|  | 

Шоу-бизнис

«АЛЖЫП» СӨЙЛЕГЕН ӘЛЖАППАРОВ ХАЛЫҚТАН КЕШІРІМ СҰРАУЫ ТИІС!

Мемлекеттік арна мәртебелеп өткізген «Жұлдыздар айтысады» деген жоба телеэкран арқылы көрерменге ұсынылды. Әншілер мен ақындар жұптасып өнер көрсететін бұл сөз жарысына “жұлдыздар” жақсы дайындықпен келіп, көрерменге жарысты өнер, жарасымды қалжың ұсынды. Біздің айтып отырғанымыз, қазір әнші, бұрынғы айтыскер Еркін Нұржанов пен атыраулық Шалқарбай Ізбасаровтың думаны. Бұл екеуі қазақы қалжыңның қаймағын қалқып, ұйқасты  сөздермен қоғамның қотырын  “қасып” берді. Халықтың күткені де осы еді ғой. Халық түгілі «шатпақ айтысқа» қазылық етіп отырғандардың  да қабақтарының қары ерігендей болды.

Жүрсін Ерман бастаған, айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева, «Әзіл әлемі» театрының көркемдік жетекшісі Тұрсынбек Қабатовтар қабақтары қатулы отырған еді осыған дейін. Еркін мен Шалқарбайдың айтысы халықтың да, қазының да көңілінен шықты.

«Шоу айтысты өткізудегі негізгі мақсаты – қазақтың дәстүрлі өнерін жаңаша бағытта халыққа насихаттау, оның аудиториясын жасарту»,- деп ақталған ұйымдастырушылар былтыр да жұрт наразылығын тудырған-тын.

Ашығын айтқанда, биыл да «жұлдыздар» жетістіріп айтыс жасай алмады.

«Әзіл әлемі» театрының әртісі Қанат Әлжаппаров биыл Сарамен тағы айтысты. Егер бұны айтыс деп атауға келсе, әрине. Былтырғы Бекболат Тілеуханның осы жұпқа деген ерекше ықыласы Қанатқа қанат  бітірсе керек, ол биыл тағы киелі сахнаның төрінде лағып сөйлеп, лақпа айтыс көрсетті.

Өнер адамы бесаспап әм әмбебап болуы керек деген қағиданы Қанат мырза білмейтін сияқты, себебі ол биыл тағы да домбыра шерте алмады. Үстелінің үстіндегі қағазға жазып бергенді жаттап шығатын жөні бар емес пе еді. Әттең…

Қанаттың қарсыласы Сара Тоқтамысова – даусыз талант иесі. Талай айтыстарда өзінің өзгелерден озық екенін дәлелдеп үлгерген Сара Қанаттың «қума талантының» құрбаны болып кетті.

Қанаттың сахна төрінде айтысты сайқымазаққа айналдыруы қоғамдық орта мен әлеуметтік желі қолданушыларының ашуын туғызуда.

Мысалы, ұлттық өнер жанашыры Талғат Жанысбай “жұлдызды айтыстың” сор айтысқа айналғанына айтып, “Әзіл әлемі” театрының әртісі Қанат Әлжаппаровқа видео-сәлемдеме жолдады.

Талғат Жанысбай шоу-айтыста домбырасын құшақтап, “нөкерлерімен” келген Қанатты сынның астына алып, екінші жобаға бір-екі нота үйреніп келмегенін айыптады.

“Шоу-айтыс былтыр шыққанда, Қанат айтыстың абыройын төгіп, қазақ болып қолына домбыра тарта алмауы, ал биыл соны қайталауы – масқара”, – дейді Талғат Жанысбай.

Бұдан әрі Талғат қазақтың қанына сіңген, ұлттың мәдениетін дәріптейтін өнердің болашағына алаңдайтынын жеткізген.

“Айтысымыз бара-бара шоуға айналса, бұл жастарға не бермек, ағайын?”, – деп автор көпшілікке ой салды.

Ақын Сара Тоқтамысқызы да Қанатпен шығуға екі ойлы болғанын Instagram желісінде жазған еді.

“Көптен күткен айтыс та өз мәресіне жетті. Шықпаймын деп ары ойланып, бері ойланып шықтық-ау әйтеуір”, – деп жазды Сара жеке парақшасына.

Түйін: Рас, шоу айтыстың шуы басылмай тұр қазір. Ұйымдастырушылардың әуелгі ойлары дұрыс болғанымен, жасаған эксперименттері өте сәтсіз шықты. Және бір емес, екінші мәрте қайталанып отыр. Демек, қоғам қабылдамайтын дүниені күштеп өткізу кімге керек?! Әрине, Астана төрінде дүркіретіп айтыс өткізу үшін аз қаражат жұмсалмайды. Демек, бұның артында астарлы мәселе бар. Шоу – бизнес көзі. Ал киелі сахнаға шығып, ұлттық өнерді мазақ қылғын әртіс Әлжаппаров халықтан кешірім сұрауға тиіс-тін. Халық та Қанаттан осыны күтеді.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

Related Articles

  • Thai AirAsia X Алматы – Бангкок тікелей рейстерін іске қосады: визасыз*

    Thai AirAsia X Алматы – Бангкок тікелей рейстерін іске қосады: визасыз*

     Тайландтың сан қырлы дәмдерімен, бояуларымен және мәдениетімен танысыңыз — бір бағытқа 199 USD-ден басталады Алматы, 2025 жылғы 8 қыркүйек – Thai AirAsia X Алматы (Қазақстан) мен Бангкокты (Тайланд, Дон Муанг әуежайы) байланыстыратын жаңа әуе бағытының іске қосылуын қуана хабарлайды. Енді қазақстандық саяхатшылар қысқы маусымда жайлы әрі қолжетімді бағамен жылы самалға бөленген, күн шуағымен нұрланған әрі жарқын өмірімен танымал Бангкокқа ұша алады. Жаңа рейс 2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап аптасына төрт рет – дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері орындалады. Ұшулар сыйымдылығы 367 жолаушыға арналған кеңфюзеляжды Airbus A330 ұшағымен жүзеге асырылады. Іске қосылуына орай Thai AirAsia X бір бағытқа 199 АҚШ долларынан басталатын арнайы промо-тарифті ұсынуда. Билеттерді 2025 жылғы 8–21 қыркүйек аралығында,

  • Астанада 2025 жылғы киножобалар питчингінің жеңімпаздарымен кездесу өтті

    Астанада 2025 жылғы киножобалар питчингінің жеңімпаздарымен кездесу өтті

    Астанада «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының» Басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали 2025 жылғы питчинг сынынан сүрінбей өткен ашық конкурс жеңімпаздарымен кездесті. Іс-шара дөңгелек үстел форматында өтіп, оған Сараптамалық кеңес мүшелері мен Орталық мамандары қатысты. Жиында отандық киноиндустрия алдында тұрған басты міндеттер мен басым бағыттар талқыланды. Биылғы байқауға жалпы 444 өтінім тіркелді. Соның ішінде 16 жоба мемлекеттік қолдауға лайық деп танылды. Олардың қатарында үш дебюттік жұмыс және Тайландпен бірлескен киножоба бар. Бұл қазақстандық авторлардың халықаралық ынтымақтастыққа дайын екенін және шетелдік әріптестермен байланысын нығайтып отырғанын көрсетеді. Кездесу барысында Орталықтың басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали – «Сапалы фильм түсіру – басты талап. Конкурста жеңіске жеткен жоба жетекшілерінің кино өндірісінің алғашқы сатысынан бастап, экран арқылы көрерменге жету кезеңіне дейін

  • «Қайрат»-«Реал» матчының билет бағасы белгілі болды

    «Қайрат»-«Реал» матчының билет бағасы белгілі болды

    «Қайрат» футбол клубы UEFA Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өз алаңындағы матчтарға, соның ішінде «Реалға» қарсы ойынға билеттерді сату тәртібі мен мерзімдерін түсіндірді. «Қайрат» клубының ресми сайтында хабарланғандай, «Қайрат»-«Реал Мадрид» матчы үшін билеттер 23 қыркүйекте Алматы уақыты бойынша сағат 17:00-де сатылымға шығады. Бір ЖИН-ге бір адам ең көп екі билет ала алады, ал деректер сатып алу кезінде де, стадионға кіргенде де қатаң тексеріледі. Билет бағасы: 30 000 – 250 000 теңге аралығында болады. Айта кетейік, бұған дейін «Қайрат» – «Реал» матчының билеттер бағасы 75 мың мен 250 мың аралығында болатыны жарияланған еді. Алматылық клуб өз алаңында «Реалды» (30 қыркүйек), «Пафосты» (21 қазан), «Олимпиакосты» (9 желтоқсан) және «Брюггені» (21 қаңтар) қабылдайды.

  • Алматылық “Қайрат” пен мадридтік “Реал” 30 қыркүйекте Алматыда ойнайды

    Алматылық “Қайрат” пен мадридтік “Реал” 30 қыркүйекте Алматыда ойнайды

    “Слован” командасының қақпасына гол соққаннан кейінгі сәт. Дастан Сәтпаев (сол жақта). “Қайрат” футбол клубының парақшасы. 6 тамыз 2025 жыл. Алматылық “Қайрат” пен мадридтік “Реал” 30 қыркүйекте Алматыда ойнайды. Матч кестесі турнирдің ресми сайтында жарияланды. Алматының “Қайрат” командасы чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты “Қайрат” футбол командасының мүшелері жеңісті тойлап жатыр. 26 тамыз, 2025 “Қайрат” фк Instagram парақшасынан алынған скриншот.  Футболдан Алматының “Қайрат” командасы Еуропа Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты. Іріктеу кезеңінің плей-офф кезеңінде “Қайрат” Шотландияның “Селтик” командасын пенальти сериясы арқылы жеңді. Азат Еуропа / Азаттық радиосы

  • Миллиардер Билл Гейтс бар байлығын Африка елдеріне аудармақ

    Миллиардер Билл Гейтс бар байлығын Африка елдеріне аудармақ

    Microsoft компаниясының негізін қалаушы және әлемдегі ең бай адамдардың бірі саналатын Билл Гейтс өзінің байлығын қайда жұмсайтынын ресми мәлімдеді. Кәсіпкер Африка елдеріндегі денсаулық сақтау, білім беру және кедейлікпен күрес салаларына шамамен 200 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр. «Жуырда мен өз байлығымды 20 жылдың ішінде толықтай тарату жөнінде шешім қабылдадым. Қаражаттың басым бөлігі осы жерде, Африкада, түрлі мәселелерді шешуге көмектесуге бағытталады», – деді Билл Гейтс өзінің қорымен бірлескен баспасөз мәслихатында. Басты басымдықтар: – инфекциялық аурулармен күрес (соның ішінде безгек, туберкулез, ВИЧ); – ана мен бала денсаулығын жақсарту; – ауылдық аудандардағы білім беру сапасын арттыру; – таза ауызсу мен санитария инфрақұрылымын дамыту; Билл Гейтс: «Бұл – қайырымдылық емес, бұл – инвестиция.

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: