“Қазақтың Ликургі” атанған Тәуке хан
1694 жылы Тәуке хан қазақтың астанасы Түркістанда Ресей елшілері Феодор Скибин, Матвей Трошихинді сән-салтанатпен қабылдайды. Салтанатты сарайға кіріп келеген елшілер қақ төрде алтын тақта отырған “Қазақтың Ликургі” атанған Тәуке ханды көреді. Алайда елшілер намыстанып қалады. Себебі ол кезде Ресей императорының елшілерін қабылдағанда Еуропа патшаларының өзі орнынан тұрып ілтипат білдірсе керек. Олар да Тәуке ханға сондай талап қойған екен.
Орыс елшісі: Біздің мәртебелі патшамыздан, бүкіл Руссияның әміршісінен елшілік келгенде атақты Түрік сұлтаны, Парсы падишаһы біздің патшамыздың сәлемін орнынан тұрып, бас киімдерін шешіп тыңдайды.
Тәуке хан:
Тағымнан тұрмаймын, аяғым ауырад, бас киімімді шешпеймін қарапайым қазақ сенің патшаң түгіл Аллаға құлшылық қылғанда да бас киімін шешпейді. Түрік сұлтаны мен Парсы падишаһының менен несі артық. Олар әуелі мен Тәукедей болып алсын деген екен.
Пікір қалдыру