|  | 

Саясат

“Қажымайтын” қытайтанушы

“Мәсiмов кетедi екен” деген әңгiме билiктегiлердiң бәрi сайлаудың қамымен шапқылап жүргенде бастал­ған. Бiреулер оны Ресейге елшi қылып “жiбердi”. Ендi бiреулер сәл төмендетiп, министр “тағайындады”. Тiптi оның орнына кiмнiң баратыны туралы да сөз болған. Ең шоқтықты үш үмiткердiң тiзiмiнде Астана қаласының әкiмi, “Нұр Отан” төрағасының орынбасары және бiрiншi вице-премьердiң аттары аталғаны есiмiзде. Алайда президенттiң қалауы бұл жолы да басқаға емес, дәл осы Мәсiмовке түстi. Тапқыр ұсынысты өздерiнiң жұмысын жақсы бiлетiн депутаттар да қуана қолдады. Сонымен Мәсiмов орнында қалды. Жай қалмай, өзiнiң “мәңгiлiк көмекшiлiгiне” қатысты ұстанымын да қайыра ескерттi. Мұнысы үкiмет басшысы қызметiнен дәмелiлерге “президентке менен адалың жоқ, сондықтан иектерiнiң қышымасын” дегендей болып естiлгенi анық ендi.

Жалпы, осы тұста “Жұрт үкi­мет басшысын “кетiруге” не­ге құмар?” деген сауалға жауап iздеп көрген жөн секiлдi. Иә, ол – Қазақстан тарихындағы ең ұзақ отырған премьер-министр. Осы орынға қайта айналып соққаны және келген жерiнде табандап қалып қойғаны және бар. Ендi бiрер жылдың басын қайырса, жұмсақ орындықта отырғанының он жылдығын тойлауына әбден болады. Бiрақ бiзде президенттiкке “жарамаса” да, премьерлiкке әбден лайық өзге шенеунiктер бар емес пе едi? Мәселен, үкiмет ба­сында 2 жыл ғана отырып, өз­ге қызметке ауыс­қан И.Тасмағамбетов. Ке­ше ғана премьер­­лiк лауазымның босағасына келiп тұрып, орынын Д.Назарбаеваға берiп, Ақтөбеге кеткен Б.Сапарбаев. Қ.Кө­шербаев кiмнен кем? А.Баталовтың үкiмет басқаруына неге болмайды?
Дегенмен мойындауға тұратын бiр мәселе, Мәсiмовтiң табиғатының өзi президенттiң маңынан шықпау үшiн жаралғандай. Өйткенi ол премьерлiкке дейiн және осы орынға келiп-кетiп жүрген кезеңдерде үкiмет басшысының орынбасары, пре­зиденттiң көмекшiсi, президент әкiмшiлiгiнiң басшысы секiлдi қызметтердi атқарған. Сондықтан ана облыстан мына облыс­қа, ана министрлiктен мына министрлiкке ауыстырсаң, ар­қалатқан жүктi ауырсынбай алып жүре беретiн шендiлерге еш ұқсамайды. Айталық кешегi үкiмет басшысы – бүгiн Қорғаныс министрi. Ендi осы орынға ойша болса да, Мәсiмовтi қойып көрiңiзшi. Көзiңiзге әскери киiмдегi Кәрiмнiң сарбаздармен бiрге сап түзей адымдап бара жатқанын елестетiңiз. Пошымы келе ме? Болмаса, Мәсi­мовтi Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi екен, Бәйдiбек баба кесенесiне жиылған дүйiм жұрт­тың алдында көсiле сөйлеп тұр екен деп ойлаңыз. Қалай? Әлде Iшкi iстер министрi жасап, қарақшы қуғызып көресiз бе?
Мiне, осындай себептер “Мә­сiмов президенттiң қасында жүрмегенде ендi қайда жүруi керек” дейтiн және бiр ой туғызатыны рас. Алайда өзге қызметке түр-тұлғасы үйлеспеген соң немесе “мәңгiлiк көмекшiлiгi” үшiн үкiметтен кетпей жүр деу қате болар едi. Себебi оның құлай бе­рiлген адалдығының өзiне күмәнмен қарайтын тұстар бар. Мәселен, баяғыда президент оның қолына үкiмет тiзгiнiн ұстатып тұрып, екi тапсырма жүктеген. Соның бiрi – мемлекеттiк тiл­дi меңгеру едi. Сол кезде құлдық ұрып, бас изеген премьер кейiн уәдесiн ұмытып кеттi. Мұндай адамды адал көмекшi деп айтуға ауыз бара ма? Керiсiнше, президенттiң өзi қазiр орысша сауалға қазақша жауап берген мемлекеттiк қызметкердi жұмыстан қууға пәрмен берiп, әлек боп жүр. Сонда бұл жердегi нағыз көмекшiге кiм көбiрек ұқсап тұр өзi?
2011 жылы Н.Назарбаев “Бiз­дiң мiндетiмiз – мемлекеттiк тiлдi меңгерген қазақстандықтардың саны 2017 жылы 80 пайыздан, ал 2020 жылға қарай 95 пайыздан кем болмауына қол жеткiзу” деген болатын. Алдына осындай мақсат қойған Қазақстан ендi сол белеске қазақшаны түртпей­тiн үкiмет басшысымен бiрге бара ма?
Қарапайым халықтың қа­зiргi үкiмет басшысына осы үшiн де iшi жылымайды. Бақандай бiр мемлекеттiң үкi­метiн басқаруды бiр адамға көмекшiлiк деп қана түсiнетiнi үшiн жазғырады. “Нұрлы көш­тi” сорлы көшке айналдырғаны үшiн налиды. Мәсiмов 2007 жылы премьер болды, 2008 жылдан бастап Беларусь, Қазақстан және Ресей үкiмет басшылары Кедендiк одақты құру жөнiндегi құжаттарға қол қоя бастады. Президент әкiм­шiлiгiн 2 жыл басқарған Мә­сiмов 2014 жылдың сәуiрiнде Үкiметке қайта келдi, мамыр айында Еуразиялық-экономикалық одаққа қол қойылды. Қысқасы, Қазақстанды Ресеймен қосақтауға Мәсiмовтiң сiңiрген еңбегi ұшан-теңiз. Мүмкiн, ол дәл осы қызметiнде президентке адал көмекшiлiк жасаған шығар, бәлкiм, Н.Назарбаевтың өзi жауапты санаған кезеңде қасындағы ең сенiмдi серiгi ретiнде Мәсi­мовтi таңдаған шығар, бiрақ қазiр қымбатшылықтан қысылған, айдаладағы Ресейге салынған санкцияның зардабын тартқан халық Мәсiмовке осы “еңбегi” үшiн де өкпелi.
Есесiне қожайынына ерекше жағатын артықшылығы да бар. Ресей мен Қытай мәсе­лесiнде шауыпкелге жарайтын одан артық адамды табу қиын. Мәскеу мен Бейжiңде бiлiм ұштап, қытайтанушы дәре­жесiне дейiн көтерiлген Мә­сiмов қос көршiге сонау Ке­ңестiк кезеңнен белгiлi. Қы­тайдан ағылған қыруар қарыз­ға да оның қосқан үлесi аз емес. Бiрақ сонша ақшаны қайтару мәселесi қожайын мен көмекшiнiң кезеңiнен кейiнгi күнге артылатынын ойласа, қарашаның аза бойы қаза болады.
Бiрақ оған қарайтын, бiр адамға құлдық ұрудан қажитын адам Мәсiмов емес қой. Оған өзiне қолайлы, өзiнiң қолынан келетiн iстi атқарғаны тиiмдi. Бiр келсе, Мәсiмовтiң қолынан келедi-ау дейтiн тағы бiр шаруаны саясаттың “сүйе­гiн мұжығандар” баяғыда айтып тастаған. Олардың сөзiне сенсек, “Мәсiмов – өткел”, Яғни, Назарбаевтан кейiн таққа отырып, оны қожайынының ұрпағына адалдықпен өткiзiп беретiн бұдан артық кiсiнi жер әлемдi шыр айналсаң да таппайсың деген сөз. Егер бұл болжам расқа айналса, келесi президенттiк сайлауға Мәсiмов бiр бүйiрден кеп қосылуы әбден мүмкiн.
Ал сiз үкiметтi айтасыз…
Сансызбай НҰРБАБА
zhasalash.kz

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: