|  | 

Жаһан жаңалықтары

Қазақстандағы арзан баға Қырғызстанға жайсыз тиді

Қазақстанда теңге девальвациясынан соң көптеген тауар, азық-түлік пен қызмет түрлерінің бағасы Қырғызстанмен салыстырғанда арзандаған. Қырғыз кәсіпкерлері тауарды енді Алматыдан тасуға көшті.

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы шекара.

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы шекара.

Аида витаминдер мен оның өнімдерін шығаратын халықаралық маркетинг желісінің Бішкек қаласындағы дистрибьютері болып жұмыс істейді. Оның айтуынша, бір мың доллардың витамин өнімдерінің бағасы Қырғызстан астанасында 74-75 мың сом тұрады, ал Алматыда Қазақстан теңгесімен есептегенде екі есе арзанға түседі.

– Бағасында онша көп айырма болмаған соң бұрын өнімді Бішкектен сатып алатынбыз. Ал теңгені девальвациялай бастағаннан кейін тауар сатып алуға Алматыға баратын болдық, өйткені ол жақта өнімнің бағасы шамамен 50 пайызға арзандап кетті. 4-5 адам жиналып, Алматыға дейінгі және кері қайтар жолға көлік жалдап, жанар-жағармайына төлейміз. Қазақстанда бензин мен газ арзан болғандықтан, бұдан өзіміз ұтамыз, – дейді Аида.

Алматыдағы базарлардың бірі.
Алматыдағы базарлардың бірі.

Бішкек базарларындағы саудагерлер де енді осы әдіске жүгіне бастаған. Мысалы, кәсіпкерлер бұрын жұмыртқаны делдал арқылы көтерме бағамен сатып алатын, ал баға екі есе арзандағаннан кейін өздері Алматыдан таситын болды, оларға сол тиімді. Оның үстіне, екі қаланың арасында өз көліктерімен жүреді, ақша үнемдеуге ол да сеп.

Қазақстанда жанар-жағармай арзан деген уәжге келсек, мысалы Қордайда АИ-92 маркалы бензиннің бір литрі 23-24 сом, газдың 1 текше метрі 10-12 сом тұрады. Қырғызстандық кәсіпкерлердің көбі жеке меншік көлігін пайдаланғанымен, бұл Алматыға дейінгі жол шығынын азайтады.

«ДОРДОЙ» МЕН «ҚАРАСУДА» САУДА САЯБЫРЛАДЫ

Бірер жыл бұрын тамақ өнімдері, киім-кешек пен қызмет түрлері бағасы жағынан Қырғызстан Орталық Азиядағы ең арзан ел саналатын. Қазақстандықтардың көбі Ыстықкөлде демалып, емделуге Бішкекке келетін. Енді, керісінше қырғызстандықтар азық-түлік, киім, техника сатып алу үшін Алматыға ағылып жатыр.

Бұрын Астанада Бішкекте тігілген киім-кешек сатумен айналысқан Теміржан Маткерімов енді арзан әрі тез болғандықтан, тауарды Алматыдан сатып алып жүр.

Қырғызстандағы «Дордой» базарында.
Қырғызстандағы «Дордой» базарында.

Қазақстанның оңтүстік астанасындағы бағаның арзандауына теңге девальвациясынан бөлек, Қазақстан-Қытай шекарасындағы «Қорғас» кеден бекетінде базарлар кешені ашылуы да түрткі болған. Базар Қытай тауарларын импорттауға мүмкіндік беретін еркін сауда-саттық аймағы болып саналады.

«Қорғас» базары ашылып, жұмысын бастағалы бері Алматы базарлары Қытай тауарларына толып, сауда жанданған. Сарапшылар Қазақстанда сауда көлемі ұлғайып, Қырғызстанның «Дордой» және «Қарасу» базарларында сауда мүлде тоқтауы мүмкін деген болжам айтады.

Теңге девальвациясынан кейін Қазақстан өнімдерін экспорттау көлемі біраз өскен, әрі оған сұраныс көбейіп, өндіріс кәсіпорындарының жүктемесі артқан. Мұның бәрі Қырғызстанның саудасы мен өндірісіне жайсыз тиіп тұр.

АРЗАН ИМПОРТТЫҢ ЗИЯНЫ

Қазақстандық арзан тауарлар Қырғызстан өндірісі мен экономикасына кері әсерін тигізіп жатыр. Қазақстаннан импортталатын жұмыртқа көлемі ұлғайып, Қырғызстандағы тауық фермалары жабыла бастаған, өйткені отандық жұмыртқаның өзіндік құны Қазақстанға қарағанда екі есе қымбат – 3,5-4 сом.

Жергілікті «Аққу» тауық фермасы күніне 250-300 мың жұмыртқа өндіреді, бірақ Қазақстанның арзан өнім келіп жатқандықтан, сату көлемі азайған.

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

– Қазақстаннан жұмыртқаны көбінесе шағын автобус немесе жеңіл көлікпен 100-200 жәшіктен әкеледі. Бұл біздің өндірісімізге кедергі келтіріп жатыр. Шекарадағы санитарлық бақылау дұрыстап жұмыс істегенде, бұлай болмас еді, – дейді фабрика директоры Нұргүл Малдыбаева.

Қырғызстанның ұн шығаратын саласы да осындай қиындыққа тап болған, өйткені қазақстандық ұн 5-10 сомға арзан. Бұл сырттан келетін күріш, май сияқты азық-түлік өнімдері бағасына да қатысты проблема.

Қырғызстан ұлттық статистика комитетінің дерегінше, 2015 жылы республика 1,3 миллиард доллардың өнімін экспортқа шығарып, 3,7 миллиард доллардың өнімін сырттан әкелген. Ал 2016 жылы импорт көлемі тағы артады деген болжам бар.

Қазір доллар бағамы – 75,5 сом. Қырғызстан Ұлттық банкі 64,3 миллион долларға 17 интервенция жасаған. Бірақ экономистер мен өндірушілер сомның жасанды бағамы отандық экспорт пен өндіріске зиянды деп санайды.

Экономист Елдар Абакировтың пікірінше, егер Қырғызстан сомы құнсызданса, Қазақстан сияқты экспортты ұлғайтуға болады.

– Қазір үкімет әрі-сәрі күйде отыр. Долларды еркіне жіберейін десе, бюджет саласы қызметкерлері қиналып, сыртқы қарыз өседі. Доллар бағамын ұстайын десе, өндіріс зардап шегеді. Егер мына жағдай өзгермесе, Қырғызстан өз өндірісінен айырылып, ЕАЭО-дағы тұтынушы мемлекетке айналуы мүмкін. Қазақстан мен Ресейден мигранттарымыз ақша жібереді, ал біз ол ақшаға сол жақтан тауар сатып аламыз, – дейді ол.

Қырғызстан үкіметі долларға тәуелділікті азайту үшін соммен есеп айырысуға көшуге ниетті. Қазір тиісті органдар заң жобасын әзірлеп жатыр. Бірақ бұл шара отандық экспортқа тиімді бола ма, ол жағы әзірше белгісіз.

(Замира Қожобаеваның мақаласын орысшадан аударған – Айжан Оралғазина.)

Азат Еуропа / Азаттық радиосы 

Related Articles

  • АҚШ сенаты Украинаға қаржылай көмек қарастырылған заң жобасын мақұлдады

    АҚШ конгресі.  АҚШ сенаты 13 ақпанда Украина, Израиль және Тайваньға 95 млрд доллар болатын қаржылай көмек беру туралы заң жобасын мақұлдады. Сенатта демократтар басым орынға ие. Енді заң жобасын Республикалық партия басым Өкілдер палатасы қарайды. Өкілдер палатасында жобаның заң статусын алуға мүмкіндігі аз деген болжам да айталады. Президент-демократ Джо Байден біраз уақыттан бері екі палатаны Украина мен АҚШ-тың Үнді-Тынық мұхит аумағындағы серіктестеріне көмек беруді жылдамдатуға шақырып келеді. Украина билігі басты одақтасы АҚШ-тан қолдау азайған тұста қару-жарақ жетпей жатқанын бірнеше рет мәлімдеген. Украина президенті Владимир Зеленский бүгін, 13 ақпанда АҚШ сенатының бұл заң жобасын мақұлдағанына алғыс айтты. Құжатта Киевке 61 млр доллар беру қарастырылған. “Американың көмегі Украинаға бейбіт өмірді жақындастырып, әлемдік

  • АҚШ сенаты Украина мен Израильге көмек беру туралы заң жобасын мақұлдады

    Азат Еуропа / Азаттық радиосы АҚШ сенаты Украина мен Израильге 118 миллиард доллар қосымша қаржы көмегін беру туралы екі партия ұсынған заң жобасын және АҚШ-тың оңтүстік шекарасын нығайту туралы заң жобасын мақұлдады. Былтыр қазан айынан бері жалғасып келе жатқан “ұлттық қауіпсіздікке байланысты қосымша қаржыландыру туралы” дауға нүкте қоятын компромистік мәтін АҚШ сенатының сайтына шыққан. Заң жобасы бойынша, сенаторлар 60 миллиард долларды Украинаны қолдауға, 14 миллиардты Израильге көмекке, 20 миллиардтан астам долларды АҚШ-тың Мексикамен шекарасын қауіпсіздендіруге, шамамен бес миллиардты АҚШ-тың Тынық мұхит аймағындағы серіктерін қаржыландыруға, екі жарым миллиардқа жуық долларды “Қызыл теңіздегі” операцияны қолдауға, тағы да сондай қаржыны АҚШ-тың Орталық қолбасшылығына бөлуді жоспарлаған. АҚШ президенті Джо Байден конгресстен Украина, Израиль және Тайваньға

  • Мәскеу Тоқаевтан Пригожиннің бүлігін басуға көмектесуді сұрады ма?

    Елнұр ӘЛІМОВА Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және Ресей басшысы Владимир Путин. Бұл аптада Батыс басылымдары маусым айында «ЧВК Вагнердің» жетекшісі Евгений Пригожиннің әскери бүлігі кезінде Ресей Қазақстаннан көмек сұрағанын, бірақ президент Қасым-Жомарт Тоқаев одан бас тартқанын жазды. Сонымен қатар Астана мен Анкара әскери саладағы серіктестікті күшейтіп, 2024 жылы елде дрон шығара бастайтынына тоқталды. Бұдан бөлек Орталық Азия Батыс елдері үшін не себепті маңызды аймаққа айналғанын талдады. ҚАЗАҚСТАН МЕН ТҮРКИЯ ANKA ДРОНЫН ШЫҒАРА БАСТАЙДЫ АҚШ-тағы Jamestown қоры Қазақстан мен Түркия әскери серіктестікті күшейтіп жатқанына назар аударады. Қазақстан 2024 жылдан бастап елде Түркияның Anka дрондарын шығара бастайды. 28 қараша күні қорғаныс министрлігі дрон өндіретін отандық компанияны таңдап жатқанын хабарлады. Мәлімдемеде Түркияның Anka дроны елде

  • Әзербайжан Қарабаққа шабуыл бастады. Қазірге дейін не белгілі?

    Азаттық радиосы Әзербайжан қорғаныс министрлігінің Таулы Қарабақта “армениялық әскерилердің позициясын жойдық” деп таратқан фотосы. 19 қыркүйек 2019 жыл.  19 қыркүйекте Әзербайжан Таулы Қарабақта “антитеррористік операция” бастағанын мәлімдеді. Бакудың бұл мәлімдемесінен соң Қарабақта тұратын армяндар артиллериядан шабуыл басталғанын айтады. “Степанакертте жарылыс естіліп жатыр. Балалар мен ата-аналар жертөлелерге түсті. Балконымнан әр жақтан жарылыс дауысы естіліп жатыр, тоқтар емес. Артиллерия қатты атқылап жатыр, атыс дауысы да толастар емес” деді Таулы Қарабақтағы тәуелсіз журналист Марут Ванян. Азаттықтың Армян қызметінің хабарлауынша, 19 қыркүйек 11:10-да Әзербайжан күштері Қарабақтағы Аскеран ауданын атқылаған. “Эхо Кавказ” сайты Степанакерт қаласында әуе дабылы қағылғаны хабарланды. Степанакерт қаласында қашып бара жатқан адамдар. 19 қыркүйек 2023 жыл. Таулы Қарабақтағы армяндардың бақылауындағы аймақтың омбудсмені

  • АҚШ украин сарбаздарын F-16 жойғыш ұшақтарын басқарып үйретуге рұқсат берді

    F-16 жойғыш ұшағы.         АҚШ президенті Джо Байден украин ұшқыштарын F-16 жойғыш ұшағын басқарып үйретуге рұқсат берді. Бұл жөнінде Пентагонның баспасөз хатшысының орынбасары Сабрина Сингх хабарлады. Оның айтуынша, Нидерланд және Дания оқыту жағына жауап беруі мүмкін. Пентагон өкілі бұдан өзге ақпарат бермеді. Шілде айында Politico журналы Дания мен Нидерланд бастаған 11 елден құралған коалиция украин ұшқыштарын F-16 жойғыш ұшақтарын басқарып үйретуге дайын екенін, алайда ол үшін ұшақты шығарушы ел АҚШ-тың ресми рұқсаты қажет екенін хабарлаған. Басылымның жазуынша, дегенмен 11 елдің ешқайсысы әзірге ол бағдарлама үшін ұшақ бөлмеген. Шілде айында Ақ үйдің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі үйлестірушісі Джон Кирби оқыту мерзімі, орны мен ұзақтығы әлі қарастырылып жатқанын айтқан. Өткен аптада Politico

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: