|  | 

Тұлғалар

ТАРИХИ САБАҚТАСТЫҚ: ЕРМҰХАН БЕКМАХАНОВ ПЕН ІЛИЯС ЕСЕНБЕРЛИН

Биыл 100 жылдық мерейтойы аталып жатқан ұлы жазушы Ілияс Есенберлиннің тарихи ой-санасының қалыптасуына атақты тарихшы Ермұхан Бекмахановтың әсері мол болған. Атақты тарихшының да туғанына биыл тура 100 жыл.

Кенесары туралы ғылыми зерттеу жазу үшін деректер жинау кезінде Есенберлин оған өзінің қол ұшын бергенін жазады. Бұл туралы қазақтың қолбасшысы Бауыржан Момышұлының 30 томдық шығармалар жинағының 10-томында жарияланған. Онда батыр Баукең әлдебір суретті қарап отырып, жазушы Есенберлиннің Бекмаханов туралы естелігінен үзінді келтіреді.  «Ермұхан Бекмаханов менің қазақ тарихын зерттеп білуіме соншалық әсер етті, өйткені бұл ғалым қазақ елінің ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы экономикасы, әлеуметтік құрылысын зерттегенде Кенесары қозғалысына байланысты нақтылы материал жетіспейтін және соны толтыруға Орткомның жәрдемдесуін сұрапты. Сол жұмысты Жұмекең (Жұмабай Шаяхметовті айтып отыр – ред.) Дінмұхаммед Ахметұлы арқылы маған жүктеді», – деп бастайды естелігін жазушы І. Есенберлин.  Соғыс уақыты болса да, орталық партия комитеті Бекмахановқа көп көмектескен. Есенберлин осы шаруаларды реттеу үшін алдымен Петропавлда, кейін Омбы қалаларында болады. Сырттан бақыланатын көздердің қаптаған кезі, қырағылықтың аса қажеттігін ескерген жазушы сөзін «ортком қызметкері неге сонша архивте көп отырады деген сезік болмау үшін, кейбір архив материалдарын қонақ үйінде алдырып оқимын. Отарлау саясаты қалай жүргенін, Орынбордан бастап бекіністердің не үшін тездетіп салынғанын әбден түсіндік», – деп сабақтайды.

Ілияс Есенберлин жас оқырмандарының ортасында

Бір жақта соғыс, заман болса қысып тұр. Мұндай іске нар тәуекел керек. Не үшін бұл қадамға барғанын да түсіндіріпті: «Негізгі сүйенген ұстанымымыз – ұлттық намыс, Сталиннің орыс халқы туралы және «бізді ата-баба аруағы қолдасын» деген сөзі еді. Біз де өзіміздің тарихи қаһармандарымызды дәріптеуіміз керек болды».  Қаһармандарды дәріптеу соғыс кезінде де аса керек болды. Сталиннің үндеуінен екпін алған Қазақстанның сол кездегі басшысы Жұмабай Шаяхметов қазақтың батырлық жырларын қазақ майдангерлеріне насихаттап, сол сыпатта жаңа шығармалар жазу керек деп жар салды. 1942 жылы Жамбыл Жабаевтың әйгілі «Ленинградтық өрендерім» атты өлеңі жариялануына осы үндеу себеп. Сондай-ақ Исатай-Махамбет, Кенесары, Амангелді көтерілістері туралы шығармалар жазылуы тиіс делінген. Сол екпінмен ата-баба ерлігін дәріптеген туындылар дүниеге келіп, жұртшылыққа таныстырылып жатты. Солардың қатарында тарихшы Е. Бекмахановтың Кенесары туралы әйгілі ғылыми зерттеу еңбегі осы кезде жарияланып, қоғам талқысына түскен болатын.  Ал осы жұмыстың о басында қалай басталып, қалай жүргенін, қандай процестерден өткенін жазушы Есенберлиннің естелігінде: «Кенесары қозғалысы туралы жинаған материалды машинкаға бастырып бір данасын өзіме алып отырдым. Екі данасын тікелей бастығым Дінмұхаммед Ахметұлына табыс етемін. Ол кісі Шаяхметовке көрсеткеннен кейін ғана Ермұханға береді. Сөйтіп келесі іссапарының бағытын Бекмаханов белгілеп, Димекең қолына жазып береді, ол маған тапсырады, сөйтіп жүріп тарихшы болып алдым».  Бірі таза ғылыми тұрғыдан Алаш қайраткерлерінің көрнекті өкілі Х. Досмұхамедовтің аманаты орындаса, сол аса маңызды еңбектің жазылуына көмек қолын созып жүріп, кейін «Абай жолы» романынан кейінгі қазақтың ұлы романына айналған «Көшпенділер» трилогиясының «Хан Кене» (Қаһар) романын дүниеге әкелді. Тарихшы Е. Бекмаханов 1943 жылғы маусымның 28-і кандидаттық диссертациясын қорғады. 1946 жылы күзде «ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан» деп аталатын монографиясын аяқтап, СССР ҒА ғылыми кеңесіне ұсынды. Сөйтіп қазақтан шыққан тұңғыш тарих ғылымының докторы 1947 жылы аталған еңбегін жеке монография етіп шығарды.

Ермұхан Бекмаханов дәріс оқып тұр

Алайда 1945-1955 жылдардағы советтік репрессияның үшінші толқыны осы еңбектері арқылы Бекмахановты ұлтшыл деп кінәлауда тілге тиек болды. Оны ғылыми ортадан аластап, заңды атақтарын тартып алған соң, 25 жылға бас бостандығынан айырып, Бодайбо түрмесіне айдады. Алайда, қазақ оқығандарының қаламгерлерінің арасында өшпеген хан Кененің рухы, бейнесі араға 23 жыл салып, Ілияс Есенберлиннің қаламына қонды. Оның бұл тақырыпты жазуына түрткі болған екінші адам Әлкей Марғұлан деп есептейді ғалымдар.  Ілияс Есенберлиннің Ермұхан Бекмахановтың шығармашылығына қатысты жазған естелігін батыр Бауыржан Момышұлы сақтап, оның шығармаларын құрастырушы авторлар ұжымы кейін жарық көрген көптомдықтарының біріне енгізген екен.

Заңғар Кәрімхан

e-history.kz

Related Articles

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

  • КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    Адамның бәрі бірдей емес. Ақыл-ойы еркін, мәнді, құнды дүниелер туғыза алатын, жасампаздық қуаты зор адамдар болады. Сол сияқты өркениеттік әлеуеті (потенциалы) зор халықтар болады. Ондай қасиет өзіндік құндылықтар жүйетін жасай алатын, ешкімге ұқсамайтын, терең тамырлы руханияты бар халықтарда болады. Қазақтың бүкіл тарихы мен мәдениеті біздің сондай халықтар санатына жататынымыздың айғағы. Сондай айғақ Абайдың ақындық мектебінің көрнекті өкілі Көкбай Жанатайұлы шығармашылығында молынан табылады… Кеше Семей қаласындағы Абайдың қорық- музейінде Көкбай Жанатайұлының 165 жылдығына арналған “Абайдан сабақ алдым бала жастан” атты әдеби кеш өтті. Зал белгілі абайтанушы, профессор Жандос Әубәкірдің тағылымы мол, әсерлі баяндамасын ерекше ынтамен тыңдады. Спикерді тыңдап отырып: “Біз Көкбайды тіпті білмейміз деуге болғандай екен ғой… Кейде тіпті жеңіл, үстірт

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

  • Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Сардар Алмат Тобабергенұлы – өз дәуірінде ел басқарған, беделді тұлғалардың бірі болған. Ол Ырғызда болыс қызметін атқарып, халық арасында сыйлы адам ретінде танылған. Алмат Тобабергенұлының ерлік пен елдік тоғысқан дара жолын кейін балалары Самырат пен Төремұратта жалғыстырды. Ал оның шөбересі Ғалымжан Әбдісаламов Еуропа мен Орта Азияға танымал қазақтан шыққан тұңғыш скрипкашы болған. ХІХ ғасырдың басында дүниеге келіп, сол ғасырдың соңғы он жылдығында өмірден өткен алмат Тобабергенұлы басындағы билігі мен беделін елінің игілігіне, жұртының тұрмыс-тіршілігіне арналған өз заманының айтулы тұлғаларының бірі еді.  «Аржағы да атақты ер…» Тағы бір жүз жыл әрі жылжып, ХVІІІ ғасыр тарихын парақтасақ, ол кезеңде ел басынан өткен қайғылы оқиғалар көп болғанын көреміз, «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» халқымызды

  • 14 наурыз – Математиктер күні

    14 наурыз – Математиктер күні

    Кафедра профессоры Математиктер күніне арналған «Таңғы Studio» таңғы шоуында 15 наурыз, 2025 14 наурыз – Математиктер күніне орай «Таңғы Studio» таңғы шоуының қонағы белгілі ғалымдар: физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Қангужин Балтабек Есматұлы мен PhD-доктор Жұмабай Мәдібайұлы болды. Эфирде олар математиканың маңыздылығын, мерекенің тарихын, қазақ математиктерінің ғылымның дамуына қосқан үлесін талқылады. Профессор Балтабек Есматұлы математиканың ғылымдардың патшайымы саналатындығына тоқталды. Ол бір жағынан ғылыми білімнің шыңында тұрса, екінші жағынан басқа пәндердің дамуына негіз болатын көмекші ғылым екенін атап көрсетті. Ғалым шексіздік пен математикалық есептеулердің дәлдігін білдіретін π санының шығу тарихына да тоқталды. Доктор Жұмабай Мәдібайұлы бұл күннің 1988 жылдан бастап «π саны күні» (π – иррационал сан, шамамен 3,14142… тең) ретінде тойлана

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: