|  | 

Тұлғалар

ЗУҚА БАТЫРДЫҢ ОСПАН БАТЫРДЫҢ СЫНАП, БАТА БЕРУІ….

Zuvqa batir men Ospan batir

Оспан ер жете бастағанда, Көктоғайдың Күртісінің аяқ жағындағы Екіқызыл деген жерде Ақтастыдан көмей алып, егін салған. Әкесі қыста өзен бойына қыстап, жазда жайлауға барғанда Оспан ойда қалып, егіншілікпен шұғылданатын.
Сол кезде Оспан қайны Жарымбеттен бір ат әкеліп, егін басында жатқанда, Зуқаның жігіттері атын ұрлап мініп, зорықтырып далаға тастайды да, ат өледі. «Мал ашуы – жан ашуы» болып жүрген сол күндердің бірінде бір топ ұры әкесінің жылқыларын қуып кетеді. Ұрылардың соңынан атын жайдақ мініп, қуып барған Оспан Шұңғыл Қайса, Томажан, Кәрмен, Төлегетай бастаған ұрылардың бәрін бірдей ұрып жығып, байлап әкеледі. Ұрылардың тағы да Зуқаның жігіттері екенін көрген әкесі қоя бергізеді.
Жалғыз өзі бес бірдей жігітті ұрып жыққанын естіген Зуқа Оспанды шақырып алады.
– Оу, балам, бес кісіні бірдей қолға түсіргенің рас па? – дейді.
– Рас, – деп, Оспан шұңғыл Қайса бастаған бес тентектің айыбын мойындатады.
– Рас болса, далада бір мас жатыр, соны әкеліп анау төсекке жатқыз, – дейді Зуқа.
Оспан сыртқы іргеде серейіп жатқан алпамсадай біреуді бас салғанда, анау мас емес екен, жағаласа кетеді. Оспан да күш жинап, алыптың қол-аяғын сығымдап көтеріп әкеледі де, үйдің оң жағына күрс еткізеді.
– Жарайсың, балам! – дейді батыр. Әлгі алып мас емес, Оспанды сынамаққа жатқан Омырауқара деген балуан екен.
Батыр қажы Оспанды үйіне қондырып күтіп, ертеңіне ат мінгізіп, асылдан шапан жауып, терең ойға шомып, күбірлеп біраз отырады да, ішіп отырған шәйін ұсынып, былай дейді:
– Е-е, балам, кештім тентектігіңді. Сіләмнің басын оңға қаратады екенсің. Бір тентексіз ел де текті болмас. Келе-келе керейдің кержақ биі атанады екенсің. Атағыңды естіп, алты алаш елеңдейді. Одан соңғысы ма, соңғысы… Әттең, кеш, арты бұлыңғыр, көзім жетпейді… Байқа, балам, байқа! Аса қайрат бас жарар, – сөзінің аяғын жұтып барып тоқтайды да, «Ері жоқ – ел жетім», Аллаһ алдыңнан оңғарсын, жортқанда жолың болсын! – деп бата береді.
Мұсылманшылықпен айтқанда Зуқаның құлағына періштелер сыбырлап тұрды ма, әлде оның айтқанына періштелер: «әумин!» деді ме, айқаны аумай келеді. Оспан батыр шынында атақты батыр болады, айқанынан қайтпайтын ер жүрек дала перзенті тік тұрған қалпында жүрегін оққа төсейді.
Зуқа батыр да бас имеген күйі шаһитттік табады.
Биыл сол Зуқа батырдың туғанына 150 жыл толса, Оспан батырдың өмірден озғанына да тұп-тура 65 жыл болыпты.
Ұлт рухын жоқтаған баһадүрлердің батырлық дәстүрі ұрпақ бойына ұлағат, ерлік сыйласын деп тілейік!

baq.kz

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

  • КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    Адамның бәрі бірдей емес. Ақыл-ойы еркін, мәнді, құнды дүниелер туғыза алатын, жасампаздық қуаты зор адамдар болады. Сол сияқты өркениеттік әлеуеті (потенциалы) зор халықтар болады. Ондай қасиет өзіндік құндылықтар жүйетін жасай алатын, ешкімге ұқсамайтын, терең тамырлы руханияты бар халықтарда болады. Қазақтың бүкіл тарихы мен мәдениеті біздің сондай халықтар санатына жататынымыздың айғағы. Сондай айғақ Абайдың ақындық мектебінің көрнекті өкілі Көкбай Жанатайұлы шығармашылығында молынан табылады… Кеше Семей қаласындағы Абайдың қорық- музейінде Көкбай Жанатайұлының 165 жылдығына арналған “Абайдан сабақ алдым бала жастан” атты әдеби кеш өтті. Зал белгілі абайтанушы, профессор Жандос Әубәкірдің тағылымы мол, әсерлі баяндамасын ерекше ынтамен тыңдады. Спикерді тыңдап отырып: “Біз Көкбайды тіпті білмейміз деуге болғандай екен ғой… Кейде тіпті жеңіл, үстірт

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: