ЖЕР САТЫЛМАСЫН!
«Ағымдағы жылдың 1-шілдесіне дейін аукцион арқылы 1,7 миллион гектар жер сатылмақ», – деген хабар төбемізден жай түсіргендей болып отыр! Мұның сатылғанынан гөрі халық арасындағы теріс ықпалы шошытады. Өткен жылы Түрген ауылы жақта өткен бір жаназаға барғанымда 10-сыныпта оқитын баламен қатар отырып қалдым. «Қалай мектеп бітірген соң әскерге барасың ба?» деп сұрасам: «Жоға, әскерді неғыламын, Терещенконың, Уәлиеваның, Дариғаның жерін қорғаймын ба?» дейді. Жердің сатылуы туралы хабар осылай жастардың патриоттық сезімдерін өшіре ме деп ойлаймын. Бюджетке қаражат түсірудің басқа да амалдарын табуға болады ғой. Сондықтан жерді сатуды дереу тоқтатқан дұрыс!


Пікір қалдыру