Елімізге ресми сапармен Нидерланд Корольдігінің Премьер-министрі Марк Рюттемен келе жатыр
Елбасы 1 желтоқсанда Астана қаласында Әскери-тарихи мұражайдың ашылу рәсіміне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты шараларға қатысады.
Мемлекет басшысы 2 желтоқсанда елімізге ресми сапармен келетін Нидерланд Корольдігінің Премьер-министрі Марк Рюттемен кездеседі. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылау жоспарланған.
Ақ орда баспа сөз қызметі
Пікір қалдыру