АКАДЕМИЯ БАСШЫСЫ ТҮРКИЯНЫҢ 11-ШІ ПРЕЗИДЕНТІ АБДОЛЛА ГҮЛМЕН КЕЗДЕСТІ
Түркі академиясы халықаралық ұйымының басшысы Дархан Қыдырәлі Ыстанбұлға жұмыс сапары аясында Түркия Республикасының 11-ші президенті Абдулла Гүлмен кездесті.
Белгілі мемлекет қайраткері А.Гүлмен болған кездесуде Д.Қыдырәлі Академияның атқарған шаралары мен болашақ жоспарлары жөнінде баяндап берді.
Кездесу соңында Д.Қыдырәлі А.Гүл мырзаға Академияның құнды жаңа басылымдарын сыйға тартты. Өз кезегінде Абдулла Гүл Академия жұмысына ризашылығын білдіріп, қызметіне табыс тіледі.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, 2015 жылдың шілде айында Астанаға сапарлап келген Абдулла Гүл мырза Түркі академиясына келіп, түркі дүниесіндегі ғылым және білім саласын үйлестіруші ұйымның жұмысымен танысып, бір топ ғалымдар мен мемлекет, қоғам қайраткерлерімен кездескен болатын.
Айта кету керек, Түркі академиясы 2010 жылдың 25 мамыры күні Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия Республикасының сол кездегі Президенті Абдулла Гүлдің қатысуымен өткен салтанатты шарамен ашылған болатын.
twesco.org
Пікір қалдыру