|  | 

Тарих

Аға сұлтан Құнанбайдың Абақ Керейге келуі

Ер Жәнібек батырТарихшы, жазушы Асқар Татанайұлы

Патшалық Ресей қазақ даласын аймақ-аймаққа бөліп басқарғанда Семей қаласы бір аймақтың орталығы болып орыстан келген губернаторға аға сұлтан Құнанбай және Барақ төре орынбасар болып тұрады.

Күн сайын қысымға алып келе жатқан патша әкімшілігімен қарсыласып, өштесіп жүрген қазақ жігіттері Ақсаққиян, Табылды дейтін екі жігіт (қазақтар Ақояз деп атап кеткен) ақ патшаның аудан дәрежелес адамы – орыс бастықты өлтіріп кетеді. Семей губернаторы олардың сары ізіне қанша түссе де ұстай алмайды. Патша әскерімен талай рет соғыс салып, ақыры өктем күшке әлі келмеген Ақсаққиян мен Табылды Өр Алтайдағы керей ішіне келіп паналайды.

Із-түссіз жоғалып кеткен Ақсаққиян мен Табылды делосы губернаторды қатты ашуландырады. Қазақтарға сенімсіз қараған ол оқиғаның бір ұшы сол Құнанбай мен Барақ төреде деп қарап адамдарын арт-артынан аттандырып, айғақтарын сайлап, Ақсаққиян мен Табылдының қанат-құйрығы дегендерді Сіберияға айдатады. Олардың Өр Алтайға өткенін білген соң Ажы гүңге аталас туыс Барақ төре арқылы хат жаздырып, екеуін ұстап беруді талап етеді де, Құнанбайды Абақ керей еліне аттандырады. Барақ төрені қолда ұстап тұрады.

Ішкі жақта ақ патшаның салған қылбұрауы тақымына батқанымен, Құнанбай керей еліне аға сұлтандық салауатымен келеді. «Аға сұлтан Құнанбай Абақ еліне аттанды, Керей елі үстінде сьез ашады» деген сөзден хабар тапқан Абақ балалары мен дау-шары бар Найман, Уақ, Арғын және іргелес Моңғол тайпалары Құнанбайдың алдында дау-шарын бітіріп алу үшін даугер, шешендерін сайлайды.

… Аға сұлтан Құнанбайдың келуіне байланысты даугерлердің де көп болатынын межелеген Ажы төре бастаған елбасылары Шәу жырау, Шегетай батыр, Көкен би, Жетібай би, Тілеуді қатарлылар мөлдір сулы, саялы Қаба өзені бойына елу үй тіктіріп дайындық жасайды.

Құнанбай түскен үйге адам толып, қызу жиынның басталар кезі болады. Қазақ билері бас қосқанда байырғы салт бойынша біріне-бірі сөз тастасушы еді. керейдің бұл тұстағы алғыр, шешен қариясы Шәу:

– Ал, аға баласы, сөз бастаңыз, – дейді.

Сонда Құнанбай өзіне ұсынылған сөзге құрмет етіп:

- Сөзді ауыл иесі болып отырған Керей баласы өздеріңіз бастайсыздар да! – дейді. Бұл кезде үлкендерге орын беріп, төменде отырған құлынтайжақы киіп, камер белбеу буынып, сапы асынған өткір көзді, ақсұр жігіт былай дейді:

-Біз қалай бастаймыз? Бұзылған ордамыз тігілмей жатқан елміз. Келген жеріміз Алтай, Сауыр болғанымен, бейіт белгісі, бесік үлгісі жоқ моңғол ортасында отырмыз. Ортасы ойылып, ордасы бұзылмаған ханы бар, заңы бар аға баласы өзі бастайды да!

Сонда Құнанбай жас жігітке барлай қарап:

-Болар, болар! Өзі де болғалы тұр екен. Көмейінің сусылдап тұрған сужыланы бар бар жігіт көрінеді. жиын өзі де басталды емес пе?! – дейді.

Құнанбай алдында сөз бастаған бұл жас жігіт Керейдің әйгілі шешен, биі, айтулы күйші Бейсенбі еді. Содан басталған жиын қазақ рулары және моңғол тайпалары мен Керей-Найман рулары арасындағы бітпей келе жатқан дау-шарларға бітім жасайды.

Құнанбай іздеп келген Ақсаққиян мен Табылдыны Керей баласы ұстап бермей, қорғап қалады. «Ақсаққиянның келгені рас, бірақ келген соң бір жыл тұрып өлген» деп анықтама жазып береді. Халық назарын қозғаған екі азаматты губернаторға ұстап беру Құнанбайдай салауатты адамға абыройлы жұмыс емес еді. Соны білген Құнанбай да Абақ басшыларының оларды ұстап бермегенін теріс көрмейді.

– Сөздеріңізге сенейін. Бірақ, сол өлген Қиян тірілмесін, тірілсе де орысқа көрінбесін, – дейді. Құнанбайды базынасын ел аузынан естіген Ақсаққиян мен Табылды мұнан кейін Семей өңірінде бой көрсетпейді. Ажы төре бастаған Абақ елінің қонағы Құнанбай жолдас-жораларымен аттанғанда Керейдің ақсақалдары қош айтысып, Бейсенбі қатарлы жастары құрметті қонағын ел шетіне дейін шығарып салмаққа бірге аттанады. Жүзден астам нөкерлі осы топ Алқабек бойына таяғанда бүркіт алып, ит ерткен жарау атты жалаң саятшылары бар Керейдің атақты байы Шәку алдарынан шығады. Ақбоз атты, ақтөбе тымақты Шәку бай анадайдан аттан түсіп қарсы жүргенде бұл құрметке ілтипат жасаған Құнанбай да аттан түседі. Торғын тонын көлбіретіп қарсы келген Шәку топ алдындағы Құнанбаймен құшақтасып төске төс соға амандасып:

-Аға баласы Құнанбай мырза келеді деп естіп едім, әкең Өскенбай біздің Жәнібек батырдың қызынан туған жиен екенін де білетінмін. Алыстан алты жасар бала келсе алдынан алпыстағы қариясы шығатын салтымыз да бар еді. бірақ, малымның күйі, баламның жайымен бара алмадым. Бүгін ауылымыз күзеулікке түсіп кетті. Солай болса да, қайтып келе жатыр деген соң жолыңызды тосып дәм таттырайын деп күтіп тұр едім, жеріміз шалғай болса да көңіліміз жақын. Ат басын бұрып, дәм татып қайтыңыз! – дейді. Құнанбай қонақ болуға ат басын бұрғанда еріп жүрген басқа елдердің билері Құнанбайға қош айтып кетпекші болады. Сонда Шәку ақсақал:

- Ас атамыздікі, береке елдікі, қонақ көптікі емес пе!? Ел ағасы Құнанбайды шақырғаным, бәріңді шақырғаным! Қане, түгел жүріңдер! –деп топты өзі бастап Алқабек өзенінің бойына түседі. Құнанбай кең сайлы, орман арасынан желісі тартулы, биесі байлаулы, қонақ үйлері тігулі тұрған күтім орнын көреді. Шәку Құнанбайды күні-түні күтіп, келген жолына ат мінгізіп қайтарады.

Құнанбай осы сапарын еске алғанда: Қытайға қараған Абақ керей баласы он бес мың түтіннен асып, дәулеті шалқып, елі өсіп, кегін жоқтар ер туып, дауын сөйлер би туып, бақ қонған елге айналған екен. түбі біздің қазақтың бір тиянағы солар болар, – деген екен.

islam.kz

Related Articles

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • 14 наурыз – Математиктер күні

    14 наурыз – Математиктер күні

    Кафедра профессоры Математиктер күніне арналған «Таңғы Studio» таңғы шоуында 15 наурыз, 2025 14 наурыз – Математиктер күніне орай «Таңғы Studio» таңғы шоуының қонағы белгілі ғалымдар: физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Қангужин Балтабек Есматұлы мен PhD-доктор Жұмабай Мәдібайұлы болды. Эфирде олар математиканың маңыздылығын, мерекенің тарихын, қазақ математиктерінің ғылымның дамуына қосқан үлесін талқылады. Профессор Балтабек Есматұлы математиканың ғылымдардың патшайымы саналатындығына тоқталды. Ол бір жағынан ғылыми білімнің шыңында тұрса, екінші жағынан басқа пәндердің дамуына негіз болатын көмекші ғылым екенін атап көрсетті. Ғалым шексіздік пен математикалық есептеулердің дәлдігін білдіретін π санының шығу тарихына да тоқталды. Доктор Жұмабай Мәдібайұлы бұл күннің 1988 жылдан бастап «π саны күні» (π – иррационал сан, шамамен 3,14142… тең) ретінде тойлана

  • Тек тілге байланысты…

    Тек тілге байланысты…

    Қазақ Республикасында бір ғана мемлекеттік тіл бар. Ол- қазақ тілі. Қазақ тілінен басқа ешбір екінші тілге мемлекеттік мәртебе берілмеуі керек! Отыз жылдан астам уақыттан бері геосаяси ахуалды сылтауратып келдік. Енді біздің де мінезімізді һәм мысымызды көрсететін уақыт келді. ҚР-ның азаматы һәм салық тапсырушы қатардағы тұрғыны ретінде талап етемін! Алдағы бес жылда Қазақ Республикасында елеулі демографиялық өзгерістер болады. Атап айтқанда 2030 жылынан кейін қазақтардың республикадағы жалпы үлесі 80-85% ке дейін артады. Славян халықтарының өсімі азайып 10%-ға дейін түседі. Есесіне елдегі түркітілдес өзбек, татар, ұйғырлардың өсімі еселеп өсіп тіпті 10-15 жылда орыстардың орнын басып озуы мүмкін. Сол кезде Қазақ Республикасындағы жалпы түркітілдес халықтардың үлес салмағы 85-90% ке жетеді. Нәтижесінде қазақ мектептерінің саны,

  • “Төңкеріс жасауға машықтанғандар” кім? Қаңтар құпиясы ашылса, салдары не болады? Депутатпен сұхбат

    “Төңкеріс жасауға машықтанғандар” кім? Қаңтар құпиясы ашылса, салдары не болады? Депутатпен сұхбат

    Нұрбек ТҮСІПХАН Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты, заңгер Абзал Құспан Азаттыққа сұхбат беріп отыр. Астана, 26 қазан, 2023 жыл Қаңтарды кім ұйымдастырғанын билік біле ме, білсе неге ашық айтпады? Парламентте неге Қаңтар бойынша тағы тыңдау өтпейді? Президент Тоқаев Қаңтар “төңкеріс жасауға әбден машықтанған мамандардың жетекшілігімен” ұйымдастырылды деді. Олар кімдер? Мәжіліс депутаты Абзал Құспан осы сұрақтарға жауап берді Азаттық: Абзал мырза, сіз – Қаңтар оқиғасына бір тараптан емес, жан-жағынан қарауға мүмкіндік алған адамсыз. Ең алдымен сол оқиғаға тікелей қатыстыңыз, жұртты алаңға шығуға шақырдыңыз. Одан кейін қанды қырғында қамауға алынғандарды босатуға ат салысып, заңгер ретінде де араластыңыз. Одан бөлек мәжіліс депутаты есебінде де жаңа бір ракурстан қарап отырсыз. Айтыңызшы, жан-жағынан қарағанда Қаңтар оқиғасында сізге

  • Олжас Сүлейменов. Мен білем!.. 

    Олжас Сүлейменов. Мен білем!.. 

    Серік Ерғали Суреттер: madeniportal.kz және С.Ерғали мұрағаттарынан алынды. «Я знаю!..» кітабынан үзінді-аударма. ОСИРИС ЗАҢЫ I Біз адамзат тарихын өте нашар білеміз. XIX ғасырдың басында Наполеон әлемге Мысырды ашты, ал ғалымдар бұл елдің қирандыларын зерттеп, оның шамамен б.з.д. III мыңжылдыққа тиесілі екенін анықтады. Сол кезде адамзат тарихы тағы да қос мыңжылдыққа тереңдей түсті. Бірнеше мыңжылдық бұрын (мен білем) адамзат (немесе оның кейбір бөлігі) таңбалы жазуды қолданып, жазып жүрген. Бұл білімдерді қалпына келтіру арқылы біз XX ғасырдың басында жасанды түрде үзілген тіліміздің тарихына қатысты қолжетер шындықты қайта тануымызға тура келді. 1926 жылы Бакуде өткен алғашқы түркологиялық конгрестен кейін түркология ғылым ретінде қалыптаса алмады… …2018 жылы Назарбаев мені әңгімелесу үшін Ақордаға шақырды. Үлкен үстелдің басында

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: