ҚАЗАҚСТАН ПАСПОРТЫ – ОПАСЫЗДАРДЫҢ «БИЗНЕСІ»
Қазақстанның ҰҚҚ Шекаралық қызметінің баспасөз қызметі өткенде хабарлағанындай, әуежайда Гонконгке ұшқалы тұрған Қытай азаматтарынан Қазақстан паспортының 291 дана бланкісі шыққаны іс жүзінде сұмдық оқиға болды! Оның 250-і көк түсті,40-ы күрең түсті, тағы бірі қызыл қоңыр суреті және жеке адамның деректерімен қол жүгінен шыққан. Тіпті паспорт беттеріне жапсырылатын голографиялық лентасына шейін бәрі дап-дайын.
Осы әрекетке талай адам тартылғаны көрініп тұр. Бәрі өзінің үлесін алған деген сөз. Бұл Қазақстандағы күш құрылымдарын сыбайлас жемқорлық жайлағандығының айқын айғағы. Мұның ар жағында орыс тілді «құдіретті» күштер тұрғандығы сөзсіз. Қазақ қандастарымыздың елге оралуына қимаған төлқұжаттар топ-тобымен қытайларға «сәлемдеме» етіп сөмкесіне салып беріліпті. Және бұл айсбергтің ұшы ғана деп ойлаймын. Отанын сатқан опасыздардың мұндай «бизнесі» жолға қойылған болуы әбден кәдік.
Сондықтан бұл оқиға шектен шыққан факт ретінде бүге-шігесіне дейін тексерілудің орнына «жабулы қазан жабулы» күйінде қала беретін сықылды. Оған жол бермеу үшін БАҚ құралдарында, әлеуметтік желілерде айыптылар жазасын алғанға дейін бұл мәселені назарда ұстау қажет!
Марат Токашбаевтің facebook парақшасынан алынды
Пікір қалдыру