|  | 

Тұлғалар

Әлихан Бөкейханның 150 жылдығы Ресейде атап өтілді

AlyhanМәскеуде қазақтың көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, «Алаш» қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиясы үкіметінің жетекшісі, публицист, ғалым және аудармашы Әлихан Бөкейхановтың мерейтойына арналған еске алу шаралары өтті.

Оған ресейлік халықтар достығы университетінің студенттері мен Қазақстанның Ресейдегі елшілігі қолдау көсретті. Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығы ЮНЕСКО қамқорлығымен аталып өтілуде. Әлихан Бөкейхановтың мәйіті Дон зиратында жерленгені туралы жақында ғана белгілі болды. Соңғы пайда болған ақпараттарға үңілсек, ол 1937 жылы 27 қыркүйек күні атып өлтірілді. Қазақ публицисі, саясаткер Нығмет Нұрмақовпен бірге жерленген екен. Ұрпақтары мен жергілікті қазақ диаспорасының өкілдері алдымен қоғам қайраткерінің зиратына барып, гүл шоқтарын қойды.

Нұрым Бөкейханов, «Станкин» ММТУ профессоры:

- Мұндай шаралардың ұйымдастырылуын бірінші рет көріп отырмын. Әрине, зиратқа бірең-саран адам келіп тұратын. Бірақ осындай ауқымды шара алғаш рет өтіп жатыр. «Алаш» партиясының арқасында Қазақстанның аумағы сақталып қалды. Қазақ автономиясы үкіметін басқарған Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың оған қосқан үлесі зор.

Ербол Молдажанов, Ресей халықтар достастығы университетінің магистранты:

- Шетелде жүрсе де, жанын шүберекке тиіп, қазақ үшін еңбек еткен. Біздің бүгінгі осы шараны ұйымдастырып, дәріптеп жатқанымыздың негізгі мақсаты – өзіміз сияқты шетелде оқып жатқан жастар осы жауапкершілікті сезінсе екен, Әлихан атамыз сияқты ел үшін аянбай қызмет етсе, мемлекетіміздің ертеңі жарқын болатынына сенемін. Әлихан Бөкейхановтың қалдырған мұрасы Ресей тарихшылары бас қосқан жиын барысында да кеңінен талқыланды. «Алаш» партиясының жетекшісі өз заманының саясатын жетік меңгерген», – дейді ғалымдар. Көрегендігінің арқасында ол Қазақстанның аумақтық және саяси тұрақтылығын сақтап қалуға зор үлес қосты.

Анар Гаджиева, М.В.Ломоносов атындагы ММУ-дың Азия жане Африка елдері институтының аға оқытушысы:

- Әлихан Бөкейхановқа халқымыз үлкен алғыс айтып, оны жадымызда тарихи тұлға ретінде сақтауымыз керек. Қазақ үшін Ә.Бөкейханов түріктердегі Ата түрік сияқты тұлға болып табылады. Көрнекті саясаткер Әлихан Бөкейханов ату жазасына кесілгеннен кейін ақталды. Алайда ол үшін жарты ғасыр уақыт қажет болды. Айта кетейік, қылмыс құрамы болмағандықтан, 1989 жылы оған тағылған айып негізсіз деп танылды.

24.kz

Related Articles

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

  • КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    Адамның бәрі бірдей емес. Ақыл-ойы еркін, мәнді, құнды дүниелер туғыза алатын, жасампаздық қуаты зор адамдар болады. Сол сияқты өркениеттік әлеуеті (потенциалы) зор халықтар болады. Ондай қасиет өзіндік құндылықтар жүйетін жасай алатын, ешкімге ұқсамайтын, терең тамырлы руханияты бар халықтарда болады. Қазақтың бүкіл тарихы мен мәдениеті біздің сондай халықтар санатына жататынымыздың айғағы. Сондай айғақ Абайдың ақындық мектебінің көрнекті өкілі Көкбай Жанатайұлы шығармашылығында молынан табылады… Кеше Семей қаласындағы Абайдың қорық- музейінде Көкбай Жанатайұлының 165 жылдығына арналған “Абайдан сабақ алдым бала жастан” атты әдеби кеш өтті. Зал белгілі абайтанушы, профессор Жандос Әубәкірдің тағылымы мол, әсерлі баяндамасын ерекше ынтамен тыңдады. Спикерді тыңдап отырып: “Біз Көкбайды тіпті білмейміз деуге болғандай екен ғой… Кейде тіпті жеңіл, үстірт

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

  • Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Сардар Алмат Тобабергенұлы – өз дәуірінде ел басқарған, беделді тұлғалардың бірі болған. Ол Ырғызда болыс қызметін атқарып, халық арасында сыйлы адам ретінде танылған. Алмат Тобабергенұлының ерлік пен елдік тоғысқан дара жолын кейін балалары Самырат пен Төремұратта жалғыстырды. Ал оның шөбересі Ғалымжан Әбдісаламов Еуропа мен Орта Азияға танымал қазақтан шыққан тұңғыш скрипкашы болған. ХІХ ғасырдың басында дүниеге келіп, сол ғасырдың соңғы он жылдығында өмірден өткен алмат Тобабергенұлы басындағы билігі мен беделін елінің игілігіне, жұртының тұрмыс-тіршілігіне арналған өз заманының айтулы тұлғаларының бірі еді.  «Аржағы да атақты ер…» Тағы бір жүз жыл әрі жылжып, ХVІІІ ғасыр тарихын парақтасақ, ол кезеңде ел басынан өткен қайғылы оқиғалар көп болғанын көреміз, «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» халқымызды

  • 14 наурыз – Математиктер күні

    14 наурыз – Математиктер күні

    Кафедра профессоры Математиктер күніне арналған «Таңғы Studio» таңғы шоуында 15 наурыз, 2025 14 наурыз – Математиктер күніне орай «Таңғы Studio» таңғы шоуының қонағы белгілі ғалымдар: физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Қангужин Балтабек Есматұлы мен PhD-доктор Жұмабай Мәдібайұлы болды. Эфирде олар математиканың маңыздылығын, мерекенің тарихын, қазақ математиктерінің ғылымның дамуына қосқан үлесін талқылады. Профессор Балтабек Есматұлы математиканың ғылымдардың патшайымы саналатындығына тоқталды. Ол бір жағынан ғылыми білімнің шыңында тұрса, екінші жағынан басқа пәндердің дамуына негіз болатын көмекші ғылым екенін атап көрсетті. Ғалым шексіздік пен математикалық есептеулердің дәлдігін білдіретін π санының шығу тарихына да тоқталды. Доктор Жұмабай Мәдібайұлы бұл күннің 1988 жылдан бастап «π саны күні» (π – иррационал сан, шамамен 3,14142… тең) ретінде тойлана

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: