Жақсылық Үшкемпіров өз қаржысына балабақша мен жатақхана ашты
«Ұрпағымызды ұлы елдің ұланы, азат елдің ақиығы атануына жол ашу аға ұрпақтың міндеті деп білемін. Сондықтан, ата-бабаларымыздың арманы ақиқатқа айналып, азаттыққа қолымыз жеткен аса қасиетті – Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында мен сіздерді Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Мыңбаев ауылында өз қаржыландыруыммен ашқан балабақша мен жатахананың ашылу салтанатына куә болуға шақырамын», – дейді Үшкемпіров.
Сонымен қатар, шара аясында спорт кешенінде жастар мен жасөспірімдер арасында турнир өтеді. Салтанатты жиынға ауыл тұрғындарымен қатар аудан, облыс басшылары, өнер, білім,спорт майталмандары да шақырылған.
Олардың арасында ҚР халық әртісі, КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімов, ҚР еңбек ері Аягүл Миразова, Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбырайымов сынды спортшылар мен қоғам қайраткерлері бар.
Салтанатты жиын 2015 жылдың 11 желтоқсанына жоспарланған.
Дереккөз:nur.kz
Пікір қалдыру