|  | 

Жаһан жаңалықтары

Ресей – Түркия: даудың соңы санкциямен жалғасты. Одан әрi не болмақ?

Ресейдiң СУ-24 ұшағын Түркияның   F-16 жойғыш ұшағы атып түсiргенде Владимир Путин бiрден қарымта жауап қайтарды. Түркияның әрекетiн “ту сыртымыздан соққы жасау” мен “лаңкес­терге болысу” деп бағалаған ол түркиялық тауарларды Ресейге кiргiзбеудi, екi ел арасындағы чартерлiк рейстерге тыйым салуды қарастыратын жарлыққа қол қойды. Бұдан бөлек Мәскеу Түркиямен арадағы визасыз режимдi алып тастады.

ПУТИН КЕЛIССӨЗГЕ ПЕЙIЛ ЕМЕС
“Бiз Ресей басшылығынан байсалды әрекет күтемiз. Бұл жерде бiздiң экономикалық мүддеге ғана емес, Ресейдiң де Түркияға қатысты экономикалық мүддесiне нұқсан келдi”, – дедi Түркияның премьер-министрi Ахмет Дәуiтоғлы. Ол Түркия әр уақытта да Ресеймен ашық қарым-қатынас орнатып, Сириядағы iс-қимылды үйлес­тi­ру­дi алдыңғы орынға қойғанын айтты. “СУ-24-тiң апаты бiр әуе кеңiстiгiндегi әртүрлi екi коалицияның операциясы осындай жағдайға әкеп соқтыруы мүмкiн екенiн анық көрсеттi”, – дедi ол.
Кремльдiң қаһарына қарамастан, Түркия президентi Ережеп Тайып Ердоған ұшақты атып түсiргенi үшiн елi кешiрiм сұрамайтынын, мемлекет тек өз әуе кеңiстiгiн қорғағанын қадап айт­ты. Түркияның бұл ұстанымын НАТО қолдады. Ал Ресейдiң бөтен елдiң әуе кеңiстiгiне кiрiп кеткен әрекетiн бiрде-бiр ел ақтамады. Тiптi өзiнiң Еуразиялық одақ бойынша әрiптестерi “ұстамдылық пен татулыққа шақырған” мәлiм­де­меле­рiнен ары аспады. Осының өзi “қырық кiсi бiр жақ, қыңыр кiсi бiр жақ” дегеннiң керiн көрсе­тедi. Қыңыр демекшi, Түркия президентi Ережеп Тайып Ердоған Путиннiң бiрбеткейлiгiн бетiне басқандай болды. Айтуынша, ұшақ апатынан кейiн оның өзi Путинге телефон шалған. Бiрақ Путинмен сол бойы сөйлесе алмапты.
В.Путиннiң көмекшiсi Юрий Ушаков Ердоғаннан екi күн бойы Путинмен телефон арқылы сөйлесуге өтiнiш түскенiн растады. Бiрақ түрiк тарапы ең болмаса ұшақты атып түсiр­ген­нен кейiн кешiрiм сұрамағандықтан, бұл әңгiмеге Түркияның өзi дайын емес деп қорытты көмекшi.
Ердоған 30 қараша күнi Парижде өтетiн климат мәселесi қаралатын саммитте Путинмен кездесуге пейiл бiлдiрдi. Бiрақ Ресей президентiнiң баспасөз хатшысы Д.Песков В.Путин Парижде Ердоғанмен кездеспейтiнiн кеше кесiп айтты. Демек, келiссөздi Мәскеудiң өзi қаламай отыр.
ЛАҢКЕСТЕРДI ҚОЛДАУ ЖӨНIНДЕ
Анкара мен Мәскеу арасындағы текетiрес лаңкес­тердi шын мәнiнде қолдап отырған деген мәселеге ойысты. Путин әу бастан-ақ ұшақты атып түсiру арқылы Түркия лаңкестерге болысып отыр деп ашық айыптады. Мұнымен қоймай, Түркия “Ислам мем­лекетiнен” мұнай сатып алып отыр” деп салған.
Түркия не себептi ре­сейлiк ұшақты атып түсiрдi дегендi жан-жақты талқылап жатқан ресейлiк үгiт-насихат “Анкара қара алтынды мұнай қорларын басып алып, оны заңсыз жолмен сатып жатқан лаңкестерден сатып алып жатыр. Сириядағы әуе операциясын жүргiзiп жатқан Мәс­кеу негiзiнен, мұнай қоймаларын бомбалауда. Анкараға бұл ұнамай қалды” деген сыңайдағы ақпарат таратуда. Өкiнiштiсi, қазақ елiне тарайтын путиндiк телеарналар қазақстандықтарға осы ақпаратты сiңiрiп, сананы улауға көш­тi.
Ердоғанның бұған да айтары бар болып шықты. Ол Асад режимiн қолдап отырған елдердiң өзi “Ислам мемлекетiн” қаржыландырып жатқанын айтып, Ресей жақты емеурiнмен нұсқады. “Түркия лаңкестерден мұ­най сатып алып жатыр деуге қалай ұялмайсыңдар! Түркияның мұнай мен газды қайдан сатып алатыны бәрiне белгiлi. Ал бiз оны “Ислам мемле­кетiнен” сатып аламыз дегендер дәлелдерiн көрсе­тсiн. Ал “Ислам мемлекетi” қару-жарақ пен қаржыны кiмнен алып отырғанын iздесеңiздер, мұны ең алдымен Асад режимi мен оны қолдап отырған елдерден iздеген жөн”, – деп түйдi Ердоған.
Қазiр Түркия мен Ресей арасындағы мәселе кiм кiнәлi деген сұраққа емес, екi елдiң қарым-қатынасы алдағы уақытта қалай өрбидi, бұл Сириядағы ахуалға қалай әсер етедi дегенге келiп тiреледi.
Бiр белгiлiсi, Париждегi терактi­лерден кейiн “Ислам мемлекетiне” қарсы әлем­дiк державалардан тұратын коалиция құрамын деген дәмесi көкке ұшты. Ұшақ апатына дейiн де Асад режимiн қолдамайтын Түркия ендiгi жерде Сирия президентiн қолдайтын Ресеймен мүлде тiзе қоспайтыны анық.
Осыны түсiнген әлем елдерi де алаңдаулы. Қай­сыбiреулер Анкара мен Мәскеудi татуластыру жол­дарын iздеп, ара­ағайын­дық атқаруға дайын екендiктерiн бiлдiрдi. Әзiр­байжан президентi Илхам Әлиев Минскiге ұшып барып, Беларусь пре­зиден­тi Александр Лукашенкомен кездестi. Әзiр­байжан – Түркиямен жақсы қарым-қатынас ұстауға тырысатын елдердiң бiрi. Ал Беларусь – Украина дағдарысын шешу кезiнде ара­ағайындық жасап, Минскiнi келiссөз алаңына айнал­дыр­ған ел. Сондықтан бiрi Ресеймен, бiрi Түркиямен тату-тәттi мемлекеттер Ердоған мен Путиндi келiсiм­ге шақыруға күш салатын түрi бар.
Бұл ретте Қазақстан да сырт қалмауы мүмкiн. Өткен аптаның соңында Түркия президентiмен телефон арқылы әңгiлескен Нұр­сұлтан Назарбаев екi ел арасындағы қа­рым-қатынас­тың нашарлауына алаңдау­шылық бiлдiрген. Ал кеше халыққа арнаған кезектi жолдауын жариялаған кезде президент: “Бiз Ресей мен Түркия арасында болған оқиғаға қатысты өкiнiш бiлдiремiз. Ресей бомбалаушы ұшағы Түркияға шабуылдаған жоқ, ол терроршылармен соғысуға бар­ған. Бiз әзiрге оқиғаның анық-қанығын бiлмеймiз. Қандай қиындық болса да, тез арада мемлекетаралық комиссия құру керек. Тез арада кiнәлiлердi анықтап, жазалап, кеткен қателiктi мойындап, қатынасты қалпына келтiру керек. Ресей­дегi, Түркиядағы достарымызды осыған шақырамын”, – дедi.
Қазақстан өзiнiң құ­дайы көршiсi Ресей мен тәуелсiздiгiн алғашқы болып мойындаған, түркi әлемiндегi досы Түркияны татуластыруға күш сала ма, әлде Минск бұл жолы да алдымызды орап кете ме? Бұл жолы да дегенiмiз, Н.Назарбаев нормандиялық төрттiк – Ресей, Украина, Германия және Францияға келiссөз алаңы ре­тiнде Астананы ұсынғанда, Беларусь басшысы А.Лукашенко оларды Минскiге шақыртып, бей­бiтшiлiкке шақырған бiтiмгер ретiнде абырой-беделге ие болғаны бар. Ендi бiтiмгерлiк тiзгiндi кiм қолға алар екен…

elnur-alimova@mail.ru
Елнұр БАҚЫТҚЫЗЫ
zhasalash.kz

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Рид СТЭНДИШ Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) елге сапармен келген қытай генералы Чжан Юсямен қол алысып тұр. 2017 жыл. Өткен аптаның аяғында Қытайдың Орталық әскери комиссиясы төрағасының орынбасары қызметінен әрі Қытай коммунистік партиясы саяси бюросының мүшелігінен босатылды. Әскери басшылықтағы мұндай жоғары шенді тұлғаның орнынан алынуы Пекиннің Тайваньға қатысты жоспарына, АҚШ-пен бәсекесіне және аймақтағы тұрақты ойыншы ретіндегі рөліне қатысты бірқатар сұрақ туғызып отыр. 24 қаңтар күні Пекин қызметтен босатылған генерал Чжан Юся (Қытай басшысы Си Цзиньпиннің көп жылдан бергі сенімді серігі болған) тергеуге алынды деп хабарлады. Тосын шешімнен кейін Си Цзиньпин әскери басшылық шыңында жалғыз өзі қалды. Қытайды зерттеуші сарапшылар мұның билік сабақтастығына елеулі салдары болады дейді. Ал Пекиннің серіктестері

  • Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Швеция мен Дания Украинаға арнап британ-швед өндірісіндегі заманауи Tridon Mk2 зениттік қондырғыларын сатып алуға бірігіп кірісті. Кешен әсіресе жақын қашықтықта ұшатын ирандық «Шахед» дрондарына қарсы ең тиімді қарудың бірі. Қазіргі уақытта Tridon Mk2 өз класындағы ең озық әуе шабуылына қарсы жүйе саналады. Tridon Mk2 зениттік қондырғысының басты ерекшелігі атыс қарқыны. Ол минутына 300 оққа дейін жаудыра алады. Осылайша әуе кеңістігіне енетін шағын дрондардың көзін жылдам әрі дәл жоюға мүмкіндік туады. Тағы бір артықшылығы атылатын 40-мм снарядтардың құны небәрі 27 долларды құрайды. Экономикалық тұрғыдан тиімді екенін дәлелдейді. Қару-жарақ саласындағы мамандар Украинадағы әскери қақтығыстарды ескере отырып, арзан әрі тиімді әуе қорғанысы қаруына сұраныс жоғары екенін айтады. Tridon Mk2 жүйесінде қолданылатын арнайы британдық

  • Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Инвестордан артық қатаң реалист жоқ қой. Ол салған ақшасы өзіне еселеп қайтуы үшін тек перспективасы мол, келешегі жарқын салаларды таңдайды. JPMorganChase АҚШ-тағы, әлемдегі ең ірі банктің бірі ретінде алдағы 10 жылда 1,5 трлн доллар инвестиция құятынын қараша айында жариялады. Сөйтіп, негізгі 4 бағытты таңдаған. Олар ары қарай 27 салаға бөлінеді: – Озық технология: робототехника, фармакология, аса маңызды минералдар – Қорғаныс, аэроғарыш өндірісі: байланыстың жаңа буыны, мүлде жаңа дрондар – Энергетикалық тәуелсіздік: күн, атом, жаңа батареялар – Стратегиялық технология: ЖИ, киберқауіпсіздік, кванттық есептеу Арғы жағындағы 27 саланы оқысаң, мына банк әлемдік соғысқа дайындалып жатқан сияқты көрінеді. Себебі гипердыбыстағы ракета, 6G байланыс, ғарыш, адамсыз технология деп кете береді. Энергия көздерінің түр-түрі. Екінші

  • Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Владимир Зеленский  Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президентінің арнайы уәкілі Стив Уиткофф және Трамптың күйеубаласы Джаред Кушнермен телефонмен “мәнді әрі конструктивті” әңгімелескенін хабарлады. Уиткофф пен Кушнер 2 желтоқсанда Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен. “Біз көптеген аспектіге назар аудардық және қантөгісті тоқтатып, Ресейдің үшінші рет басып кіру қаупін жоюға кепілдік беретін маңызды жайттарды, сонымен бірге Ресейдің өткен жолғыдай уәдесін орындамау қаупі сияқты нәрселерді талқыладық” деді Зеленский. Әңгімеге сонымен бірге қазір АҚШ-та жүрген Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров, қарулы штабтың бастығы Андрей Гнатов қатысқан. Axios дерегінше, әңгіме екі сағатқа созылған. Келіссөздерден хабары бар дереккөздің айтуынша, Уиткофф пен Кушнер екі жақтың да талаптарын жинап жатыр және Путинді де, Зеленскийді де

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: