“ҚАЗАҚ” СӨЗІНІҢ МАҒЫНАСЫ ТУРАЛЫ….
“ҚАЗАҚ” СӨЗІНІҢ МАҒЫНАСЫ ТУРАЛЫ….
Қазақтың түп атасы – батыр Түрік,
Арабсың деген сөздің бәрі шірік.
Пәленше сахабаның затысың деп,
Алдаған дін жамылған өңшең жүлік.
Астрахан, Қырым, Қазан қаласында,
Болыпты төрт бөлек хан таласында.
Билеген бергі шетті Әбілқайыр,
1450 жылдың шамасында.
Осы кезде біздің “қазақ” атанғандық,
Түрікте бір әдет бар ескі заңдық.
Тамызып қанын сүтке қосып ішіп,
Анда деп жасайды екен туысқандық.
Туысқа ыда болған қарамайды,
Жақын деп қан қосылмай сынамайды.
Ішсе де қай руменен қанын қосып,
Бір туған жақыным деп бағалайды.
Құралған әр рудан қазақ басы,
Анда деп қан қосылған қарындасы.
“Ел болып, өз еркімен еркін жүрген”
Деген сөз қазақтың мағынасы..
ШӘКӘРІМ
“Қазақтың түп атасы”
Пікір қалдыру