|  | 

Қазақ шежіресі

КЕРЕЙЛЕР ТАРИХЫ – КЕШЕДЕН БҮГІНГЕ ДЕЙІН

images

Картова З.К., Сарсимов С. (М.Қозыбаев атындагы СҚМУ) Элем халқы, әсіресе кешегі өзінің тарихын түгендеуде. Қазақ тарихы да ақырындап болса да бүтінделіп, ақтаңдақтар айқындалып келеді. Қазақ тарихының ажырамас бөлігі – жалпы қазақ халқын құрайтын жеке рулар тарихы. Қазақ халқының құрылуына үлкен үлес қосқан керей үлысыньщ сол кездегі тарихы жөнінде көптеген деректер бар. Орта ғасырдағы жазба деректерде – «Моңғолдардың қүпия шежіресі», «Моңғолдардың алтын тарихы» сияқты кітаптарда «керей» атауы «керейт» түрінде берілген [1, 209 6]. Ал «Иуан патшалығының тарихында» «Кіле», «хыле», «клейі», «хлейы» деп жазылған. Парсы жэне түрік тілдеріндегі «Жамих ат-тауарих», «Шежирейі түрік» сияқты кітаптарда да «керейт» түрінде кездеседі. Көне түркі тілінде «т» қосымшасы «лар», «лер» деген мағынада жүмсалған. Демек, «керейт» – «керейлер» деген сөз. «Керей» деген үлыс атының тегі мен мағынасы жөніне зерттеушілер әр алуан жорамал-жорулар айтқан. XIV ғасырдың басындагы парсы тарихшысы Рашиди «Жамих ат-тауарих» атты кітабында былай баяндайды: Ерте заманда бір хан болыпты, оның жеті үлы бар екен. Ұлдарының өң- түсі өңкей кер болғандықтан «керейлер» атанған екен. Кейін бұл балалар есіп-өрбіп тайпа ел болыпты да «керей» сол тайпаның атына айналыпты. Ең ақырында «керей» деп хан шыққан ру ғана аталатын болған. Басқа тайпалар осы ханға бағынған [1,210 6.] Осыған сәйкес сөз Әбілғазы Әл-Хорезмидің «Түрік шежіресі» кітабында да көрсетеді. Онда ағайынды жеті адамның өң-түсі түгел кер болғандықтан, олардың ұрпағы «керей» (керейлер) деп аталган дейді. Автор керейлерді оғыз тайпаларынан шыққан дейді [2]. Қазақ тілінде «кер» деген сөздің мағынасы ер, биік, асқақ деген үғымды береді. Лиау (907-1125), Жин (115-1234) патшалықтары кезінде керей үлысы көптеген тайпалар мен руларға бөлінген. Олар: 1) Керейхан тайпасы. Хандар осы тайпадан шыққан, ол басқа тайпаларға үстемдік еткен, барлық тайпалар Керейханның бұйрығына бой үсынатын болған [1,209 б.]. 2) Жырхын тайпасы. Бүл керейлердің ішіндегі ең күшті тайпа болған. Олар Қарауын – Жыдүн жэне Жечір – Жүлгір деген жерлерде көшіп қонып жүрген. Олардың бастығы Гийүк батыр деген адам болған, Ол Күрени деп аталган он мың үйдің үлығы еді. Жырхын тайпасы керейлер ішінде «сый-құрметке бөленген батыр тайпа болды», керей ұлысынан шыққан батырлардьщ көбі осы тайпадан еді. 3) Тонхайт. 4) Сахиат. 5) Тобарат. 6) Албат тайпасы [1, 208-209 6]. XIX гасырда Алтай аймағындағы керей тайпасынан шыққан шежіреші Мэми керей ұлысының арғы тегін мынадай сегіз тайпадан таратады: шөп, сеп, байлау, қойлау, елдей, күлдей, изен, жусан. Осы Мэми айтқан тайпалардың аты VII-VIII ғасырлардағы Жұңго жылнамаларында да бар, олардың көбі қазіргі Жоңғарияны мекендеген телі тайпаларының қатарында аталады. VII гасырдың басында Жоңғариядағы шеп, сеп, байлау, қойлау тағы басқа тайпалар шыгыс түрік қағанатының үстемдігіне қарсы көтеріліс жасап, 607 жылы шеп тайпасының бастығы Керін Еркінді хан көтеріп, «Изен Бағақаған» деп атаған. Оның хан ордасы Танхан тауында (қазіргі Боғда тауында) болған. Ол Жоңғариядағы тайпаларды бастап соғысыя, түріктің Чоро қағанын жеңіп, Құмыл, Қарашары қатарлы жерлерді бағыкдырған [3, 158 б]. Осы Керіннің баласы Хылей қаған атанған. «Таң патшалығының  көне тарихында» Хылейдің әкесі Кер (гер) сүй дэуірінде «мықты тегін» атағын алган еді дейді [4]. «Кер» деген бұл сөз хандар руының аты. Демек, «Керей» этнонимі жогарыдағы тайпалардың алғашқы тайпалық одағының көсемі Керін яки Хылей (керей) хандарының атынан шыққан болуы мүмкін. Өйткені, қазақ шежіресінің, Рашиди жэне Жүңго жылнамалары деректерінің осындай сэйкестіктері бар. Кейбір этнографтар керей үлысын сары керей, қара керей жэне уақ керей деп үш салаға айырады. Қазақ шежірелерінің деректерінде: қазақтың ортаншы үлы Ақарыстың (кейде Бекарыс деп те атады) бір баласы Дана би, оның үш баласы: Қоянбай, Жарғақ жэне Тарғақ екен. Қоянбайдан сары керей, Жарғақтан қара керей, Тарғақтан уақ керей тараған деседі. Шежірелердің көпшілігі: кара керей найманнан тараған төлегетайдың төрт баласының (қара керей, төртуыл, садыр, матай) бірі дейді. Қазіргі күнде қара керей найман ұлысының белді тайпаеының бірі. Оны ешкім де керей есептемейді. Ал уақ өз алдына бір арыс ел есептеледі.(Әлкей Марғүлан уақты «оңғыт» деп атапты, оңғыттар XIII ғасырда керей, наймандармен тең белді үлыс болатын) [3, 159 6]. Керейлер ерте заманнан бері келе жатқан түркі тілдес тайпалардың бірі. Әйгілі шыгыс зерггеуші талым Грум Гржимайло: керейлер IX гасырдан бастап тарихқа әйгілі болтан десе, Н.Аристов: керейлердің жан саны X ғасырда 900 мың адамға жеткен дейді, Г.Н. Потанин: керейді сары үйсіннің ұргіағы дейді [4]. Лиау жэне Жин патшалықтары дэуірінде керей елі Ханхай тауы мен Гінте (Бүрқан) тауының аралытында, Орхон, Тола өзендерінің өңірінде көшіп-қонып жүрген, олардың батыс жатындағы көршілері меркіт жэне қырғыз тайпалары болтан. Ол кезде керейлер жан саны көп, күші мытым үлыс еді. Керейлер осы кезде согды жазуын қолданган. 1007-1009 жылдардын бастап христиан дінінің бір тарауы болтан несториан дініне кірген. Тарихи жазба деректерде керей елінің Маргүзхан, Құршақұз, Бұйрық хан, Горхан және Оң хан деген билеушілерінің аты аталады. Мүньщ ішінде өте әйгілісі Оң хан, оның өз аты Түтырыл, ол Шыңгысханмен замандас адам. Оның Оң хан деген лауазымы «Уаң хан» дегашен шыққан, магынасы «бір елдің әміршісі» деген сөз [1, 144 б.]. Тұгырыл өз кезінде Жүңғоны билеген Жин патшалытына (Алтай ханга) көмектесіп, татар тайпаларын багындырган. Бұл еңбегі үшін Алтан хан оган «уац» атагын берген. Жүре келе «уаң хан» деген сөз «Оң хан» болып кеткен [5]. Осы Оң ханның (Түгырыл ханның) түсында керей елі мейлінше күшейтіп, үланғайыр еріске көсіле шалқыған. Оң ханның жазгы жайлауы Талан-Құсауыр, Дабан, Науһыр деген жерлер еді. Ол кезде Оң ханның армиясы оң қол мен сол қол деп екі қанатқа бөлінген. Оң қолға қарасты тайпалардың қонысы Төлсұтан, Желсүтан деген жерлер еді. Ал сол қолга карасты тайпалардың мекені Ылат, Тарат, Айжиек, Құтықан, Аруүт, Үкіріт, Илат, Тартыт деген қоныстар болтан. Оң ханның қыстауы Аутегін, Аурұн-Күркін, Түш, Барай, Шырқ, Қүлусын, Откү- Қүлан, Жалауыр-Қүлаи деп аталатын жерлер еді [1,206-207 б.]. Оң ханньщ атасы Маргүз, оның лауазым агаты Бұйрық хан. Осы Марғұз Бүйрық хан керей елін билеп тұртан кезде татар тайпалары күшейіп, керей еліне зорлық-зомбылык жүргізеді, татар тайпаларының билеушісі Науыр Бұйрық хан қапияда Маргүзды колга түсіріп, шүршіттердің патшасына апарып береді, шүршіт патшасы Маргүз ханды «Агаш есекке» шегелеп, қинап өлтіреді [1,211 6]. Мартүз ханның ханымы Құтұқты Күл-кыз ерінің кегін қайтарута әрекет жасайды. Осы кезде татар тайпаларының ханы Науыр Бұйрық бір салтанатты той жасаута дайындық көріп жатса керек. Құтұқты Күл-қыз татар ханына елші жіберіп, оган сый-сипат апаратындыгын айтады, онан соң жүз еркек қой айдап, жүз түйе жетелеп, жүз саба кымызды жүз арбага тиеп, Науыр Бұйрық ханның тойына аттанады. Ол кездегі ордалардың сабасы орасан үлкен болады екен, Қүтұқты Күл-қыз жүз сабаның ішіне қаруланган жүз батырды жасырып, арбаменен алып жүреді. Бүлар татар ханының ордасына келіп, жүз еркек қой мен жүз биені күтушілерге табыс етеді. Қымыз сабаларын тиеген арба қонақасы беріліп жатқан жерге әкелінеді, дәл осы сәтте жүз сабадан жүз батыр секіріп шыгып, Құтұқты Күл-қызға еріп келген адамдармен бірге дастарқавда отырған татар тайпаларының ханы мен нояндарды тарпа бас салады да, Науыр ханды жэне олардың тайпа бастықтарын бір-ақ жайратады. Осындай айламен Құтұқты Күл-қыз ерінің кегін қайтарады [1, 211-212 б.]. Оң ханның атасы Марғүздың екі ұлы болған, үлкен үлының аты Қүршақүз Бүйрық хан, кіші үлының аты Горхан. Құршақұздың бірнеше баласы болады, үлкен үлының аты Тұғырыл (Оң хан). Қалған балаларының аты: Еркеқара, Теміртайшы, Бұқа-Темір-Илқы, Сенкүн-Жаға-Камбү, тағы басқалар[1, 213-214 б.]. Құршақұз Бүрық хан қайтыс болғанда, оның үлкен ұлы Тұғырыл (Оң хан) шекара қорғанысы жүмысымен елдің бір шетінде екен, оның інілері Темір Тайшы мен Бүқа Темірлер ағасы Тұғырылдың жоқтығын пайдаланып, әкесінен қалған хандық орынды иеленіп алады. Бұны естіген Түғырыл дереу шекарадан қайтып келеді де, екі інісін өлтіріп тастап, хан тағына отырады[1,213-214 б.]. Қүршақүздың інісі Горхан (Түғырылдың кіші экесі) бұл хабарды естіп, эскер бастап келіп, Тұғырылға шабуыл жасайды. Түғырыл жеңіліп, Ясукай батырға (Шыңгысханның әкесі) қашып барады. Ясукай батыр Тұғырылды қолдап, шеру тартып келіп Горханмен соғысып, оны талқандап, Түғырылды хан тағына қайта отырғызады жэне Горханның иелігін тартып әпереді. Бүған көңілі көпшіген Тұғырыл хан Ясукай батырмен «Анда» (дос) болады [1, 146 б.]. Ясукай батыр қайтыс болған соң, оның қол астына қараған елі тозып, жетім қалған баласы Темучин жэне жесір қалған әйелі ¥лұн Еке «көлеңкесінен өзге серігі, құйрығынан баска қамшысы жоқ» ауыр күндерді басынан кешіріп, көзге түрткі болады [5]. Темучин бұл жағдайдан құтылу үшін экесі Ясукайдың «Андасы» Түғырылға сүйенуге үмтылады. Тұғырыл хан Ясукаймен «Анда» болғандықтан, Темучин Тұғырылды «әкем» дейді. Ол қоңырат Тай шешеннің қызы Бөртеге үйленді де, бас киітке берілген қара бұлғын ішікгі алып, Тола өзенінің бойындағы қара тон орманында отырған керей ханы Түғырылға келіп: «Сіз менің әкемнің «Андасы» болғандықтан, өз экеміз, мен үйленген келініңіздің атасына арнаған киітін өзіңізге алып келдім», деп кара бүлғын ішікті Тұғырыл ханның иығына жабады. Бүған риза болған Тұғырыл хан Темучинге: «Қара бұлғын ішіктің қарымы үшін, телім-телім болып тозған еліңді түгел жинап қолыңа саламын, бұл істі кекейімде берік сақтаймын» деп уэде береді [5]. XII ғасырдың ен бойына Моңғолиядағы күшті ел болып келген керей ханы Тұгырылға арқа сүйеген Темучин өз бзсекелестерінің бірінен соң бірін жеңіп, моңғол ру- тайпа басшыларыныц бір тобы Темучинді хан көтеруді үйғарып, керей ханы Тұғырылға елші жіберді. Түғырыл хан елшілерге: «Сендердің менің балам Темучинді хан көтерем дегендерің өте орынды, сендердің моңғолдарыңның хан болмаса бола ма, Серттеріңмен таймаңдар, берекелеріңці бұзбаңдар, жағаларынды жыртпаңдар» дейді [5]. Енді Темучин Моңголиядағы тайпаларды бағындыруда керейлердің ханы Тұғырылға сүйенеді. Бүл екеуі үнемі тізе қосып, жорыққа аттанып отырады, Соның үшін Рашиди: «Моңғолдар ұлыстарды өзіне бағындырган… керейлерге сүйенбегенде Шыңғысханнын оншалық күшеюі мүмкін емес еді» дейді. Керей Оң хан мен Шыңғысхан арасында одақтық байланыс кейін келе бұзылып, қанды шайқасқа айналады. Мүньщ себебін тарихшылар түрліше түсіндіреді. Рашидидің «Жамих ат-тауарих» атты кітабында айтылуына қарағанда: «1202 жылы қыста, Шыңғысхан өзінің үлкен үлы Жошыға Түғырыл ханның қызы Саур бикені айттырмақ болады. Сондай- ақ Тұғырыл хан езінің үлы Сеигүнның баласына Шыңғысханның қызы Хошен бикені айтгырмақ болады. Бірақ бүл кұдалық келісімге келмей бұзылады да, арасына араздық түседі. Бұл орайды пайдаланған жажрат тайпасының бастығы Жамұқа шешен Түгырыл ханның баласы Сенгүнмен сөз байланысп, Шыңғысханға қарсы шығады. Бірақ Сенгүн оның сөзіне құлақ аспайды, нзтижесінде Тұғырыл мен Шыңғысхан арасында соғыс туылады» [1, 167-187 б.]. Парсы тарихшысы «Жаһанды жаулап алушының тарихы» атты кітабында бұл оқиғаны былай баяндайды: керей Оң хан мен моңғол Шыңғысхан қанаттас 40 көрші отырды. Бұлар өзара дос болды. Шыңғысханның ақыл айласы мен ерлігін. соғыс өнерінің өрісін байқаған Түғырыл хан оны қадыр тұтатын еді.шыңғысханның абырой-атағы мен мэртебесі көтерілген сайын әскери экімшілік істерде Оң хан Шыңғысқа сүйенетін болды, тіпті Оң ханның әскерлері мен халқына да Шыңғысхан бұйрық бере бастады. Оның Тұгырыл ханның алдында мүндай мәртебеге жэне сүйіспеншілікке ие болып алуына іштей күндестігі қозған Тұғырылдың балалары мен туыстары, уәзірлері мен жақындары алуан түрлі айла-шаргылар қолданып, Шыңғысханның абыройын түсірмек болды. Олар ылғи іріткі салу эрекетін қолданып отырды. Оң хан олардың сөзіне сеніп, Шыңғысханмен қырги қабақ бола бастады, мұның аяғы насырға шауып, соғыс қақтыгысына экелігі соқты. Бірнеше реткі шайқаста Шыңғысхан жеңіп шықты. Ақырында Шыңғысхан Оң ханның елін шауып, ордасын ойрандап, ханымы мен ханшасын олжалап, өзін өлтірді[3, 163 б.]. XIII ғасырда «Марко Полоның саяхатнамасындағы» мәліметте Оң хан мен Шыңғысханның айрылуы жоғарыдағы екі дерекген өзгеше баяндалған. Оның айтуынша, ІІІыңғысхан моңғол үлысының өзіне хан болғаннан кейін, елші жіберіп Оң ханның қызын айттырып алмақ болады. Келген елшілердің сөзін естіген Оң ханның төбе шашы тік түрады. Ол елшілерге ақырып: «Темучин менің қол астымдағы қүлым еді, менің қызымды алам деп қай бетімен айтып отыр, оның мейманасы тасыған екен. Жоғалыңдар көзімнен, барып айтыңдар оған, бүдан былай бүл әулекілігін тастамаса, үшін өшіремін» деп оларды қуып жібереді. Бүл сөзді елшілерден естіген Шыңғысхан қаһарланып, ат-азаматын жинап келіп, Оң ханның ордасына шабуыл жасайды. Оң хан қамданып қарсылық көрсетеді. Нәтижесінде күйрей жеңіледі, Оң хан майданда қаза табады. Шыңғысхан Оң ханның жерін жаулап, қызын қолға түсіреді[3, 163 б.]. Тұғырыл хан 1202 жылы қаза болған. Оның елімі жөнінде «Жамих ат-тауарихта» мынадай дерек берілген: Шыңғысхан Онон өзені бойында жасақ сайлап, Оң ханға жорыққа аттанды. Оң ханды талқандап, оның жерін жаулап алды. Шайқаста жеңілген Оң хан мен інісі Сенкүн қашып найман еліне жеткенде, найман ханының екі қолбасшысы Оң ханды ұстап алып өлтірді де, басын найман ханы Таянға алып келді. Оның басын көріп қатты қайғырған Таян хан: «Сендер мүндай үлы ханды неге өлтірдіңдер, неге тірі алып келмедіңдер» деп Оң ханның басын күміспен қаптатып, бір мезет өзінің тағының үстіне қойып, аза білдірді [1,184 б.]. «Жаһанды жаулап алушының тарихы» атты кітабында Жұуейин мынадай мәлімет келтіреді: Шыңғысхан шабуыл жасап Оң ханды өлтірген соң, Оң ханның інісі Сенгүн керей елін бастап, Бесбалық өңіріне қоныс аударады. Олардың елінің өрісі Күшар өңіріне дейін созылып жатты дейді. «Марко Полоның саяхатнамасында»: керей ұлысы Шыңғысханнан жеңілген соң оган тәуелді елге айналды. Керейлердің біл бөлегі батыс жаққа (Шығыс Қазақстан жеріне) қоныс аударады. Олардың астанасы Тенді деген қалада болды. Керейдің билеушілерін моңғол қағаны тағайындап отырды. Қаған (Шыңғысхан) керей елінің билеушілеріне хан әулеті қатарында мэмле жасады, өзінің ханшаларын оларға беріп келді дейді. Марко Поло керей еліне келгенде Оң ханның шөбересі Керегі хан керей елін билеп тұрған екен[3, 164 б.]. Керей үлысы мен Шыңғысханның моңғол үлысы одақтас болып түрған кезде, бұлардың билеушілері арасында құдандалық байланыс орнатылган. Оң ханның інісі Жаға Камбүның төрт қызы болған, үлкен қызы Абақ бикені Шыңғысхан ханымдыққа алған. Екінші қызы Бектүтмыш бикені Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы алған, үшінші қызы Сүртоқты бикені Шыңғысханның кіші үлы Төле алган. Кейін одан: Мөңке хан, Қүбылай хан, Құлагу хан, Арық-Бүқа хандар туған. Кенже қызын Оңғыт (уақ) ханы алған. Бүл елден асқан сүлу қыз еді, Шыңгысхан оңғыттрды шауып, оның ханын өлтіргенде, осы сүлуды алмақ болып қаншама іздесе де еш жерден таба алмаған. Оң ханның немере қызы Доғүз бикені Шьщгысханның немересі Кулагұалған [1, 146 б.]. «Марко Полоның саяхатнамасындағы» деректерге Караганда, XIII ғасырда керей ұлысының кепшілігі несториандық бағыттағы христиан дініне сенген, Сонымен бірге олардың ішінде будда дініне сенушілер де, ислам дініне сенушілері де болған[3, 164 б.].  Ә.Маргұланның айтуынша, керей елінің мал шаруашылығы да, егіншілігі де, орталық қалалары да болған. Оң ханның орталық қаласы Исақ моңғол Алтайында гұрған, екінші астана қаласы Борысқатар өзені бойындағы Қара-Хото. Кеңес ғалымы Б.К.Козлов осы қаланың жұртын қазып зерттеген. Оңдағы христиан дініне табынатын шіркеу абаттардан қағазға, жібекке орхон үйғыр, сирия жазуымен жазылған жазулар кеп табылган… Оларды түркі тілінде, сирия тілінде жазған… Керейлер ғұн (һүн) эдеті бойынша бұғы-маралды ерекше қадірлеп, оған табынып жүрген… Алтай, Жоңғар даласында, Енисейде жоғарыда көрсетілгендей орхон жазуы бар қүлпы тастар кездеседі, олардың көбін жазған керей мен оңғыттар (уақтар) … Керейлерден қалған орхон жазуы бар құлпы тас Биук-тұран өзенінің бойында тұр. Оған: «Алтын ілгек кісені білімге бұғұндым» (Алтын ілгекті кісені беліме буындым) деп жазылған[6]. Бұл жазулар керейлердің түркі тілінде сөйлегендігін дэлелдейді. Шежірешілер: сары керейден қара би, қара биден ашамайлы, абақ тараған. Ашамайлы керейдің ұраны- «Ошыбай!». Абақтың ұраны – «Жәнібек!». Шежіре деректерінде абак керей он екі тайпаға бөлінеді: жэдік, жантекей, шеруші, қарақас, молқы, күнсадақ, ителі, шыбар айғыр,жастабан, сарыбас, меркіт, шимойын; ашамайлы керей он тайгіаға бөлінеді: сибан, балта, күшебе, ақсары, қүлсары, семеналы, нұралы, нұрымбет, ақымбет, самай[3, 159 б.]. Бүлардың барлығы орта жүздегі керейлер, бүдан басқа кіші жүзде де керейт тайпасы бар, тегінде олар да керей үлысының бір бөлігі болған. Ал, қазіргі күнде Ашамайлы керейлер Қостанай облысындағы Обаған өзені бойын, Солтүстік Қазақстан облысында Есілдің сол жақ бетін, Қызылту, Ақжар аудандарының солтүстігін, Ақмола облысының Еңбекшілдер, Бүланды, Ақкөл аудандарында түтаса және араласа өзге аудандарында, Қарағанды, Павлодар, Шьиыс Қазақстан облысын, Ресейдің Қорған, Омбы, Түмен облыстарында шоғырлана мекендейді. Абақ керей негізінен ҚХР- дың Шыңжаң – Ұйғыр автономиялы ауданының Алтай аймағы қазақтарының негізін қүрайды және ішінара Тарбағатай аймағында, Ганьсу, Цинхай провинцияларында мекендейді. Моңғолияның Баян-Өлгей, Қобда аймақтарында, ішкі өлкелерінде аз-аздан топтасып тіршілік етуде. Керейлер Германия мен Швецияны айтпағанда, сонау Австралия мен Америка қатарлы әлемнің қырық мемлекетінде өмір сүреді.

Әдебиегтер:

1. Рашиди «Жамих ат-тауарих», I том. Алматы. 2002.

2. Әбілгазы Әл-Хорезми. Түрік шежіресі.

3. Н.Мыңжан. Қазақтың коне тарихы. Алматы: Жалын, 1994

4. «Таң патшалығының көне тарихы», «Шеп Хылейдің өмірбаяны».

5. Қазақтын коне тарихы. Алматы. 19937

6. Әлкей Марғұлан. Тамғалы тас жазуы // «Жұлдыз» журналы, № 1, Алматы, 1988.

Tags

Related Articles

  • Герб ауыстыру мәселесі немесе «терістеу синдромы» қалай пайда болды?!

    Еліміздің гербін ауыстыру туралы Президенттің ұсынысы (о баста ұсыныс суретші-дизайнер мамандардан шыққан сияқты) тұтас қоғамда болмағанмен, әлеуметтік желілерде әжептәуір қарсылық тудырды. Бірақ, байыптап қарасақ, бұл қарсылықтың қазіргі гербтің қазақ үшін ерекше қастерлі немесе эстетикалық тұрғыдан мінсіз болуына еш қатысы жоқтығын аңғарасыз. Соңғы уақыттары, ауыр індетпен қатар келген қаңтар трагедиясынан бастап, халық айтарлықтай күйзеліске ұшырады. Қазақстанның еркінен тыс, соғысқа, басқа да себептерге байланысты болып жатқан экономикалық қиындық салдарынан халықтың әл-ауқаты төмендеді. Осының бәрі қазір қоғамда байқалып қалған «терістеу синдромына» түрткі болды. «Терістеу синдромы» – дұрысты да бұрысқа шығаратын, қандай бастамаға болсын қарсы реакция шақыратын құбылыс. Әлеуметтік психологияны зерттеушілердің пайымдауынша, осы құбылысты барынша күшейтіп тұрған фактор – әлеуметтік желілер. Яғни, алдағы уақытта

  • Айтпай кетті демеңіз… (Тибет архиві туралы)

    Алтайдан ауған ел туралы тарихи жазбаларда оқтын-оқтын айтылғаны болмаса исі қазақ жұртына Тибет туралы түсінік әлі күнге дейін беймәлім. Әсіресе Тибет жазба деректерінде күллі түркі баласының тарихы туралы тың деректердің көмулі жатқанын тіптен біле бермейміз. Тибет- тарихи деректің ең көп сақталған аймағы саналады. Мәдени, әдеби, рухани және тарихи түрлі деректердің ықылым заманнан бері жақсы сақталуымен сырт әлемді өзіне баурап кеген Тибет жұртына 19 ғасырдан бастап Батыс экспедициясы баса назар аударып кешенді зерттеулер жасады. Соның негізінде Тибеттегі кейбір салалық байырғы деректер Батысқа көшірілді. Есесіне Тибеттану ғылымы қалыптасты. Жағырафиялық орналасуы тым ұзақ болғандықтан Тибеттану ғылымы қазақ жұртына қажеттілік тудырмады. Тибеттанумен негізінде алпауыт күштер айналысты. Олар тибет жұртын игеруді басқа қырынан бағалады. Тибетте

  • Демографиялық сараптама

    1-ші сурет қазақтар; Демографиялық ахуал 1949-2020 жж. аралығын салыстырмалы көрсеткен. 1949 жылға дейін, атап айтқанда коммунистік қытай үкіметі орнағанға дейін Шынжаң өлкесінің солтүстік бөлігінде қазақтар, оңтүстік бөлігі Қашқарияда ұйғырлар басым санды ұстады. 1951-54 жылдары ұлттық межелеу кезінде орталық үкімет құрған комиссия сараптамасы бойынша ұлттық автономиялық территорияны анықтау мына екі бағытта жүргізілді. Олар: БІРІНШІ, ұлттық автономияны межелеу бойынша оның атауын тұрақтандыру. Осы бойынша үш атау ұсынылды: *ШЫғыс Түркістан автономиялық федерациялық респубиликасы; *Ұйғырстан автономиялық респубиликасы; *Шынжаң автономиялы респубиликасы. ЕКІНШІ, автономияның әкімшілік тұрпатын анықтау; Осы бойынша: *Федерециялық тұрпат; *Автономиялық облыс және окург тұрпат; *Аймақ және аудан дәрежелі автономиялық окург тұрпаты. Межелеу комиссиясы аталған екі бағытта сараптама нәтижесін қорытындылады. Комиссия қорытындысы бойынша Шынжаң өлкесінің

  • Нұралы батырдың кесенесі  жөнінде

    Кейінгі кезде Нұралы батырдың кесенесі жөнінде әртүрлі әңгімелер шығып жүрген көрінеді. Оның бірі Моңғолиядан келген бір туысқанымыз басқа бір белгілі жерлесіміздің Нұралы батырдың зираты деп кигіз үй сияқты саман кірпіштен қаланған  әдемі зираттың жанына барып құран оқығанына куә болғанын келтіріпті. Ол жігіттің  көргені де, айтып отырғаны да шыңдық. Өйткені 1982 жылға дейін елдің көпшілігі, оның ішінде  мен де солай  ойладым. Әңгіме түсінікті болу үшін мен сол кездегі оқиғадан бастап баяндайын. Мен 1961 жылы Семейдің  мал дәрігерлік институтын бітіріп келдім. Мені  сол кездегі  С.М. Киров атындағы  колхозға мал дәрігері етіп жіберді. 1962 жылы бұл колхоз «Горный» совхозына айналды. Біз бала кезімізден: «Нұралы атамыздың зираты С.М Киров атындағы колхоздың жерінде орналасқан,   Бабамыз батыр болған кісі, ал оның жанындағы қабырдың  ұзындығы жеті кез, біздің  бабамыздан  да  асқан

  • Алыстағы ағайынның Атамекенге оралу жолын тұңғыш ашқан қазақтың қаһарман қызы

    Ол кім дейсіз ғой, турасын айтсам ол Сағат Зақанқызы. Тоқсаныншы жылдардағы алғашқы көш Моңғолия қазақтартарынан басталған. Сол көшті алғаш бастаған адам Сағат Зақанқызы. Бұған ешкімнің дауы жоқ. Жарғақ құлағы жасттыққа тимей, сонау қиын-қыстау заманында алыстағы ағайындардың жолын ашқан осы адамды қазақтың қаһарман қызы атауымыздың өзіндік себебі бар. “Көш басшысымен көрікті”  “Көргені жақсы көш бастар”  дейді атам қазақ.   Осы екі ауыз сөздің астарына үңіліп қарасақ, онда, үлкен мән мағына бар екеніне көз жеткіземіз.       Бұрынғы ауыл көшінің өзінде, көш басшылары төрт түлік малдың өрісінің жағдайына қарай, әр мезгілдегі ауарайының өзгерісіне сай, көшіп қонуда бір басына жетіп артылар  үлкен жауапкершілік  жүктесе, Моңғолияда тұратын қандастарымыздың бір жарым ғасыр ғұмыр кешкен ел жерінен ,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: