Шортандыда Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған дүбірлі той өтті
Атажұртқа оралған ағайындармен ортасы толып, еңсесі биіктеген елді мекендер көп ақ! Соның бірі Ақмола облысының Шортанды ауданы. Тәуелсіздіктің тәтті дәмін татқан ағайындар 2016 жылы 22-наурызда Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнап, қазақстанған бұйдасын бұрған көштің 25 жылдық құрметіне орай аламан бәйге, көкпар, теңге ілу, айтыс, палуандар сайысы қатарлы ұлттық спорт пен ойын түрлерінен жарыс ұйымдастырды. Шортанды ауданында биыл 11 мемлекетте 150 жылдық мерейтойы аталып өтіп жатқан Алаштың ардақты ұлдарының бірі Зуқа батыр Сәбитұлының ұрпақтары да тұратынын да атап өткен жөн.
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз меркесі кезінде өткен Дүбірлі шараны Шортанды ауданы әкімі Г.Ә.Сәдуақасуаның қолдауымен Бектау ауылының азаматтары ұйымдастырған болатын. Бақытбек Смағұл, Әбілхан Еркебек қатарлы кәсіпкерлердің ұйтқы болуымен өткен тойға Дәтба Оңғарбек, Махмет Ернұр, Жұхан Бақытжан, Әбілхан Кенжебек, Ербол Мәдениет қатарлы ауылдастары атсалысты. Сонымен бірге аудан әкімінің орынбасары Е.Қ.Мұхамедин, аудандық тіл бөлімінің басшысы Жұмекей Берген, ауыл ақсақалы Әнуарбек Смағұл қатарлы азаматтар жетекшілік етті. Тойдың басталу салтында сөз алған аудан әкімі Г.Ә.Сәдуақасова: «Тәуелсіздіктің 25 жылы – еселі жетістіктер мен табыстарға толы болды, елге ел қосылып, берекеміз бекемделді» – деді әрі еңбегі елеулі тұлғаларға алғыс хаттар мен марапаттар тапсырды. Ақ шаңқан киіз үйлер тігілді. Айтыс пен қатар ат спорты түрлерінен өткен дүбірлі сайыс қыстан қысылып шыққан жұрттың еңсесін көтеріп тастады.
Той соңы аламан бәйгеге ұласып жүлдегерлер қомақты сыиақымен марапатталды. Астандан арнаулы шақырумен келген жазушы, қоғам қайраткері Узбек Құрманбай, жазушы Жәди Шәкен, тарихшы Бақытхан Сұлтанбай, журналист, ақын Ахметұлы Бейсен, Бақытбол Берімбай, Еркебек Мондай, Қазақстан ұлттық арнасының режиссоры Қуаныш Кешубай, Қазақ радиосынан Нәзір Тоқан қатарлы азаматтар іс-шараның куәсі болды. Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын! Той тойға ұлассын, ағайын!
Ахметұлы Бейсен
kerey.kz

Пікір қалдыру