|  |  | 

Спорт Әлеумет

Терри Фокс атындағы қайырымдылық жүгіру шарасы

TerryТерри Фокстың 1980 жылы, Канада арқылы Үміт марафоны кезіндегі қанға боялған шортымен жүгіру сәті. Ол 143 күн бойы соңғы деміне дейін жүгіріп өтті. Терри Фокс 1958 жылы Канадада дүниеге келді. 1977 жылы оң тізесі ауыра бастады, соңында оған “сүйек ісігі” деген диагноз қойды. Дәрігерлер оң аяғын тізесінен жоғары кесіп тастауға мәжбүр болды. Араға үш жыл салып жас атлет елдің шығысына батысына дейін жүгіріп шығуға бел буады. Шараның мақсаты — ісік ауруларын зерттеуге қайырым қаражатын жинау болатын. „Үміт марафонын„ ұйымдастыру кезінде әр отандасынан “1 доллардан” жинасам деп армандады. Алдын ала дайындықсыз, ұзақ қашықтықты жүгіріп өту оңайға соқпайтынын жақсы түсініп, Терри бір жылдан астам өзін баптады. 1980 жылғы 12 сәуір күні аяғын Атлант мұхитының суына малып, келесіде Ванкувер қаласында Тынық мұхитының суына салуды ниет етті. Орта есеппен тәулігіне 42 шақырымды басып отырды, алайда ауру әрі қарай күшейе түсті. Кесіп тастаған аяғының орнына қойылған протездің жанына батуына қарамастан, қайсар атлет райынан қайтпай сапарын жалғастыра берді. „Кемедігінің жаны бір„ деген қағиданы ұстана отырып, миллиондаған өзі секілді науқастарға көмектесу құштарлығы мен қайтпас мінезінің арқасында тек алға жылжып отырды. Марафон мәресін көру Терри Фокстың пешенесіне жазбапты. Аяқтан өкпеге шапқан қатерлі ісік марафондық жүгірісті 1980 жылы 1 қыркүйекте тоқтатады. Науқас марафоншы шара басталғаннан кейінгі 143 күн ішінде Ньюфаунленд, Жаңа Шотландия, Принц Эдуард аралы, Нью-Брансуик, Квебек, Онтарио провинцияларының аумағы арқылы 5 373 шақырымды өтіп, Тандер-Бей қаласының маңына келіп табан тіреді. Тоғыз ай өткеннен соң, 23 жасына толмай Терри көз жұмды. 1981 жылғы ақпан айында 24 млн. доллардан астам қаражат жинайды. Ең бастысы, бұқара назарын өзіне аудара алды. Бүгінгі күні әлем бойынша Канада және 50 астам мемлекеттерде Терри Фокс атындағы қайырымдылық жүгіру шаралары жыл сайын өткізіліп, жиналған қаражат “Қатерлі ісік” ауруларын зерттеу қорына аударылып жүр. “Terry Fox Run” рекордтар кітабына әлемде қайырымдылық жинаудан ең үлкен жалғыз басты компания ретінде енгізілген. 25 жылдан соң „Терри Фокс” қоры 360 миллион доллар жиналып, миллондаған адамдардың көмегімен Терри Фокс әрекеті бекер болған жоқ. Канада билігі мұзжарғышқа оның атымен атау қойды. Кеме 1983 жылы қолданысқа берілген.

Бижан Садыбековтың facebook парақшасынан алынды

Related Articles

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Арман Әлменбет Екі-үш күн уайымға салынып кеттім. Осы соңғы жазғаным болсын. Әрі қарай Құдайға тапсырып, жұмысымды істейін. 6 ақпан күнгі ойым: Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті. Ковид кезінде өкпесі жұмыс істемей қалған адамдарға Түркиядан ИВЛ деген аппарат әкелгені естеріңізде ме? ИВЛ болмай, қанша адам өліп қалды. Орыс тілін алып тастасақ, Мәңгілік ел мен Есіл өзенінің ортасындағы бес-алты ғимарат босап қалады. Тек орысша ойланатын адамдар жиналып ап, өздері әдемі отыр о жерде. Менің түсінігімде, орыс тілін конститциядан алып тастау үшін оған алдын ала дайындалу керек. Соңғы екі жарым жылда осыны қатты ойланып жүрмін. Ұсынайын деп едім, қызығатын адам таба алмадым. Сөйтіп «Ана тіл

  • Тек тілге байланысты…

    Тек тілге байланысты…

    Қазақ Республикасында бір ғана мемлекеттік тіл бар. Ол- қазақ тілі. Қазақ тілінен басқа ешбір екінші тілге мемлекеттік мәртебе берілмеуі керек! Отыз жылдан астам уақыттан бері геосаяси ахуалды сылтауратып келдік. Енді біздің де мінезімізді һәм мысымызды көрсететін уақыт келді. ҚР-ның азаматы һәм салық тапсырушы қатардағы тұрғыны ретінде талап етемін! Алдағы бес жылда Қазақ Республикасында елеулі демографиялық өзгерістер болады. Атап айтқанда 2030 жылынан кейін қазақтардың республикадағы жалпы үлесі 80-85% ке дейін артады. Славян халықтарының өсімі азайып 10%-ға дейін түседі. Есесіне елдегі түркітілдес өзбек, татар, ұйғырлардың өсімі еселеп өсіп тіпті 10-15 жылда орыстардың орнын басып озуы мүмкін. Сол кезде Қазақ Республикасындағы жалпы түркітілдес халықтардың үлес салмағы 85-90% ке жетеді. Нәтижесінде қазақ мектептерінің саны,

  • “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін. “Жаңа конституцияның” 9-бап 2-тармағы тұрғанда құжаттар ешқашан қазақша жасалмайды. Тек аударма тілі болып қалады. Себебі мемлекеттік бюрократия 9-баптың 2-тармағына сүйеніп, іс-қағаздарды орысша жасап үйренген. Сол себепті іс-қағаздың бәрі алдымен орысша жасалады, кейін қазақшаға қалай болса солай аударылады. Сол себепті 1-тармақтың болғаны қазақ тілінің нағыз мемлекеттік тіл мәртебесінде болуына еш көмектесе алмайды. Бір ғана жолы бар: конституцияда мемлекеттік тіл де, ресми тіл де – қазақ тілі деп тайға таңба басқандай жазылып тұруы керек. Құжаттың мемлекеттік тілдегі нұсқасының ғана заңды күші болуы тиіс. Сол кезде басқа тілдердегі нұсқасы жай аудармасы болады. Сол кезде ғана қазақ

  • Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

    Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

     Серік Ерғали Суреттер: aqmeshit-zhastary.kz, democrat.kz сайттарынан алынды. Ата Заң жобасының талқысы Қазақстандағы ең сезімтал, ең ұзақ талқыланып келе жатқан мәселенің бірі — мемлекеттік тілдің нақты мәртебесі. Конституцияда қазақ тілі мемлекеттік тіл деп жазылғанына отыз жылдан асты. Алайда қоғамдағы шынайы сұрақ әлі де ашық: қазақ тілі — басқарудың тілі ме, әлде символдық мәртебедегі тіл ме? Тіл мәселесі неліктен шешілмей келеді? Себебі біз ұзақ уақыт бойы тілге: – мәдени құндылық ретінде ғана қарап келдік; – оны мемлекеттік басқару тілі ретінде нақты бекітпедік. Нәтижесінде: – Конституцияда бір мәтін, – тәжірибеде басқа жағдай қалыптасты. Бұл қайшылық тілдің емес, конституциялық айқындықтың әлсіздігінен туындады. 9-баптағы басты түйін Жоба бойынша: 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. 2. Мемлекеттік ұйымдарда

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: