
Оның есімі – Бейсенбі Нәсиоллаұлы. 1994 жылы Қаба ауданында дүниеге келген.
Ол биыл Қытайдың ішкі қалаларында ұйымдастырылған азиялық кәсіпқой жарыстарға бес рет қатысып, барлығында жеңіске қол жеткізді. Оның біреуінде ғана (6 раунд) ұпай санымен басым түссе, қалған төртеуінде жарысты мерзімінен бұрын аяқтаған.

Бейсенбі соңғы жекпе-жегін осыдан 5 күн бұрын, яғни қарашаның 4 күні өткізді. Тұңғыш рет 8 раундтық бәсекеде қарсыласын 1 минут 20 секундта сұлатып тастады.
Бейсенбі қазір Қытайдың ішкі қалаларының біріндегі «Жоң-Вей» компаниясымен келісімшартқа отырып, Лиябың Дұң есімді филиппиндік бапкердің қол астында жаттығып, шеберлігін шыңдап жүр. Салмағы – 147,4 фунт (66,8 келі), бойы 180 сантиметр.

Қазір ол жалпы рейтингте осы салмақ дәрежесінде дүниежүзі бойынша 467 орында болса, Қытай елі бойынша 2 орында тұр.

arhar.kz


Пікір қалдыру