Ресей сыртқы істер министрі орынбасары Сергей Рядковтың есепті «біржақты қорытынды жасап, саяси тапсырысты орындауға тырысу» деп атаған сөзін келтірген.

***

БУК қондырғысын шығаратын әрі Батыс елдері санкциясына іліккен «Алмаз-Антей» концерні Нидерланд есебін жариялардан бірер сағат бұрын баспасөз жиынын өткізіп, апатқа қатысты өз болжамын мәлімдеді.

Концерн мамандарының мәлімдеуінше, апат болған сәтте зымыран Украина әскері бақылауында болған Зарощенское елдімекені маңынан атылған.

Украина тарапы зымыран ресейшіл сепаратистер бақылауында болған территориядан – Снежное қаласы түбінен атылған деп есептейді. Жария дерек көздер бойынша өз тексеруін жүргізген Bellingcat тобы сарапшылары да осындай қорытындыға келген.

Олардың дерегінше, Boeing ұшағын Ресейдің әуе шабуылынан қорғайтын 53-бригадасының (Курск) Ресейден жеткізілген БУК қондырғысынан атып түсірген.

***

2014 жылы шілденің 17-сі күні жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 16:20-да Украинаның Донецк облысының шығысында Malaysia Airlines компаниясының Амстердам – Куала-Лумпур, МН17 рейсі бойынша ұшып бара жатқан Boeing 777-200ER жолаушылар ұшағы күйреп, борттағы 298 адамның бәрі мерт болған.

“Настоящее Время” бағдарламасының материалы орыс тілінен аударылды. 

Азаттық радиосыжәнеАйжан ОРАЛҒАЗИНА

 Азаттық радиосы

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Рид СТЭНДИШ Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) елге сапармен келген қытай генералы Чжан Юсямен қол алысып тұр. 2017 жыл. Өткен аптаның аяғында Қытайдың Орталық әскери комиссиясы төрағасының орынбасары қызметінен әрі Қытай коммунистік партиясы саяси бюросының мүшелігінен босатылды. Әскери басшылықтағы мұндай жоғары шенді тұлғаның орнынан алынуы Пекиннің Тайваньға қатысты жоспарына, АҚШ-пен бәсекесіне және аймақтағы тұрақты ойыншы ретіндегі рөліне қатысты бірқатар сұрақ туғызып отыр. 24 қаңтар күні Пекин қызметтен босатылған генерал Чжан Юся (Қытай басшысы Си Цзиньпиннің көп жылдан бергі сенімді серігі болған) тергеуге алынды деп хабарлады. Тосын шешімнен кейін Си Цзиньпин әскери басшылық шыңында жалғыз өзі қалды. Қытайды зерттеуші сарапшылар мұның билік сабақтастығына елеулі салдары болады дейді. Ал Пекиннің серіктестері

  • Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Швеция мен Дания Украинаға арнап британ-швед өндірісіндегі заманауи Tridon Mk2 зениттік қондырғыларын сатып алуға бірігіп кірісті. Кешен әсіресе жақын қашықтықта ұшатын ирандық «Шахед» дрондарына қарсы ең тиімді қарудың бірі. Қазіргі уақытта Tridon Mk2 өз класындағы ең озық әуе шабуылына қарсы жүйе саналады. Tridon Mk2 зениттік қондырғысының басты ерекшелігі атыс қарқыны. Ол минутына 300 оққа дейін жаудыра алады. Осылайша әуе кеңістігіне енетін шағын дрондардың көзін жылдам әрі дәл жоюға мүмкіндік туады. Тағы бір артықшылығы атылатын 40-мм снарядтардың құны небәрі 27 долларды құрайды. Экономикалық тұрғыдан тиімді екенін дәлелдейді. Қару-жарақ саласындағы мамандар Украинадағы әскери қақтығыстарды ескере отырып, арзан әрі тиімді әуе қорғанысы қаруына сұраныс жоғары екенін айтады. Tridon Mk2 жүйесінде қолданылатын арнайы британдық

  • Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Инвестордан артық қатаң реалист жоқ қой. Ол салған ақшасы өзіне еселеп қайтуы үшін тек перспективасы мол, келешегі жарқын салаларды таңдайды. JPMorganChase АҚШ-тағы, әлемдегі ең ірі банктің бірі ретінде алдағы 10 жылда 1,5 трлн доллар инвестиция құятынын қараша айында жариялады. Сөйтіп, негізгі 4 бағытты таңдаған. Олар ары қарай 27 салаға бөлінеді: – Озық технология: робототехника, фармакология, аса маңызды минералдар – Қорғаныс, аэроғарыш өндірісі: байланыстың жаңа буыны, мүлде жаңа дрондар – Энергетикалық тәуелсіздік: күн, атом, жаңа батареялар – Стратегиялық технология: ЖИ, киберқауіпсіздік, кванттық есептеу Арғы жағындағы 27 саланы оқысаң, мына банк әлемдік соғысқа дайындалып жатқан сияқты көрінеді. Себебі гипердыбыстағы ракета, 6G байланыс, ғарыш, адамсыз технология деп кете береді. Энергия көздерінің түр-түрі. Екінші

  • Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Владимир Зеленский  Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президентінің арнайы уәкілі Стив Уиткофф және Трамптың күйеубаласы Джаред Кушнермен телефонмен “мәнді әрі конструктивті” әңгімелескенін хабарлады. Уиткофф пен Кушнер 2 желтоқсанда Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен. “Біз көптеген аспектіге назар аудардық және қантөгісті тоқтатып, Ресейдің үшінші рет басып кіру қаупін жоюға кепілдік беретін маңызды жайттарды, сонымен бірге Ресейдің өткен жолғыдай уәдесін орындамау қаупі сияқты нәрселерді талқыладық” деді Зеленский. Әңгімеге сонымен бірге қазір АҚШ-та жүрген Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров, қарулы штабтың бастығы Андрей Гнатов қатысқан. Axios дерегінше, әңгіме екі сағатқа созылған. Келіссөздерден хабары бар дереккөздің айтуынша, Уиткофф пен Кушнер екі жақтың да талаптарын жинап жатыр және Путинді де, Зеленскийді де

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: