|  |  | 

Жаңалықтар Спорт

“Менің мақсатым – 2016 жылы Олимпиадаға қатысып, медаль алу”

22 жасар Дияс қазіргі кезде теннистен әйелдер қауымдастығының рейтингісінде (WTA) 51-ші орында.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс Today.kz сайтының тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында теннистік маусымды қортындылап, келер жылдағы жоспарларымен бөлісті.

Биыл Зарина Дияс Уимблдон турнирінің төртінші кезеңіне дейін жетіп, “Үлкен дулыға” турниріндегі ең үздік жетістігін қайталады. 22 жасар Дияс  қазіргі кезде теннистен әйелдер қауымдастығының рейтингісінде  (WTA) 51-ші орында.

-Зарина, сіз үшін маусым аяқталды, ол оңай болған жоқ. Сіз өзіңіз үшін мұны қалай бағалайсыз?

-Мен осы маусымға ризамын, иә, ол оңай болған жоқ. Бірақ мен жақсы ойындар өткіздім, өзімнің деңгейімді тексердім. Қосымша кішкене жарақаттар да алдым. Жалпы, осының бәрін басымнан өткізгеніме ризамын. Егер менің хал жағдайым туралы айтар болсам, қазір өзімді жақсы сезінемін. Демалып, сауықтырудан өтудемін, келесі маусымға дайындық үстіндемін.

- Биылғы маусымда қандай оңтайлы әрі кереғар сәттерді  айтар едіңіз?

- Жағымды сәттер көп болды: Мария Шараповамен жақсы матч өткіздім, жерде ойнау деңгейімді көтердім. Сонымен қатар әлемдік рейтингтегі ТОП-10 ойыншылармен бірнеше ойындар өткіздім. Мұндай үздік ойыншылармен ойнаған сайын деңгейімді көтеремін. Әрине, кездесулер болды, өзімді дұрыс көрсете алмаған кездер де болды, бірақ бұл спорт, қателіктен адам үйренеді.

- Биыл есіңізде қалған кездесулерді айтып бере аласыз ба?

- Сабин Лисицкимен жақсы ойын өткіздім, 6:0, 6:0 есебімен жеңген болатынмын. Мен өзімде грутнттегі ойыныма сенімді бола түстім, біз осы салада көп жұмыс жасадық. Тағы италиялық Флавии Пенеттамен болған ойында да жақсы ойын көрсеттім, “Уимблдонның” бірінші айналымында тізе бүктірдім. Сонымен қатар “Уимблдонда” Андре Петковичпен ойын өте ауыр болды. Төртінші айналымда Мария Шараповамен кездестім, екінші сетте партияны алуға мүмкіндік болып еді. Алайда ең қиын болғаны Петковичпен болған матч, біз үш сет ойнадық

- Биылғы маусымда, уақыттың тығыз болуына байланысты , матч кезінде шаршағандығыңыз байқалмады ма? Жаттықтырушыңыз Алан Ма мен жұмыс жасауды жалғастырасыз ба?

- Жоқ, шаршағандық байқалмады. Қарашада Қытайға барып, жаңа маусымға дайындықты бастаймын.  Мен Алан Ма мен жұмыс жасауды жалғастырамын, ол өте жақсы жаттықтырушы, ол маған көп көмегін тигізді. Менде тамаша құрама.

- Келесі жылы Олимпиадалық ойындар, соған орай сіздің рейтингіңіз қатысуға мүмкіндік береді…

- Иә, менің мақсатым, Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына қатысып, медаль алу.

- Өткен маусымның қорытындысы бойынша, жанкүйерлермен арнайы мамандар тарапынан сынғандар көп болды. Осымен күресу қиын болды ма?


- Әрине, көптеген адамдар менен жоғары көрсеткіштер күтеді, алайда барлығы бірден бола қоймайды. Мен еселеп жаттығулар жасаудамын және өз мақсатыма жету үшін бар күшімді саламын. Әлеуметтік желідегі жағымсыз пікірлерге назар аудармауға тырысамын. Мені қолдап, маған сенім білдіретін барлық жанкүйерлеріме үлкен алғыс айтамын.

-Маусымды қорытындылай келе сіз өзіңізге қандай баға берер едіңіз?

 -Мен өзіме баға қоймаймын (күледі). Маусым жақсы өтті деп ойлаймын.

Всеволод Хван

today.kz

Related Articles

  • Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Бұл Дағандел, Бақанас өлкесінен шыққан би Үйсінбай Жанұзақұлы хақында құрастырылып жазылған кітап. Тың толықтырылған еңбекте болыс Әлдеке Күсенұлы, Дағанделі болысының басшылары мен билерімен қатар Әбдірахман Әлімханұлы Жүнісов сынды айтулы тұлғалар жайлы әңгіме қозғалған. Олардың ел алдындағы еңбектері, билік, кесім – шешімдері, халық аузында қалған қанатты сөздері мен өмір жолдары, ата – тек шежіресі қамтылған. Сонымен қатар мұрағат деректеріндегі мәліметтер келтірілген. Кітапқа есімі енген ерлердің заманы, үзеңгілес серіктері туралы жазылған кей мақалалар, жыр –дастандар, үзінділер енген. Кітап қалың оқырман қауымға арналған. Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы», - Жебе баспасы, Шымкент қаласы.134 бет толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы оқи аласыз. Үйсінбай кітап kerey.kz

  • Thai AirAsia X Алматы – Бангкок тікелей рейстерін іске қосады: визасыз*

    Thai AirAsia X Алматы – Бангкок тікелей рейстерін іске қосады: визасыз*

     Тайландтың сан қырлы дәмдерімен, бояуларымен және мәдениетімен танысыңыз — бір бағытқа 199 USD-ден басталады Алматы, 2025 жылғы 8 қыркүйек – Thai AirAsia X Алматы (Қазақстан) мен Бангкокты (Тайланд, Дон Муанг әуежайы) байланыстыратын жаңа әуе бағытының іске қосылуын қуана хабарлайды. Енді қазақстандық саяхатшылар қысқы маусымда жайлы әрі қолжетімді бағамен жылы самалға бөленген, күн шуағымен нұрланған әрі жарқын өмірімен танымал Бангкокқа ұша алады. Жаңа рейс 2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап аптасына төрт рет – дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері орындалады. Ұшулар сыйымдылығы 367 жолаушыға арналған кеңфюзеляжды Airbus A330 ұшағымен жүзеге асырылады. Іске қосылуына орай Thai AirAsia X бір бағытқа 199 АҚШ долларынан басталатын арнайы промо-тарифті ұсынуда. Билеттерді 2025 жылғы 8–21 қыркүйек аралығында,

  • Астанада 2025 жылғы киножобалар питчингінің жеңімпаздарымен кездесу өтті

    Астанада 2025 жылғы киножобалар питчингінің жеңімпаздарымен кездесу өтті

    Астанада «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының» Басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали 2025 жылғы питчинг сынынан сүрінбей өткен ашық конкурс жеңімпаздарымен кездесті. Іс-шара дөңгелек үстел форматында өтіп, оған Сараптамалық кеңес мүшелері мен Орталық мамандары қатысты. Жиында отандық киноиндустрия алдында тұрған басты міндеттер мен басым бағыттар талқыланды. Биылғы байқауға жалпы 444 өтінім тіркелді. Соның ішінде 16 жоба мемлекеттік қолдауға лайық деп танылды. Олардың қатарында үш дебюттік жұмыс және Тайландпен бірлескен киножоба бар. Бұл қазақстандық авторлардың халықаралық ынтымақтастыққа дайын екенін және шетелдік әріптестермен байланысын нығайтып отырғанын көрсетеді. Кездесу барысында Орталықтың басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали – «Сапалы фильм түсіру – басты талап. Конкурста жеңіске жеткен жоба жетекшілерінің кино өндірісінің алғашқы сатысынан бастап, экран арқылы көрерменге жету кезеңіне дейін

  • «Қайрат»-«Реал» матчының билет бағасы белгілі болды

    «Қайрат»-«Реал» матчының билет бағасы белгілі болды

    «Қайрат» футбол клубы UEFA Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өз алаңындағы матчтарға, соның ішінде «Реалға» қарсы ойынға билеттерді сату тәртібі мен мерзімдерін түсіндірді. «Қайрат» клубының ресми сайтында хабарланғандай, «Қайрат»-«Реал Мадрид» матчы үшін билеттер 23 қыркүйекте Алматы уақыты бойынша сағат 17:00-де сатылымға шығады. Бір ЖИН-ге бір адам ең көп екі билет ала алады, ал деректер сатып алу кезінде де, стадионға кіргенде де қатаң тексеріледі. Билет бағасы: 30 000 – 250 000 теңге аралығында болады. Айта кетейік, бұған дейін «Қайрат» – «Реал» матчының билеттер бағасы 75 мың мен 250 мың аралығында болатыны жарияланған еді. Алматылық клуб өз алаңында «Реалды» (30 қыркүйек), «Пафосты» (21 қазан), «Олимпиакосты» (9 желтоқсан) және «Брюггені» (21 қаңтар) қабылдайды.

  • Алматылық “Қайрат” пен мадридтік “Реал” 30 қыркүйекте Алматыда ойнайды

    Алматылық “Қайрат” пен мадридтік “Реал” 30 қыркүйекте Алматыда ойнайды

    “Слован” командасының қақпасына гол соққаннан кейінгі сәт. Дастан Сәтпаев (сол жақта). “Қайрат” футбол клубының парақшасы. 6 тамыз 2025 жыл. Алматылық “Қайрат” пен мадридтік “Реал” 30 қыркүйекте Алматыда ойнайды. Матч кестесі турнирдің ресми сайтында жарияланды. Алматының “Қайрат” командасы чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты “Қайрат” футбол командасының мүшелері жеңісті тойлап жатыр. 26 тамыз, 2025 “Қайрат” фк Instagram парақшасынан алынған скриншот.  Футболдан Алматының “Қайрат” командасы Еуропа Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты. Іріктеу кезеңінің плей-офф кезеңінде “Қайрат” Шотландияның “Селтик” командасын пенальти сериясы арқылы жеңді. Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: